Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Рабочие программы / Тақырыбы: «Жанұяда балаға зорлық – зомбылық болмасын!»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Тақырыбы: «Жанұяда балаға зорлық – зомбылық болмасын!»

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ ЛАЗЗАТ 2 - копия.docx

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Жанұяда балаға зорлық – зомбылық болмасын

Мақсаты: жәбірлеу мәселесі бойынша ата — аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және алдын алатын мүмкіндікке әкелетін ата — ананың тәртібінің алгоритмін дайындау.

Міндеті:

·         ата — анаға бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керектігін естеріне түсіру;

·         жәбірлеу туралы нақты ақпарат беру;

·         ата — аналарға бала тәрбиесінде есепке алатын ескертулер ұсыну.

Қатысатындар: 3 -11 сынып оқушыларының ата — аналары.

Жиналыстың дайындық кезеңі:

1.    Оқушылармен жиналыс өтпес бұрын алдын — ала психолог «Мен өмірді таңдаймын» атты тренинг өткізу. Мақсаты: жасөспірімдердің ортасындағы зорлық, қатыгездік, мәселелері туралы ақпарат беру. Зорлық, қатыгездік мәселелерінің алдын алу шарттарымен таныстыру, шешу жолдарын анықтау.

2.    Дискуссия өткізу «Қатыгездіктің, зорлықтың құрбаны кім?» тақырыбында. Құрбаны болмау үшін уақытымызды бос жібермей, өзіміздің жетілуімізге жіберу керекпіз. Күн тәртібін құру.

3.    Әр адам жеке тұлға және ешкімге ұқсамайтынын жеткізу, өз өміріміз өз қолымызда екенін түсіндіру, ережелерді білге қабылдау және өзін — өзі бағалау декларациясымен таныстырып, өмір құндылығын сезіндіру.

Барысы:

Интерактивті тақта,нақыл сөздер.

Жиналыстың басында ата-аналармен « Менің балам» сауалнамасын жүргізіледі.

Ата-аналарға балалардың  алдын ала жазған ой пікірлерімен таныстыру.

Кіріспе сөз

Құрметті, ата — аналар! Бала өз бала шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керек. Шетел мамандары қауіпсіздіктен арылған, түрлі жәбірлеуден өткен балаларды «дамуға бейімделген» дап атайды. Мұндай қобалжулардың әсерлері қайтымсыз және өмір бойы өз септігін тигізеді. Мәселенің маңыздылығына байланысты «жәбірлеу» мен «баламен қатал болу» түсініктерінің мәнін анықтау қажет.

Ата — аналарды ІІ топқа бөліп,төмендегі сұрақтарға жауап берулерін сұраймын.

1.    Бала тәрбиесіндегі қатыгездік дегенді қалай түсінеміз?

2.    Балаға қатысты зорлық дегенді қалай түсінеміз?

5-7 минут уақыт беріліп, пікірлері тыңдалады.

Балаға қатал қарауда түрлі ұйымдар, мысалы, дін, сот, милиция, мектеп, психиатриялық емханалар, сонымен қатар туыстар болуы мүмкін.

Ересектер балаға қатал болады, егер:

1.    Өз артықшылықтарын көрсетсе;

2.    Балаға малай, құл ретінде қараса;

3.    Балаға тікелей қатысты немесе оның тағдырына қатысты шешімдер туралы хабарламаса;

4.    Әңгіме кезінде оның сөзін бөлсе.

Баланы жәбірлеудің келесі түрлерін ажыратады:

1.    Физикалық жәбірлеу — ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлғалардың немесе, олардың тәрбиесіне жауаптылардың балаға әдейі физикалық әрекет жасау.

2.    Психологиялық жәбірлеу — ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар тарапынан күнделікті күтімнің болмауы, осының нәтижесінде баланың көңіл — күйі бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді, сонымен қатар баланы қорқыту.

3.    Жыныстық жәбірлеу — ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе, рұқсатысыз немесе, оның жасы келмегендігін, яғни есі кірмегендігін пайдаланып өздерін қанағаттандыру үшін жыныстық қатынасқа салу

4.    Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау немесе оның сауда құралы ретінде қолдану.

Балаға физикалық жәбірлеу жасалды, егер:

1.    оны азаптады;

2.    оны ұрып соқты;

3.    оның денсаулығын бұзды;

4.    оның жыныстық тәуелсіздігін бұзды;

5.    оны туыстарынан, ата — анасынан және достарынан айырды;

Балаға психологиялық жәбірлеу жасалды, егер:

1.    намысқа кір келтірсе;

2.    балағаттаса;

3.    баламен байланыс кезінде біртектілікті ұстанбаса;

4.    баланы ұятлса;

5.    баланы ақпаратты басқа ересекке хабарлау үшін қолданса;

6.    оны қорқытса. Қорқыту әрекеттері көзқарастар, бой, жас, айқай, балаға, оның ата — анасына, достарына, жануарларына және т.б. қатысты үрей көмегімен іске асырылады.

Балаға жыныстық жәбірлеу жасалды, егер оны (оның рұқсатымен немесе рұқсатынсыз) ересек адам қанағаттанну мақсатында жыныстық қатынасқа салса;

Баланы экономикалық жәбірлеу жасалды, егер:

1.    оның негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылмаса;

2.    оның тәртібі ақша көмегімен қадағаланса;

3.    ересектер отбасы ақшасын шашса;

4.    ажырасу кезінде бала экономикалық сауда құралы ретінде қолданылса.

ХХ ғасырдағы өмір сүрген ұлы ағартушы, дәрігер, және гуманист Януш Корчаг «Балалық шақ қобалжусыз, жауапкершіліксіз және айналаның барлығы тек қуаныш әкелетін шақ» — деп түсіндірген.

1.    Ата — аналарға тақтадағы жағдаяттарды шешу ұсынылады.

а) 7 жастағы Дамирдің ақыл ойы жақсы дамыған, агрессивті емес, жиі сұрақтар қояды,үлкендермен пікір-таласқа қабілетті. Ертегілер мен ертегі кейіпкерлеріне қызықпайды. Бала өзінң сыныптастары мен құрдастарымен қарым-қатынаста қиындық көреді, қарым-қатынас жасағысы келмейді, сюжеттік-рөлдік ойындардан бас тартады. Оның отбасында тек интелектуалдық ойындар ойналады, пікір -таластарда бала тек фактілерге сүйенеді. Ертегіні сахнада көрген кезде, ол : « Қалай жануарлар сөйлей алмайды ғой?» -Деп таң қалды. Ол баламен қалай жұмыс істеуге болады?

б) Анасы 5 жастағы Сәулені психологқа ақыл-кеңеске алып келді. Анасы психологқа « Сәуле анасын кішкентай қызға қызғана ма?» деген сұрақ қойды. Зерттеу нәтижесінде Сәуле анасын кішкентай алаға қызғанбайтынын көрсетті, бірақ өзі -өзі бағалауы жоғары. Сәуле екінші баланың туу себебінен өзіне деген аз көңіл бөлуді сезбеу үшін отбасындағы барлық адамдар оның тілектері мен еркелігін орындайды. Әр қимылы мен ісін мақтайды, жағымсыз қылықтары туралы пікірлерді тыңдамайды. Қияңқы әрі ерке болып өсіп келеді. Ол баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керек?

в) Сіз балаңызды жазаладыңыз, бірақ ол кінәлі болмай шықты. Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?

г) Соңғы 2 жұмада балаңызға қандай мақтау немесе жазалау қолдандыңыз?

Келесі өткізген жұмыс түрі ассоциациялар тренингі.

Олүшін ең алдымен- тапсырманы тыңдай отырып, соған қатысты ойға келген образды жазып отыру қажет. Тапсырманың сұрақтары мынандай:

- егер отбасы құрылыс болса, ол....

- егер отбасы түс болса, ол.....

- егер отбасы музыка болса, ол...

- егер отбасы киноның аты болса, ол.....

- егер отбасы көңіл-күй болса, ол...

2. Қорытынды

Шынына келсек, бала өмірі, — қобалжулар тізбезі. Бала бәріне тәуелді, ешнәрсеге құқығы жоқ, ересектер оны адамға санамайды. Ата — ананың есіне отбасының көңіл — күйі мен баланың сыртқы және ішкі жәбірлеуден дайындыққа әзірлігінің дәрежесі арасында тікелей тәуелділік бар екенін естеріне түсіремін. Айта кететін жайт, жасөспірімдер үшін референт топ құрдастарының мінез — қылықтары мәнді әсер етеді, сондықтан сіздің балаңыздың досы кім екенін білген маңызды.

Берілген шақтың тағы бір ерекшелігі — тыйымға әсерлері. Көбінесе тыйым теріс әрекетке әкеледі. Бала үндемей өз — өзіне, терең ойға батуы мүмкін. Сондықтан бұл кезде балалармен топтық қатынастар тиімді болып келеді, олар оқшаулану сезімінің келуіне және бала сезімдерінің тұрақтандырылуына әсер етеді. Әңгімемді ата — ана үшін ескертуді таратумен аяқтаймын.

Шешімі:

1.    Алған ақпаратты қабылдап, бала өмірінде жәбірлеуге жол бермеу.

2.    Екерту материалын мұқият оқып, жадында ұстау.

 























Выбранный для просмотра документ жәбірлену .ppt

библиотека
материалов
Жанұяда балаға зорлық зомбылық болмасын!!!
Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егед...
1.    Физикалық жәбірлеу — ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлға...
2.    Психологиялық жәбірлеу — ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұл...
3.    Жыныстық жәбірлеу — ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе, рұқсат...
4.    Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау...
Сіздің құқығыңыз бұзылады ма? 5 - 9 сынып окушылар. Сауалнамаға қатысқан оқуш...
Психолог кеңесі: 1.Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік...
5. Отбасында ересектердің бір-біріне жылы сөйлеп. жақын тартып тұруы бала үш...
АТА-АНАҒА АЙТАРЫМЫЗ... 1. "Баламның құқығына қол сұқпас үшін мен не істеуім к...
4. Баланың ар-намысына нұқсан келетін жағдайларда балаға қорған бола біліңіз....
Назарларыңызға рахмет!
13 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жанұяда балаға зорлық зомбылық болмасын!!!
Описание слайда:

Жанұяда балаға зорлық зомбылық болмасын!!!

№ слайда 2 Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егед
Описание слайда:

Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді, Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді. Қазақ мақалы 

№ слайда 3 1.    Физикалық жәбірлеу — ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлға
Описание слайда:

1.    Физикалық жәбірлеу — ата — ананың, немесе, олардың орнын басатын тұлғалардың немесе, олардың тәрбиесіне жауаптылардың балаға әдейі физикалық әрекет жасау.

№ слайда 4 2.    Психологиялық жәбірлеу — ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұл
Описание слайда:

2.    Психологиялық жәбірлеу — ата — ана немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғалар тарапынан күнделікті күтімнің болмауы, осының нәтижесінде баланың көңіл — күйі бұзылады және оның денсаулығы мен дамуына қауіп төнеді, сонымен қатар баланы қорқыту.

№ слайда 5 3.    Жыныстық жәбірлеу — ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе, рұқсат
Описание слайда:

3.    Жыныстық жәбірлеу — ересектердің баланы оның рұқсатымен немесе, рұқсатысыз немесе, оның жасы келмегендігін, яғни есі кірмегендігін пайдаланып өздерін қанағаттандыру үшін жыныстық қатынасқа салу

№ слайда 6 4.    Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау
Описание слайда:

4.    Экономикалық жәбірлеу — баланың негізгі мұқтаждықтарын қанағаттандырмау немесе оның сауда құралы ретінде қолдану.

№ слайда 7 Сіздің құқығыңыз бұзылады ма? 5 - 9 сынып окушылар. Сауалнамаға қатысқан оқуш
Описание слайда:

Сіздің құқығыңыз бұзылады ма? 5 - 9 сынып окушылар. Сауалнамаға қатысқан оқушылар саны: 127

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9 Психолог кеңесі: 1.Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік
Описание слайда:

Психолог кеңесі: 1.Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік "Менін" мойындаңыз және қолдай біліңіз. 2. Балаңыздың өмірін басқаруға ұмтылмаңыз. Оның өзі атқара алатын ісіне араласудың қажеті жоқ. 3. Отбасындағы ересектердің әрқайсысының өзіндік ерекшелігіне қарамастан, шамаларыңыз келсе, балаға біркелкі қарым-қатынас жасаған дұрыс 4. Ерлі-зайыпты адамдар баланың көзінше бір-бірлеріне өкпе-наз айтып, реніш білдіруте тырыспауы керек.

№ слайда 10 5. Отбасында ересектердің бір-біріне жылы сөйлеп. жақын тартып тұруы бала үш
Описание слайда:

5. Отбасында ересектердің бір-біріне жылы сөйлеп. жақын тартып тұруы бала үшін үлгі болмақ. 6. Балалармен қарым-қатынас жасағанда байланыстың мәдениетті түрі махаббат, сенім, құрмет, сыйласымдық, әділдік сезіліп тұрғаны ләзім. 7. Балаңызбен араңызда өзара сенім, адалдық орнатуға тырысыңыз 8. Балаңызға бұйрықты түрде қатты сөйлеуден ("Жина", "Бар"), бір нәрсені күштеп істету ("Айттьм болды істейсің", "Осыдан жасамай көрші" т.б.), намысына тию ("О, ақымақ", "Мисыз"т.б.), құрғақ ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның есесіне өзіңіз үлгі көрсетіп, қай істе болмасын бастамашы болуға тырысыңыз.

№ слайда 11 АТА-АНАҒА АЙТАРЫМЫЗ... 1. "Баламның құқығына қол сұқпас үшін мен не істеуім к
Описание слайда:

АТА-АНАҒА АЙТАРЫМЫЗ... 1. "Баламның құқығына қол сұқпас үшін мен не істеуім керек?" деген сауалды ата-ана өзіне жиі қойып отыруы керек. 2. Бала үшін ата-ана үнемі үлгі болмак. Сондықтан сіз өзіңіз бас болып балаңыздың құқығын бұзып жатсаңыз, бала соған әдеттенеді, өз құкығы аяк асты тапталып жатса да мән бермейтін жағдайға жетеді. Кейін айналасындағылар балаңыздың құқығына қаншалықты қол сұқса да, бала оған немқұрайлылык танытады. 3. Балаңызға дер кезінде таңдау құқығын бере білуге тырысыңыз.

№ слайда 12 4. Баланың ар-намысына нұқсан келетін жағдайларда балаға қорған бола біліңіз.
Описание слайда:

4. Баланың ар-намысына нұқсан келетін жағдайларда балаға қорған бола біліңіз. 5. Белгілі бір қиындықтарды жеңуде баланың таңдау еркіндігіне, шешім қабылдауына мүмкіндік беріп, ынталандырып, бірлесіп әрекет жасаңыз. 6. Үйде баланың ішкі жан дүниесіндегі қиындыктарын бүкпесіз айтуына жағдай жасау керек. 7. Балаңызды өз құқығын өркениетті түрде қорғауға үйретіңіз.

№ слайда 13 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.10.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров450
Номер материала ДБ-238355
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх