Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: Тұқым және жеміс. 4сынып

Тақырыбы: Тұқым және жеміс. 4сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бастауыш сынып мұғалімі Айнагуль Дуйсембаева

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы.

Тақырыбы: Тұқым және жеміс. 4сынып

(Оқытудың интербелсенді әдістемесі бойынша өткізілген сабақ)

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік. Оқушылар жеміс және тұқым туралы білімдерін дамытып,өсімдік тұқым арқылы көбейетіндігі туралы түсініктерін тереңдетеді; жеміс,тұқымның өмірлік маңызын анықтайды.

Дамытушылық. Оқушылар сабақ тақырыбын өздігінен талдайды;жеміс тұқым туралы ой тұжырымдайды; шығармашылық жұмыстар атқарады.

Тәрбиелік.Оқушылар шағын топ құрамында бір бірінің пікірлерін тыңдайды;шығармашылық тұрғыда қарым - қатынас құрып,өзара әректтеседі;ортақ мақсаттарға бірлесе жетуге тырысады.

Сабақтың типі. Жаңа материалды игеру сабағы.

Алғышарттар (Прекреквизиттер)

а) Оқушыларда тұқым,жеміс туралы түсініктер болып,олар білімдерін күнделікті өмірден алынған мысалдармен дәлелдей білуі керек.

ә) Оқушылар тақырып бойынша жекелей ой қозғап, оқу материалын өздігімен және бңрлесе талдап, «Мәтінді оқы және талқыла» тәсілі бойынша жұмыс жасап, «Білемін.Білгім келеді.Білдім» тәсілі бойынша өз ойларын эссе арқылы жеткізе білу керек.

Бағалау.

-Оқушылар сабақ соңында сабақты қалай меңгергендерін дәлелдеу үшін «Білдім» тақырыбына эссе жазады.

Қажетті материалдар:

-Оқулық, интербелсенді тақта, жемістің ,тұқымның суреттері,А- 4 форматындағы қағаз,маркерлер қолданылады.

Уақытты меңгеру.

  • «Проблеманы айқындау» кезеңі – 17минут

  • «Проблеманы шешу» кезеңі – 10 минут

  • «Проблема шешімін қолдану» кезеңі – 18инут

Топтарға бөлу.

-Шағын топтарға жеміс суреттері арқылы бөлінеді.

І. «Проблеманы айқындау» кезеңі

Топтарға бөлу (1 минут) Мұғалім жемістердің суреттерін стол үстіне тізіп қояды (бала санына қарай неше топқа бөлінсе сонша жеміс суреті қажет, мысалы 4 топ болса алма, қызанақ, қияр, сәбіз) бала өзіне ұнайтын жемісті алып топтасып отырады.

Үй тапсырмасын тексеру (3минут)

Оқушылар үйде орындаған «Менің ауламда өсетін ағаштар» тақырыбына салынған суреттері мен «Ағаштарды қорғайық» тақырыбына жазылған эсселерін топ ішіне бір- біріне оқып береді.

Жариялау.(2 минут)Бірнеше оқушы үй тапсырмасын бүкіл сыныпқа оқып береді.Суреттерін тақтаға іліп қояды.

Ойсергек ( 1 минут) Жұмбақ жасыру (көкөніс,жемістер туралы)

Оқушылар интербелсенді тақтада жазылған жұмбақтардың суреттерін тауып орнына қояды. Бірінші тапқан оқушы сыйлық алады.( алма,алмұрт т.б. жемістерді беруге болады)

Жаңа тақырыпқа бағытталу.

Тапсырма. Оқушыларға «Тұқым туралы не білесіңдер?» және «Не білгілерің келеді?» деген сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

Жеке жұмыс. (2 минут) Оқушылар «Білемін.Білгім келеді.Білдім» кестесінің бірінші бөлімін өздігінен толтырады.

Топтық жұмыс (2 минут) Оқушылар топ ішінде бір-біріне жазғандарын оқып береді,талқылайды.

Жеке жұмыс. (2 минут) Енді оқушылар кестенің «Білгім келеді» атты екінші бөлімін өздігінен толырады.

Топтық жұмыс (2 минут) Оқушылар топ ішінде жазғандарын оқып беріп, талқылайды.

Сынып жұмысы.(2 минут)Оқушылардың бірі өз жазғандарын бүкіл сыныпқа оқиды. Мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын жариялайды.Ол оқушыларға өздері толтырған кестелерге сабақ барысында қайта оралып,өз білгендерінің дұрыстығын,білгісі келетіндерін айқындай түсетінін ескертеді.

ІІ. «Проблеманы шешу» кезеңі.

Тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді «Мәтінді оқы жене талқыла» тәсілі арқылы оқу тапырылады.

  1. Жеке жұмыс. (2минут)Оқушылар мәтінді екіге бөліп өздігінен оқиды.Алдымен мәтіннің бірінші бөлімі оқылады.(Мұғалім асықпай,түсіп оқығандарын ескереді)

  2. Топтық жұмыс (2минут) Оқушылар топ ішінде оқығандарын талқылайды, білгендерін ортаға салады.

  3. Жеке жұмыс. (2минут)Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқиды.

  4. Топтық жұмыс. (2минут) Оқушылар топ ішінде оқығанын талқылайды.білгендерін ортаға салады.Олар өсімдіктің тұқым арқылы көбеюін көрсететін сызба құрастырады.Тұқым – тамыр – сабақ – жапырақ – гүл –жеміс.

  5. Сынып жұмысы.(2 минут) Әрбір топтан бір оқушы топ сызбасын қорғайды,оқығандығы туралы ойын ортаға салады.Қалған оқушылар олардың жауаптарын толықтырады.

ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі.

Дидактикалық ойын (2 минут) «Ненің тұқымы?».

Мұғалім қарбыз,алма,қияр,күнбағыс т.б. тұқымдарын әр топқа көрсетеді,оқушылар тұқымдардың қандай жеміс,көкөніс,дәнді дақылдың тұқымы екенін топ ішінде бірлесе отырып анықтайды.

Тапсырма.(2минут)Оқушылар дәптерлеріндегі жемістерді сызық арқылы тұқымдариен қосып,алма және оның тұқымының суретін салып, «Біз бүгін сабақта не үйрендік?Бұл білімді қалайша қолданамыз?» деген

сұрақтарға ауызша жауап беру тапсырылады.

Топтық жұмыс (4минут) Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде бірлесе талқылап,,суреттерді өздігімен салады.Сурет салуда олар бір-біріне көмектесуі керек.

Жариялау.(4минут) Әр топтан бір оқушы өз ойларын сыныпқа айтады,басқалардың сұрақтарына жауап береді,салған суреттерін көрсетеді. Қалған оқушылар олардың жұмыстарын бағалайды(өз пікірлерін айтады).

Бағалау(2инут) Оқушылар «Білемін.Білгім келеді.Білдім» кестксінің «Білдім» атты бөлімін жазбаша толтырады.

Оқушылардың жұмыстарын жинап алып бағалаймын,белсенді қатысқан оқушыларды атап өтемін.

Үйге тапсырма беру.(4минут)

Оқушыларға тәжірибені өзім бастап көрсетемін.

Ол үшін үстел үстіне кішірек ыдыс қойылады.Оның түбіне сулы мақта,ал оның үстіне үрмебұршақ немесе бұршақтың тұқымы салынады.

Тапсырмалар:

  1. Оқушылар дәл осындай тәжірибе жасап,тұқымнан үш күннен кейін тамырдың қалай пайда болатынын бақылауы керек.Олар бұл тапсырманы қалайша орындауға болатынын топ ішінде талқылайды.

  2. «Жануарлардың көмегі» атты тақырыппен өсімдіктердің көбеюіне жануарлардың үлесі туралы әңгіме құрастырып келу тапсырылады.Бұл жұмысты ата-аналардың көмегімен орындау керек.Оқушылар бұл тапсырманы қалайша орындауға болатынын топ ішінде талқылайды.

Кері байланыс. (1минут) Мұғалім оқушылардан сабақ туралы пікірлерін келесі сұрақтар арқылы айқындайды:

  • Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсыңдар ма?

  • Бүгін алған білімді өмірде қалай қолданасыңдар?

  • Топпен жұмыс істеген ұнады ма?

  • Бір-біріңе көмектесе алдыңдар ма?

  • Сабақ ұнады ма?

Оқушылар бір-біріне рахмет айтып,қол шапалақтайды.
























Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров111
Номер материала ДВ-427335
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх