Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы: «101 жұмбақ,1001 мақал»

Тақырыбы: «101 жұмбақ,1001 мақал»

Скачать материал

Бекітемін:                                         Г. Бакирова

 

Күні: 05.11.2015ж

Тақырыбы: «101 жұмбақ,1001 мақал»

Мақсаты: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін, ойлау қабілетін дамыту.халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым- қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа тәрбиелеу.

 

Әдісі: ойын,  жарыс

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер

 

Кіріспе: Бүгін бізде «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз- халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу.

 

Мақал-мәтелдер- ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақын-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал- мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Өмірдің сан алуан құбылыстарындағы халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.

 

Жұмбақтар –да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.Онда халқымыздың ой-қиялы дамуының ізденістерінің ізі жатыр.Жұмбақтан халықтың ойлау жүйесін танимыз.

 

I топ: «Тұлпар»

II топ: «Сұңқар»

III топ: «Қыран»

 

«Тұлпар» тобы: Жалқаудан жаман жоқ

                            Оқымаса маман жоқ.

«Сұңқар» тобы: Білім іздеген өсер

                            Бүлік іздеген өшер

«Қыран» тобы:  Бар ізгілік тек біліммен алынар,

                            Білімменен аспанға жол салынар.

 

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.

 

I бөлім. Жалғасын тап

II бөлім. Мақалмен жауап

III бөлім. Мақал-тест

IY бөлім. Көрермендермен жұмыс

Y бөлім. Кім тапқыр?

YI бөлім. Жұмбақ жасыру

 

I бөлім. Жалғасын тап

Тұлпар тобына:

1.     Отан оттан да ыстық, (Жалына бар шоқтан да ыстық)

2.     Ел іші-береке,(Көп ісі-мереке)

3.     Ер туған жеріне келер,(Ат тұрған жеріне келер)

4.     Еңбек етпей елге өкпелеме,(Теріңді төкпей жерге өкпелеме)

Сұңқар тобына:

1.     Өнер-ағып жатқан бұлақ,(Білім-жанып жатқан шырақ)

2.     Отансыз адам-(ормансыз бұлбұл)

3.     Болат қайнауда шынығады,(Батыр майданда шынығады)

4.     Еңбегіне қарай-құрмет,(Жасына қарай-ізет)

Қыран тобына:

1.     Отан үшін күрес,(Елге тиген үлес)

2.     ағайын тату болса ат көп, (Абысын тату болса ас көп)

3.     Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені,(Еменнің иілгені сынғаны)

4.     Еңбегің егіз болса,(Байлығың сегіз болады)

 

II бөлім. Мақалмен жауап

Тұлпар тобына:

1.     Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады)

2.     Етікті қонышынан басып киюге бола ма?(Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)

3.     Оттан не ыстық? (Отан оттан да ыстық)

4.     Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)

 

Сұңқар тобына:

1.     Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті)

2.     Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)

3.     Шошқа үре ме? (Қорада ит жоқта шошқа үреді)

4.     Білгенің қанша, білмегенің қанша?(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)

Қыран тобына:

1.     Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?(Көз қорқақ, қол батыр)

2.     Тауық түс көре ме?(Тауықтың түсіне тары кіреді)

3.     Ер қаруы нешеу?(Ер қаруы- бес қару)

4.     Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі?(Батыр бір рет, қорқақ мың рет өледі)

 

III бөлім. Мақал тест

Тұлпар тобына:

1.     Туған жердің............күйесіз.

А)үйі                ә) түтіні                 б) ары

2. Кәсібі бардың...............бар.

А) нәсібі           ә)ақшасы               б) бағы

3. Ерінбеген........... су ішеді.

А)електен         ә)құдықтан            б)шелектен

4.Кітап........, білім тоқығандікі

А)алғандікі       ә)оқығандікі           б)сатқандікі

5. ксі аты тершіл, кісі киімі..........

А)ақшыл            ә)қалың                  б)кіршіл

Сұңқар тобына:

1.     Ата-анаң отырған...........төбесіне шықпа.

А) үйдің              ә)дөңнің                 б)төбенің

2. Әкенің қадірін.......болғанда білерсің

А)қарт                  ә)бастық                 б) балалы

3. Жығылып жатып.......... күлме

А) сүрінгенге      ә)жүгіргенге            б)тұрғызғанға

4.........уақыт соққан желдей тез өтер

А)тығыз                     ә)жақсы              б)бақытты

5. Шын жолдас..........берік, ерге серік

А)болаттай                ә)жауға               б)сөзге

Қыран тобына:

1.     сәуір болмай.......болмас

а)тәуір                         ә)күн                   б)жаңбыр

2. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде.......... боларсың

А)ақылды                   ә) суық                       б) мылжың

3. Бір аштықтың, бір................ бар.

А)тоқтығы                  ә)тамағы                     б)берері

4. Анасын сүйгеннің ......... сүй.

А) өзін                         ә) баласын                   б) анасын

5. Отан ........ басталады

А) үйден                      ә) қаладан                    б) отбасынан

IY бөлім. Көрермендермен жұмыс

Көрсетілген суреттерге мақал айту (қыз, гүл, ана, кітап, батыр)

 

Y бөлім: кім тапқыр?

Мақалды қимылмен, ым-ширамен түсіндіреді. Топтар табуы керек.

 

1.     Қолы қимылдағанның, ауызы қимылдар.

2.     Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

3.     Анаға қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер.

4.     Таспен атқанды аспен ат

5.     Отан оттан да ыстық.

 

YI бөлім. Жұмбақ жасыру

 

1.     Ол- оқушы құралы

Қатеңді түзетіп тұрады.                    (өшіргіш)

2.     Төрде жатып шалқиған,

Дәу қарны қампиған.                       (жастық)

3.     Жерде де мекен етеді,

Көлде де мекен етеді.                        (бақа)

4.     Шидеген ұзын сирағы,

Тастай керең құлағы

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы торлар құрады.                     (өрмекші)

5.     Қарап тұрсаң өзіне

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретін ұқсайды,

Дәл қазіргі кезіңе.                               (айна)

6.     Күндіз бәрі қашады.

Түнде аспанды басады.                      (жұлдыз)

 

Қорытынды. Марапаттау

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «101 жұмбақ,1001 мақал»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 969
    • DOCX 46.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Журментаева Гулнар Сунгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Журментаева Гулнар Сунгатовна
    Журментаева Гулнар Сунгатовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3837
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек