Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәні бақытты болуға тәрбиелейді.

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәні бақытты болуға тәрбиелейді.

Скачать материал

Баяндама

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәні бақытты болуға тәрбиелейді.

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінің  қазіргі кезеңдегі құндылығы мен пәннің маңыздылығын көрсету, іс-тәжірибемен бөлісу.

             Елбасы Н.Ә Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Барлық жақсылық балаларға жасалуы қажет» –деп атап көрсетті. Болашақ ұрпақтың төзімді , өзіне сенімді, рухани-адамгершілік сезімі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, білімді болып өсуіне көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр.

   Сара Алпысқызы айналысып жүрген ірі жобалардың бірі “Өзіңді-өзің тану” деп аталады.Осы жобаның негізгі мағынасы “Қайткенде адам қалады адам болып?” дейтін жауабы күрделі үлкен сауалдың төңірегінде жұртқа ой салу десек қателеспейміз. Шынында да, қазір жер беті түрлі ауыр күнәлардың ордасына айналды. Күніне қаншама мың жазықсыз адамдар адам қолынан қаза тауып, аз ғана топтың ашкөздігінің кесірінен мыңдаған адамдар аштан қырылып, діни қақтығыс пен ымырасыздықтың салдарынан жер жастанып жатыр. Бұл жүрекке салмақ түсірер оқиғалар. Осы тұрғыдан алғанда “Өзін-өзі тану” пәні адамның  адамгершілік қасиеттерін ұштап, адамның аңнан айырмасы санасында екенін,сол сананы жақсы,оң істерге пайдалану керек екенін, сол сияқты адам өзінің жаман қасиеттерін де біліп, кез-келген жағдайда өзін-өзі ұстай білуін насихаттайды.

   Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырады.Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру күрделі мәселе болып отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты-барлық тәрбие бағытында баланы жеке тұлға деп танып-біліп, жан-жақты қалыптастыру.

        Осы себептен республикамызда іздену мен зерделеу нәтижесінде  2001 жылдан бері “Өзін-өзі тану ” бағдарламасы саралаудан өткізіліп,оқу жүйесіне енгізіле бастады. 

           Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына сәйкес 2010-2011 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап “Өзін өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру пәні ретінде жалпы білім беретін мекемелеріне жаппай енгізілді.    

         Бұл жобаның өзегінде адамзаттың рухани өмірдегі құндылықтарды бағалау мен оны игеру жолдары өмірлік жағдайлар мен өзгерістерді стандартты әдіспен емес, талдаумен, жеке тәжірибе мен таңдауды өмірде қалыптасқан шешімдермен салыстыру арқылы оқыту көзделеді.

Өзін-өзі тану деген – бұл адамның өзінің жан дүниесін сезіну  және түсіну болып табылады.

Бұл қай уақытта басталады? Мүмкін адам өзінің жасаған қылықтарына, сөзіне, ісіне жауап іздеген кезде болар. Біз өзіміздің жасаған іс-әрекеттерімізге талдау жасап, оны өзгерту жақтарына, өзімізге ұнамайтын жақтарын алып тастап, өзіміздің жетістіктеріміз бен сүрінген кездерімізге жауап іздеу, қандай екенімізді көру және келешекте не болатыны ойлауға жетелейді. Әрине, бұл  сезімдер адамдарға бір уақытта келмейді, бірақ-та осы сезім өзінің мәресіне жеткенде келеді. Егер ол сезім мектеп жасында келетін болса, оның кей кемшіліктерін түзетуге болады, дұрыс жолға қоюға болады. Өмірдің күйгін-сүргін кезінде (материалдық жағынан) жан дүниелік жақтарын ұмытып кетеміз, оған мән бермейміз. Еш уақытта жан дүниелік, танымдық іс-әрекеті адамның қарым-қатынасы,  адал достық, бақыт сезімі және мөлдір махаббат сезімдері жойылмайды. Егер де осының барлығы болмаса, адамға  қызықты жұмыс болмас еді, сонан кейін адам бір қатты қиналған кезде өзіне мынадай сұрақтар қояды: Неліктен? Маған осының барлығын  неге үйіп берген ? Неліктен менің тағдырым осылай? Не істеу керек?

Мүмкін осындай сұрақтардың туындауы өмірдегі тепе-теңдік шығар. Бұл біздің ойланбай жасаған қылықтарымыз шығар. Бізге ескерту жасап тұрған сияқты. Бірақ бұл мәселені шешуге ұмтылу қажет. Осы сұрақтарға жауапты «Өзін-өзі тану» пәнінде берілген әңгімелер мен мысалдардан табуға болады.Ол үшін әр мұғалім  сабақта оқушылардың санасына нені жеткізу керектігін алдын ала ойланып, тақырыптың кең ашылуына жағдай жасауы керек.

  Қазіргі кездегі білімнің мәні материя заңдары үстемдік ететін ересектер әлеміне сәттілікпен кіруге мүмкіндік беретін білімдердің көлемін игеруге жағдай жасайтын бірден-бір құрал-«Өзін өзі тану» пәні деп түсінген жөн.

Қазіргі жағдайда материалдық қажеттіліктер өте маңызды, оған ешкімнің таласы жоқ. Күн сайын жеу, ішу, киіну қажет, басыңда баспанаң болуы керек.Сол себепті де кейбір ата-аналар бала тәрбиелеу ісіне өзінің қатысын, тек қана материалдық қамқорлық жасау:киіндіру, тамақтандыру...-деп түсініп жүр.

  Алайда адам тек тән емес, сонымен қатар үлкен қажеттігі бар «жанды» ұмытпағаны жөн . Жан деп отырғанымыз-рух.Қазақта мынандай сөз тіркестері кездеседі:рухани бай адам,адамның рухы,ұлттық рух,рухы жоқ,рухани байлық,рухани ұстаз.Осы тіркестерге терең үңілсек адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыратын күштің «рух» екеніне көз жеткізуге болады.Жаратылыстың барлығы қарама- қарсылықтан тұрады: ақ-қара,күн-түн,ыстық-суық,тәтті-ащы,жақсы-жаман...Сол сияқты адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды да, барлық жаман нәрселер нәпсінің көрінісі болып табылады.Адамның жан дүниесінде үнемі екі қарам-қарсы күштің күресіп жүретінін білеміз.Рухтың мықтылығы мен әлсіздігіне орай жақсыны,ия жаманды таңдап жатамыз. Ал оқушы санасында жақсылық, бақытқа құштарлылықты қалыптастыру шебер ұстаздың қолынан ғана келеді.Рухани азықты тауып, дәмін татып, мейірімін қандырған жан бұл дүниенің қызыл-жасылы мен баянсыз бақытына жүрегін ауыртпайды,алаңсыз толық қанағаттану кейпіне еніп, өмірден нақты орнын таба алады.

   Адам өмірінің алтын бесігі-мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңа өмірде адамдық қасиеттерді қадірлеп, өмір заңдарын үйренеді.Әдептілік, имандылық, мейірімділік,қайырымдылық,ізеттілік,қонақжайлылық, адамгершілік, сүйіспеншілік құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл қасиетерін жас ұрпақтың санасына сіңіру, халық педагогикасын,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрлерін терең білетін, өз бойында адами құндылықтырды дарытқан, рухани жаны таза ұстаздың қолынан ғана келеді.

Оқушыға рухани-адамгершілік, бақытты болуға құштарлық тағылымдарын өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, өмірде дұрыс қолдана алатындай етіп үйрету қажет, бұл үрдіс білім берудің барлық кезінде негізге алынуы тиіс.Сонда ғана өзінің міндетін айқын білетін, мінез-құлқы жетілген саналы тұлға қалыптасады.

   Сөз соңын Қабан жыраудың «Бақыт,қайда барасың?» атты жырымен қорытындылағым келеді.


-Бақыт,қайда барасың?

-Ата-анасын сыйлаған,

Ұйымшылдық ойлаған,

Тату жанға барамын.

 

-Бақыт,қайда барасың?

-Өсірген жақсы баласын,

Сыйлаған ата-анасын,

Көрегенді ұлға барамын.

 

-Бақыт,қайда барасың?

-Еш адамды күндемес,

Өсек отын үрлемес,

Әдепті үйге барамын.

 

-Бақыт,қайда барасың?

-Үйінде тұрған Құраны,

Расул АЛЛА ұраны

Тәртіпті үйге барамын.

 

-Бақыт,қайда барасың?

Келін мен қызы ибалы,

Ата-анасын сыйлайтын,

Сондай үйге барамын.

 

-Бақыт,қайда барасың?

-Көршімен болған бірлігі,

Тағат,ғибадат тірлігі,

Ұйымшыл үйге барамын.

 

-Бақыт,қайда барасың?

-Соғысқа құмар ойы жоқ,

Ұлан-асыр тойы көп,

Бейбіт елге барамын!


-         Баршаңыздың отбасыңызға береке, Қазақстан халқына бірлік пен өзара татулық,бейбітшілік тілеймін!Өзіне сенімді, өзін тани білетін ұрпақ тәрбиелеу жолында төзімділік тілеймін!

 

Жазған : Манапова Жанар Пулатовна.

               №8 ЖББОМ мұғалімі

              Теміртау қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәні бақытты болуға тәрбиелейді."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 1030
    • DOCX 51.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манапова Жанар Пулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манапова Жанар Пулатовна
    Манапова Жанар Пулатовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57650
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе