Тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Мақсаттары: сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы алған білімдерін еске түсіріп, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндік жасау;

ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

                                   Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау.

- Сұрақ – жауап:

* Сөйлем дегеніміз не?

* Сөйлем туралы не білесіңдер?

* Сөйлемнің қандай түрін білесің?

* Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

* Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

* Лепті сөйлем дегеніміз не?

      - Сұраққа дұрыс жауап бердік. Мен сендерге қосыламын.                        

4. Мағынаны тану.

- Балалар, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады дедік. Олардың байланысын қалай анықтаймыз?(сұрақ қою арқылы).

         - Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Тақтаға орындау. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.

 2- жаттығу.Өзіндік жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Алғашқы екі сөйлемді көшіріп жазып, осы сөйлемдердегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.

            

- «Сергіту сәті».

3- жаттығу. Сұрақтарға жауап жазу.

5. Ой толғаныс.

 - Тақтадағы берілген тестерді барлық оқушылар орындайды. Дұрыс жауабын көрсетіп отырады.

Тестік тапсырмалар.

1) Сөйлем неден құралады?

а) буыннан                      ә) сөзден                            б) дыбыстан

2) Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады?

а) сызықша                      ә) үтір                                 б) нүкте

3) Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

а) сөздер бір-бірінен бөлек жазылады;

ә) сөздер бірге жазылады.

4)Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемнің атауын көрсет.

а) хабарлы сөйлем       ә) сұраулы сөйлем        б) лепті сөйлем

5) Дұрыс құрылған сөйлемді тап.

а) тақтайды, кесті, Ержан.

ә) Ержан тақтайды кесті.

б) кесті тақтайды Ержан.

6. Қорытынды.

 - Бүгін сабақта не туралы айттық, нені қайталадық?

 Міне , балалар, бүгін сабақта сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталадық.

Үйге тапсырма. 4 жаттығу. Ережелерді қайталау.

Бағалау.

 

 

Тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Муканова Салима Ханатовна

  • На сайте: 11 лет
  • Всего просмотров: 17086
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 9
  • 17086
    просмотров
  • 9
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Муканова Салима Ханатовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~160

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: