Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тақырыбы "ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тақырыбы "ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

библиотека
материалов

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

АННОТАЦИЯ

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың   заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай  жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - таным әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формасы. Мақсаты–оқу үрдісінің өнімділігін арттыру.  Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Баяндамада оқушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық технологияларды қолдану  әдістері туралы айтылады.



АННОТАЦИЯ

Казахский писатель Мұхтар Ауезов сказал, что "Знание делает равные народы " так что наша главная цель - воспитать обученные зрачки. Вот почему мы должны быть известны от образовательных новостей. Учитель должен пользоваться новыми технологиями, новое опытные, чтобы достичь этих целей. Пользование инновационных технологиями - лучшая форма организации. Aim-, чтобы сделать лучшие качества образования.Инновационные технологии делают более глубокое знание, помогают зрачку, чтобы выучиться лучше и будить его интересует к знанию. Работа показывает методы инновационной технологий для развития привычек размышления.



Annotation

Kazakh great writer Mukhtar Auezov said that   “Knowledge makes equal peoples ” , so our main aim is to bring up educated pupils. That’s why we should be known from educational news. Teacher must use new technologies, new experience to reach these aims. Using innovation technologies is the best form of organization. The aim- to make better qualities of education.

Using of  innovation technologies: learning, mastering, using.
Innovation technologies make deeper knowledge,  help pupil to study better  and wake his interesting to knowledge. The work shows the methods of innovation technologies for developing habits of thinking.


«Ауызша айтсаң – тез ұқтым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.»
(қытай мақалы)

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің  инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі.

Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.

Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау [1]

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Ш. Таубаева мен Қ.Құдайбергенованың берген анықтамасына сүйенсек «инновация» — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже — жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі — жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе біз бұл ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жөн көрдік. Сөл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп ұғатын боламыз.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. [2]

Мемлекеттік білім стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген  дүние.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:

I кезең — оқып үйрену; II кезең — меңгеру; III кезең — өмірге ендіру; IV кезең — дамыту.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту  -  тәрбиенің негізі.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. [3]

Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да мектеп басшылары үнемі өзгерістің болып тұруы бірден-бір дұрыс факт екенін мойындаулары қажет. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. [4]

Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп үздіксіз өз қызметін жақсартуға және қайта құруға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге мәжбүр.

Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады.

Әрине, педагогикалық инновацияның бір бөлігі ғана тек белгілі қоғамдық қатынастарда нақты ақиқат дүниеге айналады. Мысалы, ізгілендіру үрдісінің дамуының негізгі шарты қоғамдағы саяси қайта құрулар және оның жұмыс істеу экономикалық механизмінің өзгерісі болып табылады. Дегенмен, білім беру үрдісінің педагогикалық сұрыпталуының негізгі көпшілігі осы саланың қызметкерлері арқылы қалыптасады. Бұл өзгерістің ішкі, таза педагогикалық бөлігі іспетті сол әлеуметтік жағдайдың базасында, қоғам өзі құрып алған экономикалық, саяси құрылымда арттырылады. [5]

Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.

Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек.

Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.

Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды. Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз және ол инновацияға қысқа мерзімді, өткінші ғана құбылыс деп қарамайды. Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді. [6]

Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.

Кең ауқымда инновациялық қозғалыс — қайта құру үшін қажетті құбылыс. Оның өмірде болуы қайта құруды жасаудың негізгі әлеуметтік шарты ретінде көрінеді. Бұндай қозғалыс қайта құруды жүзеге асырудың маңызды шарты ғана емес, оған дайындық құралы болып та табылады. [7]

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының» басты мәнділігі — ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.

Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында «Қазақстан — 2030″ бағдарламасында көрсетілген «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы» сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.

Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:

Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген.

Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.

Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.

Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады. [8]

Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын — ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі». Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:

-   ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;

-  ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;

- ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;

- ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.

I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)

II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)

III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру)

Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор. [9]

Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал.

Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.

Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.

Өз тәжірибемізде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземіз. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы да оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, қолданбалы программаларды пайдаланып немесе алгоритмдер құру арқылы программа құрастыруды, үйренеді. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда «Бетпе-бет», «Жұлдызды сәт» сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, он- лайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады. 

Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі. 
Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Назарбев Н. «Қазақстан — 2030″ Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет [1]

2.  Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. «Қазақстан мектебі» №12 Алматы, 2003- 3 бет. [2]

3.  Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп — ел еңсесі. «Қазақстан мектебі», №12, 2003-13 бет. [3]

4.  Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. «Қазақстан  мектебі» №6, 2003 [4]

5. Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология уровневой дифференциации обучения в сред-ней школе // Алматы, 2000, [5]

6.  Границкая А.С. Научить  думать  и  действовать.   Адаптивная система обучения в школе. Пррсвсщсние, 1991. [6]

7. Дамитов   Б.К.,   Фредман  Л.М.   Физические задачи   и  методы их решения. Алматы, Мектеп, 1987, 160-6. [7]

8.  Пидкасистый   П.И.   Самостоятельная   деятельность школьника в  обучении. Москва, 1980. [8]

9. Демеуова Ләззат. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. «Қазақстан мектебі» №12 Алматы, 2003- 3 бет. [9

























Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров992
Номер материала ДВ-227869
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх