Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы: «Тәуелсіздік аңсаған Ата-бабам»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік аңсаған Ата-бабам»

Скачать материал

Бастауыш сынып мұғалімі: Толымбекова Роза Тәліпбайқызы

 

Тақырыбы: «Тәуелсіздік аңсаған Ата-бабам»

Мақсаты:

1.     Тәуелсіздіктің 24 жылдығына байланысты туған еліміздің тарихымен

     рәміздерімен жете таныстыру, есетінде қалдыру.

2.     Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

3.     Оқушыларды елін, жерін тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар

Сабақ барысы

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Кіріспе бөлімі

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Тәуелсіздіктің 20 – жылдығына арналған «Тәуелсіздік аңсаған Ата-бабам» атты ашық сынып сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Кең байтақ Қазақстан -  біздің туған өлкеміз, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы- біздің ақ бесігіміз. Елеміз егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға  биыл – 20 жыл толып отыр. Енді міне, Желбіреген Көкбайрағымыз, айбынды Әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.

 

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 

(Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып, отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады.)

Немересі: - Ата не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, «Өткен өмір» деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атым,

Жинадым ескілерден тарих хатын.

Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса

Айтылған аталардың аманатын.

-Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуге тиіссің.

Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих.

Ал, балам, тарихыңды тыңдайық.

1-оқушы: XV ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт нышан өмір сүре алмады. Ұлан – байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

Қазақ жері қонақжай елдің жері,

Қазақ елі – Қас сақтай ердің емі,

Елі кедей болмаған – жері байтақ

Едігедей, Бабырдай шерлер жері

2-оқушы: 1723 жыл. Ел жайлауға көшіп, қаннен қаперсіз күн көріп жатқан елімізге жоңғар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты.Дүрліккен ел шұбыра қашып, ақ табан шұбырынды болды. Жұрт Алакөлге  аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.

 

3-оқушы: Елін, жерін қорғауға Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай атты батырлар жорыққа аттанды. Бөгенбай – қазақ халқының адал ұлы, ол халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, ұлтарақтай жерін жауға бермеген хан батыр.

4-оқушы:

Қазақ жері көп шеккен қасыретті,

Қазақ ері – өнерлі қасиетті

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті, киелі, қасиетті.

         Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты, ердің ердігін, елдің елдігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жұртты аман алып қалу үшін данышпан аталар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.

         (Үш би шығып, өздерінің ұлағатты сөздерін айтады).

5-оқушы: (ашаршылық...) 1923-33 жылдары адам айтса нанғысыз ашаршылықта алты миллиондай адамның 2,5 миллионы опат болды.

Қырылмаса аштықтан бауырларың,

Жарықсыз құрбан болып шыбын жанын.

Қазақ деген қандай ел болар едік.

Көркейткен байлығы мен әлем сәнін.

6-оқушы: (Ұлы Отан соғысы) 1941-1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттың адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта халық қаһармандары Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді.

 

Бауыржандар Мәскеуді қорғап қалған,

Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.

Жатыр бүгін бағып боп орнап қалған.

7-оқушы:

Дәл осындай жадыраңқы май күні,

Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(Бір минут үнсіздік)

         Әлия, Мәншүк, Бауыржан ерлігін қайталап, өз Отанын қорғау үшін жанын пида еткен батыр қандастарымыз: Қайрат, Сәбира, Ләззат, Ерболдар. 1986 жылы, Желтоқсан айы.

         Хор: Желтоқсан желі

8-оқушы: 1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да , қасіретті күн еді.

9-оқушы:

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып.

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға,

Ата-баба аруағына сыйынып.

10- оқушы:                 Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

                                     Алдатаудың көзінен де жас тамды.

                                     Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді,

                                     Тәуелсіздік күресі енді басталды.

11-оқушы:

   «Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

     Қазаққа күйе жаққан күн.

     Базары кетіп бір түнде,

     Қайғыға халық батқан күн.

     Озбырлық күшпен тұншығып,

     Үміттің оты ұшқан күн.

     Жаныңа таппай бір шындық,

     Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

12-оқушы:

   Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

   Асау аттай өз тізгінін бермеді.

   Қазағымның алтын басын иілтіп

   Талай дұшпан төрімізге төрледі

   Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

   Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

   Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

   Сан перзентін қара жерге жерледі .

13-оқушы:

Мұз жастанып азаттықтың жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.

Мұғалім:

Өмір-өзен толқындары бізді әйгілі 86-шы жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатын әкетіп бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар.  Ол дүниені дүр сілкіндірген сол үш күндегі қазақ қыздары жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Он екіде гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләззаттың, Сыпатайұлы Ерболдың, Мұхамеджанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды!

Көк туымыз асқатап желбіреп тұр!

Ән: «Бұлқынды жүрек»

14 оқушы:

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш тәуелсіз ел дүниеге келді.

Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Ата, «Егемендік» деген не?

Атасы:

Егемендік «иесі мен» деген сөз,

Көптеген бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұрпен тең жұлдызы, тең күші

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Хор: «Елім менің»

1-оқушы: 1991 жылы желтоқсанның 1-нде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевтың Республиканың Президенті етіп сайлады.

2-оқушы:

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Шырақ етіп өмір нұрын,

Алыс жатты алдағы жол.

Ел намысын, елдің жүгін,

Арқалаған ардағым-ол.

3-оқушы:

Күнісіз қазақ көгінің,

Шуағын шашқан халқына.

Қазығы бостандығымның,

Қажымас қайсар нар тұлға.

Ұшырдың алыс айға адам,

Халқымның мақсат арманын,

Түсінер сіздей қайда адам?!

Бес қару белге буынып,

Қол бастар көсем өзіңсің.

Жаныңды қиып береің,

Қазақтың байтақ жері үшін.

4-оқушы:

1992 жылы 4-маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.

Рәмізім- елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім – әнұран, ту, елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

5-оқушы:

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектеп-тек-

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

6-оқушы:

Елтаңбасы елімнің

 Неткен  әйбәт әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам.

7-оқушы:

Әнұраным – жанұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым –

Мың қайталап айтам мұны.

Би: «Қара жорға»

8-оқушы:

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышға ұшты.

9-оқушы:

1993 жылы, 13 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал, 2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.

10-оқушы:

1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны- ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен  айта аламыз.

11-оқушы:

1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.

12-оқушы:

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

13-оқушы:

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.

14-оқушы:

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

15-оқушы:

1997 жыл  «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді.

16-оқушы:

1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.

17-оқушы:

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болды.

18-оқушы:

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

19-оқушы:

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.

20-оқушы:

2002 жыл «Денсаулық жылы» деп белгіленді.

21-оқушы:

2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.

22-оқушы:

2005 жыл дүниежүзі қазқтары үшін құрылтай болды.

23-оқушы:

2006 жыл Қазақстандағы Пушкин жылы болды.

24-оқушы:

2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.

25-оқушы:

2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

26-оқушы:

2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті. Осы саммитте Астана декларация қабылданды.

Ән: «Гүлжазира –Қазақстан»

27-оқушы:

Аман қалған шабуылдан жүздеген

Батыр халық екенбіз ғой біз деген

Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.

28-оқушы:

Әз Жәнібек елдігін құрған қазақ

Жеті жарғы заңымен тұрған қазақ

Ақтабан боп шұбырып, сұласа да

Аңырақайда жоңғарын ұрған қазақ

Жалаң төс боп Самарханды салған қазақ.

Бейбарыс боп Мысырды алған қазақ

Қасық қаны қалғанша соғыс ашып,

Отырарды қоршаған қалған қазақ.

29-оқушы:

Әбіл-Қайыр Абылайды берген қазақ

Бөгенбай мен Қабанбайға ерген қазақ.

Түйе мініп жүн шекпен кисе дағы,

Әрбір сөзін өлеңмен терген қазақ.

Ияссауидей асылын ұққан қазақ

Мұқағалы, Қасымын жыққан қазақ,

500 мыңды қалмақтың алты жүзін,

Ор бұлаққа орға әкеп тыққан қазақ.

30-оқушы:

Жарық жұлдыз Шоқанды ашқан қазақ,

Бар жиғанын бір тойға шашқан қазақ

Асанқайғы, Жиренше, Жүсіптердей,

Шәкәрімдей ақылын атқан қазақ.

Әлихандай асылын сатқан қазақ

Жеңісімен, жеңістің ащщы дәмін

Күрестерде талай рет тартқан қазақ.

31-оқушы:

Әрбір сөзі Абайдың жұптар қазақ

Бар әлемге танытқан Мұқтар қазақ.

Алфабитін орыстың қайтып берсек

Әліпбиін ақынның құптар қазақ.

Абай қазақ, мен қазақ, сен де қазақ,

Бұл өмірде көрдік қой талай азап

Ел болып егемендік алдық бүгін,

Ей, ағайын болмайық енді мазақ.

32-оқушы:

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де көресіңді азаппенен

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік» барда тарих бар деген бабам

«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!

         Міне, «Егемендік» деген осы. Енді міне желбіреген Көкбайрағымыз айбынды Әнұранымыз, жарқыраған Елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік еліміздің кешегісін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр.

Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым!

Әнұран орындалады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Тәуелсіздік аңсаған Ата-бабам»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 667
    • DOCX 197 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Толымбекова Роза Талипбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Толымбекова Роза Талипбаевна
    Толымбекова Роза Талипбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8202
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе