Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі - ұстаз қолында»

Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі - ұстаз қолында»

Скачать материал

Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ұстаз қолында»                                                                                                                                            «Ұстаздық еткен жалықпас,

                                                                                         Үйретуден балаға.»                                                                                                                                  Абай Құнанбаев  

Мақсаты:Ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаз ролін айқындау,кеңінен таныту.          

Міндеттері:Жас ұстаздардың жаңа ұжымға үйренуіне,айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға,бірлескен іс-әрекетке қалыптасуына мүмкіндік туғызу,өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету.Бірлескен жұмыс барысының жалпы бағытын таныту.

Кездесу орны:Жарықтандырылған үлкен бөлме

Топтың ерекшелігі:Жас мамандар

Уақыты:30 минут

Керекті материалдар:№1,№2 кеспе карточкалар,жаттығуға керекті құралдар,түрлі түсті парақтар, шырақ.

Өтілу формасы:тренинг

Жоспар:1.Кіріспе.(3 минут)

              2.Негізгі бөлім: а)Кім екенін тап» ойыны

                                         ә)Танысу –табыс кілті

                                        б)Ситуациялық сұрақтар шешу.

                                       в)Жаттығу «Баға»

              3.Қорытынды: жаттығу Тілек шамы

Өтілу барысы:

Кіріспе:Сәлеметсіздерме,қадірменді қонақтар!  «Ұрпақ тәрбиесі-ұстаз қолында.» атты тренингімізге қош келдіңіздер(Тренинг мақсаты мен міндеттерімен таныстыру) Мектебіміздің ұжымында болашағынан зор үміт күттірер бірнеше жас мамандар ұстаздық еңбек жасап жүр.Ендеше оларды таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: «Ұстаз деген-өзінің уақытын басқаның бақытына сыйлайтын адам»-деген сөз бар.Ендеше ұстазға жүктелер аманат,артылар сенім ешқандай заңғар биікпен салыстыруға келмейтін өлшем.

 ”Өмір әрбір адамға баға жетпес сый-күш-жігерге толы жастықты,арман мен үмітке,тілек пен білімге,күреске,ұмтылыс пен сенімге толы жастық дәуренді береді”-емес пе?!Ендеше,сенім,үміт,сүйіспеншілікпен ортамызға қош келдіңіздер,жас ұстаздар!Сіздер көп нәрсеге үйренуге,көп нәрсені естіп білуге,көп нәрсені көкейге түюге тиістісіңдер.   Тренингіміздің алғашқы сатысы           «Танысу-табыс кілті»деп аталады.Сіздер бұл үшін топ құрасыздар. ( Жас мамандар жетекшісі )

1.«Кім екенін тап» ойыны

Мақсаты: топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.

Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған қағазды психолог жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.

Бұл жаттығу  Өзгелерді дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді.

Танысу аяқталған соң, танысудың қалай өткені туралы пікірталас  жүргізіледі.

2.Танысу-табыс кілті.

Жүргізуші:Қазір сіздерге  өз мамандықтарыңызға қатысты 3 тірек сөз беріледі.Сол сөздерді пайдалана отырып көрермендерге өз топтарыңызға ат тағайындап,ұранын белгілеп,мақсатымен таныстыруға дайындалыңыздар.

Қызыл түс-ҰСТАЗ   Көк түс-ОҚУ-БІЛІМ   Жасыл түс-ТӘРБИЕ

1.топ-

Топ аты “ҰСТАЗ”

2.Ұраны:        «Мектеп-білім тірегі,

Мақсаты: Мұғалім болу-үлкен жауапкершілікті,үздіксіз еңбекті,ізденуді қажет етеді. іс.Сондықтан да жалықпай еңбек етуді мақсат тұтамыз..

2 топ-

Топ аты: “ОҚУ-БІЛІМ”

Белгісі:Ашылған кітап

Ұраны:”Кітап-білім бұлағы,

              Білім-өмір шырағы”

Мақсаты: Оқу-білім-қиналғанда адамға айнымас дос,ашыққанда-ас,әлсірегенде-қуат.Білімді азаматы,білімді азаматы бар ел қашанда көш ілгері тұрады.Мақсатымыз білімді ұрпақ тәрбиелеу.

3 топ-

Топ аты:Тәрбие

Ұраны: Оқыту мен тәрбие егіз

Белгісі:Жасыл құрақ(Тәрбиелі ұрпағымыз жасыл құрақтай қаулап өссін)

Мақсаты:Елдің болашағы-ұрпағымен жалғасады.Ұрпақ тәрбиесі-ұстаз қолында.Ал ұстаз мұраты-жетілген толыққанды азамат тәрбиелеу.

Жүргізуші:Ұстаз-бала жанының бағбаны десек те болады.Өйткені ол-жас ұрпақтың бойына өнер-білімді,жақсылықты егуші адам.

   Ұстаздың әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып,оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы болады.Осы арада ұлы Абай атамыздың            «Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан» деген сөзі ойымызға оралады.Осы арада қазір сіздердің оқушылармен қарым-қатынастарыңызды пайымдаймыз.

3. Ситуациялық сұрақтар шешу.

·         Диалогтік кезең:

    «Менің атым –Қожа» киносындағы Қожа сияқты оқушыңыз болса, дәл осындай    

      баламен қалай жұмыс жасар едіңіз?

·         Математика пәнінен 11 сыныпқа тәжірибелі, біраз жыл жұмыс жасап жатқан мұғалім береді, ал екінші сыныпқа жаңадан келген жас маман береді. Бірақ оқушылар бұрынғы сабақ беріп жүрген мұғалімге үйреніп қалған. Бірақ бұл мұғалім қолының тимейтінін, уақытының тығыздығын айтады. Ал оқушысы жас маманнан дәріс алғысы келмейді. Осы кезде жас маман сіз өз потенциялыңызды қалай көрсетер едіңіз?

·         «Менің атым –Қожа» киносындағы  Қожаның мұғалімнің сумкасына бақа салып жібергенін білесіз.

           Сұрақ: Осы жағдайдан сіз қалай шығар едіңіз? Мектеп басшыларынан көмек             

           сұрайсыз ба, әлде өзіңіз шешімін табамын деп ойлайсыз ба?

·         Сұрақ: Бұрынғы үздік оқитын, тәртібі өте жақсы оқушыңыз соңғы кездерде сабақ үлгерімі нашарлап, мінез-құлқы өзгеріп жүргенін байқадыңыз. Ата-анасына хабарласып едіңіз, жұмыстан ешқандай қолдары тимейтіндігін, сізге жолығуға да уақыты жоқтығын айтты. Ал баламен сөйлескіңіз келіп еді, бала ашылып сөйлесуге құлқы жоқтығын байқатты. Зерттей келе, жолдастарының жақсы балалар еместігін бақыладыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

4. «Баға» жаттығуы

Мақсаты: Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің эффективті коммуниктивтік амалдарын өндіру.

Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «отыр екі»

Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға мүмкіндік береді. Талқылауда алдыңғы жаттығуда ұйымдастырылғандай топ мүшелері оқушы позициясынан сөйлейді. Психолог мұғалімге оқушыға негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ айтуға мүмкіндігі барына сенім білдіру керектігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: «Өте өкінішті, Анар, бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың, жақын күндері өзіңнің екінді жөндейтіндігіңе сенімдімін».

Оқушыны      позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге болады. Мысалы, позитивті баға қойған кезде позитивті баға қойғандағы фраза төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені бес деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуыңды жалғастыра бер».

5. «Тілек шамын» жағу арқылы бір-біріне жақсы тілек айтып, тренингті аяқтау

 

                                   

 

 

ЖББ №8 орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ұстаз қолында» 

(Жас мамандармен жұмыс)

 

 

 

 

 

 

 

Психологтар: Абдуалиева З.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі - ұстаз қолында»"

Настоящий материал опубликован пользователем Абдуалиева Замзя Нургазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 26.12.2014 1094
    • DOCX 559 кбайт
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдуалиева Замзя Нургазиевна
    Абдуалиева Замзя Нургазиевна

    психолог

    • На сайте: 9 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9673
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен және менің мамандығым ( Эссе ) Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын, өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. «Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну – үлкен бақыт...» екені даусыз. Қазіргі уақытта жас жеткіншектерге білім берумен қатар олардың мынау өмірге бейімделіп, осынау өмірден өз жолын таба білуіне көмек беру үшін қазіргі заманға сай мамандықтың қажет екені ақиқат. Жас буын жеткіншектердің жүрегіне үңіліп, олардың сырлас досы, қиналғанда қол ұшын беретін жанашыры болатын мамандықтың иесі болу менің арманым еді. Арманның жетегіне еніп, мен «психолог» деп аталатын мамандықты таптым. Иә, қай мамандықтың да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Ал менің таңдауым жеке тұлғаның жас ерекшелігін ескере отырып, олардың жан – жақты қыр – сырын ашу. Мен балалардың психологиясын зерттей келе өзім де солармен қатар дамып келе жатқандаймын. Қазақстанның болашағы – жас ұрпақ десек, олардың еш алаңсыз жеке тұлға болып қалыптасуы үшін менің де өзіндік қолтаңбам болса деймін. Ең алдымен адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін ғажап мамандығым арқылы жабырқаған көңілге қуаныш сыйлап, олардың жүрек түкпірінде жатқан бүкпесіз сырларын тыңдап, болашағына сеніммен қарауға жетелегім келеді. Кез-келген психологиялық жұмыстар жүргізу барысында мен әр баланың жүрек түпкірінде жатқан сезімдеріне үңілуге тырысамын. Солардың көздеріндегі мұңды сейілтуге, көңілдеріндегі қуаныштарын тарқатуға, оқушымен қасындағы құрбыларындай, аралас досындай бола білуге тырысамын. Бұл еңбегім менің текке кетпегендігін сезінемін.Мен еңбек еткен уақыт аралығында өз шәкірттерімнің жүректерінен өзіндік орын алғандаймын деп есептеймін. Қазіргі уақытта балалар мені өздері іздеп келіп, ішкі сырларымен бөліседі. Алдағы уақытта да балаларды мазалаған ойларымен бөлісіп, тәжірибемді одан әрі жандандырып, әріптестеріме көмегімді тигізсем деймін.

Шаблон. Орта білім беру педагогтеріне арналған аттестация кезінде портфолиоға қосатын эссе. "Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы"

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
257
1
24.01.2025
«InfoLesson»‎

Материал разработан автором:

Онгарбаева Айдана Айткалиевна

Менеджер по курсам

"Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы" тақырыбы бойынша жазылған эссе. Бұл эссені орта білім беру педагогтері жүктеп алып, аттестациядан өту кезінде портфолиоға қосуға жарамды. Тақырып ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген тізімнен алынды және бұйрыққа сәйкес, 250-300 сөзден тұрады.

Краткое описание методической разработки

"Ұстаз ұлылықтың, адалдықтың символы" тақырыбы бойынша жазылған эссе. Бұл эссені орта білім беру педагогтері жүктеп алып, аттестациядан өту кезінде портфолиоға қосуға жарамды. Тақырып ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген тізімнен алынды және бұйрыққа сәйкес, 250-300 сөзден тұрады. 

Смотреть ещё 5 584 курса

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:Ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаз ролін айқындау,кеңінен таныту.         

Міндеттері:Жас ұстаздардың жаңа ұжымға үйренуіне,айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға,бірлескен іс-әрекетке қалыптасуына мүмкіндік туғызу,өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету.Бірлескен жұмыс барысының жалпы бағытын таныту.

Кездесу орны:Жарықтандырылған үлкен бөлме

Топтың ерекшелігі:Жас мамандар

Уақыты:30 минут

Керекті материалдар:№1,№2 кеспе карточкалар,жаттығуға керекті құралдар,түрлі түсті парақтар, шырақ.

Өтілу формасы:тренинг

Жоспар:1.Кіріспе.(3 минут)

              2.Негізгі бөлім: а)Кім екенін тап» ойыны

                                         ә)Танысу –табыс кілті

                                        б)Ситуациялық сұрақтар шешу.

                                       в)Жаттығу «Баға»

              3.Қорытынды: жаттығу “Тілек шамы”

Өтілу барысы:

Кіріспе:Сәлеметсіздерме,қадірменді қонақтар!   «Ұрпақ тәрбиесі-ұстаз қолында.» атты тренингімізге қош келдіңіздер(Тренинг мақсаты мен міндеттерімен таныстыру) Мектебіміздің ұжымында болашағынан зор үміт күттірер бірнеше жас мамандар ұстаздық еңбек жасап жүр.Ендеше оларды таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: «Ұстаз деген-өзінің уақытын басқаның бақытына сыйлайтын адам»-деген сөз бар.Ендеше ұстазға жүктелер аманат,артылар сенім ешқандай заңғар биікпен салыстыруға келмейтін өлшем.

 ”Өмір әрбір адамға баға жетпес сый-күш-жігерге толы жастықты,арман мен үмітке,тілек пен білімге,күреске,ұмтылыс пен сенімге толы жастық дәуренді береді”-емес пе?!Ендеше,сенім,үміт,сүйіспеншілікпен ортамызға қош келдіңіздер,жас ұстаздар!Сіздер көп нәрсеге үйренуге,көп нәрсені естіп білуге,көп нәрсені көкейге түюге тиістісіңдер.   Тренингіміздің алғашқы сатысы            «Танысу-табыс кілті»деп аталады.Сіздер бұл үшін топ құрасыздар. ( Жас мамандар жетекшісі )

1.«Кім екенін тап» ойыны

Мақсаты: топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.

Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған қағазды психолог жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.

Бұл жаттығу  Өзгелерді дұрыс қабылдап, тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді.

Танысу аяқталған соң, танысудың қалай өткені туралы пікірталас  жүргізіледі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 231 878 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 211 562 материалы из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Стратегическое управление изменениями в различных ситуациях

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональные коммуникации: создание продающих текстов и деловых писем

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека
Смотреть ещё 5 584 курса