Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Тақырыбы: "Сенім менің серігім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Тақырыбы: "Сенім менің серігім"

библиотека
материалов

hello_html_m4d21ea22.gif


Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі













Сабақтың тақырыбы: Сенім - менің серігім


5- сынып




Дайындаған: Кокебаева Н.А.













2014-2015 оқу жылы



Ашық сабақ . 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: Сенім - менің серігім

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

  • «Сенім» ұғымының мән-мағынасын ашу;

  • Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

  • Өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру (слайд № 6)

Көрнекі құралдар:слайд,оқулық,үнтаспа, ватман, стикерлер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу (слайд № 1)

1.Психологиялық дайындық (оқушылардың сабаққа қызығушылығымен көңіл-күйлерін көтеру үшін мына өлең жолдарын оқып, оқушылардың назарын өзіме аударып, шаттық шеңберіне шақыру- КӨҢІЛ КҮЙ ТАҚТАСЫНА –смайликтер жапсыру)

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат, (слайд № 2)

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім- тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылар сәлемдеседі).Өзін - өзі тану сабағында көргеніме қуаныштымын.

- Бүгін далада  қыстың бір жылы күні, қанеки біз бір-бірімізбен амандасып шығайық. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

- Жақсы балалар міне амандасып алдық.

Үй тапсырмасын сұрау.

Сенім (слайд№ 3)

Ә.Табылдиев

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен

Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

(балалардың жауаптары)

Сергіту сәті. (слайд № 4)

«Сенім» ойыны

Нұсқау: Оқушылар өздері қатты сенетін сыныптасының қасына келіп «Мен саған сенемін» деп айтып, ортаға «Қара жорға» өлеңіне билеуге шақырады.

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Сенім – менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар? (слайд № 5)

(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған,  сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)

  • Сенім деген сөзді қалай түсінесің?

  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

  • Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

(Оқушылар өз орындарына отырады)

Оқушылардың жауаптары

  • Сенім деген біреуге сенім арту , сенім артқан адамың сол істі уақытында орындау керек.

  • Жауапкершілікті сезіну керек.

  • Тәртіпті, ұқыпты, өз ісіне нақты көңіл аударатын, тапсырған затты уақытында орындайтын.

  • Еріншек, жалқау, өзіне-өзі сенбейтін адамдарға сенуге болмайды.

  • Дәйексөз (слайд № 11)

  •          Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

М.Жұмабаев

Мәтінмен жұмыс (Оқулықты ашамыз 70 бет) (слайд № 7)

         Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін

Оқулықтағы М.Жұмабаевтың  «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін оқытып. Сұрақтар беру арқылы талдау.

- Ақын қандай жастарға сенім білдіреді?

- Жастарға сенім білдіруінің себебі неде?

Тыныштық сәті - релаксация     (Музыка қосу) (слайд № 8)

  - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. (көздеріңді жұмығуда болады, көз алдарыңа достарыңмен бірге болған қызықты күндерді елестетіңдер.                                                                                                   

 Мұғалім: -Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.

     Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

     Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің.

Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкелуі керек.

Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл»

Сан Мен Мун

(слайд № 10)

  • Сенімділік адамда қандай қасиеттер болғанын талап етеді?

  • Балалар осы мәтіндегі түйінді ой не деп ойлайсыңдар?

Шығармашылық  жұмыс (слайд № 10)

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар

С - сенімді, сыпайы,сүйкімді, сыйлы, сымбатты, сұлу

Е – ерен, ерекше,еркін, ержүрек, елпек

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер,

І -   ілтипатты, ізетті, ізгілікті, іңкәр

М – мәдениетті, момын, мейірімді

Дәптермен жұмыс (Үйге тапсырма бөлек бетте тарату)

47 беттегі 3 тапсырма

-         Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.


Жүректен жүрекке (слайд № 12)

Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.
Әрдайым ашық болсын аспанымыз,
Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі ұмытпау керек.

Ендеше балалар бір- бірімізге жақсы тілектер айтайықшы (жүрекше беру арқылы)

  • Балалар бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңа рахмет!

  • Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қалды ма, әлде өзгерді ме (сабақтың басындағына қарағанда) – смайл арқылы

Қорытынды бөлімінде оқушылар өтілген жаттығулардан, түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып, «Тілек ағашына» апарып жапсырады – стикер арқылы








Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДВ-567729
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх