Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тақырыбы: «Жұлдызы еді поэзия көгінің...» (5 - 9 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тақырыбы: «Жұлдызы еді поэзия көгінің...» (5 - 9 класс)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Жұлдызы еді поэзия көгінің...»

(5 - 9 класс)

Түрі: Поэзия кеші

Мақсаты: ғаламат ақиық ақын М.Мақатаевтың жырлары мен естелік күнделігіндегі сырларын аша отырып ақын жанын етене ұғып, ұлы тұлғаны түсінуге тырысу.

Көрнекілігі: ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінділер

  1. оқушы: «Мұқағали».

Жұмаш Сомжүрекұлы

Жалғанда жырды жалғыз бағы көрген,

Көзінің қарасы мен ағы көрген.

Күн сәулесін бойына көп сіңіріп,

Өз отына қртеніп,жанып өлген.

Тірісінде сый көрмей қайран ақын.

Тек өлген соң атағын жайған ақын.

Ежелден қазақтың бұл қасіреті,

Бармағын тістеп кейін ойланатын.

Әр жырында жатады жарқын ғалам,

Бір өлең жоқ қайығы қалтылдаған.

Төрт тұяғы тайпалған жорға кілең,

Астарына тысы сай алтындаған.

Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,

Өлеңдері өрелі жайсаң ғажап,

Азамат, ірі ақын боп,ұлы ақын боп

Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!

  1. жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен Хантәңірдей асқақ тұлғалы ақын М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Жұлдызы еді поэзия көгінің...» атты әдеби – сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

  2. жүргізуші: «Кең дүние, аш есігіңді мен келемін», -деп Бұқары мен Ақтамбердісі, Махамбеті бар, Абайы мен Мағжаны бар,Қасымы бар киелі өлкеге балалық еркелігімен,азаматтық арынымен келген ерен тұлғалардың бірі – Мұқағали Мақатаев.

6- класс оқушысы Жұмағалиев Нұрболат «Арыз жазып кетейін»

Бүгін менің туған күнім,

Ой бәле – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім –ақ

Тәңірдің бір жарытпай – ақ қойғаны – ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей...

  1. жүргізуші: Ақынның әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. 1941 жылдың

желтоқсанында майданға аттанып,Калининград маңайында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза табады.

  1. жүргізуші: Шешесі Нағима өте қарапайым адам екен. Мұқағали жанұяның тұңғышы болғандықтан, оның әжесі Тиын өз бауырына салады. Мұқағали өз

әжесі жайында: «Мені сөзге,жырға үйреткен,тәрбиелеген, халықты сүюге үйреткен, әжем», -дейді.

6 –класс оқушысы Жұмағалиев Нұрболат «Шеше,сен бақыттысың»

3-оқушы: «Шеше,сен бақыттысың»

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жылымағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын,жыламағын.



Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасындамын.

Өлмеймін,мен өзіндей асылданмын!

Таусылып өз –өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасына,

Өзім кепіл тот басып тозбасыма

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.



Тәңірім кеше гөрсін кесірімді,!

Аспанға жазам сенің есіміңді.

Шеше

Сен бақыттысың,тербете бер,

Құба талдан иілген бесігімді...

  1. жүргізуші: 8 класс оқушысы Жанабаева Жанель «Анашым»

  2. жүргізуші: 5 класс оқушысы Жанабаева Ақбота «Ақ кимешек көрінсе»

5- оқушы:

Әже,сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңдң телімегем.

Ақ кимешек киген бір кемпір көрем.

Өңі – түсі өзіңнен бір аумайды,

Немересін ерітпесе жүре алмайды.

Таныс дауыс,таныс сөз, таныс мәсі,

Көзіме оттай басып алаулайды.

Аппақтығы ұқсайды әрінің де,

Әжімің де аумайды тәлімің де,

...Әлемдегі әженің бәрі бір ме?

Әже сен тірі екенсіз әлі күнге.

Қия өтпейді...

Ұқсайды ізеті де,

Ізетсіз бұлар да түзетуде.

Бұлар да бабасынан алып қалған,

Өз жұртының дәстүрін күзетуде.

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,

Өліге мен өзіңді телімегем.

Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса...

Нені көрем???

  1. жүргізуші: 6 класс оқушысы Жұмағалиев Нұрболат. «Әйелдер -ай»

  2. жүргізуші: Мұқағали туған жерді,Отанды сүю тақырыбына көсіле қалам

тартқан қаламгер, әрбір өлеңі көтеріңкі азаматтық үнмен.табиғаттың қайталанбас суреттермен астарласып жатады.

1-жүргізуші:

Білесің бе,

Отанның не екенін?!

Екі отан жоқ,

Жалғыз Отан – мекенің,- деп жырлаған ақын өз Отанын сүюді өзі туған Қарасаз

ауылы мен Нарынқол тауларынан,Айғатас пен Саржайлаудан бастайды.

9 класс оқушыс Кульбаева Айымгуль «Қарасаз»

2-жүргізуші: 7класс оқушысы Дүзбас Ақниет «Қайран Қарасазым»

1-жүргізуші: «Саржайлау» әні.

Орындайтын: Саныбай Ақбөбек пен Самиғаллиев Әділет

2-жүргізуші: Мұқағали әр күн, әр сағатта халықпен бірге жүреді, халықтан үйренді. Халқын сүйді, оның әрбір сөзін алтынға балады.

9 класс оқушысы Кульбаева Айымгуль «Шыда» өлеңі.

1-жүргізуші:

Бұл өмірде сұрамаймын ештеңе,

Сұрамаймын апиын мен көр – жақұт.

Бір өзіме жетеді маған берсе де,

Халық,Отан,Тіл дейтұғын үш бақыт.

6–класс оқушысы Ұмытқан Айым «Үш бақытым» өлеңі.

2-жүргізуші: Ән: «Бақыт» Орындайтын 9 класс оқушысы Кульбаева А.

1-жүргізуші: Ақын жырлаған өлеңдерінің үштен бірі табиғат, қоршаған орта,

адам жайлы. Өр ақын, мұңды ақын өзін кейбір адамдар түсінбегендіктен «Менің кім екенімді табиғаттан сұра,табиғат менің жанымды ұғады», деп бар құпиясын табиғатқа ашады.

2-жүргізуші: табиғат тақырыбымен астарласа келген таудың суреттелуі тума таланттың тамаша өлеңдер тобын құрайды. Аспан таулардың ақиығы, табиғаттың арда емген ерекше туындысы - Хан Тәңірі биігінен поэзиялық күш алған ақын, өзін «Мен таулықпын» деп жырға қосады.

5 класс оқушысы Келіс Аружан «Мен таулықпын» өлеңін оқиды.

Тау дейтін алып жүрек Ана туған

Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Киіктің сүтін еміп ер жеткенмін,

Қуат алып қыранның қанатынан.



Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Бұлт бүркеніп,жай отын ала туғам.

Күн алғашқы сәулесін маған шашып,

Маған келіп түнейді қара тұман.

Тау ұлымын,

Тау менің дәу бесігім.

Мен оның әуресімін,сәулесімін.

Асқар шыңдар желпиді бесігімді,

Бір орамын ағытып сәлдесінің.



Мен – таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Тау деген Ана тұлғаң дара тұлғам.

... Тауға барып, көкке ұшып кетсем бе екен,

Ұстап алып қыранның қанатынан.

2-жүргізуші: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықтың наным – сеніміне, әдеп - ғұрпын жанымен ұғып, санаңа сіңіруді мақсат еткен туынды. Халықтың кие –кесапат ұғымын қастерлей білетін қаламгер, осы туындысын жанымен түсінген азаматқа арнап жазғандай.

9- класс оқушыларының «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс.

  1. жүргізуші: Ақын Фариза Оңғарсынова «Мұқағали – біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс,Мұқағали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы» деген екен

6 класс оқушысы: Жұмағалиев Нұрболат «Фаризаға» өлеңі.

2-жүргізуші: «Мен түсінгісі келген адам менің өлеңімді оқысың», -деген ақынның сөзі расқа шықты. Мұқағали жырлары тіршіліктің тамырындай өміршең, мәңгілік жырлар.Ендеше, сол бір мәңгілік жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ түрейік.

Оразғали Нарғыз «Поэзия» өлеңі

Ақтілеу Іңкар «Қара өлең»

Саныбай Ақбөбек «Мен – дағы өлең жазбаймын» өлеңін оқиды.

Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін,

Ермек үшін немесе өлмеу үшін.

Жазсам,жазам жырды мен, жасрымаймын,

Жаралы жүректердң емдеу үшін.



Ермек үшін белгілі жырламасым,

Ермек десе ел мейлі тыңдамасың.

Өтсем болды арқалап адамдардың,

Қуанышың,шаттығың, мұң –наласын.



Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.



Өлмеу үшін,құлқыңды жемдеу үшін,

Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.

5 класс оқушысы Урынбаева Фариза «Автограф» өлеңін оқиды.

  1. жүргізуші: 1976жыл 27 наурыз. Бұл күн қазақ поэзиясының басына қайғы

үйірілген, орны толмас қаралы күн. Бұл күні ажал атты келместің кемесі өз

Барсакелмесіне ғаламат ақынымызды мәңгілікке алып кетті.

  1. -жүргізуші:

Әрине суық қайғы, суық қайғы,

Көңілін халқын бірақ суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Бақұл боп халқын сені ұмытпайды.

Ақын бар – жоғы 45 жасында бұл өмірмен қоштасты.

9 класс оқушысы Орынбаева Нұрсила «Арнау» өлеңі.

1-жүргізуші:

Талай нөсер төгілер болар жасын,

Алапат күш әйтеуір жоғалмасын.

Мына нұрлы өмірге тірек болған,

Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын.,- деп өзі айтып кеткендей, оның жырлары әлі

сан ұрпақтың шөлдегеніне – сусын, шаршағанына – сая, дертіне -шипа, шалдыққанына -демеу болатыны сөзсіз. Себебі, оның жырларын үлкендер де сүйіп тыңдайды, жастар да сүйіп әнге қосады.

Ән: «Отыздан асып барамын» 7 класс оқушысы Оспан Данияр.

  1. жүргізуші:

Аунап түсіп орныңнан жатырмысың,

Аруағыңа иемін басымды шың.

Қанатынан қыранның қуат алған,

Ең мықты ғасырыңның ақынысың.,-дей келе ғаламат ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби –сазды кешімізді аяқтаймыз.



Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров116
Номер материала ДБ-037618
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх