Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: Жылы жүрек жаксы тілек. Осы сабақта оқушылар өзән өзә тану сабағында көптеген жаксы тілектер айта отырып ,аналарынын қалай еркелетіні туралы да көп сөздер айтты..Сіздерге тәжирибе алмасу үшін бұл сабақты жіберіп отырмын.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тақырыбы: Жылы жүрек жаксы тілек. Осы сабақта оқушылар өзән өзә тану сабағында көптеген жаксы тілектер айта отырып ,аналарынын қалай еркелетіні туралы да көп сөздер айтты..Сіздерге тәжирибе алмасу үшін бұл сабақты жіберіп отырмын.

библиотека
материалов

Күні: 12.02.2016ж

Тақырыбы: Жылы жүрек жақсы тілек.

Құндылық : Ішкі тыныштық

Қасиеттер: сыпайылық; ашуланбау; тәртіп

Мұғалім: Сейпиева Арайлым Хасеновна

Сыныбы: 3

Оқушылар саны : 11

Сабақтың мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік», «адагершілік»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  1. Мейірімділік,қайырымдылық туралы түсініктері кеңейту;қамқорлық жасауға жетелеу;

  2. Шыдамдылыққа, ашуланбау \

  3. Тәртіптілікке, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс.

Көрнекі құралдар:үнтаспа,дәптер,оқулық,күннің

көзі,жүрекшелер.

Ресурстар:(материалдар, дереккөздер)

Оқулық, жұмыс дәптері, тақырыпқа байланысты суреттер.


Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тыныштық сәті. (Нұрға бөлеу)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

- Балалар көздеріне не елестеді?

- Қандай сезімде болдыңдар?


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. «Сазды хикая» ертегі

1.      Көртышқан не себепті жалғыз қалды?

2.      Достарымен қалай татуласты?

3.      Достарыңның сырын сақтай білесіңдер ме?


Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жарқын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағым маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды

Дәйек сөз.

«Табиғаттағы барлық жылу-күннен,

Өмірдегі барлық жылу-адамнан» дәптерге жаздыру.

1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

3.Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

4. Қандай жақсы сөздерді білесіңдер?

5. Отбасында қандай әдемі сөздерді айтасыңдар?


Әңгiмелеу (сұхбат).

«Жақсы ата»

Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу қажет. Ал ондай адам табыла бермесі Ерасыл мәлім.

Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Анасына айтып көріп еді. Ол:

-  Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.

Әкесі:

-  Өзің ойнасаңшы, - деп сылап – сипап шығарып салды.Ендігі үміті  әжесі Күмісте болатын, «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, әншейінде айналып-толғанып отыратын әжесі есеп-қисап шығарып отыр, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық:

-    Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап, ойнатып келейін, - деді.

Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі құмары әбден қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына:

-   Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.

-   Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам да сендей балдан тәтті немере таба алмаспын,- деді мейірленіп.

 1 сұрақ. Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

2 сұрақ. Атасы немересін қалай жақсы көреді?

3 сұрақ.  Өздерің ата – әжелеріңе қандай жақсы тілек айтасыңдар?


  1.  Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға жасыл, қызыл гүлдер таратылады. Сол түстер бойынша топқа бөлініп отырғызыдады.

 1-топ. «Менің досыма қамқорлығым»

2- топ. «Мен бақытты баламын» сурет салу


  1. Топпен ән айту. Бала тілегі

Сөзі: С.Молдасанұлы

Әні: Ф.Лұқпанова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер билеңдер,

Гүлденсін деп ата-мекен қара орман. (2 рет)

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан –байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

  1. Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.(2 рет)


  1. Үй тапсырмасы.

«Отбасым – шаттық мекенім»  ашық хат жасау.


Тапсырма: «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.

Қорытындылау

Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.



-Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

-Менің мейірімді жүрегіме рахмет!

-Менің жылы жүрегіме рахмет!

-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!

-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!

-Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!

-Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!

Соңғы тыныштық сәтi.   

 Баяу әуен.

-  Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі өткен сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізге сақтайық.

Қатысқандарыңызға рахмет.


































Дәйексөз

    Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

    Мұғалім тақтаға «Жақсы сөз – жан семіртер» деген халық мақалын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді:

-          Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.  

  Оқушылар дәйексөзді дәптеріне жазып алады.

Тапсырма  Оқушылардың сабақта алған білім- біліктерін тиянақтау үшін тапсырма беріледі. Тапсырмада ілінген ана мен бала  суреттерге қарап  кейіпкердің орнына өздерін қойып, жақсы сөз, жылы тілек айту ұсынылады.

Сергіту сәті

Балаларды барлық уақытта жақсы ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады:

     - Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік                                            Тілек

Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпыпсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)

 

Дәптермен жұмыс

 

Мұғалім оқушыларға бүгінгі күнді жазғызып, "Ана "тақырыбына эссе жазғызады.

 Қорытынды:

Мұғалім бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды:

   - Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шатыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.

 

 

Үйге тапсырма:

Мәтінді оқып келу.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-513653

Похожие материалы