Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тақырыбы: "Тіл – тұғырың, білім – қанатың"

Тақырыбы: "Тіл – тұғырың, білім – қанатың"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Тіл – тұғырың, білім – қанатың

  1. Мақсаты. Оқушылардың білімдерін жан-жақты толықтыра отырып, олардың дүниетанымын, білім- білік дағдылары мен сауаттылықтарын, қосымша материалдарды ізденіп, меңгеруге төселдіру және сынып оқушыларының арасынан білгір, интелектуалдық даму денгейі жоғары, дүниетанымы және ой-өрісі кең оқушыны анықтау.


2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, шығармашылық қабілеті мен өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білу қабілеттерін.


3. Оқушылардың бойында білімге деген танымдық белсенділіктерін тәрбиелеу, үлкеннен үлгі алуға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.



Барысы: Ал, оқушы ұстаздар,

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шығып келеді,

Қол соғып қарсы алайық.

Кездесер сәтте бүгінгі,

Жүректер дүрсілдеуде.

Қырандай қанат қомдап,

Жарысқа келдіңдер ме?

Бәріде қолдарыңда,

Қандай жол таңдайсыңдар

Туған ел, жер бағында,

Жарқырар таңдарсыңдар.

Өмірге талаптанған,

Өршіл ой-армансыңдар.

Қияға қанаттанып,

Алысқа самғарсыңдар,


1 – бөлім: «Иә - жоқ»

Шарты: әр топқа он сұрақтан беріледі. Сұраққа қатысушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 балдық жүйемен бағаланады.


2- бөлім: «Сұраққа – жауап»

Шарты: Қатысушылар қойылған сұраққа жауап береді. Берген жауаптарының бағасын өздері қояды. Дұрыс жауап бағаланады. Бұрыс жауап бағаланбайды. Баллдары сақталады.


  1. ҚР. Тіл туралы заңы қай жылы қабылданды?

Жауабы: 1997 жылы 11 шілде

  1. «Абай жолы» романының авторы кім?

Жауабы: М. Әуезов

  1. Абайдың бес асыл мен бес дұшпанды ажыратып берген өлеңі

Жауабы: Адам болам десеңіз

  1. «Төрт көзі түгел» деген сөз тіркесі нені білдіреді?

Жауабы: барлығы түгел деген сөз

  1. Адамдар бір – бірімен қалай тіл табысады?

Жауабы: Сөйлесу арқылы

6. «Қабағы ашылмау» сөз тіркесінің мағынасы

Жауабы:



1


2

3

4



5

6


3- бөлім: «Кім тапқыр?»

Шарты: Оқушылар сұраққа жауап берер алдында бағасын өздері таңдайды. Жауаптарын алдарындағы қағазға жазып қояды. Жауабы қате болған жағдайда бұрынғы бағаларынан шегеріледі


1


2



3

4


  1. Артық сөзді тап

а) қ, ы, с, қ, а

ә) о, с, т, т, қ, а.

б) а, ш, р, а

в) м, р, а, л, ұ, т.

Жауабы: Қасық

Тостақ

Шара

Алмұрт

  1. Төменде берілген мақалдардағы қарамен берілген сөздерді теріп жазып алыңдар да, тиісінше тіркестіріп сөйлем құраңдар. Сонда тағы бір мақал шығады. Ол не деген мақал екенін табыңдар.
    1. Аузында сөзі тұрмастың бір жерде өзі тұрмас.
    2. Сөз асылы – кітапта.
    3. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.
    4. Оқуын тапса, білім қонар.

Жауабы: Алтын – жерде, Білім – кітапта.

  1. Бірінші буыны тағам сөзімен мәндес болатын зат есім, екінші буыны – көрсетпе сөзімен мәндес етістік. Ол қай сөз?

Жауабы: Астық


  1. Көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға болмайтын зат есім

Жауабы: Ауа


4- бөлім: «Жылдам жауап» ойыны.
Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал-мәтелдермен дұрыс әрі жылдам-жылдам жауап берулері керек.
Әзіл аралас сұрақтар:
1. Қар жана ма?
2. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
3. Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді. Сонда қалай?
4. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
5. Адамның қай жеріне нан піседі?
6. Сиырдың сүті қай жерінде?
7. Қандай бала сүйкімді?
8. Қандай кілт аспанда болады?
9.Тауық түс көре ме екен?

«Кім жылдам?» ойыны.
Мынадай сөздердің қайталануымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім тауып айта алады? Мақалдың мәнін түсіндіріңдер.
1. ... ... шығады, 3. ... ... – бал,
... ... шығады. ... ... – бал.
2. ... ... ортақ,
... ... ортақ.

















Cабақтың тақырыбы; Ана тілім - ардағым

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер-топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.

Абайдың әні « Сегіз аяқ» 2 оқушы домбырада орындайды.


1-жүргізуші: Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

С.Торайғыров.

2-жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тіім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Д. Әбілев.

1-жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы.

М.Шаханов.

2-жүргізуші: Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Ш.Айтматов.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.

Әділ қазылар алқасын сайлау.

1. «Қайырлы таң» бекеті Екі топтың сәлемдесуі. Танысу.

2. «Үміт» бекеті. Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

Шешеннің тілі...

Бал тамған тілден...

Ақыл көркі ...

Ана сүті...

Жақсы сөз...

Жақсыға сөз ілеседі...

Тілін білмеген...

Аяққа кісен салуға болар...

3. «Қайрат» бекеті . Қызықты грамматика.

А) Мына сөздердің ішінен диалект сөздерді көрсет:доға, жәшік, қамыт,сұлтан, пиала, нән, зейнеткер.

Ә) Қай шылаулар дефис (-) арқылы жазылады?

-мен,-және,-ау,-да,-мыс,-ақ,-пен,-ды.

Б) Ұрсу, зекіру сөздерінің синонимі.

В) Мына суретке тұрақты сөз тіркесін жаз. (бетіне оты шығу, көз қорқақ, қол батыр, ойыннан от шығу, ит өлген жер)

Г) Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз: текст, буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем.

Д) Әзіл сұрақтар:

Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?

Қорқақ неден қорқады?

Тауық түс көре ме?

Қарғыстың ең жаманы не?

Тастың жеңілі бола ма?

Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?

Қандай кілт аспанда болады?

Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты?

4. «Ғалым» бекеті. Тест сұрақтары.

1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?

А) 1987ж. 17 қараша

В) 1989ж. 22 қыркүйек

С) 1990ж. 13 маусым

Д) 1992ж. 15 қазан

Е) 1991ж. 17 қыркүйек

2.Тіл білімінің негізін салған кім?

А) Ш.Уәлиханов

В) М. Жұмабаев

С) А. Байтұрсынов

Д) Ы. Алтынсарин

Е) А. Құнанбаев

3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

А) хинди

В) араб

С) португал

Д) испан

Е) түркі

4. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім?

А) Қ. Мырзалиев

В) Ә. Тәжібаев

С) С. Торайғыров

Д) М. Шаханов

Е) М. Мақатаев

5.Облысымыздың ақтаңгер ақыны С. Ғабдуллин атамыздың өлеңдер жинағы қайсысы?

А) «Жырлайды жүрек»

В) «Дариға жүрек»

С) «Сөйле, менің жүрегім»

Д) «Асау жүрек»

Е) «Өмір-өзен»

6. Ақпарат құралдарының тілі қай стильге жатады?

А) публицистикалық

В) көркем әдебиет

С) ауызекі сөйлеу

Д) ресми

Е) ғылыми

7. « паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз.

А) қағазы

В) куәлік

С) анықтама

Д) міндеттеме

Е) төлқұжат

8. Төмендегі афоризмнің авторын табыңыз.

А) Ы. Алтынсарин

В) А. Байтұрсынов

С) А. Құнанбаев

Д) М. Өтемісұлы

Е) Бұқар жырау

5. «Арман» бекеті

Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:

Қас пен көздің арасында (лезде)

Қара қылды қақ жару ( әділ)

Төбе шашы тік тұрды (шошыды)

Тайға таңба басқандай (анық)

Аузына құм құйылды (үндемеу)

Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)

Тонның ішкі бауындай (тату)

Бет моншағы үзілу (ұялу)

Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)

Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)

6. «Дарын» бекеті Шығармашылық. Өлең, әңгіме құрастыру.

«Ең қымбат қазына»

7. « Шешен» бекеті.

« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.

Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». С.Негимов пікірі. Сондықтан...

Жалғастыру...

Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.

Қорытынды:

1-жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

2-жүргізуші: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


Ә. Тәжібаев.

Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл – арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

М. Әлімбаев.






Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров83
Номер материала ДВ-528247
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх