Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Тақырыбы: « Сенімділік күш береді »

Тақырыбы: « Сенімділік күш береді »

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Психологиялық тренинг «Сенімділік күш береді»

Мақсаты: Өзіндік талдау жасауға үйрету. Өзін өзі жетілдіруге деген ынтасын ояту. Бір бірін түсінуге деген мүмкіндіктерін дамыту.

Керекті құралдар: дәптер, қалам, доп.

Сабақ барысы.

Үй тапсырмасын талқылау

«Мен күн сәулесінің астындамын"тақырыбында салған суреттерімізді қарастырайық. Күн нені білдіреді? (Өзің жайлы ойыңмен, сен туралы сыныптастарыңның берген сипаттамасы бойынша сәйкес келген анықтамалар). Сәулелер саны өзіңді қаншалықты жақсы білетініңді көрсетеді (көп сәйкестік өзін өзі жақсы білетіндіктің белгісі).сенің жақсы қасиеттерің қызыл түспен белгіленген, яғни сен от сияқты жан жағына жылу бересің. Көкпен белгіленген сенің теріс қасиеттерің керісінше тоңдырып, өзгелермен тіл табысуды қиындатады. Ал қасиеттеріміз көп болуы үшін не істеуіміз керек?

«Сенің есімің» ойыны.

Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Кез келген бір оқушы өз есімін айтады. Кейінгі ойыншалар кезекпен бірінші ойыншының есімін допты шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре айтады. (сәуле, Сәулетай,Сәулежан, Нұрсәуле, т.б.) осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып шығады. Ойынға қатысушылар өз аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғандықтарын бөліседі.

Психолог: Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір бірімізбен қарым қатынас жасағанда, әңгімемізді міндетті түрде есімімізді айтудан бастайық.

«Ассоциация» ойыны.

Қазір ойынды бастап жүретін адамды таңдап алайық. Жүргізуші болам деген бала ортаға шығады. Сонан соң, ойынға қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын (өсімдікке, затқа, жануарға, құсқа) (тек жағымды жағынан теңеу) қандай ой туғызатынын айтулары керек. Мысалы: Гүлнұр балапандарына жем тасыған қарлығашқа ұқсайды, себебі қашан да өзгелеге көмек көрсетеді. Жансараны бәйшешек гүліне ұқсатамын, себебі ол өте әдемі, нәзік. Т.б.

Психолог: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге?

Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақты бағалап көрейік. Өз бағаларыңды бір қолдың саусақтарымен санақ бойынша бір мезгілде көрсетіңдер.

Үйге тапсырма.

Психолог: дәптерлеріңе мына аяқталмаған сөйлемдерді жазыңдар, ал үйде оны аяқтаңдар. (Аяқталмаған бірнеше сөйлемді келтіруге болады)

Мен құс секілді боламын, егер ...

Мен көктемнің жылы жаңбырымын, себебі ...

Мен шамшырақ секілді боламын, егер ...

Мен биік тау секілдімін, себебі ... (менің алдыма қойған армандарым мен мақсатым биік)

Рефлексия. «Өрмекші торы» жаттығуы.Бір біріне жақсы тілектер айту .























Автор
Дата добавления 19.10.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Конспекты
Просмотров10
Номер материала ДБ-273107
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх