Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы»

Тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы»

Скачать материал

 

Қазақ тілі 2 класс              

Тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы»
Сабақтың мақсаты:
а) Сөйлем туралы, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысуы туралы түсінік беру
ә) Ойлау, сұраққа толық, тиянақты жауап беру, дағдыларын арттыру
б) Адалдыққа, ізеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, ойлау, өз ойын айту.

Сабақтың көрнекілігі: карточка, тест, оқулық, таблица, жұмбақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың қызығушылығын ояту – психологиялық дайындық.

Мұғалім: — Көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
Мұғалім: — Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың,
көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.
Балалар, бүгін ерекше сабақ, олай дейтініміз сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан тыныштық сақтап отырайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
          

III. Жаңа сабақ:
1). Оқушыларға сұрақтар қою.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемнің қандай түрлері бар?
- Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерге қысқаша тоқталу.
Оқушылар ендеше осы сөйлемдеріміз бір-бірімен байланысын мына тақтадағы плакатқа қарап оқимыз.
Балалар ауланы сыпырды.
- Балалар не істеді?
- Балалар сыпырды.
- Нені сыпырды?
- Ауланы сыпырды.
Плакаттағы ережені хормен оқыту.
Тақтаға сызба ілу: Балалар ауланы сыпырды.

2). Оқулықпен жұмыс.
Дәптерге бүгінгі күнді жаздырту.
- Көркем жазу.
Б, б — әрпі және оған қатысты сөздер: балапан, балдырған, бөбек
№208 жаттығу.Сөйлемдегі өзара байланысты сөздерді бөліп жаз.
Қоңырау соғылды.
- Не соғылды?
- Қоңырау соғылды.
Оқушылар сыныппқа кірді.
- Оқушылар не істеді?
- Оқушылар кірді.
- Қайда кірді?
- Сыныпқа кірді.
№210 жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сөздердің байланысын үлгі бойынша сызып көрсет.
Күн батты. Сиырлар өрістен келді. Нұрбол сиырын қораға кіргізді. Апасы сиыр сауды.
3). Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз, қолымызды созамыз.
Бір отырып бір тұрып
Біз тынығып қаламыз
Алақанды соғамыз
Орнымызға қонамыз

4) Оқушының шығармашылық қызметі мен логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында №216 жаттығу, суретпен жұмыс жүргізу.
- Мына суретте неге ағашатар сары түске боялған?
- Өйткені күз мезгілі. Күздің соңғы айы қараша.
- Одан кейін қандай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Желтоқсан, каңтар, ақпан.
- Суретте не бейнеленген?
- Аққулардың тамақтануы бейнеленеген.
- Осы суреттке байланысты әр қайсысының мазмұнына лайық сөйлемедерді төмендегі мәтіннен таңдап алайық.
Оқушылар өздері мәтінді оқып шығады.

Әр суретке байланысты үш мәтінді үш оқушыға оқыту.
1 суретке: Күзде екі аққу өзенде қалып қойды. Өйткені олардың біреуінің қанаты жарақаттанған еді.

2 суретке: Қыс түсті. Өзен қата бастады. Аққуларға қиын болды. Олар суықтан өлуге айналды.

3 суретке: Айдын аққуларды үйіне әкелді. Оларға жем берді. Құстар осында қыстап қалды.

Мәтінге «Аққу» деп ат қояйық.

Ендеше аққу дегенде ойымызға не оралады?

Нәзік сұлу

дала құсы киелі құс

Аққу туралы тиым сөз.

1. Аққуды атпа.
2. Құс ұясын бұзба.

5). Шығармашылық жұмыс:
Карточкадағы тапсырмаларды қалай орындағанын тексеру
1 карточка: Жанар шаңды сүртті.
2 карточка: Балалар қалаға барды.
3 карточка: Біз Астанада тұрамыз.
6). Тест тапсырмаларын орындату.
1. Сөйлемдердің қайсысы лепті сөйлем?
а). Апырай, сондағы қорыққаным-ай!
ә). Мектепке әншілер келді.
б). Ертегіні жақсы көресің бе?
2. Дауысты дыбысы жіңішке сөзді тап?
а). Тап
ә). Ақын
б). Әкім
3. Қай сөз дұрыс жазылған?
а). Қойан
ә). Шаян
б). Тайақ
4. Сөйлемдегі сөздердің қайсысы дұрыс байланысып тұр?
а). Айша гүлге
ә). Айша су
б). Айша құйды.
5. Қай сөз дұрыс?
а). Менің лақым.
ә). Сенің лағың.
б). Оның лақы.
Қай қатар жылдам әрі дұрыс шешсе, сол қатар жеңіске жетеді.
IV. Сабаққа қорытынды

Балалар біз қандай тақырыпты өттік, сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы үйрене отырып – тест жұмыстарына жауап жаздық, сурет бойынша мәтінмен жұмыс жүргіздік. Енді мынандай жұмбақ шешейік.
Таулары бар ең биік
Даласы бар жер ұйық
Бұл қай ел? Қазақстан
Қазақстан туралы не білеміз?
V.Ойын: «Сөзден сөз шығару»
Қазақстан сөзінен кім көп сөз құрап жазады?
3-қатардан құрған сөздерін оқыту.
Ең көп сөз құраған қатарға шағын сыйлықтар тапсыру.

VI. Үйге тапсырма: 213 жаттығу.Мақалды оқып,жатқа жаз. Сөздердің байланысын сызып көрсет.

VII. Бағалау: сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Сөйлемдегі сөздердің байланысы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.12.2015 3757
    • DOCX 18.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурзабулатова Жанат Мамытовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мурзабулатова Жанат Мамытовна
    Мурзабулатова Жанат Мамытовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3831
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 102 человека

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе