Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыТақырыбы: "Таңғажайып әлем" жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш (8-10)

Тақырыбы: "Таңғажайып әлем" жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш (8-10)

Скачать материал

 

«№5 Күршім орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

«Таңғажайып әлем»

(жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш)

 

 

 

 

      Сыныбы: 8-10 сыныптар

 

     Өткізгендер:  Рахметолдина Ж.Р.

Бегешова А.М.

Сагитжумартова Ж.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 


 

Тақырыбы: Таңғажайып әлем


Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ойлау  қабілеттерін  дамыту,  топ  үшін  жауапкершіліктерін  нығайту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Түрі: кеш.
1-жүргізуші
- Уа, халайық, халайық.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде
Есеп шешіп, жарысып,
Көңілді кеш жасайық,

Ат салысып, аянбай
Бар өнерге басайық.

2-жүргізуші
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей, кім шығады сайысуға.
1-жүргізуші
Табиғат сырын аштырған
Токпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайынмен бастырған
Физика демей немене?
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
2-жүргізуші
 Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!? Бүгінгі біздің 7-11 сыныптар арасындағы «Таңғажайып әлем» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар
«Жалын» тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық.
1-жүргізуші
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсатты
Әрқашан да мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға
«Алғырлар» тобын шақырайық.
2-жүргізуші

Барлық істі атқарып
Пайдасын мектепке тигізген
«Білгірлер»  тобын қарсы алайық.

1-жүргізуші
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызға,
Сіздерге құрметпен қол соғылады - дей отырып әділқазы алқаларымен таныс болайық.

_____________________________________________

______________________________________________

_______________________________________________

2 жүргізуші: Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
Жоспары

1. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» (әр топқа сұрақ-жауап қойылады)
2. «Қателеспе» (формулалар табу)

3. «Ән шырқайық қосылып» (нота бойынша берілген сұрақтарға жауап беру)

4. «Биологиялық ойын»

5. Географиялық терминдер

6. Қызықты тәжірибе

7. «Қисынды  ойлар». (Логикалық  есептер).  

1-жүргізуші
Ал, қанекей сайысты бастайық
Өзімізді таныстырып тастайық,- деп сөз кезегін әр топқа береміз

Әр топ өздерін таныстырады.

 

2-жүргізуші. Келесі кезең  «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» кезеңі.
Санның да саны бар ғой саналатын,
Әртүрлі білім сырын ұға алатын
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Саналып әр секундпен жүре алатын.
Оқушылар жылдамдыққа сұрақтарға жауап береді
1 - топ:
1. Ең алғашқы әйел математик (С. Ковалевская)
2. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі (ширек)
3. Үш физиканың атасы (Аристотель, Аль-Фараби, Ломоносов)
4. АҚШ-тағы ең биік сарқырама - Йосемитск (739 м)
5. Бірінші ғарыштық жылдамдық нешеге тең? (7,9 км/сек)
6. Әлемдегі ең ірі сейсмикалық белдеулер     (Альпі-Гималай, Тынық мұхиты 625)
7. Ең бірінші программа құрған оқымысты әйел программист   (Ада Лавлейс)

8. Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.  (Операциялық   жүйе)

9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым?  (Ботаника )

10. Адам ағзасындағы ең ыстық мүше (бауыр)

                                                                                                        

2 - топ
1. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой - қиял)
4. Әлемдегі ең суық планета?    (Плутон -235°C)

5. Джоульмен өлшейтін физикалық шамалар (жұмыс, энергия)

6. 40 санының төрттен бір бөлігі. (10)

7. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)

8. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)

9. Жасушаны ашқан ғалым? (Роберт Гук)

10. Адам ағзасындағы ең қатты зат (тіс)

 

3-топ

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Сұйық көлемі немен өлшенеді ме? (мензуркамен)
3. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 - 5000 жыл болатын құрал? (Есепшот)

4. 100 жыл басқаша қалай аталады? (ғасыр)
5. Бір санға сондай санды тіркеп жазса, ол сан неше есе артады? (11 есе)
6. 4 санының кубы нешеге тең? (64)

7. Қандай зарядтар бір - біріне тартылады (әр аттас)

8. Ең ұзақ жасайтын ағаш (Емен, 2000 жыл)

9. Жануар атымен аталатын құс – Түйеқұс

10. Қан беруші адам қалай аталады (Донор)

 

 

 1-жүргізуші:

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін
Есеп-қисап, сан цифр термек үшін
Көрсетіп септеудің жолын қалай
Келдім оларды айтып бермек үшін,-деп  келесі кезең  «Қателеспе» яғни «Формулалар табу» ойынын ойнайық.

Ойын шарты бойынша 6 оқушы  ортаға шығарылады. Оларға формулалар жазылған парақшалар таратылып беріледі. Сол парақшадағы формулаларды дұрыс болатындай етіп бір – бірін толықтыру қажет.

1) Томсон формуласы   T=2
2) Үйкеліс күші        F=µN
3) Джоуль-Ленц заңы     Q=J2Rt
4) Сызықты функция     y=ax+b
5) Дискриминант  формуласы   D=b2-4ac

6) Тұз қышқылы - HCl
7) Қысқаша көбейту формуласы   (a+b)2=a2+2ab+b2

8) Көлемнің формуласы V=abc

9) Калий перманганаты: KMnO4

10) Тотияйын: CuSO4

11) Тұтқыр сұйықтың формуласы: F= η

12)  Кальций корбанаты СаСО2

 

2-жүргізуші: Келесі кезең  «Ән шырқайық қосылып» нота бойынша берілген сұрақтарға жауап береміз.
1. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
2. Ең қиын балқитын элемент (вольфрам)
3. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады? (Төрттен бірін)

4. Компьютердің  енгізу  құрылғыларын ата. (пернетақта, тінтуір, сканер)

5. Өз атын өзі шақыратын құс?  (Көкек )

6. Көлемі жөнінен екінші материк. (Африка)

7. Бір дененің молекулаларының екінші дененің молекулаларымен өздігімен араласу құбылысы қалай аталады? (диффузия)

8. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым (Ньютон)

9. «Танго» биі әлемге,

Тарап кеткен қай елде. (Аргентина)

 

Биологиялық ойын.
№1 есеп.  Бамбук ағашы тәулігіне жуық шамамен 30см - ге өседі. 12  сағаттан кейін оның биіктігі қандай болады? (15см)

 

№2 есеп:  60 кг макулатура бір ағаштың өмірін қорғаса, оқушылар жинаған 420 кг макулатура неше ағаштың өмірін қорғайды? (7ағаш)

                                                                                            

№3 есеп: Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стақан су ағады. Осындай краннан бір сағатта, және 1 тәулікте неше  су  ағады?         (1 сағ-10стақан, 1 тәулікте-240 стақан)

 

№1 есеп:  Жұлдыз құрт бір тәулікте 30 жапырақты жесе, осындай 10 жұлдызқұрты бір тәулікте қанша жапырақ жейді? (300жапырақ)

 

№2 есеп: Раушангүлдің доминантты қызыл гүлін рецессивті ақ раушангүлмен будандастырғанда, қызғылт түсті будан алынады, осы құбылысты түсіндіріп бер.

                             

№3 есеп: 1 тонна мақта қалдығынан өңдеп 600 метр мата алуға болады. Осындай 35 тонна мақта қалдығынан қанша метр мата алуға болады?       (21000м)

 

№1 есеп: Үкі 1 жылда 1000 дала тышқанын жейді. Жылына бір дала тышқаны 1кг бидай жейтін болса, үкі бір жылда неше килограмм бидайды сақтайды?    (1000кг)                                   

 

№2 есеп: Құмырсқа 1 минутта ұясына 2 ондық жәндік тасып әкелсе, ол 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі? (240 жәндік)


№3 есеп:  Бір кішкене балыққа 3 литр су керек болса, 50 литр су сиятын аквариумға қанша балық салуға болады?  (16 балық)

№1есеп: Доминантты сабалақ жүнді қоян мен рецессивті тегіс жүнді қоянды будандастырғанда бірінші ұрпақта барлығы сабалақ жүнді болады. Бірінші ұрпақты өзара будандастырғанда, екінші ұрпақта қандай будандар алынады? 

 

1- жүргізуші: «Сергіту сәті» (көрермендер ойыны) жұмбақ шешу

1.Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ
2. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке)
3.  Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4 Қағазға тойматын  құрылғы (принтер)

5. Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
6.  Алды артымыз шексіз деп,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де. (түзу)
7.Табылса бұрын там - тұмнан
Қазір көп әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде. (Алюминий)
8.Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып Айға елімнің туын тікті
Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын. (Темір)
9. Үлкен-үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп (Тау)

10   Аспанды жағып өтеді

Бірақ бізге жетпейді.       (Метеорит)

11.     Мекені көкте екі ару

Бір-бірін көруге зәру. (күн мен ай)

 12.Керегіңше әрқайсың

        Сіміресің қанбайсың.

       Онсыз жерде он минут,

       Өмір сүре алмайсың. (Ауа)

 

1-жүргізуші: Кезекті «Географиялық терминдер» ойынына береміз.

Әр топтан екі оқушы шығып, шарды үрлейді. Үрлеген сайын, бір географиялық терминді айтып отыруы керек. Кім 1 минутта көп термин айтады. 

 

2-жүргізуші: Қызықты тәжірибе:

№1: Кәдімгі үрленген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)

 

№2: Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)

 

№3: Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)

 

2-жүргізуші: Келесі кезең  «Қисынды  ойлар». (Логикалық  есептер).  

1)    Арыстан бір қойды 2 сағатта қасқыр 3 сағатта ит 6 сағатта жей алады. Осылардың бәрі жабылып бір қойды қанша сағатта жейді  (1 сағат)


2)  Ежелгі грек математигі Пифагордан: «Сіздің неше оқушыңыз бар?»-деп сұрағанда, ол: «Менің оқушыларымның жартысы математиканы оқып үйренеді,ширегі табиғаттануды оқып үйренеді,ал 1/7-і уақытты үнемі ойланып отырып өткізеді,қалғаны 3 қыз», деп жауап беріпті. Пифагордың неше оқушысы болған? (Ж: 28) 


3)
Парсы шаруасы үш ұлына 17 түйесін мұраға қалдырды. Бірінші ұлына барлық түйеснінң 1/2-ін, екінші ұлына 1/3-ін, үшінші ұлына 1/9-ін алуды тапсырды. Ағайындылар көп ойланды, бірақ әкесінің мұрасын ол айтқандай етіп бөле алмады. Сол кезде олардың жанынан түйесімен өтіп бара жатыр еді. Ол түйелерге өзінің қосып, мәселені шешуді ұсынды. Шындығында, ағайындылар түйелерді әкесі айтқандай бөліп алды. Қожанасыр да өз түйесін қайтарып алып кетті. Ойланыңдар, бұл қалай болған? (17+1=18 18*1/2=9; 18*1/3=6; 18*1/9=2)


1 жүргізуші

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділ қазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Қорытынды
Егеменді қазақтың біз ұраны,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Таңғажайып әлем" жаратылыстану апталығының жабылуына арналған сыныптан тыс кеш (8-10)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2017 1404
    • DOCX 38.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагитжумартова Жулдуз Ерболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 49203
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 26 регионов

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе