Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Тақырыбы: Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Тақырыбы: Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі.

библиотека
материалов











ЖОБА





Тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру





Орындаған :

Дуйсембаева Ж.Ш.

Хромтау ауданы

Сарысай орта мектебі

География – биология мұғалімі







Ақтөбе 2015

Тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

Мақсаты:

Жүргізілетін жүмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі-оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай, білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу



Жоба өзектілігі:

Мұғалім ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіреді, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады.

Жобаның негізгі құрылымы және идеясы:

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Пәнде ойын элементтерін пайдаланудың маңызы

Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерінің белгілі мөлшерін тез әрі жеңіл қабылдауына көмектеседі. Географияны оқыту әдістемесінде мақсатқа жеңіл жетудің көптеген тәсілдері бар. Ең көп тарағаны – ойын сабақ. Ойынды тиімді тәсіл ретінде қолдану тарихы тереңге кеткен. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер – ойын, оқу және еңбек.

Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар”, - дейді профессор В.М. Чистяков, - оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады. Ойын сабақтың басында, не ортасында, болмаса сабақ соңында қолдануға болады.

Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, белсенділік қабілетін арттыру. Егер ойын сабақ ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың шаршап – шалдығуына жол бермеу, көңіл – күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге деген ынтасын үстемелеу.

Ойын сабақтың соңында қолданса оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де пайдаланады. Огйын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі. Көптеген ойын түрлері балалар денесін шынықтырып, жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Икемділік, сергектілік, күш-қабілетін толықтыратын болса, мақал-мәтелдер, викториналық қызықты сұрақтар, ребустар шешу ой сергітіп, білімін байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету ой – санаға лайықты ету ойыншының өз қолында.

Ойын түрлерінің пайдалануының нәтижесі:

Ойын элементтері сабақты түрлендіріп,мазмұнын кеңейте түседі. Ойын баланың ой-өрісін дамытады, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.







































Тақырыбы: География сабақтарында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

Мақсаты:

Жүргізілетін жүмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі-оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай, білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу


Халық пен халықты,адам мен адамды 
теңестіретін нәрсе-білім
М.Әуезов 

Жас ұрпаққа саналы тәрбие сапалы білім беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның даму кезіңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа,тиімді әдіс-тәсіледерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр. 
Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімнің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі-оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.
Өз мамандығын шын сүйетін,өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру,пәнге қызығушылығын дамыту,білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі-оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту,терең де мазмұнды білім беру,ой-өрісін,шығармашылық ізденісін дамытып,қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.
Орыс ғалымы Л. В. Зенков жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану-білім сапасын арттырудың бірден –бір жолы -деп көрсеткендей, біздің әр күн сайынғы сабағымыз жаңа технологиямен өткізуді қажет етеді.Мұнда оқушының әрекеті- технологияны қабылдауы,ынтасы,құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып,дамыта оқыту жүзеге асырылып,жеке тұлғамен жұмыс істей отырып,саралап,даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы-оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.
Сабақта оқушы қызығушылығын артт ыру үшін ойын-сабақтарын жүргізу өте тиімді. Ойын жөнінде белгілі педагог В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын,білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Яғни,мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы рөлін арттыра түсу қажет. Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі. Ойын баланың көңілін өсіріп,ойын сергітіп қана Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып,жақсы ұғысады,бір-бірінен ептілікті,тапқырлықты үйренеді.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат-оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау,олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,ойлау,сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері,тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді.
Ойын өткізудің ережелері.
1.Ойын оқытудың маңызды,байыпты түрі.
2.Ойын барысындағы көтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек.
3.Балалардың барлығы үздіксіз іс-әрекетте болуы керек.Ойынға барлық оқушылар қатысуы керек.
4.Ойынды сырттан бақылап тұруға болады.Сіздің көмегіңсіз ойын жалғаспайтын жағдайда ғана ойынға араласу қажет.Ойын барысында қиындық туындаса шара қолдануға асықпаңыз.Оқушыларға проблеманы шешу үшін ойлануға уақыт беріңіз.
5.Балаларға даяр жауапты бермес бұрын олардың өздері ізденуіне түрткі болыңыз.
6.Олардың жай түсініксіз айтқан сөздерін қайталап айтыңыз,қалған оқушылардың көңіл қойып тыңдауын талап етіңіз.
7.Балаларға ойынды өздері ұйымдастыруға уақыт беріңіз.Балалар тарапынан кеткен барлық қателіктерді түзете беру қажет емес,себебі бұл оқушылардың ойынға деген қызығушылығын ынтасын төмендетеді.
8.Көбірек ойнау қажет.Қызықты ,жағымды ойындар барысында оқушылар қызығып ойнайды.
География сабағында мынадай ойын түрлерін қолданамын.
«Мен-Өзенмін» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша,картадан өзенді көрсетіп,« Мен-Жайық өзенімін,қайда барып құямын?» деймін.Олар« Мен-Жайық өзенімін,Каспийге барып құямын?»,дейді.Ойын осы ретпен жалғаса береді.
«Зообақ » ойыны
Әр оқушыға жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген суреттер таратылады. Сол суреттегі жануар мен өсімдіктердің аттарын атап, қай белдеуге,материкке жататынын анықтайды.
«Пошта» ойыны
Тақтаға төрт пошта жәшігін іліп қойылады.Жіңішке қағаз қиындыларына әр түрлі тақырыптарға сәйкес сөздер жазылады.Сол қиындыдағы сөздерді дұрыс тапқан және көп жинаған оқушы жеңіске жетеді.
«Сыңарын тап» ойыны
Ойынға екі топ қатысады.Топ мүшелері кезекпен шығып тақтаға жазылған таулардың,шыңдардың,олардың биіктіктерінің сәйкестігін тауып жазады.(Кавказ,Анды,Кордильер,Алтай,Орал,Гималай,Эльбрус,Аконкагуа,Белуха,Народная,Мак-Кинли,Джомолунгма 6959,6194,1899,4506,8848,5642.)Орындалу үлгісі:Кавказ-Эльбрус-5642.
«Қай қатар тез?»ойыны
6,7,8-сыныптарға өткізуге болды.Тақтаға Таулар, Аралдар деген бағанаға екі қатардан екі оқушы шығып,біреуі таулардың,екіншісі аралдың аттарын жазуы керек.Кім тез, әрі көп жазса,сол топ жақсы бағаланады.
«Ел тани білесің бе?»ойыны
Картадан бір елді көрсетеді.Оны мына жоспар бойынша сипаттайды.Елдің аты,астанасы,жер көлемі,халқы,ресми тілі,діні,мемлекттік құрылысы,ақша бірлігі
Картаны жина ойыны
Кез-келген материктердің бөлшектенген кескін картасын шапшаңдықпен тез арада құрастыру қажет.
«Номенклатура»ойыны
Бұл ойында географиялық нысандарды картадан көрсету арқылы жүргізіледі.
«Кім тез»ойыны
Бұл ойында географиялық терминдерді теріп жазады. Яғни,шапшаң тез жазу қажет.
Муссон-жел Бриз-жел
Флюгер-аспап Гигрометр-аспап
Атмосфера-ауа қабаты Торпосфера-ауаның төменгі қабаты
«Географиялық орнын тап»ойыны.
Мұғалім бір нысанды атайды. Оқушы географиялық орнын айтады. 
Бурабай-Көкшетауда
Қарағанды-Орталық Қазақстанда 
Атырау-Каспий жағалауында 
Мұғаджар-Ақтөбеде
Терек-Кавказда
Әр бір сабақтарымда осы ойын түрлерін орнымен қолданып,оны қызықты ету арқылы білімге ынта-ықыласын,пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздеймін.
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның ішкі суларын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ішкі сулардың түрлерін олардың маңызы жөнінде білімділік негізін қалыптастыру.
Тәрбиелік:су нысандарын қорғай білуге оны тиімді пайдалану,тәрбиелеу 
Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін дамыту дүние-танымдық көз қарастарын қалыптастыру
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:ойын
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы,Глобус,Атластар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасып,сабаққа қатысты тексеріп,оқушылардың сабаққа келуіне зейініне көңіл бөлу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Қазақстанның климаты қандай?
2.Климат қалыптастырушы факторлары
3.Қазақстан аумағында ауа температурасының өзеруі
4.Климаттың адам өміріндегі маңызы
ІІІ.Жаңа сабақ
І-топ.Каспий
ІІ-топ.Арал
ІІІ-топ.Балқаш
Сабақ бес бөлімнен тұрады.
«Сұрақ менен-жауап сізден»
Жұмбақтар
«Пошта»ойыны
«Бір-бірін тексеру»ойыны
«Мозайка»ойыны

1."Сұрақ менен-жауап сізден"
Қазақстанда неше өзен бар?
Қазақстандағы өзенді неше алқапқа бөлеміз?
Қазақстандағы барлық көлдер саны?
Мұздақтардың саны?
Қазақстандағы көлдер саны?
2.Жұмбақтар
Суы тартылып ғаламдық қасіретке айналған көл. (Арал ) 
Ақ жылан аяғы жоқ,көзі де жоқ,
Сөйлейтін не бір аузы сөзі де жоқ.
Тоқтамай қызы жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.(Өзен) 
Мен өзім ағашпын,
Көресің ауылдан да, қаладан да.
Ал өзен болсам долданған
Табасың тек Кавказдан (Терек) 
Мінезі де,аты да бұзық өзен.(Тентек) 
Алғашқы буыным ат әбзелі.
Екінші тұр ауызыңда тізіле.
Ал егер қосып оқысаң,
Өзенмін мұхитқа барып құятын (Ертіс) 
3. Пошта ойыны 

Керектісөздер:Жайық,Каспий,Шокальский мұздығы,Корженевский мұздығы,Ертіс,Арал,Есіл,Балқаш 
4. "Бір-бірін тексеру" ойыны
Жайық,Торғай,Сырдария, Іле,Шу,Есіл,Нұра өзендерін кескін картаға түсіру. 
5."Мозайка" ойыны

Қорытынды.Ұпайлары есептелініп,жеңімпаздар анықталады.
Үйге тапсырма.Тарауды қайталау.

Ойын сабақтың соңында оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде пайдаланады. Ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі.
Сын тұрғысынан ойлау мен экологиялық тәрбиелеуде дамыта оқытумен қатар оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ойын элементтерін көбірек қолдану қажет. Ойын баланың ой-өрісін дамытады.
Менің осы сабақтарымда жүргізілген ойын түрлерінің арқасында оқушыларымның жетістіктері бар.Яғни олар мектепшілік, қалалық олимпиадаларда,әр түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.
Бүгінгі таңда білім беретін мектептердің міндеттін өзінің талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ол үшін ең алдымен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің маңызды жақтарына көп көңіл аударуымыз керек.




Ойын түрлерінің пайдалануының нәтижесі:

Ойын элементтері сабақты түрлендіріп,мазмұнын кеңейте түседі. Ойын баланың ой-өрісін дамытады, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. «География және табиғат» әдістемелік журнал 2014
2. «Әдіскер журналы» 2014ж
3. журнал «Педагогика жаршысы»№4 2010,№3 2010ж,
4.журнал 12 жылдық білім №4, 2006ж
5. Ұстаздық шығармашылық . Алматы 2007 Б.А. Тұрғынбаева


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.12.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров294
Номер материала ДВ-262645
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх