1613629
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Дошкольное образование КонспектыТақырыбы: «Шаттыққа толы жүрекпен» Мақсаты: Ата-ананың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыра отырып, серіктестікке тарту. Көрнекілігі: сұра

Тақырыбы: «Шаттыққа толы жүрекпен» Мақсаты: Ата-ананың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыра отырып, серіктестікке тарту. Көрнекілігі: сұра

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Шаттыққа толы жүрекпен»

Мақсаты: Ата-ананың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін арттырып, баламен тиімді қарым-қатынас орната білу қабілетін дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыра отырып, серіктестікке тарту.

Көрнекілігі: сұрақтар топшамалары, видеотоптама, слайд ,сурет салуға арнайы қоршаулар.

Өткізілу барысы: (Залда музыка ойналып тұрады)

1.«Танысу» тренингі

Мақсаты: Ата-ана мен ары қарай жақсы қарым –қатынас орнату үшін қолайлы орта туғызу, танысу.

2. «Көңіл-күй» түсі

Біздің көңіл күйіміздің өзіне тән түсі болады екен.Міне,менде түрлі түстен тұратын карточкалар бар.

Жеті түстен тұратын көңіл күй түймедағы.Әр жапырақ –әр түрлі көңіл күй: 

Бүгінгі көңіл-күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз?

Әр қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін таңдап алады.

(Қатысушылардың бүгінгі жиынға қандай көңіл-күймен келгендігін слайдпен көрсету).

Слайд №1 «Көңіл –күй

  • Сары- көңілді көңіл күй, өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар.

  • Көк- сабырлы,байсалдылықтың көңіл күйі ,қанағаттандылық белгісі, қонақжай адамдар

  • Жасыл- көпшіл адамдар: белсенді адамдар

  • Ақ- ақжарқын көңіл күй, мейірімді адамдар

  • Қызыл- сергек,белсенді көңіл күй, алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын жігерлі адамдар.

  • Қара- ренішіті көңіл күй, маған ештеңе де қызық емес,көңіл күйім бұзылып тұр, ішімдегіні тап деп отыратын тұйық мінезді адамдар

  • Сұр-іш пыстырарлық көңіл күй, немен айналысарыңды білмейсің. 

3. Психологиялық қарым-қатынас үйлесімділігі

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,-дегендей баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі. Демек, балаға тәрбие беру, яғни отбасынан басталады.

4) Анкета сұрақтары: (ата-аналарға тарату)

1.Ал үйде сізде бала тәрбиесіне кім көбірек көңіл бөледі деп ойлайсыз?

2. Үйде балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?

3. Сүйікті ойыншығы?

4.Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді, не істейсіз?

5.Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды байқамай сындырып алды, сіздің әрекетіңіз

5) «Балалардың көзімен» атты видеотоптаманы тыңдап, талқылау.

6) «Жан жүрек сыры»

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді беріп, оған балаларына қандай жылы сөздер айтады соны жазу тапсырылады.(айналайын, ботам, жұлдызым, т.б.) Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен? Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата- аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралады. Е.Хасанғалиевтің әні «Айналайын» Қорытынды.



Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психолог Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы
Ата –аналармен тренинг сабақ
Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
 
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Танысу жаттығуы»
2.Топқа бөлу
3.Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік дәрісі
4.Ой жинақтау
5.Қызықты сұрақтар сергіту жаттығуы
6.Тест
7.Қорытынды
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.
«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен сәнді –Сандуғашпын
Мен гүлдей- Гүлнармын
Мен айдай – Айдынмын
2.Топқа бөлу түрлі түсті қағаздан жасалған жүректерді түсіне қарай таңдайды. Түстер бойынша топ құрып ,бөлініп отырады.
3.Дәріс оқу Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
4. Ой жинақтау
Үш топқа тақырып беріледі
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
III. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?
5. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы
1. Балаңыздың сүйікті түсі?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?
6. Тест Сіздің көңіл күйіңіз





Мұнда ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған, өз көзқарасыңызбен бөліктерін керегімен толықтырыңыз, тек ұзақ ойланбаңыз, алдымен ойыңызға не келеді, соны салыңыз. Суретте өзіңіздің қазіргі сезіміңізді ашып көрсете біліңіз.
Тесттің кілті
Егер сіз ағаштың бұтағын Ашық түспен жүріп өтсеңіз және суретке басқа ешнәрсе қоспасаңыз, онда осы мезеттегі өмірлік сәтіңізде сіз бір жағдаймен өте қиын күйзеліс үстіндесіз. Бәрінен бұрын сіздің мәселеңіз тек жеке басыңыздың өмірімен емес, өзіңіздің мамандығыңызбен немесе оқумен байланысты.
Егер сіз ағаштың барлық бұтағын түгелімен бояп шықсаңыз, онда сіз бірдеңеге қатты ренжідіңіз немесе сондай күйге сізді жеткізді. Сіз күйзелесіз де ренжисіз, сіздің ағашыңыз соны анық көрсетіп тұр. Егер сіз ағашқа қосымша бұталар қоссаңыз, онда сіздің ішкі жан дүниеңіз қажетсіздерден қайнап тұр. Сізді ренжіткендер болмаса да жаныңызға келгендерге сіз өз сезіміңізді төңкеріп жіберуге дайын тұрсыз.
Егер сіз ағаштың бұталарына жапырақ салсаңыз, онда сіздің іщкі жан дүниеңіз өз қалпында. Егерде бұтақтың төменгі жағында көп жапырақ орналасса, онда сіз осы уақытта әсер етуге емес, ойлануға және талдауға бейімсіз. Егерде бұтақтың төменгі жағына қарағанда жоғарғы жығында жапырақтар көп болса, онда сіздің іске белсене кірісуге дайындығыңызды көрсетеді, сіз күшіңіздесіз және іс жүзінде күтудесіз.
Егер сіз бұтаққа жапырақ салсаңыз, әр жапырақты бөлек-бөлек көрсетпесеңіз, онда сіз көңілді және бақытты болу үшін көп күш жігеріңізді бөлудесіз, осы уақытта сіз бір нәрсеге пысықтануға зауқыңыз жоқ, өз ойыңыздан шаршадыңыз.
Егер сіз ағаштың қабығына негізгі күш жігеріңізді салсаңыз, онда сіздің жұмысқа берілгендігіңіз өте керемет, уақытты босқа өткізбей іспен айналысыңыз. Сізде бәрі орындалады.
Егер сіз бұтаққа құсты не жануарларды салсаңыз, онда сізге адамдармен араласу жетіспейді, сіз ет жақын туыстарыңызбен әңгімелескіңіз келеді, өз ойларыңызбен сезімдеріңіз жөнінде біреулермен бөліскіңіз келеді. Сіздің салған жануарыңыз немесе құсыңыз ұсақ болса, онда ол қобалжудың белгісі, онда мүмкін сізді бір жағдай мазалайды және қинайды. Қандай жағдай болса да, сізге ой бөлісуіңізге тура келеді. Егер сіз бұтаққа бірнеше жануарлар мен құстарды салсаңыз, онда сіздің жаныңыз жайлы жер іздейді, бірақ оны таба алмайды. Ойларыңыз көбейіп сыйыспауда, сіз оларды өзіңіз реттей алмайсыз.
7.Қорытынды
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.



БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

•         Дене,

•         Адамгершілік,

•         Психологиялық,

•         Ақыл-ой.

ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

СанПин 2.42.1178-02 келісілген  санитарлық-эпидемиологиялық «Білім беру мекемесінде оқу шарттарының  гигиеналық талаптары» ережесіне сай бірінші сыныпқа балалар өмірінің жеті немесе сегіз жасынан ата-анасының шешімімен, баланың мектепте оқуға дайындығы жөніндегі психолого-медико-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

Мектепке қабылдаудың міндетті талабы- 1 қыркүйекке дейін баланың жасының 6,5 жастан кем болмауы  болып  табылады. 6,5 жасқа толмаған баланы оқыту мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырылады.

АДАМГЕРШІЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ:

1)    мұғалімдермен қатынасын құра білу;

2)     сыныптастарымен тіл табыса білу;

3)     сыпайылық, ұстамдылық, тіл алушылық;

4)     өзін-өзі бағалауы

5)     өз іс-әрекетін, мінез-құлқын дұрыс ұстау және оқу тапсырмасын қабылдай білу, мұқият, үлкендердің сөзін бөлмей тыңдау.

6)    басқаның көзқарасын қабылдау,  өз-өзіне басқа қырынан қарау, сыныптастарын тыңдай білу, басқалардың сәтсіздіктерін адекватты түрде бақылау;

7)     ата-аналар тарапынан берілген көмек бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде болу керек.

Өз балаңыздың жетістіктерін басқа балаларға  қарап салыстырмаңыз. Баланы «баға» үшін оқытуға болмайды. Одан да тіпті кішкене жетістігі болса да, үнемі мақтап отыру керек.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ:

1)    Бұл баланың оқудың маңыздылығын, қажеттілігін нақты түсінуі; Жаңа білім алуға қызығушылық танытуы;

2)    Бұл мұғалімді тыңдай білуі және оның берген тапсырмаларын  орындай білуі;

3)    Үлкендермен, сыныптастарымен тіл табыса білуі (үлкендердің беделін сезінеді, қарым-қатынасқа жеңіл түседі,  кез келген  қиындықтан шыға білуге тырысады);

4)     бұл ойлаудың,зейіннің, естің дамуының  анықталған деңгейі.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ  ДАМУЫ:

•         Қолдың ұсақ қимыл-қозғалысының дамуы (қол жақсы дамыған, бала қарындашты , қайшыны сенімді ұстайды);

•         Кеңістіктегі  қозғалысты сезіну ( жоғары-төменді, алға-артқа, оңға-солды дұрыс анықтау);

•         Көз бен қолдың жүйесінің координациясы -  (бала көзбен алдындағы (мысалы,кітаптағы); графикалық бейнені, фигураларды, өрнектерді дәптерге дұрыс түсіру.

МЕКТЕПТІК МАҢЫЗДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫ:

•         Логикалық ойлауының дамуы (әртүрлі нәрселерді салыстыруда арасындағы айырмашылықты, ұқсастықтарды табу, белгілеріне қарап жалпылай алу);

•         Ырықты зейінінің дамуы (орындап отырған тапсырамаға 15-20 минут зейінін тұрақтандыру);

•         Ырықты есте сақтауының дамуы (есте сақтай білу:  есте сақталған материалды нақты символмен, сөзбен, немесе ситуациямен, суреттермен байланыстыру).

АҚЫЛ-ОЙ ДАЙЫНДЫҒЫ

•         Ең маңызды көрсеткіш — бұл сөйлеу мен ойлаудың дамуы.

•         Балаға «сондықтан да», «егер де», «себебі»  деген сөздерді пайдаланып, талдаулар, қорытындылар жасауға үйрету өте пайдалы.

•         Сұрақты дұрыс қоя білуге, жауабын тыңдай білуге үйретіңіз. Бұл өте пайдалы. Ойлау әрқашанда сұрақ қоюдан басталады. Ойлан деп жай айтқаннан баланың ойы іске аспайды.

•         Сөйлеу – оқу үрдісінің негізі болып табылады.   Ең маңыздысы монологиялық сөйлеудің дамуы. Бала үшін бұл әңгімелеп беру. Оқып болған соң балаға сұрақтар қойып талдатыңыз.

•         Негізгі назарды кеңістікті бағдарлай алуға аудару керек. Бала сөзінде ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс қолданып, пайдалана ала ма: жоғары, төмен, артқа, төмен, жоғары, аралық, алдында., артында, алдынан,  от…, сзади артынан, жанында , алысырақ т.б.

БАЛА ОҚУЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕМЕС, АЛҒАН БІЛІМІНІҢ САПАСЫ МАҢЫЗДЫ

•         Жай оқып шығу ғана  емес, сөйлеуді қоса дамыту керек. Жазу жазғанда қол қимылдарының дамуына назар аудару керек.

•          Баланың толыққанды дамуы үшін ересектермен дамыту ойындарын ойнау, кітап оқуды тыңдату, сурет салғызу т.б пайдалы

ОҚУҒА ДАЙЫН ЕМЕС : СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ «ПОРТРЕТІ»

•         ШЕКТЕН ТЫС ОЙЫНШЫЛДЫҚ;

•         ӨЗ БЕТІНШЕ ҚИМЫЛДАМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРГЕ БАҒЫНБАУ , ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК;

•         СЫНЫПТАСТАРЫМЕН СӨЙЛЕСЕ АЛМАУ;

•         ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ;

•         ТАПСЫРМАЛАРҒА ЗЕЙІНДІ ШОҒЫРЛАНДЫРА АЛМАУ;

•         АЙНАЛАСЫ ТУРАЛЫ АЗ БІЛУ,ЖАЛПЫЛАЙ АЛМАУ, ЖІКТЕЙ АЛМАУ, АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРДЫ ТАБА АЛМАУ;

•         ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛСІЗ ДАМУЫ;

•         ЫРЫҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУЫНЫҢ ДАМЫМАУЫ;

•         СӨЗДІК ҚОРДЫҢ АЗ БОЛУЫ.

 

ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ:

Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен шыдамдылығыңыз баланың оқуда алға ілгерілеуінің кепілі.

Бірге  тәрбиелейік

1 сынып ата-аналарымен жұмыс

«Мектепке дайын болу – оқи алу, санау, жаза білу емес .

Мектепке дайын болу – осылардың барлығын үйрене білуге дайын болу.

Венгер Л. А.

 

Бірінші ереже:бірге бөлісу арқылы, барлығымыз бірге,  біз барлық қиындықтарды жеңеміз.

Жүрек жылуы» жаттығуы
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
Тренингке қатысушы аналар....
«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.
«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.
Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?
- сізге тілекті шынайы айтты ма?
- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?




Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Использование декоративно-прикладного искусства в работе с детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения у детей дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Здоровьесберегающие технологии в физическом развитии дошкольников и их применение в условиях ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации»
Курс повышения квалификации «Песочная терапия в работе с детьми»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.