Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста жолаушы! (4 "Б" сынып)

Тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста жолаушы! (4 "Б" сынып)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста жолаушы!

Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің түрлерін, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету; Есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру. Барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, бағдаршам макеті, көліктер, интерактивті тақта, презентация, безендіру шарлары т/б.

Әдіс – тәсілі: сұрақ жауап, топтық жұмыс, синкуейн әдісі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: психологиялық дайындық

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. Бағдаршам өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз. Көліктер мен қатар, аспанда ұшақтарымыз да ұшады. Олардың да жолда жүру ережелері бар. Сондықтанда статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ көптеген жол апаты, жарақат алып жатқан адамдар саны қаншама. Бұлардың барлығы біріншіден жол ережесін білмегендіктен, екіншіден жол ережесіне бағынбағандықтан болып отыр. Бүгінгі «Жол тәртібін жадыңда ұста жолаушы!» атты ашық тәрбие сағатында жол ережесі туралы, жол ережесінің белгілерімен танысамыз.

Шараға 3 топ «Қызылдар», «Сарылар», «Жасылдар» тобы қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Тәрбие сағатымыз 4 кезеңнен тұрады.

  1. «Біле жүрер мәлімет» оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша өз бетімен іздену жұмыстары.

  2. «Ережені білейік, аман-есен жүрейік» сұрақ-жауап кезеңінде пошташы бала ортаға самокатпен шығып 3 топқа хат таратады.

  3. «Кім жылдам?» ойыны оқушы тақтайшада жасырылған жол белгісін жылдам тауып, қандай белгі екенін айту.

  4. «Үйренейік, білейік» кезеңінде жол ережесіне байланысты көрніс көрсету.



    1. кезең тапсырмалары «Біле жүрер мәлімет»

«Көше ережесі тарихынан»

1-топ

1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды.

2-оқушы: Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды.

3- оқушы: Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды.

4-оқушы: Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.

2-топ

1-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды.

2-оқушы: Ресейде алғаш жолдар І Петр кезінде салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын.

3-оқушы: Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

4-оқушы: Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды.

5-оқушы: Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.

3 топ

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.

2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3-оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
4-оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5-оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.


    1. кезең тапсырмалары «Ережені білейік, аман-есен жүрейік»

1 топ

1. Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. 

2. Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам. 

3. Автобус деген не? Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы. 

4. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы 

5. Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі.

2 топ

1. Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек. 


2. Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру

рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция.


3. Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені.

4. Маршруттық көлік құралы деген не? Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік құралы. 

5. Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтын адам.

3 топ

1. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға. 

2. Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші. 

3. Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын. 

4. Көлік құралы дегеніміз не? Жол бойымен адамдарды, жүктерді немесе оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы. 

5. Неше жастан бастап жолда велосипедпен жүруге болады? 14 жасқа толған балаларға рұқсат етіледі.


    1. кезең «Кім жылдам?» ойыны

1 топ

«Тыйым салу белгілері»


Велосипедпен жүруге тыйым салынады

hello_html_m3ab9f681.png  

Кіруге тыйым салынады

hello_html_m448c8c2b.png

Жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады

hello_html_785be476.png

ТҰРУҒА тыйым салынады.


hello_html_9a994df.png

2 топ

«Ескерту белгілері»


hello_html_m467ad6cd.png Шлагбаум арқылы темір жол өткелі

 

Жаяу жүргіншілер өткелі

hello_html_752b8efb.png


Жол жұмыстары

hello_html_1503d1e9.png  



hello_html_47cd036.png Оңға қауіпті бұрылыс

 


3 топ

«Басымдылық белгілері»

 

Негізгі жол

 hello_html_m27579755.png

ЖОЛ БЕРУ

 hello_html_1ae945d7.png



hello_html_m7bb7c732.png Аялдамасыз қозғалысқа тЫЙым салынған

Қарсы қозғалыс басымдығы

 hello_html_m78ce0306.png






    1. кезең «Үйренейік, білейік»


Мұғалім сөзі:

Міне, біздің балалар жол белгілері туралы көп мағлұмат біледі екен. Қазір мен сендерге ситуациялық сұрақ беремін, тапқырлығыңызды, ақылдылығыңызды көрсетіп жағдаяттан шығуларыңыз керек.

  • Сен жолдан өтіп бара жатқанда, саған біреу айқайласа не істейсің?

  • Сен жолдан өтіп келе жатырсың, кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің. Сен не істейсің?

  • Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?

  • Егер ұзақ уақыт күткен автобусың келмесе, сен не істейсің?

Ендеше, Үйренейік, білейік , көрніске кезек берейік.

Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.

Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтесіңдер? 

Автоинспектор: 
- Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу. 

Зуылбек 
- Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз - ақ зуылдатам. 
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді. 
- Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе?
Мен үшін жасалған белгі ме? 

Бала: Ия, сен үшін, бұл белгінің аты - «Велосипед жүрмейді» 
Зуылбек  Жүрмейді? тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?... Зеленный свет

/Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді/ 

- Мұны да белгі дейді - ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек? 
Бала: Зуылбек - ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба? 

Зуылбек: А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап - гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем. 

/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/ 

Зуылбек: Ал, мына белгі не үшін керек?

Бала: Қара, бұл адамдар өтеді.

Зуылбек: Велигім тұрғанда мұны қайтем?

Автоинспектор басын шайқап. 

Балалар, жолда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекке үйретейік.

«Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.

- Мынау қандай белгі? 

Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш. 
- Ескерту белгісі

Қып - қызыл үшбұрыш 
Ескерту белгісі мен болам
 
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағам
 
Аман - сау жүреді жаяу да көлік те
 
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын
 



Тыйым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек 

Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты 
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге 
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа. 

Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш 


Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
 
Күндіз де түнде де от болып жанады
 
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
 

Зуылбек: 
- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор. 

Автоинспектор:
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық 

1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт 
2.
Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара 
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
 
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші

жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті. 
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. 
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме. 
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек. 

«Бағдаршам» әні

Мұғалімнің қортынды сөзі:

 






hello_html_276609f5.gif










hello_html_3d2d40c2.gif

 

hello_html_m70df8db6.jpg

 


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров177
Номер материала ДВ-197185
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх