Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / Тақырыбы: "Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану" (Эссе)

Тақырыбы: "Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану" (Эссе)

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану» ( Эссе)

Менің тарих мұғалімі ретінде алдыма қойған басты  мақсатым: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру,осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Қазіргі кездегі оқытушының басты мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.Тарихты оқыту – өзара байланыста және ұнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс.Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Бұл ретте өзім  тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.

Интерактивті әдіс – бұл: Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;

Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау

Өздерін – өздеріне бағалату

Іс – әрекет барысында білім алу

Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді. Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру; Ешқашан «жауабыңыз дұрыс емес» демеңіз, ондай жағдайда тек топпен «келісесіздер ме?» – деп сұрау керек.Зейінсіз, енжар оқушыны анықтау, олардың бойындағы ашылмай жатқан «ғажайыпты» ашу.

Бұл әдіс оқушылар арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы хабарлама беруші – модератордың қызметін атқарады.Оқытушы оқушыларға өз көзқарастарын өздері айқындап белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік беруі тиіс.

1.Диагностика сәті. – «Миға шабуыл» – жаңа сабақты өтілген тақырыптармен байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы оқытушы студенттердің білгендерін ортаға салдыртады.

2. Ізденіс тенденциясы сәті – Мұнда жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып «миға шабуыл» әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.

3. Тұсау кесер – әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып оқытушы әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді.

4. Сабақты қорыту – пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу әдістеріарқылы бекітіледі.

Бұл әдісте оқытушы 5 – 7 минут уақыт алады, қалған уақыттың бәрінде оқушылардың өздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша оқушылар р өз білімін өздері бағалайды.Жаңа әдіс – тәсілдердің бірі – СТО технологиясы. Бұл  технология элементтерін де сабақта жиі қолданып отырамын. Қазақстан тарихынан «Ұлт – азаттық көтерілістері» тақырыбының қорытынды кезеңінде Венн диаграммасын қолдандым.Бұл оқушылар білімін тереңдетіп қана қоймай, материалды жан – жақты меңгеруге, деректермен дәйектерді салыстыру, жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды.

ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық ойлау – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген оқытушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, комуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған интерактивтік тақтаны пайдалана білетін  болуы тиіс.Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады.Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқытушыларға баланы оқытуда уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Демонстрациялық материалдар дайындау, топпен кері байланыс жүргізу ұшін интерактивті тақтаның мүмкіндігі шексіз.Мен  тарих сабақтарында мүмкіндігінше компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалануға тырысамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу  сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, студенттердің түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер де көрсетіп отырамын.Мысалы Қазақстан тарихы бойынша «1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы» атты тақырыпты өткен кезде, сол оқиға туралы видеофильм көрсетіліп, соңынан оқушылар көргендері негізінде қысқаша эссе жазды.Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін. Барлық  бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы.Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр.Оқушылардың өзбетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Тек  сабақ кезінде ғанаемес сабақтан тыс кезде де оқушыларға компьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар беремін..Әр сабақта тапсырмаларды алдын ала беру арқылы оқушыларға қосымша материалдарды табудың жолын көрсетіп отырамын. Жаңа сабақ барысында оқушылардың әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгереді.Нақты мәліметтер мен деректерге сүйеніп, материалды талдауға, сараптауға, дәлел келтіруге, ақпарат көздерімен ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргізе білуге дағдыланады. Мысалы «Маңғыстаудағы адайлар көтерілісі», «Маңғыстау Ұлы отан соғысы жылдарында» тақырыптарына байланысты студенттерге ізденіс тапсырмаларын бердім. Оқушылар қалалық, облыстық кітапханаларға, облыстық мұражайға барып өзбеттерінше көптеген мәліметтер жинап, соның негізінде баяндамалар, рефераттар жазды, буклеттер дайындады.Тапсырманы орындау арқылы олар компьютерді пайдаланды және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін арттырды.Жалпы тарих пәні оқытушысы ретінде сабақтан тыс оқушылар арасында әртүрлі тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, тарихи оқиғаларға байланысты кештер өткізіп отырамын.Бұл шараларды ұйымдастыруда мен оқушыларға тек қана бағыт беріп отырамын, ондағы мақсатым студенттердің жан – жақты шығармашылық, терең ізденіс, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Және де барлық шараларды өткізген кезде ақпараттық технологиялар – интерактивті тақта, компьютер,видеокамера қолданылды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, біздің міндетіміз – жеке тұлғаның өзіне,қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін – өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау.Сондықтан да әрбір оқытушы сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын талмай ізденуі қажет. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сол жастарды өз мамандығын жақсы меңгерген, теориялық біліммен тереңсусындаған, қазіргі қоғамның талабына сай, нарықтық экономиканың сұранысын қанағаттандыра білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға етіп шығару мына біздің қолымызда. Осы қиын да, қызықты ұстаздық мамандықта сіздерге шығармашылық жолында талмас қанат, үлкен шабыт тілеймін!



Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров130
Номер материала ДВ-492188
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх