Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТақырыбы: Түйе Сауат ашу 1 сынып

Тақырыбы: Түйе Сауат ашу 1 сынып

Скачать материал


Сынып: 1 Пәні: Сауат ашу

Тақырыбы: Түйе.

Мақсаты: 1. Білімділігі: қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру. Дауыссыз дыбыстарды пысықтай түсу.
2. Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой - өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктің суреті, суреттер, карточкалар.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, топтастыру.
Типі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық. Балалар шеңберде тұрып амандасады.

Үлкенге де сіз, ( Оң қолын алға созады )

Кішіге де сіз, ( Сол қолын алға созады )

Сәлем бердік сіздерге ( Екі қолын кеудеге қояды )

Құрметпенен біз. ( Бас иеді )

Балалар біз жаңа сіздермен сәлемдесіп амандастық. Енді басқа тілде амандасу түрлерін білесіңдер ме?

Балалардыың қолында бота, құлын, қозы суреттері бойынша топқа бөлінеді.

  • Балалар біз сендермен неше топқа бөлініп отырмыз?

  • Ол қандай топтар?

1 топ қошақандар

2 топ құлыншақтар

3 топ боталар

Ендеше балалар топ ережесін еске түсірейік:

Балалардан жеке жеке сұрап шығу және тақтадағы ережені хормен қайталату.

  1. Бір бірінді тыңдай біл! 4. Ұйымшыл бол!

  2. Қол көтеру!

  3. Көмек көрсету!

Миға шабуыл

Балалар біз қазір өткен тақырыптарды пысықтай түсейік.

Доп лақтыру арқылы сұрақтар қою.

Сұрақтар:
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Қымыз беретін жануар?

3. Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
4. Қойдың төлі?
5. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс?
6. Қой атасы?

Тамаша сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Енді жұмбақ шешуді жақсы көресіңдер ме?

Балалар жұмбақты шешіп жауаптарын айтып 3 тілде айтады. Аудио

Жұмбақ шешейік


Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,

Бұл не,өзің тауып ал?
/Түйе/.


Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
/Қой



Түйе – верблюд – camel кэмл ; сиыр-корова – Cow кау , ешкі- коза – Goat гоут , қой- баран- Ram  рэм Жылқы- лошадь- horse, хос

/Әр оқушы бағаланады және топ/

Балалар сонымен төрт түлікке нелер жатады екен? Дұрыс ал енді төрт түліктің төлдерін қаншалықты ажырата алды екенсіңдер соны білу үшін келесі тапсырманы орындайық.

Тапсырма: Тақтада төрт түлік малдардың суреттері соған тиісті төлдерді сәйкестендіру керек . Әр топтан бір бір оқушыдан шығады

/әр оқушы және топ бағаланады/

Жақсы төрт түлік малдардың төлдерін жақсы ажырата біледі екенсіңдер.

Енді сендер Мал өз төлін қалай шақырады екен соны білесіңдер ме? Ол үшін ортаға әр топтан оқушыларды шақырайық.

3 тапсырма Төлді қалай шақырады жатқа айту

Әр топтан оқушы шығып жатқа айту

Қой, ешкі жылқы / Оқушылар маскамен айтады/

/Әр бала және топ бағаланады/

Сергіту кезеңі төрт түлік мал / қазақша/

Жаңа сабақ

Балалар енді тақтадағы сөздерді оқиықшы. Бұл сөздер қандай төрт түлікке байланысты айтылған?

  • Дұрыс түйе

Шұбат Айыр нар көлік Ойсылқара

Көс-көс hello_html_573daef8.jpg өркеш


бота Шөлге шыдамды


Тікенекті шөп жұні киім

Ендеше біз бүгін сабақта түйе труалы айтамыз. Ол қандай жануар қандай пайдасы бар және түйе тақырыбына байланысты тапсырмалар орындаймыз және дауыссыз дыбыстарды қайталаймыз.

/Презентация бойынша сұрақтар қойып жауаптарын сұраймын/

-Түйенің неше түрі бар?

- Түйені не үшін пайдаланған?

-Түйенің сүтінен не жасалады?

-Түйенің жүнінен не жасайды?

-Түйе немен қоректенеді?

-Түйенің мекені?

Дәптермен жұмыс

Енді қазір дәптермен жұмыс жасаймыз.

Дәптерімізді ашайық әдемілеп жазайық.

Көркем жазу. Б әрпі және Бота сөзі.

Оқулықпен жұмыс

Енді бүгін біз түйеге байланысты түйе өлеңімен таныс боламыз.

Түйе

1 топ- 1 жолдан оқып шығу

2 топ-хормен оқу

3 топ 1 бала мәнерлеп оқу.

-Бүл өлеңде не туралы айтылған?

Сөздік жұмыс Дертке дауа, бойға қуат

1 топ 1-ші шумақтан не түсіндіңдер?

2 топ 2-ші шумақтан?

3 топ 3 шумақтан?

/Әр топ бағаланады/

Топпен жұмыс

1 топ – Жануарлар әлемі ойыны – Дауыссыз дыбыстан басталып дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді көк үйшікке апару

Сөздер: қой, сиыр, ешкі. Түйе, қошқар, лақ, бота, құлын.

2 топ- Сөздерді сәйкестендіру. Мал Қайтеді?

3 топ –Түйе малына тиісті суреттерді жапстыру тақтада ілуні тұрады

/әр оқушы және топ бағаланады/

Балалар орындарында орындап тақтаға шығып қорғайды.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма: Бүгінгі тақырыпқа байланысты 3сөз жазу

Әр топтан 1 оқушыдан шығып тақтада орындайды. Дауыссыз дыбыстарды сызады. Әр топ сөйлем құрастырады.Ауызша

/Әр оқушы және топ бағаланады/

Сергіту сәті Қол шапалақ ойыны

Қозы, бота, қымыз, Шопаната, Ойсылқара, құрау-құрау, көс-көс

Тақтамен жұмыс

Енді балалар қазір аудиозапись тыңдаймыз онда малдың дыбыс шығаруы. Қай мал қалай дыбыстайды. Балалар малды атап тақтада сөйлем құрап жазады.

1-ші топ – сиыр. Сиыр қайтеді Сиыр мөңірейді.

2-ші топ жылқы қайтеді? Жылқы кісінейді.

3- топ түйе не істейді? Түйе боздайды.

/Әр топ және оқушы бағаланады/

Бекіту

  • Енді балалар сендер түйе туралы тақпақ білесіңдер ме?

Әр топтан 1 оқушыдан шығып тақпақтарын айтады 3 тілде


Шөлді жерде жүреді
Шөлде өмір сүреді
Жантақ қана жейтіні
Жүк артады кей күні
Сүті шұбат ашыса 
Жүні киім  тоқыса.


THE Camel's hump is an ugly lump 
Which well you may see at the Zoo;

But uglier yet is the hump we get 
From having too little to do.

/Әр оқушы және топ бағаланады/

Қорытынды:

Енді балалар бүгінгі сабақты қалай меңгергендеріңді білу үшін сигналадық карточкамен жұмыс жасаймыз

Ауызша тест

  1. Дауыссыз дыбыстарды көрсет

  2. С,т,д,о,л

  3. А,е,о,ұ,ө

  4. Б,в,г,ғ,д

2. Түйенің атасы?

1. Сексеката

2. Ойсылқара

3.Шопаната

3. Бота деген сөзде неше дауыссыз дыбыс?

1. 3

2. 2

3. 1

4. Түйе қайтеді?

1. Мөңірейді

2.Кісінейді

3.Боздайды

5. Мына сөйлемде неше сөз бар? Түйенің сүтінен шұбат жасалады.

1.4

2.3

3.5

Бағалау

Тірек кесте бойынша топты бағалау және жеке оқушыларды бағалап шығу

Үй тапсырмасы.

Өлеңді мәнерлеп оқу.25 бет 21 жаттығу

Ортаға шығып балалар сабақ қалай өткенін от шашу арқылы білдіреді.

Енді балалар ортаға шығып егер сабақ ұнаса төменнен жоғары шапалақтаймы, егер ұнамаса аяқпен тарсылдатамыз.






































Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.
Өздерінің балаларын сол түлік төлдеріне теңеуі де сондықтан. Мысалы: «Ботам», «Ботакөзім», «Құлыным», «Қоңыр қозым» т. б. Төрт түлік бізге кисек киім, ішсек тамақ, мінсек көлік.
Түйе шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық - суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды.
- Балалар, түйе сүтін не деп атайды?
- Шұбат.
Түйе сүтінен өндірілген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңінен қолданылады. Өзінің биологиялық құрамы бойынша тек нәрлі және дәмді азық қана емес, сондай - ақ А, В1, В2, С дәрумендерінің көзі. Мысалы, В1, В2 витаминдері бойынша түйе сүті бар керегіңе жарайды, құрт - май, балқаймақ алынады, ірімшік жасалады, шұбат ашытылады. Сосын бір ерекшелігі – інген мая 15 - 16 ай бойы сауылады. Сүті шайды жақсы үйіреді. Ал шұбаты дертке шипа, емдік қасиеті мол, аса пайдалы тағам.
Түйенің терісінен таспа, қайыс жасаған. Негізі түйе түбіті мен шудасы тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Маң даланың маңғаз жануарының жүні киім болғанда еті – ем, шұбаты –
Жүні

























У верблюда есть горбы,
А в горбах — запас воды.
Чтоб наполнились горбы,
Выпьет литров 100 воды!
Он потом неделю может
Ничего совсем не пить
И навьюченный тюками
По пустыне груз тащить.


Шөлді жерде жүреді
Шөлде өмір сүреді
Жантақ қана жейтіні
Жүк артамыз кей күні
Сүті шұбат ашыса 
Жүні киім  тоқыса

















































“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.


б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу. Сандар арқылы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Төлді қалай шақырады?» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1 тапсырма:
«Төлдерді қалай шақырады?»
Қошақан
Ешкі
Құлын
Бұзау
Бота

- Жақсы, балалар бүгінгі сабағымыз төрт түлік малмен байланысты болмақ. Алдымен тақтадан бейнебаян тамашалайық.
Түсінгендерін сұрау
2 тапсырма.
Мал атасы
Қой атасы – Шопан ата
Жылқы атасы – Қамбарата
Ешкі иесі - Сексеката
Түйе атасы – Ойсылқара
Сиыр иесі – Зеңгібаба
Жаңа сабақ.
Күннің жадын жазу.
Малдардың дыбыстауын тыңдау.
20 – жаттығу. Тақтаға орындайды.

21 – жаттығу. Топтық жұмыс.
3 тапсырма. Сөйлемдер құрастырып жазу. «Қай мал қайтеді?»

а) Жұмбақ шешу.
Иір - иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.

- Дұрыс айтасыңдар түйе екен.
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.
Өздерінің балаларын сол түлік төлдеріне теңеуі де сондықтан. Мысалы: «Ботам», «Ботакөзім», «Құлыным», «Қоңыр қозым» т. б. Төрт түлік бізге кисек киім, ішсек тамақ, мінсек көлік.
Түйе шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық - суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды.
- Балалар, түйе сүтін не деп атайды?
- Шұбат.
Түйе сүтінен өндірілген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңінен қолданылады. Өзінің биологиялық құрамы бойынша тек нәрлі және дәмді азық қана емес, сондай - ақ А, В1, В2, С дәрумендерінің көзі. Мысалы, В1, В2 витаминдері бойынша түйе сүті бар керегіңе жарайды, құрт - май, балқаймақ алынады, ірімшік жасалады, шұбат ашытылады. Сосын бір ерекшелігі – інген мая 15 - 16 ай бойы сауылады. Сүті шайды жақсы үйіреді. Ал шұбаты дертке шипа, емдік қасиеті мол, аса пайдалы тағам.
Түйенің терісінен таспа, қайыс жасаған. Негізі түйе түбіті мен шудасы тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Маң даланың маңғаз жануарының жүні киім болғанда еті – ем, шұбаты –
Жүні

шипа.
көрпе
шекпен
тоқыма бұйым

- Балалар, түйенің төлін қалай атайды?
- Бота.
- Түйе атасын атаңдаршы?
- Ойсылқара.
- Түйені қалай шақырады?
- Көс - көс.
- Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
- Жантақ, алабота, ащы қурай.

Оқулықпен жұмыс.
«Түйе» «Бота» өлеңдерін түсініп, мәнерлеп оқу. Парта бойынша оқыту.
Түйенің пайдасын постерге түсіру.

Бағалау.
Сабақты бекіту. Тыйым сөздер оқып, түсіндіру.
Үйге тапсырма: «Түйе» «Бота» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.

Ашық сабақ. Ана тілі 
Сабақтың тақырыбы: Түйе. 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділігі: 
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру. 
2. Дамытушылығы: 
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. 
3. Тәрбиелігі: 
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Көрнекілігі мен жабдығы:интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар. 
Әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, , пікірлесу, әңгімелеу. 
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлемдесу. 
Психологиялық дайындық 
Білем деме, балам, 
Білмейтінің көп шығар 
Бәрін білген адам, 
Дүниеде жоқ шығар. 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
ІІ үй тапсырмасын сұрау 
Үйге қандай тапсырмалар берілді? 
Қазақ халқының ұлтттық ойындары өте көп. Сендер қандай ұлттық ойындары білесіңдер? Бүгін біз «Бәйге» ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы тексеріміз. 
Берілген сандарды таңдау арқылы сан артындағы сұрақтарға тез мүдірмей жауап беру керек? Ойын «Бәйге». 
10 санының сұрағы: «Сиырдың төлі қалай аталады?» 
20 санының сұрағы: «Сиырдың сүтінен қандай тағамдар әзірленеді?.» 
30 санының сұрағы:«Сиыр атасы қалай аталады?» 
40 санының сұрағы: – мына сөздердің жалғасын тауып айт. Мүйізі........., мұрны............. 
50 санының сұрағы: Сиыр малын қалай шақырады? 
Үй тапсырмасын тексеру. Топтастыру стратегиясы 
Сонымен балалар,сиыр малының бізге қандай пайдасы бар екен? 
Сиырдың пайдасы 
Айран май 
Сүт Сиыр құрт 

қаймақ ірімшік 
III. Жаңа сабақ 
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.Төрт түлік бізге - кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік. 
- Төрт түлікке нелер жатады? 
- Ал, жақсылап қараңдршы осы төрт түлік малдың ішінде қандай малдың суреті жоқ? 
Мына жұмбақты шешіп көрейік. 
Жұмбақ 
Иір –иір денесі 
Сахараның кемесі. 
Ащы шөптер – тамағы, 
Шөлге шыдап бағады. Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе. 
Олай болса, бүгін біз «Түйе» малы туралы жазылған жырмен танысамыз. 
- Дәптермен жұмыс 
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз(сабақ басталмай тұрып, алдын –ала жазғызтып алу, күнді, тақырыпты) 
Интерактивті тақтадан суретін көрсетіп тұрып, мағлұмат беру 
– Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан) 
Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем. 
Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады. 
Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп) 
Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі. 
Ал, мына түйе Аруана – сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. (суретін Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі- үш есе) бірақ жүні аз болады. Аруана (сыңар өркешті түйе) Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі. 
Түйе – салтанат деген мағынаны білдіреді. Түйенің жауы – маса, сона. Түйені көс-көс деп шақырады. Арай арай деп тоқтады, шу деп тұрғызады. Шөк деп жатқызады. Жастарына байланысты аталуы- бота, тайлақ, бурылыш, буыршын, науша, бұзбаша, інген атан, бура 
Түйе малының жалпы атаулары: 
Дәптермен жұмыс. 
Бота Інген 
Тайлақ Бура 
Нар түйе Үлек 
Айыр түйе Атан 
Аруана 
«Мал өсірсең, түйе өсі, пайдасы оның көл – көсір» демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді. Түйе малының атасы Ойсылқара екі жылда бір боталайды. Түйенің төлін не деп атаймыз? (Суретін көрсету). 
Негізі түйе түбіті мен шудасы – тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Еті ем, шұбаты – шипа. 
Сергіту сәті. 
Оқулықпен жұмыс. 
2 тапсырма 
Мақал – мәтелді түсініп оқу. 
Нар жолында жүк қалмас. 
Бақырауық демесең, 
Бағалы көлік түйе ғой. 
(мағынасын түсіндіру) 
3 тапсырма 
Жырды түсініп оқу. Түйе (интерак-і тақтадан суреті көрсетіліп тұрады) 
(Әуелі мазмұндап өзім оқып берем) 
Балаларға оқыту. 
Мазмұнын түсіндіру 
Жүрісі өркеші 
Денесі- аяғы 
Мойны- тілі 
Көзі жегені 
Шудасы еріні 
Маң –маң басқан 
Алабота, ащы қурай, теріскен шөптің аты. 
Шөк дегенде, бық дегенде 
Сөздік жұмыс. 
Шуда-түйенің өркешіне, желкесіне, тізесінің үстіне және мойнының астына шыққан ұзын қылшық жүн. Түйені қазақ халқы тұрмысқа жиі пайдаланғандықтан (жүк арту, т.б.), оның жүні ұйысып, киіздей берік болып қалады. Мұны “жабағы“, оның астынан шығатын үлпілдек жүнді “боздақ“ деп атайды. Шуданың ұзындығы 10 – 30 см аралығында болады. Ол қайшымен қиылып алынады. Одан жіп иіріп, алаша, кілем, киім-кешек тоқиды. 
- Қом-түйе өркешінің түп жағын ала тұтаса біткен май. Арық түйеге қом бітпей, өркеші жығылып жатады. 
4тапсырма. Енді балалар суретке қарап, жырға сүйеніп сұрақтарға жауап беріңдер? 
- Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше? 
- Түйенің жүрісі туралы не деуге болады? 
- Шудасы туралы ше? 
-Түйе қандай шөпті жақсы көреді? 
Сабақты бекіту. 
Түйенің пайдасы қандай? Тақтада мына сызбаны толтырамыз. 
Ал басқамыз алдарында қағазда сызба жатыр, соған пайдасын жазасыңдар. 
Түйе жүнінен істелетін бұйымдар Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар Түйе терісінен істелетін бұйымдар 
Көрпе, тоқыма киімдер Шұбат, қымыран Аяқ киімдер, қайыс, таспа 

Міне, балалар біз түйе малының пайдасы туралы білдік. 
Үйге тапсырма: 
Түйе жырын 56 бет оқып келу. 
Қорытынды. 
Оқушылардың білімдеріне, берген жауаптарына тиісті бағалар қою 
Сабақ аяқталды.
















































01–32 ШС

01–32 ШС

01–32 ШС

01–32 ШС

01–32 ШС

01–32 ШСhello_html_1a0ec736.gif

01–32 ШС

01–32 ШС

01–32 ШС

ШС


15


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Түйе Сауат ашу 1 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 671 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2016 8670
    • DOCX 61.8 кбайт
    • 80 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейткасымова Гулнар Сейдуалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65695
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе