175678
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт ООО «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Химия ПрезентацииТақырыбы: Заттардың физикалық қасиеттері бойынша кристалдық торының типін анықтау, заттардың химиялық формулалары бойынша есептеулер. 10 сынып

Тақырыбы: Заттардың физикалық қасиеттері бойынша кристалдық торының типін анықтау, заттардың химиялық формулалары бойынша есептеулер. 10 сынып

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Ашық сабақ жоспары.docx

библиотека
материалов

Ашық сабақ жоспары

Күні: 27.10.2015ж Сыныбы : 10 «ә»

Тақырыбы: Заттардың физикалық қасиеттері бойынша кристалдық торының типін анықтау, заттардың химиялық формулалары бойынша есептеулер.

Мақсаты: Заттардың қасиеті кристалдық торына байланысты екенін түсіндіру.

Міндеті:

Білімділік: Иондық, молекулалық, атомдық және металдық кристалл торларын түсіндіре отырып, әрқайсысының ерекшелігіне көңіл аудару. Кристалл торларына байланысты заттардың қасиеттерін ажырата білуге , заттардың химиялық формулалары бойынша есептер шығаруға дағдыландыру.
Дамытушылық: химиялық байланыс түрлерімен қоса қойылған сұрақтарға толық жауап беру, ойларын еркін айту дағдыларын дамыту, шығармашылық белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жеке жұмыс жасау әрекетіне үйрету.Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге, өзіндік ой қорытуға, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: диалог, сұрақ-жауап, АКТ-ны сабақта пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке және жалпы тапсырмалар

Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта, йод ,қант, ас тұзы кристалдары, құм, натрий хлориді, графит ,алмаздың кристалдық тор пішіндері, шарөзекті модельдер.

Пәнаралық байланыс: биология, математика, физика, география.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың эмоционалдық жағдайын тексеру, зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау:

1-кезең: 1.Байланыстың қанша түрі бар?

2.Ковалентті полюсті байланыс?

3.Ковалентті полюссіз байланыс?

4.Иондық байланыс?

5.Сутектік байланыс?

6.Металдық байланыс?hello_html_m250ec19.png

2-кезең: жазбаша үй жұмысына берілген қосылыстардың типін және ережелерін оқушылар тақтада актив студио арқылы білімдерін тексеру.Берілген заттардағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар:KCL,Br2,HF,Cl2,Cao,MgS,MgBr2,N2,NH3,Li3N.


3-кезең:

Күлгін түсті кристалмын,

Медицинада «құдаймын».

Жарақат алған адамның,

Өмірін сақтап қаламын.

Формуламды менің

Кәне,айтып жіберші

Және мендегі байланыс

Типін де айтып берші.(І2)


-Тынысым,ырысым,

Ол жоқ жерде

Жойылмақ жүрісім (оттек)



Сұрақ: Оттек молекуласы байланыс типі ?

- Химиялық ойын «Үшінші артықты тап» ойыны.


NaNO3 HCI NaI

CuCI2 NaCI HF

CI2 КCI2 HCIОл

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

КРИСТАЛДЫҚ ТОРЛАР

Көптеген қатты заттар кристалдық қүрылысты болады. Мүны оңай анықтауға болады. Кез келген қатты затты (қант, күкірт) ұсатып көріңдер. Олардың сынықтарынан белгілі пішіні бар кристалдарды оңай керуге болады. Мұндай заттарды кристалдық заттар деп атайды.

Қатты заттарды құраушы бөлшектердің кристалдық қүрылысы болатыны рентген сәулесінің көмегімен дәлелденген. Әр бір кристалдық заттарға жеке-жеке тоқталып түсіндіру.


hello_html_m4c8c9fd2.png

а) б) в) г)

1-сурет. Кристалдық тор типтері: а) иондык;

б) молекулалык; в) атомдык; г) металдык

Кристалдарда бөлшектер, иондар, атомдар немесе молекулалар геометриялык дұрыс ретпен белгілі бір аралықта орналасады. Осындай заңдылықпен орналасуы кезектесіп келетін бөлшектер тұрған тор кристалдық тор түйіндері деп аталады. Олар тордың құрылысына үқсайды, сондықтан ол кристалдық тор деп аталып, кристалдық заттың ішкі қүрылысын бейнелейді.

Қатты заттар өр түрлі геометриялық типтегі кристалдар түзеді. Байланыс типтеріне жөне болшек түрлеріне қарай кристалдық торлар: иондық, атомдық, молекулалық жөне металдық болып бөлінеді. 1-суретте кеңістікте орналасқан негізгі кристалдық тор типтері келтірілген.

Жаңа сабақты бекіту.Білімді бақылау:

1.Берілген заттардың әрқайсысының кристалдық тор типтерін анықтаңдар:

Заттың атауы Кристалдық тор типі

1.Су (қатты күйі)

2.Калий хлориді

3.Йод

4.Фосфор

5. Көміртек алмаз

6.Мыс

7.Бром

8.Темір


2.Сәйкестілік тест

1.CaCI2 А.Молекулалық

2.O2 В.Иондық

3.Se С.Металдық

4.Zn Д.Атомдық

3.Берілген заттардың:кристалдық йод, натрий хлоридінің,кремний(ІV) оксидінің, қанттың қыздырған кезде қандай өзгеріске ұшырайтынын анықтаңдар.(Тақтаға 2-3 оқушы шығып жасайды)

Тәжірибенің орындалуы.4 сынауыққа шамамен 0,5 г-нан әр заттан:кристалдық ас тұзы,таза өзен құмы(SiO2),қант және кристалдық йод салыңдар.Қант және йоды бар сынауықтарды мақтамен жабыңдар. Сынауықтарды 2-3 мин жанарғы жалынында қыздырыңдар. Әрбір сынауықта қандай өзгерістер байқалады?Әр заттың физикалық қасиеттері, олардың кристалдық торының құрылысы туралы қорытынды жасаңдар

.

Химиялық формула бойынша есептер шығару(Тақтаға мысал ретінде бір есеп шығарылып көрсетіледі) Әр партаға тапсырмалар таратылады.

Жаңа сабақты қорытындылау..

Сұрақ-жауап:

1. Кристалдық заттар дегеніміз қандай заттар?

2. Кристалдық тор және оның түйіндері дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Иондық кристалдық тордың иондық кристалдық торынан айырмашылығы қандай?


Білімді бағалау:Оқушылар бағалау парағына сабақ барысында әр кезең бойынша өздерін қаншалықты қатысып отырғанын бағалайды.Мұғалім бағалау парағын сараптап,қорытынды бағасын қояды.






Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Білімді бақылау

Химиялық формулалар бойынша есептер

Қорытынды баға


1-к

2-к

3-к

1

2

3










Рефлексия:Балалар осы ашық сабақтан алған әсерлерін сөзбен сипаттап қорытындылайды.

Үй тапсырмасын беру: Кристалдық тордың әрқайсысына екіден мысал келтіру, олардағы химиялық байланыс түрлерін анықтау. Есептер жинағынан 2.31-2.37 есептер.

Выбранный для просмотра документ кристалдық торлар.pptx

библиотека
материалов
Сабақтың тақырыбы: Кристалдық торлар. №66 мектеп-лицей химия пәні мұғалімі: Ж...

Описание презентации по отдельным слайдам:

1 слайд Сабақтың тақырыбы: Кристалдық торлар. №66 мектеп-лицей химия пәні мұғалімі: Ж
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: Кристалдық торлар. №66 мектеп-лицей химия пәні мұғалімі: Жиенбаева Айдана Нұркенқызы

2 слайд Үйге берілген тапсырманы тексеру
Описание слайда:

Үйге берілген тапсырманы тексеру

3 слайд Берілген заттардағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар
Описание слайда:

Берілген заттардағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар

4 слайд 3-кезең: Күлгін түсті кристалмын, Медицинада «құдаймын». Жарақат алған адамны
Описание слайда:

3-кезең: Күлгін түсті кристалмын, Медицинада «құдаймын». Жарақат алған адамның, Өмірін сақтап қаламын. Формуламды менің Кәне,айтып жіберші Және мендегі байланыс Типін де айтып берші. Тынысым,ырысым, Ол жоқ жерде Жойылмақ жүрісім

5 слайд Химиялық ойын «Үшінші артықты тап» ойыны. NaNO3 HCI NaI CuCI2 NaCI HF CI2 КC
Описание слайда:

Химиялық ойын «Үшінші артықты тап» ойыны. NaNO3 HCI NaI CuCI2 NaCI HF CI2 КCI2 HCI

6 слайд Білімді бақылау: 1.Берілген заттардың әрқайсысының кристалдық тор типтерін ан
Описание слайда:

Білімді бақылау: 1.Берілген заттардың әрқайсысының кристалдық тор типтерін анықтаңдар: Заттың атауы Кристалдық тор типі 1.Су (қатты күйі) 2.Калий хлориді 3.Йод 4.Фосфор 5. Көміртек алмаз 6.Мыс 7.Бром 8.Темір

7 слайд Қатты заттар
Описание слайда:

Қатты заттар

8 слайд Қатты заттар
Описание слайда:

Қатты заттар

9 слайд Қатты заттарды бөлшектегенде ұнтақталатын, белгілі бір пішіні бар заттарды к
Описание слайда:

Қатты заттарды бөлшектегенде ұнтақталатын, белгілі бір пішіні бар заттарды кристалл заттар деп атайды. Қатты заттарды соққанда пішіні белгісіз сынықтар түзетін заттарды аморфты заттар деп атайды. Кристалл заттарда иондар, атомдар және молекулалар белгілі бір ретпен байланысып орналасқан. Кристалдарда бөлшектердің орналасуы кезектесіп келетін түйінді кристалдық тор деп атайды. Кристалдық торлар

10 слайд Кристалдық торлар
Описание слайда:

Кристалдық торлар

11 слайд Кристалдық торлар АС ТҰЗЫ
Описание слайда:

Кристалдық торлар АС ТҰЗЫ

12 слайд Иондық кристалл торлары Иондық торлардың түйіндерінде әр аттас зарядталған ио
Описание слайда:

Иондық кристалл торлары Иондық торлардың түйіндерінде әр аттас зарядталған иондар орналасады. Мұндай қосылыстардың нағыз өкілдері – тұздар. Мысалы: натрий хлориді кристалл торларының түйіндерінде кезектесіп натрий Na + иондары және хлор CI- иондары орналасқан. Натрий хлоридінде әр ион әр аттас зарядталған алты ионмен байланысқан. Бұл иондар пішіні текше кристалдар түзіп, өзара бірдей қашықтықта орналасады. NaСІ кристалы тұтасынан алғанда алып молекула тәрізді. Мұндай иондар арасында өзара тартылыс күші өте күшті болғандықтан, ондай заттардың қаттылығы және балқу температурасы жоғары. Суда жақсы ериді де, органикалық еріткіштерде нашар ериді.

13 слайд Атомдық кристалл торлары Атомдық кристал тордың түйіндерінде атомдар орналасқ
Описание слайда:

Атомдық кристалл торлары Атомдық кристал тордың түйіндерінде атомдар орналасқан, олар өзара бір-бірімен ковалентті полюссіз байланысады. Мысалы, алмаздың да, графиттің де кристалдық торларының түйіндерінде көміртек атомдары орналасқан, бірақ атомдарының кеңістікте әртүрлі орналасуынан алмаз кристалдары октаэдр, ал графит кристалдары призма пішінді болады. Осыған сай қасиеттері де әртүрлі. Алмаз – ең қатты зат.

14 слайд Атомдық кристалл торлары Атомдық кристалл торлы заттарға алмаз бен графиттен
Описание слайда:

Атомдық кристалл торлары Атомдық кристалл торлы заттарға алмаз бен графиттен басқа жай заттар: В, С, Si, As, Sb, Bi, Se, Te, Po және кейбір күрделі заттар жатады, мысалы, кәдімгі құм SiO2. Алмаз атомдық кристалдық торлы, ол тек көміртек атомдарынан тұратын өте берік қатты зат, суда ерімейді, балқу температурасы өте жоғары. Алмаз – мұқалмас деген грек сөзінен алынған.

15 слайд Молекулалық кристалл торлары Молекулалық кристалл тордың түйіндерінде полюсті
Описание слайда:

Молекулалық кристалл торлары Молекулалық кристалл тордың түйіндерінде полюсті және полюссіз молекулалар орналасады. Иондық кристалл торға қарағанда молекулалық кристалл тордағы молекулалар әлсіз байланысқан. Молекулалық кристалл торы бар қосылыстарға жататындар: салғырт газдар, көмірқышқыл газы, мұз, қатты күйдегі сутек, оттек, галогендер мен галогенсутектер. Қалыпты жағдайда бұлар газдар ( O2, H2) не оңай ұшатын қатты (I2) немесе сұйық (Br2, H2O) заттар. Ондай қосылыстар суда аз еритіндер немесе ерімейтіндер, ерітінділері электр тогын өткізбейтіндер болып келеді. Қосылыстары берік емес, t бал. төмен.

16 слайд Металдық кристалл торлары Жай заттар – металдар кристалдар түзеді. Бұл кезде
Описание слайда:

Металдық кристалл торлары Жай заттар – металдар кристалдар түзеді. Бұл кезде химиялық байланыстың ерекше түрі – металдық байланыс пайда болады.Металдар валенттік электрондарын жеңіл беріп, иондарға айналады. Теріс зарядталған ортақ электрондар жиынтығы оң зарядталған металдардың иондарын оның атомдарымен бірге тордың белгілі бір түйінінде ұстап тұрады. Металдық кристалл тор осылай түзіледі.

17 слайд  Атомдық Иондық Металдық Молекулалық Қатты СО2 газы Мыс
Описание слайда:

Атомдық Иондық Металдық Молекулалық Қатты СО2 газы Мыс

18 слайд ТОР
Описание слайда:

ТОР

19 слайд А
Описание слайда:

А

20 слайд
Описание слайда:

21 слайд Кристалл торлары
Описание слайда:

Кристалл торлары

22 слайд Кристалл торлары
Описание слайда:

Кристалл торлары

23 слайд Кристалл торлары
Описание слайда:

Кристалл торлары

24 слайд Сабақты бекіту 1 сұрақ: Иондық, атомдық, молекулалық, металдық кристалдық тор
Описание слайда:

Сабақты бекіту 1 сұрақ: Иондық, атомдық, молекулалық, металдық кристалдық торлардың айырмашылығы неде? Әрқайсысына мысал келтіру. 1қатар: Берілген заттар қандай кристалдық торлар түзеді: A) КСІ В) НСІ С) О2 Д) Na2SO4 E) Cu Себебін түсіндір.

25 слайд Берілген заттардағы кристалл торы мен химиялық байланысты анықтау 2 қатар Li
Описание слайда:

Берілген заттардағы кристалл торы мен химиялық байланысты анықтау 2 қатар LiCl – H2S – F2 – Ca – Na2 CO3 – 3 қатар CaCl2 – NH3 – Br2 – Fe – NaF –

26 слайд Сабақты қорытындылау Рефлекция кезеңі. Оқушыларды бағалау Үй жұмысы: Кристалд
Описание слайда:

Сабақты қорытындылау Рефлекция кезеңі. Оқушыларды бағалау Үй жұмысы: Кристалдық тордың әрқайсысына екіден мысал келтіру, олардағы химиялық байланыс түрлерін анықтау. Есептер жинағынан 2.31-2.37 есептер.

Курс профессиональной переподготовки
Учитель химии
Курс профессиональной переподготовки
Учитель биологии и химии
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Химия окружающей среды»
Курс профессиональной переподготовки «Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс повышения квалификации «Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Деятельность по хранению музейных предметов и музейных коллекций в музеях всех видов»
Курс профессиональной переподготовки «Техническое сопровождение технологических процессов переработки нефти и газа»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы учета и мониторинга обращения с отходами производства и потребления»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.