Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / Тақырыбы: Ойыншықтар әлеміне саяхат

Тақырыбы: Ойыншықтар әлеміне саяхат



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

5 «Ақбота» М Д Ұ М К Қ К










Ашық сабақ



Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»

« Айгөлек» тобы.

Өткізген: тәрбиеші Тлеумаганбетова Ж.О.
















Білім саласы ; Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ; Тіл дамыту.

Сабақ тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты: Сабақта балалардың сөздің дыбыстарын дұрыс, анық айту, сөйлеу мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру. Сөздік қорын дамыту. Ойыншықтар туралы алған білімін ойын жаттығу арқылы тиянақтау.

Ойыншыққа деген қамқорлық жасау және күтіп, ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар әр түрлі ойыншықтар, ғажайып қап.


Тәрбиеші: Балалар, біз, Ойыншықтар әлеміне, саяхатқа келдік! Қандай әдемі! Ой, балалар, қараңдар, ойыншықтар арасында біреу ұйықтап қалған ба?

Осы кезде сиқыршы оянып кетеді де, көзін ашып, орнынан тұрады. Балалар онымен сәлемдеседі.

Сиқыршы: Сәлеметсіздер ме, балақандар! Менің әр түрлі заттардан сиқырлап жасаған әдемі ойыншықтарыма қонаққа келдіңдер ме? Бұлар да іштері пысып ұйықтап қалыпты, қазір бәрін сиқырлы таяғымен оятайын.

  • Келгендерің өте жақсы болды. Жайғасып отыра қойыңдар – дейді сиқыршы.

Тәрбиеші: Шынында да, балалар қараңдаршы, ойыншықтардың бәрі қуанып отыр.

  • Ал, балалар, кімге қандай ойыншық ұнайды?

Ойыншықтардың ерекшелігін атауға кірііседі.

  • Балалар, қоянның құлағы бар. Ол қандай?

  • Ұзын.

  • Құлыншақтың құйрығы қандай?

  • Ұзын

  • Түлкінің түсі қандай?

  • Қызыл

  • Балапанның жүні қандай?

  • Жұмсақ

  • Мысықтың жүні қандай?

  • Жұмсақ

  • Қалай дыбыстайды?

  • Мияу-мияу

Тәрбиеші: Біздің балалар ойыншықтарды өте ұнатады. Олар туралы көптеген тақпақтар біледі.

1 – бала Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы, қырлы жерлермен

Ытқып ытқып жүгірді

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.


2 – бала Мен өз атымды жақсы көремін.

Денесін сипаймын,

Құйрығын тараймын.

Үстіне мінемін,

Қонаққа барамын.


3 – бала Жуын, жуын жуынсақ,

Қандай жақсы қуыршақ.

Әйтпегенде бөпешім,

Кірлеп кеткен екенсің.

Қазір аппақ боласың,

Қуанады анашың.


4 – бала Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Мияу, мияу.


Тәрбиеші: Балалар, ойынщықтар әлемінде ойыншықтардан бөлек аю отыр. Ол көңілсіз.

Балалар аюдың көңілін көтеру үшін бір ойын ойнап сергіп жіберейік.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Тәрбиеші: Біздің балалар тамаша ән біледі. Соны тыңдаңыздар.

Ән «Бала, бала, балапан»

Бала бала балақан,

Қане қайсы алақан,

Саусақтарың әйбат

Былай былай ойнап.


Күндей жайнап алаулар,

Қолымызда жалау бар.

Жалауымыз жайнап

Би билейміз ойнап.


Топ топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса жаса алтын күн,

Жаса жаса жарқын күн!


Сиқыршы: Балалар, қазір мен сендерге бір ғажайып нәрсе көрсеткім келіп тұр. Қане мұқият қарап отырыңдар.

Оу, ғажайып қабым менің, мұнда келе қойшы. (қап келеді)

  • Балалар, бұл жәй қап емес, сиқырлы қап.

Қазір мен мұнда мына ойыншық түлкіні саламын.

Сиқыршы қапқа ойыншық түлкіні салады, одан «тірі түлкі» шығады.

Түлкі:

  • Ой, мен қояндар ма десем, бұлар балалар ғой.

Сиқыршы: Мұңайма мен қазір балаларды сиқырлы таяғыммен балаларды қоянға айналдырамын.

Сиқырылы менің таяғым

Бар күшіңді сала ғой

Мына тұрған балаларды

Ақ қоянға айналдыр.


Ойын «Түлкі мен қояндар»

Сиқыршы ойыннан кейін қайтадан балаларға айналдырады.

Сиқыршы: Балалар, сендер сондай епті жылдам, шапшаң екенсіңдер. Түлкі біреуіңді де ұстай алмады.

Тәрбиеші:

  • Ой, балалар, сендердің дауыстарыңды естіп бізге қонаққа қоян келіп тұр. Олай болса, балалар, біз оған көп сәбіз жасап береміз.

(сәбізді мүсіндеу)

Сергіту сәті: Ермек сазды аламыз,

Алақанға саламыз.

Әрлі-берлі есеміз,

Саусағымызбен ойнаймыз.

Тәрбиеші: Біз қоянға көп сәбіз жасадық, енді оған сыйлайық.

Қоян сендерге көп-көп рахмет айтып жатыр.

Балалар – Ас болсын! дейміз.

Сиқыршы: Балақандар, айта қойыңдаршы, ойыншықтармен қалай ойнау керек.

Балалар: Біз жақсы баламыз,

Ұқыпты ойнаймыз.

Ойыншықтарды сындырмаймыз.

Ойнап болған соң,

Өз орнына қоямыз.

Апайдың тілін аламыз

Әйбат бала боламыз.


Сиқыршы: Балалар, мен сендердің қазір не ойлап тұрғандарыңды түсіндім. Қанеки, бәрің көздеріңді жұмып, қонақтарға деген жылы лебіздеріңді ойша айтыңдаршы.

Болды, енді көздеріңді ашыңдар.

Балалар, мына сиқырлы қобдишаға назар аударыңдаршы! Қобдишаны ашқанда көңілді әуен ойнайды.

Тәрбиеші: Міне, ғажап! Балалар жаңағы сендердің ойша айтқан жылы лебіздеріңді сиқырлы қобдиша қағаз бетіне түсіріпті. Алып қонақтарға сыйлайық.







Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-330968

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>