Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Та0ырыбы: Тіл табыса білейік.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Та0ырыбы: Тіл табыса білейік.

библиотека
материалов




Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік

Сабақтың мақсаты:

- өзара  түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру

-балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту

- балаларды өзара жағымды қарым қатынас жасай  білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

  • Сәлеметсің бе, Азамат!

  • Қайырлы күн, Меруерт!

  • Сәлеметсіз бе, Әсем Асқарқызы!

  • Сәлеметсіідер ме, балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Осылайша бір – бірімен сәлемдесу аяқталмаған соң төмендегі сөздерді айтады.

   


 БАЛА ТIЛЕГI

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер,

Гүлденсiн деп атамекен – қара орман.        

 

Болашақтың иесiмiз бәрiмiз,

Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз.

Алтын бесiк — ұлан-байтақ елiмде,

Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз.

 

Қалықтаған көгершiнi көгiнде,

Мұңаймасын ешбiр бала елiмде.

Ата берген батаменен көркейсiн,

Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де

·     Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

·     Қалай татуластыңдар?

·     Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істейсің?

·     Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

 

  

Өсиет әңгіме

Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек. Адам аңдарды үйіне шақырып, аз-кем кеңес құрыпты.

 – Бәріміз бірлесіп, ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді. Әрі біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтар едік. Қалай десек те, «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», – депті.

Осындай ой-пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын, – депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп.

–      Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ, мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда, үй-жайын қорып, күзетуге мен әзірмін, – депті Төбет зор дауыспен арп-арп етіп.

Бадырайған көзін анда-санда ашып-жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті.

Шақырған жерден қалма, – деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты.

Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін! – деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты.

Бір кезде Адамның, Аттың, Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып

кетіпті.

Жапалақтың өз достарынан жеке дара бөлектенуі, оны одан әрі адастырыпты. Өмір сүру тәсілі де өзгеріпті.

Содан бері Адамның, Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты.

·        Адам, Ат, Ит үшеуі қандай келісімге келді?

·        Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

·        Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

 

Адамдардың бір-бірімен өзара тіл табысуы, түсінісуі, ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа, шаттыққа бөлейді.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

























Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: өзара  түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: балаларды өзара жағымды қарым қатынас жасай  білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Жағдаяттарды шешіңдер.

 

 

 

¯ Тілес Бегарысты байқамай

қағып кетті...

 

¯ Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...

 

 

 

 

 

·        Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?

 

Піл мен Маймыл

Ертегі

Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.

 Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! – дейді Піл мақтанып.

Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! – дейді Маймыл тез-тез сөйлеп.

Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.

Уа, данышпан, Үкі! – дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып.

У-у-х! Өй! – деп Үкі шошып кетеді. – Не болып қалды? Айта беріңдер!

Піл: «Дүниедегі ең күшті менмін», – деп мақтанады. Ал мен оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ» деймін.  Төрелігін өзің айтып бер.

Бір сөзбен айтқанда, – дейді Піл сөзге араласып. – Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма?

Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.

Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, –дейді Үкі.

Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:

Өзеннен қалай өтеміз? – деп уайымдайды.

Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! – деп Піл Тұмсығын көкке көтеріп, мақтана қышқырып алады.

Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді.

Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:

Алманы қалай жинаймыз? –деп уайымдайды.

Сен осы жерде тұр, – дейді Маймыл қуанып. – Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой!

Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді.

Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды.

Уа, ормандағы құс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп ал да, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, – дейді Маймыл.

Сен өзеннен өзің өттің бе? – дейді Үкі көзін ашпаған күйі.

Піл өткізді.

Епті едің ғой, ебің көмектеспеді ме?

Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді.

Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің?

Маймыл көмектесті.

Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма?

Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім.

Дұрыс, – дейді Үкі. – Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат – достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. – Мен мүлде алма жемеймін.

Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.

·        Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?

·        Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?

·        Ренжіскенде қандай көңіл күйде боласыңдар?

Келісіп пішкен тон  келте болмас.

Мақал

 

 

 

 

Келісім:

·         басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі;

·         адамдарды бір-бірін жақсы тани білуге үйретеді;

·          басқалардың көңіл күйін сезіне білуге ықпал етеді.

Ізгі тілек

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

 

Көк аспанда күн күлсін,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қыз қолында гүл жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек ірекеттері  туралы түсінік беру

Дамытушылық мақсаты: қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: қайырымды, жағымды қарым өатынастар жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Елімізді сүйеміз

Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.

Қайырмасы:

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.

Туған жерде аунап-қунар,

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар,

Өнер десе ерінбейміз.

Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз жоқ арманы.

Біздер әлі бәріміз де

Боламыз ел қаһарманы.

Ырыс алды – ынтымақ

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ  тобылғы  әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, – дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

Енді бір-бірден сындырып көріңдер, – дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:

«Міне, сындырдық», – деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, – дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды–ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.

· Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?

· «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

1.  Ынтымақ түбі –... .

2.  Бірлік, ынтымақ – байлық, ... .

3.  ... – табылмас бақыт.

Қажетті сөздер: татулық, береке, бақ.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 


Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң – сыйлы боласың

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: дос, туыс, жақын адам арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық мақсаты: дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілікті арттыру

Тәрбиелік мақсаты: достық, туыстық, сыйластық қарым қатынас жасай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Адамдар арасында бірлік болса,  олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады

 

Өмірлік сый

Анасы: Сендер тағы да ренжісіп қалғансыңдар ма, апалы-сіңлілісіңдер ғой, бір-біріңе кешірімді болсаңдар қайтеді?

Әмина: Мен тек үлкен болғандақтан ғана оны үнемі кешіре беруім керек пе?

Анасы: Сенің ақылың бар ғой, мен әрқашан саған арқа сүйеймін.

Әмина: Оның мені тыңдағысы келмейді.

Жасия: Әмина неге мені тәрбиелейді? Ол менің анам емес қой. Мен не себепті оны тыңдауым керек?

Анасы: Әпкең немесе ағаң сен үшін өмірдің баға жетпес сыйы, әрқашан бір-біріңе көмектесулерің керек.

Егер осы сыйдың құндылығын бағалай білмесең, күндердің күнінде оны жоғалтып алуың мүмкін.

Әмина: Сыйдың осындай болғаны өкінішті-ақ!

Анасы: Сіңліңнің саған деген қарым-қатынасының осылай болатын себебі: сен онымен ойнамайсың, оған дұрыс көңіл бөлмейсің, ол соны армандайды.

Жасия: Иә, мен үшін ең қызығы – әпкеммен ойнау.  

Анасы: Сендерге бір-біріңмен тату, бірлікте өмір суру керек екендігін  қалай түсіндірсем екен!?

·        Сендер анасының сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

·       Апалы-сіңлілер неге үнемі керісе береді?

§  «Әпкең мен ағаң – өмірдің баға жетпес сыйы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  

Татулық – табылмас бақыт

Халық мақалы

Берілген жағдаяттардың шешімдерін табыңдар.

 

¯ Марат пен Саматқа «Жас техниктер» үйірмесінде ұшақтың макетін жасау тапсырылды. Мараттың жасаған макеті барлық баланы қызықтырып, таң қалдырды.

Ал Самат қанша талпынғанымен, өзі жасаған макетке көңілі толмады. Бұған Самат қатты налыды.

 

·                               Балаларға татулықтарын сақтау үшін қандай кеңес беруге болады?

 

¯ Марат балалармен де тату ойнай алатын еді. Сыныптағы барлық бала Маратпен ойнағысы келетін. Барлық уақытта сыныптастарына ықтиярымен көмектесуге дайын тұратын, қолында барын аямайтын.

Ал Самат болса, өз заттарын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Саматқа осындай қылықтарынан соң балалар да көп жоламайтын болды.

 

·        Саматты қалай көпшілдікке үйретуге  болады?

 ¯ Марат Саматқа ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Самат өкпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды.

 

·     Достарының алдында сыйлы болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

           Бірлік:   

1)                    ортақ істе ұйымшылдық көрсету;

2)                    жаныңдағылармен тату өмір сүру; өзгенің  пікірімен санаса білу;

3)                    өзінің ғана емес, өзгенің де қамын ойлау, көпшіл болу.

 

Бата

Ұзақ болсын ғұмырың,

Биік болсын тұғырың!

Ақиықтай қыран бол,

Абылайдай ұран бол!

Өнегелі, өрісті,

Елін сүйген ұлан бол!

Деп аталар өрелі

Баталарын береді.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе  көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

 

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

 

·        Үлкендер еркелеткенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

·        Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

·        Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

 

 

 

Жай ғана әжей

В. Осеева

Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді. Алдарында қарт әжей кетіп бара жатқан. Жер тайғақ болатын. Әжей сүрініп кетіп, жығылып қалды.

Абзал:

Сөмкемді ұстай тұршы! – деді де, қарт кісіге көмектесуге жүгіріп кетті.

Абзал қайтып келгеннен кейін Айнұр:

Бұл сенің әжең бе? – деп сұрады.

Жоқ, – деп жауап берді Абзал.

Мамаң ба?

Жоқ.

Ендеше көршің шығар?

Жоқ. Ешкімім емес. Жай ғана қарт әжей ғой, – деп жымиды Абзал.

·        Бұл оқиғадан не үйрендің?

·        Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

  

Табиғаттағы барлық жылу – күннен,

Өмірдегі барлық жылу – адамнан

 М. Пришвин.

Өздеріңнің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.

   Суреттерге қарап, жағдаяттарды шешіңдер.

 

1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...

 

 

 

2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...

 

 

 

 

3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...

 

  

Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

·        Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

·        Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Қайырымдылық

Монтиған құрбыларынан бойы аласа Мұхтардың мектеп табалдырығын аттағанына көп болған жоқ. Әлі тіпті су жаңа киімдерінің қыры да кетіп үлгермеген, бәтеңкесі де қап-қара, жылт-жылт етеді.

Айналайын, – дейді анасы күнде үйден шығарда.

Байқап жүр. Үсті-басыңды ластама. Жарай ма?

Мұхтар мақұлдап, басын изейді. Міне, ол үйге қайтып келеді. Күн бұлыңғыр еді, сәлден соң жауын сіркірей бастады. Әп-сәтте әр жерде айнаның сынығындай қақ тұрып үлгерді. Әйтсе де, Мұхтардың көңілі жадыраңқы, ашық. Әлгінде мұғалима оны бүкіл сынып алдында тәртіпті, таза деп мақтаған. Ол үстіне қылау жұқтырмай, аяғын тақ-тақ басады.

Алда үш-төрт баланың ұйлығып тұрғанын көріп, іркіле берді. «Неге күледі? У-шу боп даурығады ғой. О несі-ей?» деп, Мұхтар таңдана мойнын созып қойды.

Аумақты қар суын қоршап алған, балалар соған тас атып, ду-ду күледі. Мұхтар елемей өтіп кетпек еді, кенет қақтың (іркіліп қалған жауын суы) ішінде жүзіп жүрген жұдырықтай күшікке көзі түсті. Тұмсығы қара, өзі – ақ күшік. «Мені мыналардан құтқарсайшы. Өлтірер болды ғой» дегендей аянышты қыңсылайды. Өліп-талып жағаға жетіп, бауырын сүйрете бергені сол еді, балалардың бірі аяғының ұшымен итеріп, суға түсіріп жіберді. Өзгелері қиқулап, жарыса тас атты. Тас тиген сайын күшік қаңқ етіп батып кетеді, сәлден соң су жұтып шашалып, қайтадан шығады. Әбден қалжырап, үрейі ұшқан күшік жан ұшырып жүр.

Мұхтар шыдамады. Араға кеп қойып кетті. Балалардың бірін иығымен қағып, бірін  итеріп жіберіп, өлеусірей үні өше бастаған күшікті көтеріп алды. «Әй, өзіңе не керек, ә?» – деп әкіреңдеген сотқар баладан ығыспады. Күшікті бауырына қыса түсті.

Әлгі бала желкесінен түйіп қалып, шалшық суға жықса да, жыламады, күшікті тастамады.

Күшікті құтқарғанына Мұхтар қуанышты. Су жаңа формасының балшық-балшық болғанын да елейтін емес. Үйге жетіп, есіктің қоңырауын қаққанда ғана киімінің ластығы есіне түсті.

Қап-қара бәтеңкесі – кір-қожалақ. Киімдері – сатпақ-сатпақ. Сықыр етіп есік ашылды. Мұхтар абдырап, не істерін білмей қалды. Басын жерден көтерсе, апасы екен. Таңдана әрі тіксіне қарайды.

Мынауың не? – деді ол, бірден ұрыспай, иегімен күшікті меңзеп.

Күшік...

Мұхтар бәрі неден, қалай басталғанын айтып берді.

Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті. Еңсесін басқан зілден арылғандай жеңілдік сезінді.

Киімдеріңді тазалармыз. Дәнеңе етпейді, балам, – деді ол Мұхтардың басынан сипап.

Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. Көремісің, ашыққан, әбден қажып, бұралып жатыр.

Мақұл, апа. Әйтеуір, сіз маған ренжімедіңіз бе?

Жоқ, құлыным. Түсінем ғой.

Рас па?

Әрине, әр кез солай қайырымды бол.

Апа, мен ылғи өстіп балшық-балшық болып келеді екен деп ойламаңыз.

Өйтпесіңе сенемін, жаным...

· Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?

· Сендердің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма? Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер?

Мейірімді адам өзге адамға, туған-туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

 

Маржан мен жауқазын

З. Мейiрханова

Маржан бала кезiнен табиғатты және оның байлықтарын сүйiп өстi. Ата-бабасынан берiлген қасиет шығар, атасы Есқалиды ауылдастары Мичуриннiң iзбасары дейтiн. Бiрде Маржан серуендеп жүрiп, бiр жылаған дауысқа құлағын түрдi. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естiледi. Барлық күш-жiгерiн салып, тасты көтерiп едi, тастың астында қылтиып өсiп келе жатқан жауқазын гүлi, жапырақтары бүрiсiп қалыпты, күлтесi де мыжылған. Маржан тасты көтерiп қалған сәтте-ақ, жауқазын "ух!" деп тыныстады:

Мұндай жағдайға қалайша тап болдың, айтшы?

Жауқазын әлсiз де нәзiк даусымен мән-жайды түсiндiре бастады.

Күз айының аяқ кезiнде мына тас маған пана болам деп уәде берiп едi. Мiне, аяғы қандай жағдайға душар болдым.

Тасты алысырақ алып тастап, жауқазынның бүрiсiп қалған жапырақтарын жөндеп, топырағын қопсытып, су құйды.

Жауқазын, сен налыма, менiң жауқазынымсың, саған қамқоршы боламын, — дедi.

·     Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

·     Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырмашылық байқадыңдар?

Суреттерге қараңдар. Тал мен мысыққа, үлкен кісі мен сырқат жанға қандай жақсылық жасау керек екендігі туралы айтыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы,

Жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-343418

Похожие материалы