Мақсаты: Дыбысты сөзде дұрыс айтуын қалыптастыру.
Коррекциялық
– білімділік мақсаты: артикуляциялық жаттығуларды толық, дұрыс жасауын
қалыптастыру. Ш дыбысын сөзде машықтандыру.
Коррекциялық-
дамыту мақсаты: көру және естуқабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын,
тыныс алуын, фонетикалық есті қабілетін дамыту.
Коррекциялық
тәрбиелік мақсаты: сабаққа деген ынтасын, өз бетінше жұмыс жасауын, өз сөйлеу
тілін қадағалауын тәрбиелеу.
Көрнекілік:
әріптер, буындар, суреттер, карточкалар, бірнеше бөлікке бөлінетін шаршы және
кішкене шаршылар мен дөңгелектер.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Көңіл-күйің қалай?
-
тамаша, осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық, бүгін бізде ерекше сабақ.
-
неліктен ерекше сабақ деп ойлайсың?
-
өйткені бізге қонақтар келді.
- қазір
бізде жылдың қай мезгілі?
- қыс
мезгілі.
- ауа
райындағы өзгерістер жайында айтып берші.
ІІ.
Өткен сабақты қайталау.
Екі үй
суреті берілген, біреуі қызыл шатырлы, екіншісі көк шатырлы. Берілген әріптерді
керекті үйге орналастыру қажет (А,С,О,Ш,Ы,У...)
ІІІ.
Жаңа сабақ.
1)
Суреттерге
мұқият қарап, атап шық (шағала, көгершін, қарлығаш)
-
Бір сөзбен
қалай атаймыз?
-
Құстар
-
Осы
сөздерден қандай ортақ дыбыс кездеседі.
-
Ш дыбысы
-
Ш әріпі
-
Дыбысты біз
естиміз, айтамыз, әріпті біз көреміз,жазамыз.
Бүгін
бізге құстар өздерімен бірге бірнеше тапсырмалар алып келді, құстармен бірге Ш
дыбысын сөзде дұрыс айтып дағдыланамыз.
2)
Ш дыбысын
таза, анық, дұрыс айту үшін, біздің тіліміз бен ерніміз дұрыс жұмыс жасау үшін,
тіліміз бен ернімізге арналған жаттығулар жасаймыз.
Артикуляциялық жаттығулар: Ш дыбысын дұрыс айтуға арналған
жаттығулар кешені.
«Бақа - тұмсық»
Бір – «Бақа» ерін жымиып тұрады.
Екі – «Тұмсық» ерінді дөңгелетіп алдыға шығарады. 10-15 рет
«Күрекше» - Ауыз кең ашық, жалпақ тіл астыңғы ерінде 10-15
сек.
«Тыңдамайтын тілді жазалау»- ауызды ашып, тілді астыңғы
ерінге қойып, шығарып ұстап, пя-пя-пя деп 10-15 рет қайталау.
«Кесе » - ауыз ашық, ерін жымиып тұрады. Жалпақ тіл астыңғы
ерінде, бүйірлері кесе тәрізді жоғары қайырылған 5-ке дейін ұстап тұру керек.
«Қалаш» - ерінді дөңгелетіп ұстау. Ерінді дөңгелеткен кезде
ауыз кең ашық,астыңғы жақ кейінге ығысуы керек. 10-15 сек.
«Ат шауып келеді» - тіл ұшымен таңдайды тақылдату. 10-15
рет.
«Тәтті тосап» - жалпақ тілмен жоғары тілді жалау, жаттығу
жасаған кезде ерні мен астыңғы жақтың қозғалмауы керек.
«Сиқыршы» - ауызды ашып, жалпақ тілді жоғары ерінге
жақындатады да мұрынның ұшында тұрған үрлеп ұшырады. Мақта тік ұшып кету үшін
ауа тілдің дәл ортасынан шығуы керек.
Ш дыбысын бірнеше рет қайталау.
Ш дыбысының артикуляциялық мінездемесі: тілдің ұшы
таңдайдың алдыңғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, ерін аздап
дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді.
3)
Тыныс алуға
аранлаған жаттығу.
4)
Буындар оқу:
әріптерден буындар құрастыру, бұлттардағы буындарды оқу.
5)
Фонематикалық
есту қабілетін дамыту; бірнеше бөлікке шаршы және кішкене дөңгелектер мен
шаршылар берілген.
-
Қазір біз
ойын ойнаймыз.
-
Егер Ш
дыбысы кездестін сөздер атасам, сен үлкен шаршының бір бөлігіне кіші шаршыны
қоясын, ал егер Ш дыбысы кездеспесе кіші дөңгелекті қоясын. (сөздер: шана,
сабын, сағат. Шаңғы, ағаш...)
6)
Қолдың ұсақ
моторикасын дамыту: «Түйме жолы» - сөздерді қайталап, түймелер үстінен
саусақтармен кідірмей жүріп шығу. (Сөздер: шопан, пышақ, қайшы, шәйнек, шапан
және т.б.)
7)
Карточкамен
жұмыс: Ш дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан, суретті керекті тор көздермен
біріктір.
8)
Әріптерді
биіктігіне қарай орналастырып жаз және оқы. АШМ, ШАҒА, РАШ, ӨШП т.с.с.
9)
Дыбысты
талдау: берілген суреттерді заттарды атап, алғашқы әріпін төркөзге жаз:
-
Қайндай сөз
пайда болды, оқы.
-
ШАНА
_______ (сөз)
___ ___ (буын), текшемен дауысты, дауыссыздарды
белгілеу.
ІҮ.үйге тапсырма: Ш дыбысына бес сөз
ойлап, жазып кел.
Ү. Қорытынды.
- бүгін біз қандай дыбысты сөзде дұрыс
айтып дағдыландық.
- Ш дыбысы.
- Құстар сендерге риза болып қайтатын
болды.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.