Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тақырыбы: "Санды 6 көбейту және бөлу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тақырыбы: "Санды 6 көбейту және бөлу"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Санды 6 көбейту және бөлу (слайд 3)

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға 6 көбейту және бөлуге байланысты есептерді меңгерту, экономикалық терминдер сөздігін кеңейту және қолдану

Дамытушылық: балалардың зейінін, танымдық, ойлау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Мамандыққа деген қызығушылықты және өмірде үнемшіл болуға тәрбиелеу.



Құрал-жабдықтар: Мультимедиялық тақта (презентация), кеспелер , шағын-тест.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, топпен жұмыс.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: ойландыру, сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен байланыс.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең

( күнді жазу, сынып жұмысы)

Мұғалім:-Бүгін бізде ерекше сабақ болады. «Санды 6-ға көбейту және бөлу» тақырыбына есептер шығарып, жаңа сөздермен танысамыз, олардың мәндерін меңгереміз.

-Бизнес сөзі нені білдіреді? (балалардың жауаптары)

Бизнес-

-Бизнес кәсіпкерлер атқаратын іс болғандықтан, бүгінгі сабақта сендер кәсіпкерлер рөлін атқаратын боласыңдар. Неге біз бүгін топқа бөлініп отырмыз? Өйткені, сендер кәсіпкер, бизнесмендерсіңдер. Ендеше қазір сендер алда тұрған зат есімдер арқылы мамандыққа байланысты өздеріңнің топтарыңа ат қоюларың керек. Сендер өз жұмыс орындарыңды анықтауларың керек.

1 топ: «Сұлу»

2 топ: «Нан-тоқаш +»

3 топ: «Көкөніс 2010».

- Біздің сабақтың эпиграфі:

Өз күшіңмен, жетістікке жеткің келсе, кейінге қалдырмай дәл қазір экономиканы меңгер (слайд 4)



Өткен сабақты қайталау.

- бизнеспен айналысатын адамды кім деп атаймыз?

- кәсіпкер

- Кәсіпкер қандай болуы керек?

- білімді, жан-жақты, есепті жақсы шығаратын, адамдармен қарым-қатынас жасай білетін

- Барлық кәсіпкерлер математиканы жақсы меңгерген болуы керек.

Бос орынға сан жаз

  • 27 : = 45-36 18 : =12 :4

  • 3 · =10+5 · 5 = 56-16

  • : 4=35 :5 16 : = 48 : 6

  • ·5=35-35

  • 81 : = 51-42

  • 12 : 2= : 3 (слайд 5)

  • Қандай екі санның бөліндісі 8 тең?

32 және 4 40 және 51 8 және 2

  • Көбейтіндісі 36 тең болатын сандар жұбын тап.

8 және 3 6 және 4 4 және 8 4 және 9

  • 4 бөлінетін сандарды тап.

18 16 36 23 14 28 25

  • Көбейтіндісі 24, ал айырмасы 5 тең болатын сандар жұбын тап.

4 және 6 8 және 3 4 және 9 6 және 4 (слайд 6)

ІІ. Жаңа сабақ:

- бүгінгі сабақта санды алтыға көбейтуді және бөлуді меңгеріп, есептер шығарамыз. Оқулықтарымызды ашамыз, көбейту кестесін қараймыз.

Оқулықпен жұмыс

6·6=6·5+6 6·6=36 36 : 6 =6

7·6=7·5 + 7 7·6=42 42 : 6 =7

8·6=8·5 + 8 8·6=48 48 : 6 =8

9·6=9·5 + 9 9·6=54 54 : 6 =9 (слайд 7)

Алдына қойған мақсатына жету үшін тәуекелге баратын, жаңа идеяларды жақсы көретін, өзіне жауапкершілік алған адамдарды қалай атаймыз? (Кәсіпкер) (слайд 8)

Кәсіпкер өзінің бизнесін ашу үшін жері, орны болу керек. Мысалы, Федор аға мен оның мысығы Матроскин туралы мультфильмді білесіңдер ме? Қалай аталады? Естеріңде ме, балалар, Матроскин мысығы мемлекеттен қолдана тұруға сиыр алады. Бұл әрекетті басқаша қалай айтуға болады? Ендеше, мына есепті шығарайық, сосын жауабын айтамын.

Есеп: Асан мен Үсен көлік жөндейтін шеберхана ашты. Олар бір айда 16 трактор жөндеді, ал машинаны 6 есе артық жөндеді. Асан мен Үсен қанша машина жөндеді? (96) .

(слайд 9)

-Сонымен қандай сөз болды екен? (балалар білмесе, мұғалім өзі айтады.)

- Жалға беру дегеніміз - жер учаскесін, ғимараттарды және басқа да меншіктерді белгілі бір төлемге уақытша қолдануға беру. (Слайд 10)


Шығармашылық жұмыс. Топпен бірге (Слайд 11)

1 топ: Көкөніс тұздауға 15 кг қияр мен 18 кг қызанақ әкелінді. Бір банкага 3 килограмм көкөніс тұздалса, барлық көкөніске неше килограмм қажет?

(15+18):3=11

2 топ: 200 теңгеге 5 бөлке нан келеді. Ербол 240 теңгеге неше бөлке нан алады?

3 топ: 4 сыныпта 72 ұл бала оқиды. Ал қыздар 9 есе кем. Барлығы қанша бала оқиды?.

Әр топ өз есебін қорғайды.

Сергіту сәті. ( слайд 12-13)

-Кәсіпкерлер де барлық адамдар сияқты демалады. Біз де демалайық, көзге арналған жаттығулар жасайық.


- Жалға алған жеріне кәсіпкер не төлейді?

- Ақша. Ақшаны басқаша қалай атаймыз?

- Оны есеп шығарғаннан кейін білеміз.

  • Есеп: Жанармай босатушы жеңіл машинаға 28 литр, ал жүк машинасына одан 4 есе артық жанармай құйды. Осы есепке сәйкес бір амалмен шығатындай етіп сұрақ қойыңдар. Осы шартқа екі амалмен шығатындай етіп сұрақ қойып, есепті шығарыңдар? Шешуі: 28*4+28=140 (слайд 14)

  • Сонымен, ақшаны басқаша банкнот деп атаймыз. Банкнот - қағаз ақша.

(Слайд 15)

Ертең сендер оқуларыңды бітіргеннен кейін кейбіреулерің қандай да бір кәсіпорынды басқаруларың мүмкін. Кез келген кәсіпорын белгілі бір тауарларды өндіріп, табыс табатынын білесіңдер.

- Өздеріңді кәсіпкер ретінде елестетіңдер.Қазір біз мысалдарды шешіп, жауаптары бойынша сендердің кәсіпорындарың қандай тауарлар өндіретінін білеміз. (карточка бойынша жұмыс)

716-349=367 615+385=1000 521+332=853

(3+51):9+200=206 9·2:3+110=116 390-7·8+16=350

(100-37):7+400=409 190-4·9+27=181 4·2·9+520=592

-Сонымен, кәсіпорындарда қандай тауарлар өндіріледі? (Слайд 16-18)
367,409,206– кітап
181,116,1000 – үй
853,350,592– торт


Тақтамен жұмыс.

314*2+424*3=1900 243*4+462:2=1203 29:14=2(1қ)

302*2+936:3=916 346*2+288:4=764 93:18=5(3қ)

(407+253) :3=220 (214+236) :5=90 97:24=4(1қ)



- Елбасымыз орта бизнес пен шағын бизнесті дамыту керек деп үнемі айтады. Қалай ойлайсыңдар, не себептен?

Табыс алатын барлық адамдар мен кәсіпорындар міндетті түрде өз табыстарының бір бөлігін мемлекетке береді. Бұндай төлемдерді қалай атаймыз?

- Салық (слайд 19)

6 санының көбейту кестесін қайталаймыз.

- 6 санының көбейту кестесін ретімен орналастырсаңдар, салықтың не екенін білеміз.

қазынаға – 36, негізгі, – 48, түсетін – 42, қаражаттардың – 54, көзі – 60, мемлекеттік – 30.

-Қандай сөйлем шықты?

Мемлекеттік қазынаға түсетін қаражаттардың негізгі көзі.

30, 36, 42, 48, 54, 60. (слайд 20-21)

(слайд 22)

Жарнама құрастыру. (23 слайд)

Әр топ өзінің өндіретін өнімін хабарлауы керек (жар салу), онда сын есімдерді пайдалануы керек. (сапалы, дәмді, тәтті, әдемі, сәнді).

1 топ: 1-ші қарашадан бастап біздің шаштаразымызда акция өтіп жатыр. Мектеп жасындағы балалардың және жасөспірімдердің шаштарын 10 пайызға арзан қиямыз. Біз шашты ең сапалы, ең күшті сусабындармен жуамыз. Келіңіздер, көріңіздер. Біз сіздерді күтеміз.

2 топ: Сіздер білесіздер ме, қараша айында қандай діни мереке? Осы мерекеде біз қандай ұлттық тағамдар пісіреміз? осы мерекеге біздің кәсіпорын тоқаштар мен бауырсақтар пісіреді, біздің бауырсақтарымыз тәтті, дәмді. Келіңіздер, біздің бауырсақтарымыздан алыңыздар. Біздің тоқаштарымыздың бағасы 20 теңге, мектептегі тоқаштардан 10 теңгеге арзан.

3 топ: Біздің жылыжайға келіңіздер. Біздің жылыжайдағы қиярлар көтерме бағамен сатылады. Мысалы, дүкендерде қиярдың бағасы 270 теңге, біз 200 теңгеден сатамыз.


ІІІ.Сабақтың қорытындысы. Тест

Отбасыларың қандай салықтар төлейді?

- Қандай экономикалық ұғымдармен таныстық? ( балалардың жауаптары)

Сабақтың соңында көңіл–күйлерің қандай?

Үй тапсырмасы.176 бет №4,№5 (слайд 24)

- Сендер тұратын жерлеріңде қандай кәсіпорындардың бар екенін, қандай тауар шығаратынын жазып келіңдер.

Бағалау. (слайд 25)

Сендердің кәсіпорындарың баға түріндегі табыс алады.

Қосымша: Кәсіпкерлер келісім-шарттарға қол қояды.Біздің келісім-шарт шағын тест болады. (Тестті орындау)

























Шағын-тест



1.Жерлерді, ғимараттарды және басқа да меншіктерді белгілі бір төлемге уақытша қолдануға беру:

А) ферма

В)жалға беру



2. Қағаз ақша:

А) банкнот

В) акция



3. Өз ісіне салынған ақшасы жұмсаған шығынынан көбірек болады деп үміттенетін адам:



А) директор

В) кәсіпкер

С) каскадер



4.Мемлекеттің кәсіпорындар пайдасынан және азаматтардың табысынан алатын ақша төлемдері:

А) төлем

В)қарыз

С) салық












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров225
Номер материала ДВ-356199
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх