Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Рабочие программы / Тақырыбы:Дауыссыз Д дыбысы мен әрпі

Тақырыбы:Дауыссыз Д дыбысы мен әрпі


  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m45a14ee9.gifhello_html_m5545a809.gifТақырып: Қ-Ғ дыбыстары.

Мақсаты: дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау.Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы.Есту және дұрыс жазылуын көрсету.Қатаң және ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру.Оптико-кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айрымашылығы.Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Құстарды қорғауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиын.ды әріптер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Қ-Ғ дыбысының профилі.

Қ-Ғ дыбысын шығарғанда еріндері өзінің алдындағы немесе соңындағы қосылып айтылатын дауысты дыбыстарға байланысты болады.Мысалы: ға,ғо,ғу,ғұ. Қа,қо,қу,құ.Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады.Тілдің ұшы төмен түседі, ал арты жұмсақ таңдаймен желбегей қабысады да,іштен келген ауа қысылып шыққан кезде дауыс шымылдығы дірілдейді.Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де, мұрын ауа жолын жабады.Дыбыс шымылдығы жабық болады.

Ғ- ұяң дауыссыз

Қ- қатаң дауыссыз.

Жаңа сабақ: Қазақ тілінде Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды,Қ –ға аяқталған сөден кейін дауысты дыбыс келсе,Қ дыбысы ғ-ға айналады.

Тасымал – жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша қойылады.Мысалы: қа-лам, ға-лам.

Тыныс алу жаттығулары: Қолды жылыту

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Кинезиологиялық жаттығулар: «Қоңырау» соққандай қолды қимылдату.

Саусақ жаттығулары: әтеш, құлып,доп,қоян, мысық жасау.

Қа- ға жалғауларын қосып аяқтау.

Бал(ға) Ба(ға) Жұ(қа)

Жа(ға) Ба(қа)

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

Мысалы: Балға -2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс бар.

Б –ұяң, дауыссыз

А –жуан, дауысты

Л-үнді, дауыссыз

Ғ – ұяң, дауыссыз

А- жуан, дауысты

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Құстарды атаңдар: аққу,қарға,тоқылдақ, қаршыға,қараторғай.

Суретке қарап,құстар туралы әңгіме құрастырыңдар.

Мысалы: Тоғайдағы алаңға барлық құстар жиналды.Мерекені аққу бастады.Шағын алаң құстарға толды.

Буын кестесін жылдамдықпен оқу.

Қа,қо,қу,қы

Қы,қа,қо,қу

Ға,ғо,ғу,ғы

Ғы,ға,ғо,ғу

Сөздерді буынға бөліп жазу.

Тор-ғай, сұң-қар,ша-ға-ла,то-қыл-дақ,қар-шы-ға,шым-шық.

Буынды табыңдар.Қабық-қабығы, сабақ-сабағы.

Сөз соңында қандай өзгеріс?

Тіл ұстарту.

Сен бақытты ұлансың.(жаттау)

Ағаң –қамқор –асқарың

Інің –мөлдір аспаның.

Сен –бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Қарындасың –қанатың,

Ел Отаның –жаннатың.

Сен –бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Жаңылтпаш оқу.

Құлағы үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

Сөздер қалай өзгереді?

Топырақ –топырағы,

Қуыршақ-қуыршағы,

Жолақ-жолағы,

Аяқ-аяғы,

Балақ-балағы,

Жорық –жорығы,

Лақ-лағы.

Сабақты бекіту.Бүгін қандай дыбыстарды өттік? Қ-Ғ дыбыстары.Осы дыбыстары бар сөздерді атаңдар.

Сабақтың соңы.

















































Сабақтың тақырыбы: К-Г дыбыстары.

Мақсаты: дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау.Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы.Есту және дұрыс жазылуын көрсету.Қатаң және ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру.Оптико-кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиын.ды әріптер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

К-Г дыбысының профилі.Тілдің ұшы атыңғы тітерге жабысқан.Тілдің ұшы арқалы төпшік болып көтерілген және таңдайға тиеді.Шығатын ауаның қысымынан тілдің арқасы таңдайдан алынады.

Г-ұяң дауыссыз, тамақ дірілдейді,

К-қатаң дауыссыз,тамақ дірілдемейді.

Жаңа сабақ: Г әрпі сөз соңында жазылмайды.Сөз соңындаңы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,к дыбысы г-ға айналады.Мысалы: түлік-түлігі,ирек-ирегі.

Тыныс алу жаттығулары: Қолды жылыту

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Кинезиологиялық жаттығулар: «Лезгинка» билегендей әрекет жасау.

2.Көз жұмып,екі қолмен бірдей төртбұрыш салыңдар.

Буындар айтқызу

Га-ка гы-кы

Ге-ке гю-кю

Го-ко ги-ки

Гу-ку

Инелік,бірге сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.

Мысалы: Инелік -3 буын, 6 әріп, 6 дыбыс бар.

И-дауысты, жіңішке

Н-дауыссыз,үнді

Е- дауысты, жіңішке

Л- дауыссыз,үнді

І- дауысты, жіңішке

К- дауыссыз,қатаң

Осы дыбыстары бар қандай жәндіктерді білесіңдер?

Өрмекші.инелік,шегіртке, кене,бөгелек,көбелек.

Зат есімге етістік қосып жазыңдар.

Мысалы:

Көбелек ұшады. Шегіртке секіреді.Өрмекші тор тоқиды.Инелік пырылдап ұшады.

Сөздерді дара және көпше түрде айтыңдар.

Көбелек-көбелектер

Шегіртке –шегірткелер

Өрмекші-өрмекшілер

Инелік –инеліктер

Буын кестесін жылдамдықпен оқыңдар.

Га,-го,-гу,- гә

Ка, -ко,-ку,-кә

Го,-га,-ку,-кә

Ко,-ка,-гу,-гә

Сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім,етістік т.б

Кім? Не? сұрақтарына –заттың атын білдіретін сөздер жауап береді.

Не істеді? Қайтті? Не қылды? сұрақтарына заттың сынын білдіретін сөздер жауап береді.

Қандай? Қай? деген сұрақтарға заттың қимылын білдіретін сөздер жауап береді.

Қанша? Неше? деген сұрақтарға заттың санын білдіретін сөздер жауап береді.

Көбелек өлеңін жаттау.

Ақ,көк, сары көбелек,

Көріктісің керемет.

Қуа-қуа шаршадым,

Жеткізбейсің не керек?

Сергіту сәті

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Санамақты жатқа айт.

Бас бармағым –әкем,

Балаң үйрек- анам,

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек-мен,

Кішкене бөбек-сен.

Егістік –егістігі, Өсімдік-өсімдігі

Діңгек-діңгегі, Ләйлек-ләйлегі

Жүзік-жүзігі

Жөргек.

Иісі сіңіп даланың,

Көп тербеген жол әні,

Ата баққан баланың,

Ақылы көп болады.

Иісі сіңіп даланың,

Көп тербеген жол әні,

Әже баққан баланың,

Мақұлы көп болады.

Екі дана тербеткен,

Ақ бесікте ержеткен,

Дариды екен балаға,

Бар ізгілік жөргектен.

Сабақты бекіту.Бүгін қандай дыбыстарды өттік? К-Г дыбыстары.Осы дыбыстар кездесетін сөздерді қайталайықшы. Жөргек,діңгек,жүзік,өсідік,етік,тегіс,жігер.

Сабақтың соңы.























Сабақтың тақырыбы: Ф-В дауыссыз дыбыстары.

Мақсаты: дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау.Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы.Есту және дұрыс жазылуын көрсету.Қатаң және ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру.Оптико-кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Спортпен шұғылдануға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиын.ды әріптер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Ф-В дыбысының профилі.Астыңғы ерін созылыңқы және үстіңгі тіске жабысқан.Үстіңгі ерін көтеріңкі.Үстіңгі тістер көрініп тұр.Тілдің ұшы астыңғы тістерге жабысқан,тілдің арқасы майысқан.Шығатын ауа үстіңгі тістер мен астыңғы еріннің ортасынан шығады.

В-ұяң дауыссыз, тамақ дірілдейді,

Ф-қатаң дауыссыз,тамақ дірілдемейді.

Тыныс алу жаттығулары: Футбол

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Кинезиологиялық жаттығулар: «Лезгинка» билегендей әрекет жасау.

2.Көз жұмып,екі қолмен бірдей төртбұрыш салыңдар.

Буындар айтқызу

Фа-ва Фы-вы

Фо-во Фе-ве

Фу -ву

Футбол,волейбол сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.

Мысалы: футбол – 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс бар.

Ф-қатаң, дауыссыз

У-жуан, дауысты

Т- қатаң,дауыссыз

Б- ұяң, дауыссыз

О- жуан, дауысты

Л- үнді, дауыссыз.

Сергіту сәті.

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

Спорт-спортшы,

Волейбол-волейболшы

Футбол-футболист

Велосипед-веложарыс-велогоншы

Схема бойынша сөйлем құрастырыңдар.

Мен футбол ойнағанды ұнатамын.Мен өскенде футболист боламын.Менің велосипедім бар.Мен велосипедші боламын.

Буын кестесін оқыңдар.

Фа,-ва,-вя,-фя

Ове,-офе

Фу-ву,-фю,-вю

Фэ,-вэ,-фе,-ве.

Буын,етістік сөйлем құрау.

Фу, футбол.Мен футбол ойнаймын.(Не істеді?)

Ве,велосипед.Ағам велосипед тепті.

Сабақты бекіту.Бүгін қандай дыбыс өттік? Ф-В дыбыстары.Осы дыбыстары бар сөздерді айтыңдар.Вагон,вокзал,автобус,волейбол,ферма.футбол,фото,фирма.

Сабақтың соңы.













































Сабақтың тақырыбы: Ш-Ж дыбыстары.

Мақсаты: дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау.Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы.Есту және дұрыс жазылуын көрсету.Қатаң және ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру.Оптико-кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Аңдарды сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиын.ды әріптер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Ш-Ж дыбысының профилі.Еріндер алдыға созылған.Тілдің ұшы таңдайдың үстіңгі жағына көтерілген,бірақ тимейді.Тілдің екі шеті үстіңгі азу тістерге жабысқан. Тілдің арқасы көтерілген.Тілдің формасы кесеге ұқсайды.

Ж-ұяң дауыссыз, тамақ дірілдейді,

Ш-қатаң дауыссыз,тамақ дірілдемейді.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығулар:

.«Аю» қозғалысын салып жүру..

Шу-жу,шуа-жуа, шаға-жаға, жаңа-шана сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.

Мысалы: Шу -1 буын, 2 әріп, 2 дыбыс бар.

Ш-қатаң дауыссыз

У-дауысты.

Жу -1 буын, 2 әріп, 2 дыбыс бар.

Ж-ұяң,дауыссыз

У-дауысты.

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Саусақты жаттығулар: қайық,ешкі, құлып,доп,ағаш,әтеш жасау.

Ж-Ш дыбыстары бар сөздерді айтыңдар.

Жолбарыс,тышқан,жылан,атжалман.

Сөйлемдегі қатені табыңдар:

1.Жолбарыс суда жүзеді.

2.Жылан орманда өмір сүреді.

3.Тышқан қулық жасайды.

Буындар тізбегін оқыңдар.

Жа-ша Жә-шә

Жо-шо же-ше

Жы-шы жу-шу

Жұ-шұ жө-шө

Дыбыстар қатарынан табу.

С, З, Д, Ш

Ж, С, З ,Д

Ш, С, З ,Д

Буындардан сөз құрау.

Шар –жар жәшік-шәлі

Жол-шолу жент-шеше

Жыл-шын жуын-шула

Жұл-шұңқыр жөн-шөп

Жылдамдыққа оқыту.

Аңдар туралы жұмбақ шешейік.

Өзі айлакер,өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)

***

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Сабақты бекіту. Бүгін қандай дыбыстар өттік? Ш-Ж дыбыстары.Сөздер атаңдар. Шара-жара, шана-жана, шаға-жаға.































Сабақтың тақырыбы: Х-Һ дауыссыз дыбыстары.

Мақсаты: дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау.Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы.Есту және дұрыс жазылуын көрсету.Қатаң және ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру.Оптико-кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. . Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру

Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

Білімділікке, кітапты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, қиын.ды әріптер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Х-Һ дыбысының профилі.Тілдің ұшы астыңғы тістен алшақтау,тілдің ортасы төмпешік болады.Тамақ дірілдемейді.

Х-Һ -қатаң дауыссыз дыбыстар.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру

Кинезиологиялық жаттығулар: «Лезгинка» билегендей әрекет жасау.

2.Көз жұмып,екі қолмен бірдей төртбұрыш салыңдар.

Халық,қаһар,жиһаз,қаһарман,хат сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: халық – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс бар.

Х-қатаң, дауыссыз

А-жуан, дауысты

Л- үнді, дауыссыз.

Ы- жуан, дауысты

Қ- қатаң, дауыссыз

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Буындар айтқыз

Ха- Хо-Һа

Буыннан сөздер оқу: Халат, хор, қаһарман

Сөзден сөйлем құру:

Мен ақ халат киемін.

Жанар хорға қатысады.

Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы.

Мәтін оқу: Кітапхана

Біздің мектепте үлкен кітапхана бар.Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханаға оқушылар көп барады. Мен де кітапханаға бардым. Райхан апай- кітапханашы. Ол маған кітап берді.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай дыбыстарды өттік?Х-Һ дыбыстары. Осы дыбыстары бар сөздер айтыңдар. –Хабар, шахмат, саяхат, дәріхана, асхана, шеберхана, гауһар, жиһаз, қаһар, қаһарман.

Сабақтың соңы.

















Тақырып: А – Ә дыбыстарын айыру

Мақсаты: 1 Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды оқу. Дауысты дыбыстардың айтылуына байланысты сөздердің жуан және жіңішке айтылуы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру

2Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3Отбасы адамдарын сыйлауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиын.ды әріптер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру

Кинезиологиялық жаттығулар: 1Сақина, жұдырық, қабырға, алақан

2 Екі қолмен үшбұрыш салыңдар

Жаңа сабақ: А- жуан дауысты дыбыс, Ә- жіңішке дауысты дыбыс.

Жан- жән сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Жан- 1 буын, 3 әріп, 3 дыбыс

Ж- дауыссыз, ұяң

А- дауысты, жуан

Н- дауыссыз, үнді

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз солға бір

Бұрыламыз оңға бір

Біздер тату боламыз

Біздер тату баламыз

Гүл- гүл жайнап жанамыз

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Түбір сөзгк жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз туынды сөз деп аталады. Мысалы: аспаз, көңілді, өнерлі.

Жанұяға кімдер кіреді? Әке, ана, аға

Осы сөздерден туынды сөз жасаңдар:

Әке- әкешім

Ана- анашым

Аға- ағатай

Сөйлемдерге тиісті сөздерді қосып жазыңдар:

Ағам алма ...

Апам мерекеге .... (санады, сәнденді)

А- Ә дыбысы бар буындар оқу:

та 1 тә

ка 2 кә

са 3 сә

ла 4 лә

на 5 нә

Жұмбақтар шешейік:

Жазда киімі – көк

Қыста киімі – жоқ (ағаш)

Шұқшитқан кеп әуелі

Сені әрбір әріпке

Суреттері әдемі

Бұл қай кітап (әліппе)

Шешуі қандай әріптен басталы тұр? Жуан ба, жіңішке ма?

Сөздерді қайталап оқу. Жуан, жіңішке айтылатынын анықтау:

Сан- сән ары- әрі ал- әл

Бары- бәрі татты- тәтті ар- әр

Нан- нән тары- дәрі ақ- әк

Асқар- әскер сатты- сәтті

Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Жуан және жіңішке айтылған сөздерді табу.Жуанның астын 1 сызықпен, жіңішкенің астын 2 сызықпен сызыңдар.

Әтеш тұрып азанда

Оятады әндетіп

Әжем шайын әзірлеп

Әкем жұмыс қамында

Сабақты бекіту.Бүгін қандай дыбыстар өттік? А-Ә дыбыстары. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.





















Тақырып: П – Б дауыссыз дыбыстары

Мақсаты: 1Дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Есте сақтау және дұрыс жазылуын көрсету. Қатаң және ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру

2Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3Сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиын.ды әріптер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру

Кинезиологиялық жаттығулар:1 Қоңырау жаттығуын жасату.Ол үшін қолды қоңырау соққандай қозғау.

2 Көз жұмып, екі қолмен бірдей үшбұрыш салу.

Жаңа сабақ: П- Б дыбысының профилімен таныстыру. Еріндер жабық және шығатын ауаның қысымынан ашылады.Тілдің ұшы астыңғы тіске жабысқан. Тілдің арқасы майысқан. Тамақ дірілдейді. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады. Мысалы: мектеп- мектебі, тап- табу, қап- қабы, доп- добы.

Буындар айту: Па- ба пі- бі

По- бо пу- бу

Пы- бы пә- бә

Пи – би пү- бү

Сөзден қай дыбыс түсіп қалды?

Балға- алға

Пән- ән

Бұлт- ұлт

Бет- ет

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз солға бір

Бұрыламыз оңға бір

Біздер тату боламыз

Біздер тату баламыз

Гүл- гүл жайнап жанамыз

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Әріп, бет сөздеріне дыбытық талду жасадар. Мысаы:

Әріп- 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс

Ә- дауысты, жіңішке

Р- дауыссыз, үнді

І- дауысты, жіңішке

П- дауыссыз, қатаң

Өзгермейтін сөздер: бет, парақ, әріп, клуб, штаб.

Зат есіммен сын есімді қосып, сөз тіркесін құрастырыңдар.

Ақ бет. Таза парақ. Үлкен клуб. Жіңішке әріп.

Мақал- мәтел оқу

Күш- білімде,

Білім – кітапта

***

Кітап – алтын қазына.

Сіз деген- әдеп,

Біз деген – көмек

Тіл ұстарту:А мен Б

А дегенің- ана ғой,

А дегенің дана ғой.

Б дегенің – бала ғой,

Жұмысқа анаң, бара ғой.

Ұяң, қатаң дауыссыздар, зат есім, сын есім. Мысалы

Кітап- кітабы

Доп- добы

Жақсы кітап. Кішкентай доп. Үлкен қап.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? П- Б әріптері бар сөздер айтыңдар.

Арба- арпа, жіп- жібі, мектеп- мектебі, сап- сабы, көп- көбі.

Сабақтың соңы.























Тақырып: Дауыссыз Т- Д дыбыстары

Мақсаты: 1Дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Қатаң және ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Оптико- кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Туған жерді сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру

Кинезиологиялық жаттығулар:1 Қоңырау жаттығуын жасату.Ол үшін қолды қоңырау соққандай қозғау.

2 Екі қолмен бірдей жапырақ салу.

Жаңа сабақ: Т- Д дыбысының профилімен таныстыру. Тілдің ұшы үстіңгі тіске жабысқан. Тілдің арқасы түсіңкі. Шығатын ауаның әсерінен тіл тістен алынады . Тамақ дірілдейді. Д- ұяң, дауыссыз. Т- қатаң, дауыссыз. Тамақ дірілдемейді.

Буындар айтыңдар:

Та- да ту- ду

То- до тю- дю

Те- де тя- дя

Тә- дә ты- ды

Доп- топ, дол- тол, тала- дала, дау- тау сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар: Мысалы: тала- 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс

Т- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

Л- дауыссыз, үнді

А- дауысты, жуан

Сергіту сәті:

1, 2, 3 жиналады күш

Оңымыз, солымыз

Демалады қолымыз.

Т- Д дыбыстарынан келетін қалалардың атын айтыңдар:

Талдықорған, Тараз, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Астана, Атырау.

Сурет бойынша сөйлем құраңдар. Астана

Астана- Қазақстанның бас қаласы. Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада Президент сарайы, Парламент ғимараты бар. Астананың символы- Бәйтерек монументі. Астана мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдениорталығы.

Буындарды жылдамдықпен оқу. Т- Д дыбыстарына дауысты дыбысты қосып оқу.та, то, ту ты, те

Да, до, ду, ды, де

Мақал- мәтел оқу

Тіл – атадан қалған асыл мұра.

***

Асыл тастан шығады,

Өнер жастан шығады.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Т- Д дыбыстары бар сөздер айтыңдар. Табыс- дыбыс, тау- дау, топ- доп, тана- дана. Оқушыларды мадақтау

Сабақтың соңы.



Тақырып: Қорытынды диктант

Өкініш

Нұрдәулет тәртіпті. Сабақты да өте жақсы оқиды. Бір жаман әдеті- салақ. Кітаптары, дәптерлері әр жерде шашылып жатады.

Бір күні оқушылардың оқу құралдары байқаудан өткізілді. Кезек Нұрдәулетке де жетті. Мұғалима оның кітап, дәптерлеріне қарап, іркіліп қалды.

  • Нұрдаулет, - деді мұғалима. –Сен жақсы баласың. Ал оқулықтарыңды қарашы, өзіңе лайықты ма?

Нұрдәулет ұялғаннан үндемеді. Жеңімпаздар ортаға шықты. Оларға сыйлықтар тапсырылды.

Нұрдәулет кітаптарын таза ұстамағанына қатты өкінді.





























Тақырып: Дауысты дыбыстар

Мақсаты: 1 Дыбыстардың пайда болуын анықтау. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.Естуді түзету.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Жануардарды сүю және қорғауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату.

Жаңа сабақ: Дауысты дыбыстар- айтылуы кезінде ауаның кедергісіз, еркін шығуынан жасалынатын дыбыстар.

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп, тасымалданады. Сөздің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша қойылады: қа- лам, дәп- тер, кө- гершін.

Дауысты дыбыстар әріптері: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, (у), ю, я, е, э.

Дыбыстар қатарынан дауыстыларды табу:

О, Т, Н, П, А

Ұ, Ш, Л, Ә, Қ

М, Ф, І, Т, Ө

Буындар арасынан табу: ба, ре, ло, мү, ші, ти, рю, құ, ын, пя

Сөздер арасынан табу:торғай, аққу, қой, ешкі, сиыр,түйе, қозы, бұзау.

Сергіту сәті:

1, 2, 3 жиналады күш

Оңымыз, солымыз

Демалады қолымыз.

Жабайы аңдарды атаңдар: түлкі, қасқыр, тиін, жолбарыс, арыстан, сайғақ, зубр, аю.

Кім қайда тұрады?

Түлкі- інде

Қасқыр- апанда

Тиін- ағаш қуысында

Сайғақ- інде

Аю- апанда

Қасқыр, жолбарыс сөздерін буынға бөліңдер, дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы: қас- қыр- 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

Қ- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

С- дауыссыз, қатаң

Қ- дауыссыз, қатаң

Ы- дауысты, жуан

Р- дауыссыз, үнді

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.















Тақырып: Жуан дауысты дыбыстар

Мақсаты: 1 Дыбыстардың пайда болуын анықтау. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Естуді түзету. Жаңылтпаш айтқызу.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Жануардарды сүю және қорғауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу: Саусақтармен тез көрсету.

2, 3, 4

4, 3, 2

2, 4, 3

Екі қолмен бірдей үшбұрыш сызыңдар.

Жаңа сабақ: Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы

Тақпақты көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыстардың астын сызыңдар:

Сиыр

Мінезім жайлы – сиырмын

Байлығымын бір үйдің

Сырымды менің ұғып ал

Етім дәмді, сүтім бал.

Алма, алша, қарбыз, қауын сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы: Алма- 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс

А- дауысты, жуан

Л- дауыссыз, үнді

М- дауыссыз, үнді

А- дауысты, жуан

Сергіту сәті:

1, 2, 3 жиналады күш

Оңымыз, солымыз

Демалады қолымыз.

Алма, қарбыз, қауын сөздеріне сын есім, сан есім қосып айтыңдар. Мысалы:

Қызыл алма, екі алма, тәтті қарбыз, үш қарбыз, дәмді қауын, бір қауын.

Тастап кеткен әріптерді тауып жазыңдар:

Алхор.

Алм.рт

Қ.лпынай

Буындар тізбегін жылдамдықпен оқыңдар: та- ты, то- тұ, қа- қы, қо- құ, са- сы, со- сұ.

Жаңылтпаштар айту

Піскен алма топ- топ түсті,

Топ- топ түсіп, көптеп т үсті.

***

Шалшық-балшық,

Балшық- шалшық,

Балшықтан ал шық.

***

Олар Оралдан оралды,

Омар Оралдан оралды.

***

Ұғымпаз бала

Болар дана

Ұғымсыз бала

Қалар шала

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.







































Тақырып: Жіңішке дауысты дыбыстар

Мақсаты: 1 Дыбыстардың пайда болуын анықтау. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Естуді түзету. Жұмбақтар айтқызу.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу: Саусақтармен тез көрсету.

2, 5, 6

6, 5, 2

5, 2, 6

Екі қолмен шеңбер сызыңдар.

Шие, жүзім, өрік сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Шие- 1 буын, 3 әріп, 3 дыбыс

Ш- дауыссыз, қатаң

И- дауысты, жіңішке

Е- дауысты, жіңішке

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Шие, жүзім, өрік сөздеріне сын есім, сан есім қосып айтыңдар: Қызыл шие, үш шие, тәтті жүзім, бес жүзім, сары өрік, он өрік.

Тастап кеткен әріптерді тауып жазыңдар:

Ши.

Ж.зім

.рік

Буын тізбегін жылдамдықпен оқыңдар: тә- ті, тө- тү, кә- кі, кө- кү, сә- сі, сө- сү.

Жіңішке буындар айтыңдар. Мысалы: тә, те, тө, тү, ти. Лә, ...................

Жұмбақтар шешейік

Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)

Өрікте – сөздің басында

Бөрікте,- б- ның қасында.

Бұл қай әріп, көріңдер,

Енді айтып беріңдер. (Ө әрпі)

Баласын тізіп соңына

Сүңгіп жүріп үйретті

Су жұқпайтын тонына

Кім біледі, бұл не? (Үйрек)

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.









Тақырып: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды айыру

Мақсаты: 1 Жуан және жіңішке дыбыстарды оқу. Дауысты дыбыстардың айтылуына байланысты сөздердің жуан және жіңішке жасалуы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Естуді түзету.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу: Саусақтармен тез көрсету.

2, 7, 8

8, 7, 2

7, 2, 8

Саусақты жаттығу: әтеш, құлып, доп, қоян, ағаш, қаз, қайық жасату.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Дөңгелекті құрайық

Қолымызды шапалақтап

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Сауық – сайран құрайық.

Егін, астық ,бидай сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Егін- 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс

Е- дауысты, жіңішке

Г- дауыссыз, ұяң

І- дауысты, жіңішке

Н- дауыссыз, үнді

Бидайдан қандай тамақ жасауға болады? Нан, бауырсақ, бәліш, тоқаш.

Астық, жастық, жер, егін сөздерінде жуан дыбыстарды бір рет, жіңішке дыбыстарды екі рет сызыңдар.

Буындар тізбегін жылдамдықпен оқыңдар: тә- та, тө- то, сы-сі, кә-ка, кө- ко, то- ті, сә- са, сө-со, ко-кө

Мақал- мәтелдер айту

Ас атасы- нан

***

Малды теппе,

Ақты төкпе.

***

Батаменен ер көгерер

Жаңбырменен жер көгерер

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.















Тақырып: Қорытынды диктант

Ықтырма

Бүгін күні бойы аспан түнеріп, қорқынышты бір нәрсе әзірлегелі тұрған түрі бар еді.

Қас қарайып, күн батуға айналды. Дауыл аралас жауын жауды. Ешкі , қой пана іздеп, үйге тығылды. Біз кереге алып, ықтырма жасадық. Қойлар үйге тығылмай, керегеге паналайтын болды. Үйдің тесігінен тамшы ағып, жататын жер де тегіс су боп кетті.

Түнде етігім су боп қалған екен, кейін киюге де қиын болды.





































Тақырып: С – Ш дыбыстарын ажырату

Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке жасалуы. Есту және дұрыс жазылуын көрсету. Қатаң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Оптико – кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Сауатты жазуға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу: Саусақтармен тез көрсету.

2, 8, 9

8, 2, 9

9, 2, 8

Саусақ жаттығуы: Екі қолмен шырша салып, біріктіріңдер

Жаңа сабақ. С- Ш дыбысының профилімен таныстыру: С дыбысын айтқанда тістер жақын, еріндері күлген қалыпта.Тілдің ұшы астыңғы тіске тірелген, тіларқасы майысқан. Тамақ дірілдемейді. С- Ш қатаң, дауыссыз дыбыстар.

Ш дыбысын айтқанда- еріндер кішкене алдыға созылған.Тілдің ұшы үстіңгі тістердің артындағы қызыл иекке көтерілген. Тілдің екі шеті үстіңгі азу тіске қатты жабысқан. Тілдің арқасы көтерілген. Тамақ дірілдемейді.

Са- ша, сал- шал, сана – шана, қуыршақ сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы: Қуыршақ- 3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс

Қ- дауыссыз, қатаң

У- дауысты

Ы- дауысты, жуан

Р- дауыссыз, үнді

Ш- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

Қ- дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Балалар- ау, балалар,

Сергіп, бойды жазыңдар.

Өз таңдаған орынға,

Қане тездеп тұрыңдар.

Оң аяқты оң жаққа,

Сол аяқты сол жаққа

Айқастырып шыр айнал.

Қуыршақты ретімен киіндіріңдер: көйлек, жейде, желетке, орамал, шұлық етік.

С- Ш дыбыстары бар сөздер айтыңдар.Кім? Шынар, Сабина, Асан, Айша.

Не? Шалбар, шұлық, мәсі, сәукеле.

Буындар оқыңдар: Са- ша, со- шо, сы- шы, су- шу, се- ше, сә- шә, си- ши.

Сөз құру: сана- шана, сыла- шыла, сұлу- шұжық, сона- шолу, сенім- шелек, сәнді- шәйнек, сусын- шулы, сиқыр- ширақ.

Жылдам оқу:

Қаламқас,

Қазанды ас,

Жілік ас.

Ашық, жабық буындар оқу: са, ша, со, шо, су, шу, се, ше- ашық буындар.

Ас, аш, ос, ош, ыс, ыш, ұс, ұш- жабық буындар.

Бас әріппен жазылатын сөздер: Кісінің аты- жөні бас әріппен жазылады. Кім? Не? Серік, Сара, Шолпан, Шынар, сырға, шелек

Жер- Су аттары бас әріппен жазылады. Не? Астана, Ертіс, Көкшетау, Шымкент

Жануарларға қойылған аттар. Не? Сарышұнақ, Таймас.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай дыбыстарды өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



































Тақырып: Дауыссыз С - З дыбыстары

Мақсаты: 1Дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Қатаң және ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Оптико- кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Туған жерді сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру

Кинезиологиялық жаттығулар:

2, 5, 8

8, 5, 2

5, 2, 8 сандарын саусақпен тез көрсету.

Саусақ жаттығуы:

Мына саусақ- атам,

Мына саусақ- әжем,

Мына саусақ- әкешім,

Мына саусақ- анашым,

Мына саусақ – мен,

Барлығы менің отбасым.

Көз жұмып екі қолмен бұрыш салу.

Жаңа сабақ. С- З дыбыстарының профилімен таныстыру. Тістер жақындаған. Еріндер жымиған қалыпта. Тілдің ұшы астыңғы тіске тірелген. Тілдің арқасы майысқан. С- қатаң, дауыссыз. З- ұяң, дауыссыз.

Буындар қайталау: са- за, сә- зә, со- зо, сы- зы, ся- зя, су- зу, сю- зю, си- зи.

Қызыл- жасыл дыбыстарына дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қызыл- 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Қ- дауыссыз, қатаң

Ы- дауысты, жуан

З- дауыссыз, ұяң

Ы- дауысты, жуан

Л- дауыссыз, үнді

Сергіту сәті:

Балалар- ау, балалар,

Сергіп, бойды жазыңдар.

Өз таңдаған орынға,

Қане тездеп тұрыңдар.

Оң аяқты оң жаққа,

Сол аяқты сол жаққа

Айқастырып шыр айнал

1 Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер: қызыл, жасыл, таза.

2 Қарсы мағыналы с өздер: ұзын- қысқа, жаз- қыс, алыс- жақын.

Сары, ұзын, аласа, қызық сөздерімен сөйлем құрастыр:

Сары көйлек кидім. Ұзын ағаш өсіп тұр. Аласа адам келді. Қызық кітап оқыдым.

Буын кестесін көңіл ырғағымен айтыңдар: са, со,су,сә, за, зо,зу, зә.

Буын, сын есім, қарсы мағыналы сөздер

Са- буын

Сары- сын есім

Сары- қара мағыналы сөздер

Мақал- мәтел айтайық

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

Өз елің – алтын бесік.

Ақыл - тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай дыбыс өттік? Ос ы дыбыстары бар сөздер айтыңдар. Сал- зал, маса- маза, таза- таса, тазы- тасы, кезек- кесек.

Сабақтың соңы.































Тақырып: Ш – Щ дыбыстарын ажырату

Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке жасалуы. Есту және дұрыс жазылуын көрсету. Қатаң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Оптико – кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу: Саусақтармен тез көрсету.

1, 2, 3

3, 2, 1

2, 1, 3

Саусақ жаттығуы:

Қызыл- жасыл көп моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ.

Жаңа сабақ. Ш – Щ дыбысының профилімен таныстыру. Еріндері кішкене алдыға созылған. Тілдің ұшы үстіңгі тістердің артындағы қызыл иекке көтерілген. Тілдің екі шеті үстіңгі азу тістерге қатты жабысқан. Тілдің арқасы көтеріңкі. Тамақ дірілдемейді. Ш- Щ қатаң, дауыссыз дыбыстар.

Ша- ща, ащы- тұщы, щетка сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Щетка- 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Щ- қатаң, дауыссыхз

Е- дауысты, жіңішке

Т- дауыссыз, қатаң

К- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Дөңгелекті құрайық

Қолымызды шапалақтап

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Сауық – сайран құрайық.

Щетканың қандай түрлері бар? Тіс тазалайтын, киім тазалайтын, үй тазалдайтын, дала тазалайтын.

Әріпті қойып айтыңдар: бор., а.ы, тұ.ы, .етка, аға., .а.у, .ала, ал.а.

Ащы, тұщы, щетка, шаш сөздеріне сөйлем құраңдар.

Балқаштың шығыс жағындағы суы- ащы. Батыс жағындағы суы- тұщы. Тіс ысатын щетка сатып алдым.

Буындар тізбегін оқу: Ша- ща, шы- щы,

Дыбыстар қатарынан табу:

С, З, Ж, Щ

Ш, Ж, С, З

З, С, Ж, Щ

Сөздерге сөз тіркесін қосып айтыңдар:

Ш- Щ дыбысына сөздер айтыңдар: ащы, тұщы, борщ, щетка, ашық, баршы, тұршы, кеше, шетке

Тасымал, буындар: щет- ка, а- щы, тұ- щы, борщ, а- шық, бар- шы, тұр- шы, ке- ше, шет-ке.

Тіл ұстарту:

Щетка деген ғажап- ақ!

Щетканы әжем мақтайды

Щеткамен тіс тазалап,

Щеткамен үй ақтайды.

***

Шоршиды, шортан,шорғай

Шабақ аулап шағала.

Шегіртке қуып Шорабай,

Шапқылар жиі жағада

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



























Тақырыбы: Ц- Ч дыбыстарын айыру

Мақсаты: 1 дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы. Есту және дұрыс жазылуын көрсету. Қатаң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Оптико- кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу: Саусақтармен тез көрсету.

3, 6, 7

7, 3, 6

6, 3,7

Көзге арналған жаттығу: көзді оңға, солға, үстіге, астыға қарату.

Жаңа сабақ. Ц- Ч дыбыстарының профилімен таныстыру. Ц дыбысын айтқанда басында тілдің арқасы қатты төмпешіктеніп үстіңгі тістердің артындағы қызыл иекке тиеді, тілдің қшы астыңғы тіске тиеді. Сосын тілдіңарқасы с әрпін айтқандағыдай қалыпқа түседі, ал тілдің ұшы сол қалпындақаклады.

Ч дыбысының профилі- еріндер алдыға созылған. Тілдің ұшы таңдайда. Тілдің екі шеті үстіңгі азу тіске жабысқан. Тілдің арқасы көтерілген. Шығаратын ауаның қысымынан тілдің ұшы таңдайдан алынады.

Ц- Ч қатаң дауыссыз дыбыстар.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Дөңгелекті құрайық

Қолымызды шапалақтап

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Сауық – сайран құрайық.

Цемент, чемодан сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Цемент- 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

Ц- дауыссыз, қатаң

Е- дауысты, жіңішке

М- дауыссыз, үнді

Е- дауысты, жіңішке

Н- дауыссыз, үнді

Т- дауыссыз, қатаң

Почта- почташы

Цирк- циркач, циркші

Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Цирк

Апам екеуіміз циркке бардық. Циркте үйретілген хайуанаттар көп. Біз олардың ойындарын көрдік. Аюлар биледі.Иттер футбол ойнады.

Жұмбақ шешейік

Елі үшін серт беріп,

Ешбір тыным таппаған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Тыныштықты сақтаған. (Полиция)

Бас әріп қай кезде жазылады? Жаңа сөйлем, адамның аты- жөні, жер- су аттары.

Қандай тыныс белгісін білесіңдер? Нүкте, үтір, сұрақ белгісі, леп белгісі, қос нүкте, тырнақша.

Тіл ұстарту. Клоунның сыры

Циркте жұрт самсаған

Мәз болса деп жан салам.

Ду күлдірсем оларды,

Қуанамын мен соған.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай дыбыстарды өттік? Осы дыбыстары бар сөздер айтыңдар. Цирк, цех, цемент, авиация, офицер, чек, чемпион, чемодан. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.

































Тақырыбы: Л- Р дыбыстарын айыру

Мақсаты: 1 дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы. Есту және дұрыс жазылуын көрсету. Үнді дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Оптико- кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Туған жерді сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу: Саусақтармен тез көрсету.

3, 8, 9

8, 3, 9

9, 3,8

Жаңа сабақ. Р- Л үнді, дауыссыз дыбыстар.

Раушан, лала, тал- тар, дал- дар, дара- дала, бал- бар, қала- қара, ала- ара сөздеріне дыбстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Раушан- 2буын, 6 әріп, 6дыбыс

Р- дауыссыз, үнді

А- дауысты, жуан

У- дауыссыз

Ш- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

Н- дауыссыз, үнді

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Дөңгелекті құрайық

Қолымызды шапалақтап

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Сауық – сайран құрайық.

Гүлдің құрылысы- тамыр, сабақ, жапырақ, гүл.

Тіліміздегі сөздер бірнеше сөз таптарына бөлінеді.Зат есім, сын есім, сан есім, етістік.

Жаңылтпашты оқы және жатқа жазыңдар:

  • Олар Оралға бара ма?

  • Олар Аралға бара ма?

  • Олар Оралға да

  • Аралға да барады.

Берілген сөздердің ішінен р дыбысына басталатын сөздер теріп жазыңдар. Раушан, қына, қызылша, лайық, республика, үтір, рухани, жүрек, ризашылық, резеңке, рөл, садақ, рухтандыру.

Көп нүктенің орнына л немесе р дыбыстарынан басталатын сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Еліміздің (рәміздерін) қастерле. Пеште от (лаулап) жанады. Ақ (лақ) тастан тасқа секіріп жүр. Арықтың суы (рақат) екен. Ата –аналары Айжан мен Айданаға (риза) болды. Мақсат биіктіктен екі (рет) секірді.

Нені қастерле? Рәміздерін. Кімнің рәміздерін? Еліміздің.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білуге болады.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай дыбыстарды өттік? Осы дыбыстары бар сөздер айтыңдар. Лашын, лағыл, лебіз, лай, лас, лайық, рас, рай, рең, рақмет, рәміз. Оқушыларды мадақтау.

Тақырыбы: Н- Ң дыбыстарын айыру

Мақсаты: 1 дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы. Есту және дұрыс жазылуын көрсету. Үнді дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Оптико- кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Нанды қастерлеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу:1 Аққаланның еруі қимылын көрсету.

2 Көз жұмып екі қолмен бірдей ағаш сал.

Саусақ жаттығуы: әр саусақпен қарындашты ширату.

Шын- шың, тон- тоң, кен- кең, мен- мең, сен- сең, он- оң сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы: Шын- 1 буын, 3 әріп, 3 дыбыс.

Ш- дауыссыз, қатаң

Ы- дауысты, жуан

Н- дауыссыз, үнді

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Сөздерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңдер. Н-Ң әріптерінің астын сызыңдар. Қауын, жауын, жауынгер, сәнқой, көнгіш, сенгіш, таңғыш, шаңғы, мәңгілік, әңгелек, үңгір, ертеңгі.

Ағаштарды атаңдар: емен, қайың, шынар, (шет ел ағашы), самырсын.

Сөйлем құрастырыңдар. Қандай? Самырсын- қылқан жапырақты ағаш. Еменнен жасалған парталар мықты болады.

Буын кестесін оқу: ан- аң, ын- ың, он- оң, ен- ең

Сөздер құру: нан- аңшы, шын- шың, мен- мең, тон- шоң

Егіз жолдар

Кисе тонды

Қатты тоңды



Ел жайлауға қонды,

Малдары қоңды.



Айтқаныңнан танба

Сүйекке салма таңба.



Биік – ақ шыны,

Талғардың шыңы

Жұмбақ шешейік:

  • Маң, маң, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан,

Бұл қай жануар? (Түйе)

Ас біткеннің атасы-

Қасиетті «нан» осы

Қайсы әріптен басталған,

Оңғы әрпі

Соңғы әрпін де қарашы (Н)

Сабақты бекіту: Бүгін қандай дыбыстарды өттік? Осы дыбыстары бар сөздер айтыңдар? Енжар, жоңқа, қант, таңдай, құлыншақ. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.









































Тақырып: А-О дауысты дыбыстары

Мақсаты: Дауысты дыбыстардың пайда болуын анықтау. Есту және дұрыс жазылуын көрсету. Жуан дауыстыларды айтылуы бойынша салыстыру. Оптико- кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Нанды қастерлеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу:

4, 2, 3

2, 4, 3

3,2, 4

Саусақ жаттығуы: Білекке білезік,саусаққа сақина кигізгендей қимыл жасау.

Жолбарыс сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Ж- дауыссыз, ұяң

О- дауысты, жуан

Л- дауыссыз, үнді

Б- дауыссыз, ұяң

А- дауысты, жуан

Р- дауыссыз, үнді

Ы- дауысты, жуан

С- дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Сурет ішінен а- о дыбыстары бар заттарды тауып алыңдар. Орындық, орамал, ожау.

Осы дыбыстары бар жабайы жануарларды атаңдар: аю, қасқыр, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан.

Үй жануарлары: қой, шошқа.

Не қайда тұрады?

Қой, шошқа- қорада.

Қасқыр, аю, қоян, жолбарыс, арыстан- орманда.

Буындар тізбегін оқу: на- но, да- до, ра-ро, жа-жо, та- то, қа- қо

Кері тізбек:

Ан- он, ад- од, ар- ор, аж- ож, ат- от, ақ- оқ.

Қандай? Қай ? сұрақтарына заттың сынын білдіретін сөздер жауап береді.

Жаңылтпаш айтайық:

Піскен алма топ- топ түсті,

Топ- топ түсіп, көптеп түсті.

Олар Оралдан оралды,

Омар Аралдан оралды.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай дыбыстарды өттік? Осы дыбыстары бар с өздер айтыңдар. Бар- бор, жал- жол, тал- тол, қас- қос, мал- мол, ал- ол.

Сабақтың соңы.



Тақырыбы: П- Т дыбыстарын айыру

Мақсаты: 1 дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы. Есту және дұрыс жазылуын көрсету. Қатаң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Оптико- кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Кинезиологиялық жаттығу:

4, 1, 3

3, 1, 4

1,4, 3

Саусақ жаттығуы: Ешкі, қоян, әтеш, құлып, доп, қаз жасау.

Саусақ жаттығуы: Санамақ

1 дегенім- бөрік

2 дегенім- етік

3 дегенім- ішік

4 дегенім – тымақ

5 дегенім- байпақ

6 дегенім- алқа

7 дегенім- жейде

8 дегенім- сеңсең

Жылысы тонның сенсең

9 дегенім- телпек

Болма, бала тентек.

10 дегенім- оймақ,

Жүрме босқа ойнап.

Көз жаттығуы: Көзді оңға, солға, астыға, үстіге қозғау.

Піл- тіл, парақ- тарақ сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Піл- 1 буын, 3 әріп, 3 дыбыс

П- дауыссыз, қатаң

І- дауысты, жіңішке

Л- дауыссыз, үнді

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Үй бұйымдарын атаңдар: пеш, терезе, перде, таба, пышақ,

Дұрыс құрастырылмаған с өйлемді құрастыру:

Әдемі таба терезеге құрылып тұр.

Нанды өткір тереземен кестік.

Жұмыртқаны терезеге пісірдік.

Пештің алдында әдемі гүл өсіп тұр.

Буын, сөз тізбегі:

Па-та, по- то, пу- ту, пе- те, пи- ти, пұ- тұ.

Жұмбақ шешейік

Бастайды ол таңды да,

Бастайды ол талды да.

Келіп тұрған қай әріп,

Тау мен тастың алдында (Т)

Ата- анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен. (П)

Жаңылтпаш айтайық

Пеш үстінде бес мысық,

Бес күзетші- бес пысық.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай дыбыстарды өттік? Осы дыбыстары бар сөздер айтыңдар. Парта- тақта, пеш- тез, пана- тана, атан- апан, патша- тапанша.

Сабақтың соңы.





















Тақырыбы: Б- Д дыбыстарын айыру

Мақсаты: 1 дауыссыз дыбыстардың пайда болуын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы. Есту және дұрыс жазылуын көрсету. Ұяң дауыссыздарды айтылуы бойынша салыстыру. Оптико- кинетикалық графемалардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Отанды сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Әтеш, құлып, сақина, доп, қоян, мысық жасату.

Дала, бала, дақ, бақ сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Дала- 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс.

Д- дауыссыз, ұяң

А- дауысты, жуан

Л- дауыссыз, үнді

А- дауысты, жуан

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш, төрт

Біз екеуміз қар иледік,

Қатты, домалақ, теп- тегіс

Өзі тәтті емес

Бір- лақтырамыз,

Екі- ұстап аламыз.

Үш- жерге түсіріп алдық

Енді сындырамыз.

Тиісті әріпті қойып жазыңдар: Ба.ан, қо.ыз, . ал.рған

Мамандықтар: Дәрігер, бағбан.

Сөйлем талдау: Мен өскенде дәрігер боламын. Бағбан- гүлдерді жақсы күтеді.

Буын тізбегін оқу: ба- да, бо- до, бұ- дұ, бу- ду, бе- де.

Сөздер оқу: бала, бата, бор, бол, баба, балақай, балапан, ботақан, дала, дауа, доға, дода, долана, дуадақ, доп, домбыра.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді – жалаң сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Боран соқты.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді – жайылма сөйлем дейміз. Кеше қатты боран соқты.

Жалаң сөйлемге айналдырып жазыңдар
Алдаберген атайдың үйіне қалада тұратын туысы қонаққа келді.

Қасында Дана деген қызы бар. Атай Данаға сый ретінде құлын атады.

Тіл ұстарту:

Үлкен Отан жер деген-

Күллі адамның тұрағы.

Адам осы жерде кең,

Өмір сүріп тұрады.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.







Тақырып: Қорытынды диктант

Алтын тамшылар

Аспан шайдай ашық. Күн жарқырап, сәулесін шашып тұр. Жапырақ бетінде алтындай таңғы шық жылт- жылт етеді.

Кішкентай қыз жапыраққа жақындап, тамшыны қолына алмақ болды. Қолының шыққа тигені сол еді, ол жоқ болып кетті. Қыз жылап жіберді. «Жылама. Бәрі жақсы болады », - деп жұбатты оны Күн.

Кішкентай қыз қайта көңілденді. Қайтадан ән сасалып, би биледі. Кенет ол жапырақ бетінен шық тамшысын байқады. Бұл жолы қыз тасқа отырып, алтын шыққа тамашалап қарады.

































Тақырып: Мәтін

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, не туралы айтылғанын білуге машықтандыру. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Әтеш, құлып, сақина, доп, қоян, мысық жасату.

Кинезиологиялық жаттығу: 1-1

Жаңа сабақ: Мәтін дегеніміз- жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемнен құралады. Мәтін сөйлемдері бір- бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.

Ара, құмырсқа сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қ- дауыссыз, қатаң

Ұ- дауысты, жуан

М- дауыссыз, үнді

Ы- дауысты, жуан

Р- дауыссыз, үнді

С- дауыссыз, қатаң

Қ- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан.

Сергіту сәті:

Балалар- ау, балалар

Сергіп, бойды жазыңдар.

Өз таңдаған орынға,

Қане тездеп тұрыңдар.

Оң аяқты оң жаққа,

Сол аяқты сол жаққа

Айқастырып шыр айнал.

Жәндіктерді атаңдар: ара, шыбын, маса, құмырсқа, көбелек, өрмекші.

Ара бізге не берет інін айтыңдар:

1 Бал береді.

2 Ара гүл шырынымен қоректенеді.

3 Ара балының емдік қасиеті бар.

Суретке қарап сөйлем құраңдар. Тауық

Мұрат тауықтарға жем шашты. Ақ тауық балапандарымен жемді теріп жей бастады. Сол кезде шұбар тауықтың бір балапаны жемге жүгіріп келді. Оны ақ тауық қуып жіберді.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.

















Тақырып: Сөйлем

Мақсаты: Сөйлем құрастыра білуге, әңгіменің мағынасын түсіне білуге дағдыландыру. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Нанды қастерлеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Қоңырау

Кинезиологиялық жаттығу: 1-4

Жаңа сабақ: Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір- бірінен бөлек жазылады. Мысалы: Бидай жайқалып тұр.

Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Сөйлемнің соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.

Бауырсақ, тоқаш сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Б- дауыссыз, ұяң

А- дауысты, жуан

У- дауыссыз, үнді

Ы- дауысты, жуан

Р- дауыссыз, үнді

С- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

Қ- дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш-

Қарлығаш боп ұш.

Төрт, бес, алты-

Қарлығаш боп қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он-

Қарлығаш боп қон.

Дәнді дақылдарға не жатады? Бидай, тары, күріш, сұлы.

Нан, бауырсақ, тоқаш сөздеріне с өйлем құрастырыңдар. Мысалы:

Мен дүкеннен нан сатып алдым. Апам бауырсақ пісірді. Мен тоқаш жедім.

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.

1 Ойнады балалар жасырынбақ.

2 Тығылды қалқасына Сәуле теректің.

3 Жамал бастады іздей оларды.

4 Амантай қалды арыққа жата.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.

















Тақырып: Сөйлемдегі сөздің байланысы

Мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысын байқаңдар. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Табиғатты сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы:

2, 1, 2

1, 2, 2

Кинезиологиялық жаттығу: Аю қозғалысы

Жаңа сабақ: Сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы білеміз. Мысалы: Көк ту желбіреді.

1 Ту қайтті? – Ту желбіреді.

2 Қандай ту?- Көк ту.

Тау, тастар, өзен, көлшік сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы: Тастар: 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

Т- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

С- дауыссыз, қатаң

Т- дауыссыз, қатаң

А- дауысты, жуан

Р- дауыссыз, үнді

Табиғатқа не жатады? Тау, тастар, көл, өзен, тоғай, ағаштар, шөптер, көлшік.

Сергіту сәті:

Ал балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

Тау, көл, ағаш, сөздеріне сөйлем құрастырыңдар. Мысалы: Биік тау көрінді.

Қазақствнда көлдер көп. Емен мықты ағаш.

Сөз байланысын сызып көрсетіңдер. Мысалы:

1 Тау қайтті? –тау көрінді.

2 Қандай тау? – биік тау.

3Қазақстанда не көп? – көлдер көп.

4 Қайда көл көп? – Қазақстанда көл көп.

5 Емен қандай ағаш? – Мықты ағаш.

6 Қандай ағаш мықты? – Емен ағашы.

Мәтін оқу. Көктем келді

Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Өзендер тасыды. Мал төлдеді. Жылы жақтан құстар ұшып келді.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Тақырыпты түсіндіңдер ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.





Тақырып: Заттың сынын білдіретін сөздер

Мақсаты: Сұрақтарға дұрыс жауап беруге, заттың сапасы туралы мағлұмат беру. Буын, сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Сақина

Кинезиологиялық жаттығу: 7, 3

Жаңа сабақ. Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: қызыл, таза, жеңіл, биік.

Қызыл, жасыл сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қызыл – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Қ – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан

З – дауыссыз, ұяң

Ы – дауысты, жуан

Л – дауыссыз, үнді.

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш, төрт

Біз екеуміз қар иледік,

Қатты, домалақ, теп- тегіс

Өзі тәтті емес

Бір- лақтырамыз,

Екі- ұстап аламыз.

Үш- жерге түсіріп алдық

Енді сындырамыз.

Заттың сынын білдіретін сөйлемдер жазыңдар:

Үлкен үй. Биік ағаш. Ұзын жол. Қалың кітап. Тәтті нан. Тегіс жол.

Сөйлем- сызбасын сызып, талдау.

Мен әжеме қызыл шәлі бердім. Үлкен кісіге жол берем.

Мәтінді түсініп оқып, заттың сынын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар.

Балалар кішкентай қоңыз ұстап алды. Оның басы қара, қанаты қызыл. Қанатында қара дақтары бар. Бұл қанқыз.

Балалар қанқызды қолдарына қондырып ойнады. Содан соң оны өсімдік бұтағына отырғызды. Ол жеңіл қанаттарын жайып жіберіп, ұшып кетті.

Тіл ұстарту. «Әжемнің алашасы»

Тоқыпты әжем алаша,

Бояуы қанық тамаша!

Көктегі кемпірқосақты

Әжеміз жерде жасапты.

Заттың сынын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Заттың сынын білдіретін сөздерді атаңдар.Мысалы: күрең, сұлу, терең, талапты, жуас, аппақ, қалың, көкпеңбек, өнерлі.

Сабақтың соңы.





Тақырып: Заттың санын білдіретін сөздер

Мақсаты: Дұрыс санай білуге, сұраққа дұрыс жауап бере білуге машықтандыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік. Заттың сынын білдіретін сөздер айтыңдар.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Сақина

Кинезиологиялық жаттығу: 7, 3

Жаңа сабақ. Қанша? Неше? Нешіншісұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді. Мыс алы: бес, отыз, екінші, елуінші.

Заттың санын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

1996 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының рәміздері- Мемлекеттік туы, Мемлекеттік елтаңба қабылданды.

Қазақстанның туы мен елтаңбасы екі түсті: көгілдір және алтын.

Жиырма, қырық сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қырық – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Қ – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

Ы – дауыс ты, жуан

Қ – дауыссыз, қатаң.

Сергіту сәті:

Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ.

Жаттығу оңай – ақ.

Апта күндерін атаңдар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар:

Батыр (бір) рет өледі,

Қорқақ (мың) рет өледі.

Заттың санын білдіретін сөздерді тап

Неше? Нешінші?

Үй үшінші

Қабат бесінші

Бөлме бірінші

орын екінші

Керекті сөздер: үш қабат, бес бөлме, үшінші қабат, бір орын, бесінші бөлме, бірінші орын.

Мәтін оқып, сан есімнің астын сызыңдар. Ғарышқа ұшу

Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бірақ ол қолдан келместей көрінетін.

Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуір күні тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Қазақстаннан ғарышқа бірінші болып ұшқан- Тоқтар Әубәкіров. Біз қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевты да мақтан етеміз.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Заттың санын білдіретін сөздер айтыңдар.

Сабақтың соңы.

Тақырып: Әртүрлі мағыналы сөздер

Мақсаты: Сөздің мағынасын түсіне білуге машықтандыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Ұлттық мұраны білуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік. Заттың санын білдіретін сөздер айтыңдар.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Сақина

Кинезиологиялық жаттығу:

4, 8, 9

9, 4, 8

8, 4, 9

Жаңа сабақ. Тілімізде дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер де болады.Бұл сөз мағыналарының бір – біріне қатысы жоқ. Мысалы:

Өрмекші – тор құрып, шыбын – шіркейді аулап қоректенетін жәндік.

Өрмекші – өрмек тоқитын адам.

Белдік, беті сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Белдік-2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

Б – дауыссыз, ұяң

Е – дауысты, жуан

Л – дауыссыз, ұяң

Д – дауыссыз, ұяң

І – дауысты, жіңішке

К – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім .

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаңғ – тозаңды қуамын.

Беті деген сөздің көп мағыналығын айтыңдар.

1 Беті қызарды.2 Ақ бет. 3 Жердің беті. 4 Судың беті.

Кітап, ашық жеңіл, ауыр сөздеріне сөйлем құрастырыңдар:

Бүгін әжемнің қабағы ашық екен. Мұрат жеңіл көлік мініп алыпты.Мен досыма аукыр сөз айттым.

Көп м ағыналы сөздері бар мәтін оқу. Киіз үй

Киіз үй – көшпелі халықтардың баспанасы. Ол өте қолайлы. Киіз үй тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, жазда салқын болады. Қазақ халқы киіз үйді әсем безендірген. Киіз үйдің ішінде ағаш төсек, шымылдық, сандық, т.б бұйымдар болады.

Үй - тұрат ын баспана.

Үй – бір жерге үю.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Әртүрлі мағыналы сөздер айтыңдар. Нан-сену,жейтін тағам. Жаз – жазу, мезгіл, бір нәрсені түзеу. Түс –мезгіл, бір нәрседен түсу заттың түсі. Той – тойып жеу, мереке. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



Тақырып: Мағынасы бірдей сөздер

Мақсаты: Сөздің мағынасын дұрыс түсінуге, сұраққа дұрыс жауап беруге машықтандыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Адал достыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер, профильдер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік. Заттың санын білдіретін сөздер айтыңдар.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығулары: мақтаны домалақтап,мұрынның үстіне қойып,демді тілдің ортасынан шығарып, мақтаны жоғары ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Пионино

Кинезиологиялық жаттығу:

5, 1, 2

2, 5, 1

1, 5, 2

Жаңа сабақ. Тілімізде бір – бірімен мағыналас, мәндес сөздер болады. Олар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Мысалы: абайлау, байқау, ағайын, туыс.

Қысқа, келте сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қысқа – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Қ – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан

С – дауыссыз, қатаң

Қ – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Сергіту сәті:

Біз азамат боламыз,

Шынығып та аламыз.

Қолды қағамыз,

Қолды соғамыз.

Тоқылдатып аяқпен,

Сарбазша шабамыз.

Жақында, сыйлау, айнала сөздеріне мәндес сөздер айтыңдар.

Жақында – таяуда. Сыйлау – құрметтеу. Айнала – жан- жақ.

Қысқа, мықты, сирек сөздеріне сөйлем құрастырыңдар:

1 Мен қысқа көйлек сатып алдым.

2 Ағаш тамырымен мықты,

Адам досымен мықты.

3 Мұрат сабақты сирек босатады.

Мәтінді оқып, мәндес сөздерді тауып айтыңдар.

Айбек жақында (жуырда) інілі болды. Әкесі екеуі базарға барды.Базардан бесік сатып әкелді.

Айбетің анасы өпені (нәрестені) бесікке бөледі. Айбек бесікті тербетіп, бөпесін жұбатты.

Кішкентай бөпесі (сәби) бесік ішінде балбырап (рақаттанып) ұйықтап кетті.

Жұмбақ шешейік

Халық қу (әккі) деп

Қылған күлкі,

Айласы (амалы) көп,

Бұл не? (Түлкі)

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Бірлік, кен сөздеріне мәндес сөздер айтыңдар. Ынтымақ, мол. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.















































Тақырып: Қарама – қарсы сөздер

Мақсаты: Сөздердің мағынасын түсінуге, сұраққа дұрыс жауап беруге, мәтінді дұрыс түсінуге дағдыландыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Төрт түлік малды сүюге оны күтуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік. Мағынасы бірдей сөздер айтыңдар.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Кинезиологиялық жаттығу:

5, 4, 5

4, 5, 4

5, 5, 4

Жаңа сабақ. Тілімізде мағынасы бір – біріне қарама – қарсы сөздер болады. Мысалы: тар –кең, кіру – шығу.

Жарық, қараңғы сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Жарық – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Ж – дауыссыз, ұяң

А – дауысты, жуан

Р – дауыссыз,үнді

Ы – дауысты, жуан

Қ – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң тозаңды қуамын.

Үлкен, қара сөздеріне қарама – қарсы сөздер айтыңдар. Үлкен- кіші, қара –ақ.

Үлкен, биік, қара сөздеріне сөйлем құраңдар. Мысалы: Дулат үлкен шар сатып алды. Жанар биік өкшелі етік киді. Қанаттың аты – қара.

Мәтін оқып, қарама – қарсы сөздерді тауып айтыңдар.

Жылқы – жылыға төзімді мал. Сақылдаған сары аязда жаз бойы жұқа қарды теуіп жайылады. Өйткені жылқының майы ыстыққа тез қатпайды.

Жаңылтпаш айтайық

Мынау – асау,

Мұндай асау тумас – ау!

Шу асау да

Құрық түссе, жуас – ау.

Жаттамақ оқу: «Малды құрметтеу»

Кендірмен байлама,

Жыңғылмен айдама,

Кендірмен айдасаң,

Жыңғылмен айдасаң,

Мал бітер деп ойлама.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Қарама – қарсы мағыналы сөздер айтыңдар. Мысалы: тар –кең,жас – кәрі, қаклың – жұқа, көшу – қону, жұмсақ – қатты, ұзын – қысқа. Оқушыларды мадақтау.

Тақырып: Мәтін

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға, не туралы айтылғанын білуге машықтандыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Төрт түлік малды сүюге , оны күтуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік. Мағынасы бірдей сөздер айтыңдар.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Кинезиологиялық жаттығу:

1, 3, 2

2, 1, 3

3, 1, 2

Жаңа сабақ. Мәтін дегеніміз – жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше бөлімнен құралады. Әрбір бөлім- абзац деп аталады және жаңа жолдан басталып жазылады. Мәтін сөйлемдері бір – бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.

Жылқы, сиыр сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Жылқы – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Ж – дауыссыз, ұяң

Ы – дауысты, жуан

Л – дауыссыз, үнді

Қ – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң тозаңды қуамын.

Үй жануарларын атаңдар: жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, шошқа.

Сиыр бізге не береді?

1 сүт береді

2 ет береді

3 май береді

4 айран береді

5 құрт береді

6 терісін береді

Суретке қарап сөйлем құрастырыңдар. Мысалы: Абзалдың үйінде сиыр мен қой бар. Абзал оларға шөп, су береді. Ол мал қораны тазалайды. Биыл сиыр бұзаулады.

Мәтін оқу. Жылқы

Жылқы – ер қанаты. Ол – суыққа төзімді жануар. Жылқының жүйрігі және жорғасы болады. Кендебайдың Керқұласы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Ақанның Құлагері нағыз тұлпарлар болған.

Мақалдар

1 Малды бақсаң сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

2 Ат – адамның қанаты.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Жылқы деген мәтінде неше сөйлем бар? Төрт сөйлем. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.















































Тақырып: Мәтінді мазмұндау

Мақсаты: Оқиғаның ретімен баяндалуын, затты дұрыс суреттеп, сипаттауға, оқиғаның себебін дұрыс дәлелдеуге бейімдеу. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Құстарды қорғауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік. Мәтін дегеніміз не?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Қоян, мысық, қаз, доп, құлып, қайық жасату.

Кинезиологиялық жаттығу:1, 2

Жаңа сабақ. Мәтін 3- ке бөлінеді.

1 Әңгімелеу мәтіні

2 Сипаттау мәтіні

3 Пайымдау мәтіні

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін – әңгімелеу мәтіні деп аталады.

Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін – сипаттау мәтіні деп аталады.

Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін – пайымдау мәтіні деп аталады.

Сауысқан, қарлығаш сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қарлығаш - 3 буын, 8 әріп, 8 дыбыс

Қ – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

Л – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан

Ғ – дауыссыз, ұяң

А – дауысты, жуан

Ш – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды,

Қаздар көлде жүр ойнап,

Көктеи айы басталды.

Құстардың түрлерін атаңдар: қарға, қараторғай, торғай, сауысқан, көгершін, тырна, қарлығаш.

Қыста елде қалатын құстарды жазыңдар: торғай, сауысқан, көгершін, қызыл бауыр шымшық, сары шымшық.

Сөйлем құрастырып жазыңдар:Ала қарға жерге қонды. Мен торғайға жем шаштым. Жар басында сауысқан отыр. Кішкентай балалар көгершінді қуалап жүр.

Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтіннің қай түріне жатады?

Менің Құтжол деген күшігім бар. Түрі қап – қара, тек мойны ғана ақ. Денесі шағын, мысықтан аз – ақ үлкен. Үйге бөтен адамды жолатпайды. Күні бойы аулада келген – кеткен адамдарға шәуілдеп үреді. Өзі тіптен шаршамайды.

(Сипаттау мәтіні, Құтжол)

Жұмбақтар

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды (Қарға)

Өзі сақ, өзі ұзын

Шықылықтап тұрмайды (Шымшық)

Құйрығы ұзын

Өзі бұтақтан – бұтаққа ауысқан,

Бұл қандай құс? (Сауысқан)

Бір – ақ уысымкөлемім

Шыбын – шіркей қорегім

Бау – бақшаны қорғаймын

Ал атым ше? (Торғаймын)

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы, - деп.

Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Мәтінді мазмұндау. Не істеді? Қандай? Неліктен? Сұрақтарына қандай мәтін түрлері жауап береді? Не істеді? – әңгімелеу, Қандай? – сипаттау, Неліктен? – пайымдау. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.





















Тақырып: Мәтінге жоспар құру

Мақсаты: Мәтінге ат қо білуге, жоспар құра білуге машықтандыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Жыл басын білуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік. Мәтін дегеніміз не?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Қоян, мысық, қаз, доп, құлып, қайық жасату.

Кинезиологиялық жаттығу:1, 3

2 Лезгинка қимылын жасау

Жаңа сабақ. Әңгіменің әр бөліміне қойылған ат мәтіннің жоспары болып табылады.

Ит, қой, жылан сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Ит – 1 буын, 2 әріп, 2 дыбыс

И – дауысты, жіңішке

Т – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Дөңгелекті құрайық

Қолымызды шапалақтап

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Сауық – сайран құрайық.

Жыл басына таласқан нелер? Сиыр, қой, ит, тауық, тышқан, барыс, қоян, ұлу, жылан, мешін, доңыз.

Жыл басындағы хайуанаттарды ретімен қойып айтыңдар. Сөйлем құрастыру.

1 Тышқан – кеміргіштер тұқымдасына жатады.

2 Сиыр атасы– зеңгі баба

3 Барыс – жабайы жануар

4 Қоян –қыста ақ тонын киеді

5 Ұлу өте баяу жүреді.

6 Жылан жорғалаушылар тобына жатады.

7 Жылқы атасы - Қамбарата

8 Қой атасы Шопаната

9 Мешін. Мен хайуанаттар бағынан мешін көрдім.

10 Тауық - үй жануарының бірі

11 Ит –жеті қазынаның бірі.

12 Доңыз. Менің көршім доңыз асырайды.

Мәтін оқып 1 Басы 2 Нгізгі бөлім 3 Соңын табыңдар 4 Ат қойыңдар.

Жанашыр

Басы Азамат, Ернар, Талғат көрші балалармен футбол ойнауға шықты. Азамат пен Ернар бір топта. Кішкентай Талғат ойынға қатыспады.

Балалар ойынды қатты беріліп ойнады. Бір кезде Ернар байқамай допты өз қақпасына қарай теуіп жіберді. Доп қақпағ кіріп кетті. Топтағы балалар Ернарға дүрсе қоя берді. Ернар не істерін білмеді. (Негізгі бөлім)

Көмекке ағасы Азамат келді. Ол Ернардың байқамай қалғандығын басқаларға түсіндірді. Сөйтіп інісіне жанашырлық танытты. Мұны байқап тұрған көрші ата Азаматқа риза болды. (Соңы)

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Тақырып: Сөйлем

Мақсаты: Мәтін құрастыра білуге, қандай ой айтылғанын түсінуге дағдыландыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Нанды қастерлеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Қоян, мысық, қаз, доп, құлып, қайық жасату.

Кинезиологиялық жаттығу: 1, 4

Жаңа сабақ. 1 Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

2 Сөйлем сөздерден құралады.

3 Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады

4 Сөйлемнің бірінші әрпі бас әріппен жазылады.

5 Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.

Бауырсақ, тоқаш сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Бауырсақ – 3 буын, 8 әріп, 8 дыбыс

Б – дауыссыз, ұяң

А – дауысты, жуан

У – дауыссыз

Ы – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

С- дауыссыз, қатаң

А – дауысты,жуан

Қ – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң тозаңды қуамын.

Қандай дәнді дақылдарды білесіңдер? Бидай, тары, күріш, сұлы, арпа, жүгері.

Арпа, сұлы, жүгері сөздеріне сөйлем құрастырыңдар:

1 Арпа- астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық дақыл.

2 Жүгеі собығы жүрекке пайдалы.

3 Сұлы бағалы мал азығы.

Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгісін қойдыңдар?

Сөйлемдер оқу. Әр сөйлемнің арасына үзіліс жасап, дауыс ырғағымен оқыңдар. Мұнда неше сөйлем бар? Оны қалай анықтадыңдар?

Қайрат – оқуға ынталы бала. Ол сабақтан кешігуді білмейді. Оқулықтарын таза ұстайды. Сабақтан кейін апасына көмектеседі. Ол қарындасын далада ойнатады.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Нан деген сөзге сөйлем айтыңдар.

Сабақтың соңы.







Тақырып: Хабарлы сөйлем

Мақсаты: Мәтін құрап жаза білуге, әр сөйлемнің соңынан тыныс белгісін қоя білуге дағдылану. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Туыстық қатынастарды білуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Сөйлемнің бірінші әрпі қалай жазылады?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы:

Мына саусақ – атам,

Мына саусақ – әжем,

Мына тсаусақ – әкешім,

Мына саусақ – анашым,

Мына саусақ мен,

Барлығы менің отбасым!

Кинезиологиялық жаттығу:

5, 3, 4

4, 3, 5

3, 5, 4

Жаңа сабақ: Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңынан нүкте қойылады.

Нағашы, жиен сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Нағашы – 3 буын, 6 әріп, 6 дыбыс.

Н – дауыссыз,үнді

А- дауысты, жуан

Ғ – дауыссыз, ұяң

А – дауысты, жуан

Ш – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан

Сергіту сәті:

Көбелек тұрды ертемен,

Күлімсіреп керілді.

1 – Шықпен бетін жуды

2 – Шыр айналып бұрылды,

3 – Еңкейіп жерге жетті,

4 – дегенде ұшып кетті.

Қандай туысқандық қатынастарды білесіңдер? Нағашы, жиен, бөле.

Нағашымның ауылында

1 Сөйлем құрастырыңдар

2 Сөйлем талдау

3 Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылады?

Мен жазда нағашымның ауылына бардым.

Хабарлы сөйлем. Нүкте қойылады.

Хабарлы сөйлемдерді оқу.

1 Қанат мектепке ерте келді.

2 Алмат сабақтан кешікпейді.

3 Болат күшікті үйге әкелді.

Мәтін оқып, хабарлы сөйлемді табыңдар.

Кірпі мен қоян

Бір күні қоян кірпіге келіп:

  • Сенің тоның қандай жаман, ылғи тікенек. Менің тонымды айтсайшы, жұп жұмсақ – деп мақтанды.

Сонда кірпі:

  • Жаман болса да, тоным мені ит пен қасқырдың тісінен сақтайды.Сенің әдемі тоның солай сақтай ала ма? – дейді.

  • Солай екен – ау, бірақ мені сақтайтынтоным емес, аяғым, - деп, қоян, жорта жөнеледі.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Қай сөйлем аяқталған ойды білдіріп тұр?

1 Аязды күні торғайлар

2 Мен нағашымды жақсы көремін.

Сабақтың соңы.



























Тақырып: Сұраулы сөйлем

Мақсаты: Дұрыс сұрақ қоя білуге, Сөйле мдердің соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын білуге, сұраққа дұрыс жауапбере білуге дағдыландыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Оқушыларды білімділікке, бірін – бірі сыйлауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Сөйлемнің бірінші әрпі қалай жазылады?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Кинезиологиялық жаттығу: 1, 3, 4

Боран, суық, қар сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Боран – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Б – дауыссыз, ұяң

О – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

А – дауысты, жуан

Н – дауыссыз, үнді

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Қыста болатын өзгерістер: аяз, боран, қар, мұз.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Балалар не істеп жүр? Кішкентай бала неге жылады? Дәулет не істеді? Ол қандай бала?

Балалар таудан сырғанақ теуіп жүр. Кішкентай бала шанамен сырғанап жүріп, құлап түсті. Дәулет оны орнынан тұрғызды. Дәулет қамқор бала.

Сөйлемді ма, ме, ба, бе, па, пе буындарын қойып сұраулы жасаңдар.

Балалар сырғанақ теуіп жүр ме? Кішкентай бала құлап қалды ма? Дәулет оны орнынан тұрғызып па? Дәулет жақсы бала ма?

Өлеңді мәнерлеп оқыңдар

Жаңбыр қалай тұр құйып?

Неге ысиды күн күйіп?

Аспан неге көкпеңбек?

Таулар неге тым биік?

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып айтыңдар. Таң атты. Күн шықты. Қанат ерте тұрды. Мектепке барды. Мұғалім сыныпқа келді. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



















Тақырып: Лепті сөйлем

Мақсаты: Мәтінмен жұмыс істеу, тиянақтауға мүмкіндік жасау. Сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Жыл мезгілдерін білуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Сұраулы сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы:

Мына саусақ – атам,

Мына саусақ – әжем,

Мына тсаусақ – әкешім,

Мына саусақ – анашым,

Мына саусақ мен,

Барлығы менің отбасым!

Кинезиологиялық жаттығу:

1, 6, 7

6, 1, 7

7, 1, 6

Жаңа сабақ: Лепті сөйлем адамның көңіл – күйін, сезімін білдіәреді. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады.

Наурыз, сәуір, мамыр сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Наурыз – 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

Н – дауыссыз, үнді

А – дауысты, жуан

У – дауыссыз

Р – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан

З – дауыссыз, ұяң

Сергіту сәті:

1, 2, 3 – жиналады күш,

Оңымыз, солымыз

Демалады қолымыз.

Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар:

1 Қар еріді. 2 Жылғалардан су ақты. 3 Құстар қайтіп келді. 4 Ағаштар бүршік жарды. 5 Жерге шөп, гүлдер өсті.

Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырыңдар:

1 Әкем жұмыстан келді.

Алақай, әкем жұмыстан келді!

2 Ағаш жапырақтары бүршік жарды.

Ағаш жапырақтары қандай әдемі болып бүршік жарды!

3 Мақсат бері келші.

Мақсат бері кел!

Сөйлемдерді оқып, тиісті тыныс белгісін айтыңдар.

Мына тау қандай биік! Сен қысқы демалыста қайда барасың? Коньки тебу қандай тамаша! Бөлменің ауасын тазартып отырған жөн.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай сөйлем түрімен жұмыс жасадық ? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.

Тақырып: Сөйлемдегі сөздің байланысы

Мақсаты:Дұрыс сөйлеу, сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғыцмдарын тиянақтау. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Табиғатқа деген ізгілікті қарым – қатынасты тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Лепті сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы:

Мына саусақ – атам,

Мына саусақ – әжем,

Мына тсаусақ – әкешім,

Мына саусақ – анашым,

Мына саусақ мен,

Барлығы менің отбасым!

Кинезиологиялық жаттығу: 2, 1, 2

Жаңа сабақ: Сөйлемдегі сөздер бір – бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы анықталады.

Тау, тастар, өзен, көлшіктер сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Өзен – 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс

Ө – дауысты, жіңішке

З – дауыссыз, ұяң

Е – дауысты, жіңішке

Н – дауыссыз, үнді

Сергіту сәті:

1, 2, 3 – жиналады күш,

Оңымыз, солымыз

Демалады қолымыз.

Ауылдың табиғатын айту: тау, тастар, өзен, тоғай, ағаштар, шөптер, көлшік.

Сөйлем құрастырыңдар. Сөз байланысын сызып көрсетіңдер.

Мен тауға шықтым. Есіл өзені Астананың оңтүстік – шығыс жағында. Қазақстанда көл көп. Ормандар мен тау бөктерлерінде қарағай, шырша, емен, үйеңкі және өзге ағаштар өседі.

Мәтін оқу. Табиғат

Табиғат бай өлке. Мұнда таулар, өзендер, көлдер, теңіздер бар.Ормандар мен тау бөктерлерінде қарағай, шырша, емен, үйеңкі және өзге ағаштар өседі.Оларға құстар ұя салып, діңінде құрт – құмырсқа тіршілік етеді.Табиғатты қорғау әрбіріміздің парызымыз.

1 Қазақстан қандай өлке? 2 Мұнда нелер бар? 3 Қазақстанда қандай ағаштар өседі?

Екі бағанды оқып, салыстыру

Біз, ауыл, тұр Біз ауылда тұрамыз

Балалар қала бар Балалар қалаға барды

Киім, кірлетпей, ки Киімді кірлетпей ки

Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын табыңдар:

1 Үйді олар тазалау кірісті.

2 Үй олар тазалауға кірісті.

3 Олар үйді тазалауға кірісті.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырыа өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Тақырып: Сөз таптары

Мақсаты: Оқушылардың сөз таптары туралы білім білік дағдыларын жетілдіру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Оқушылардың қиялын шыңдау, байланыстыра сөйлеу тілін арттыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Кинезиологиялық жаттығу: 2, 3, 4

Жаңа сабақ:

Заттың атын білдіретін сөз табын – зат есім дейміз.

Заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөз табын – етістік дейміз.

Заттың сапасын, түр – түсін білдіретін сөз табын – сын есім дейміз.

Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын – сан есім дейміз.

Дәптер, сызғыш сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Дәптер -2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

Д – дауыссыз, ұяң

Ә – дауысты, жіңішке

П – дауыссыз, қатаң

Т – дауыссыз, қатаң

Е – дауысты, жіңішке

Р – дауыссыз, үнді

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш, төрт

Біз екеуміз қар иледік,

Қатты, домалақ, теп- тегіс

Өзі тәтті емес

Бір- лақтырамыз,

Екі- ұстап аламыз.

Үш- жерге түсіріп алдық

Енді сындырамыз.

Мектеп құралдарын атаңдар: сөмке, кітап, қалам, сызғыш, пенал, өшіргіш, ұштағыш, қаламсап, дәптер, бояу.

Зат есімге сын есі қосып жазыңдар: Қызықты кітап, үлкен сөмке, есеп дәптер, ұзын сызғыш.

Зат есімге сан есім қосып жазыңдар: екі кітап, үш дәптер, бес сызғыш.

Мақал – мәтел оқу

Кітап – алтын қазына.

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.











Тақырып: Зат есім

Мақсаты: Зат есім туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау, зат есімнің түрлерімен таныстыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Оқушылардың қиялын шыңдау, байланыстыра сөйлеу тілін арттыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Музыкалық аспаптарды сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Баулармен жұмыс жасау

Кинезиологиялық жаттығу: 4, 3, 8

Жаңа сабақ: Заттың атын білдіретін сөздерді – зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұрақтар қойылады.

Домбыра, қобыз, сазсырнай сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Домбыра – 3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс

Д – дауыссыз, ұяң

О – дауысты, жуан

М – дауыссыз, үнді

Б – дауыссыз, ұяң

Ы – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

А – дауысты, жуан

Сергіту сәті:

Біз азамат боламыз

Шынығып та аламыз

Қолды қағамыз,

Қолды соғамыз,

Тақылдатып аяқпен

Сарбазша шабамыз.

Музыкалық аспаптарды атаңдар: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз.

Сурет бойынша әңгіме құру. Домбыра

Домбыра қазақ халқының музыкалық аспабы. Ол қос ішекті. Домбыра ағаштан жасалады. Домбыраның дауысы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. Қазақ халқының ақындары, әншілері, күйшілері домбырамен ән салып, күй тартқан. Күй домбырада тартылатын музыкалық туынды.

Жаттамақ оқып, зат есімдерді тауып, сұрақ қойыңдар.

Домбыра, қайда барсам тастамаймын,

Ән менен сенсіз өмір бастамаймын

Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен

Сайрасам қызыл тілмен асқақтаймын.

Топтастыр ойыны. Шашылып жатқан суреттерді топтаймыз.

Адамдар: Кім? Нағашы, ақын, іні.

Өсімдіктер: Не? Түймедақ, бақбақ.

Құстар: Не? Бүркіт, үйрек, қаз, аққу.

Балықтар: Не? Жайын, шортан, бекіре.

Аңдар: Не? Аю, түлкі, қоян.
Еңбек құралдары: Не? Егеу, қайрақ.

Көлік: Не? Трамвай, машина, ұшақ.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сұрақтары қандай? Оқушыларды мадақтау.

Тақырып: Жалқы есім

Мақсаты: Жалқы есім туралы түсіндіру. Жалқы есімді жалпы есімнен ажырата білуге үйрету. Қатесіз, таза жазуға дағдыландыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Тілді құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Баулармен жұмыс жасау

Кинезиологиялық жаттығу: 3, 7, 8

Жаңа сабақ: Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Мысалы: Айжан, Абай, Ақтау, Ақтөс, Ақалтеке.

Айнұр, Ислам сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Айнұр – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

А – дауысты, жуан

Й – дауыссыз, үнді

Н – дауыссыз, үнді

Ұ – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

Сергіту сәті:

1, 2, 3- жиналады күш

Оңымыз, солымыз

Демалады қолымыз.

Адам аттарын атаңдар:Айнұр, Рада, Әсел, Ислам, Дәурен.

Оқушылардың сыныптағы міндетін атаңдар: Мұғалімнің айтқанын тыңдау. Сабаққа қатысу. Сыныпты таза ұстау.

Мәтінді оқып, жалқы есімді теріп жазыңдар.

Маңғыстау – мұнайлы өлке. Ол «мың қыстау сөзінен» шыққан. Академик Қаныш Сәтбаев бұл өңірді ұйқыдағы аруға теңеген. Мұнда Қарақия ойпаты бар. Ол мұхит деңгейінен 132 метрдей төмен орналасқан.

Мәтінді қалай атауға болады?

Жаттамақ айту

Бүкіл ауыл адамы,

Мақтайды Айгүл, Сараны.

Сурет те салады,

Кесте тіге алады.

Бас әріппен жазылатын сөздер оқу: Астана, Алтынай, Семей, Ақтау, Біржан, Көкшетау, Ақтөс, Құлагер, Тайбурыл, Шымкент, Естай, Бөрібасар, Ақтабан.

Мәтін. Қарағанды

Қарағанды қаласы Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Ол – өндірістік қала. Өнеркәсібінің басты саласы – таскөмір өндіру. Қала Бұқпа өзенінің жағасында тұр. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс – Қарағанды каналы қамтамасыз етеді.

Жер – су аттарын теріп жазыңдар.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.







Тақырып: Жалпы есім

Мақсаты: Жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішіндеоларды таба білуге түйрету. Қатесіз, таза жазуға дағдыландыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Жұппен жұмыс жасай білуге, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Баулармен жұмыс жасау

Кинезиологиялық жаттығу: 3, 9, 8

Жаңа сабақ: Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Мысалы: оқушы, кітап, қарбыз, ара.

Қарағанды, Шымкент сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қарағанды – 4 буын, 9 әріп, 9 дыбыс

Қ – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

А – дауысты, жуан

Ғ – дауыссыз, ұяң

А – дауысты, жуан

Н – дауыссыз, үнді

Д – дауыссыз, ұяң

Ы – дауысты, жуан

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біздер тату боламыз,

Біздер тату боламыз.

Гүл – гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Қалалар қай өлкеде орналасқан? Петропавл – Солтүстік өлкеде, Астана – орталық өлкеде, Шымкент – оңтүстік өлкеде.

Суреттегі сөздер жалқы есім бе? Жалпы есім бе? Сөйлем құраңдар: балға, дүрбі, күшік, құс.

Балғамен шеге қақтым. Дүрбімен тауға қарадым. Мен күшік асырадым. Құстың суретін салдым.

Жаттамақ айтыңдар

Астанамыз көрікті

Қонақ таң боп көріпті.

Есіл ағар еркелеп,

Шамдар нұрын төгіпті.

Жалпы есімнің астын 2 рет, жалқы есімнің астын 1 рет сызыңдар.

Мәтін. Бөрте мен Нұржан

Нұржанның әкесі Қаратау бойынан тауешкі лағын тауып әкелді. Лақ Нұржанға қатты ұнады. Әкесі Нұржаннан:

  • Мұның атын кім қоямыз? – деп сұрады.

  • Бөрте қояйық – деді Нұржан.

Содан бастап Нұржан Бөртемен достасып алды. Жем су береді, кейде қант та береді. Бөрте тәттіні қатты ұнатады.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Жалпы есімдерді бөліп жазыңдар. Ержан, терезе, күрек, айна, көше, қаймақ, Шымкент.

Сабақтың соңы.









































Тақырып: Зат есімнің жекеше түрі

Мақсаты: Зат есімнің жекеше түрі туралы түсінік беру, сөйлем ішінде оларды таба білуге үйрету. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Үй жануарларын сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Моншақ жасату.

Кинезиологиялық жаттығу: 4, 4, 5

Жаңа сабақ: Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз. Мысалы: биші, аға, тау, өзен.

Жылқы, сиыр, мысық сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Жылқы – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс.

Ж – дауыссыз, ұяң

Ы – дауысты, жуан

Л – дауыссыз, үнді

Қ – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз

Өсіп – өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

Үй жануарларын атаңдар: жылқы, сиыр, қой, ешкі, мысық, ит.

Суреттегі заттарды айтыңдар, санын анықтаңдар

Қарбыз, 4 қарбыз, қарбыздар.

Сұрақ қойыңдар: Не? Қанша?

Мәтін оқып, сөйлем ішіндегі жекеше түрдегі зат есімді табыңдар.

Қайың – сымбатты ағаш. Ол биік бойлап өседі. Оның гүлдері қарапайым сырға секілді болады. Қайыңның бүршігінен дәрі әзірленеді. Бұтағынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан шеберлер жеміс – жидек теретін себет, ыдыс тоқиды.

Өлеңді оқып, жекеше зат есімдерді теріп жазыңдар.

Ардақтайды ел жылқыны,

Қасиеті мұның көп.

Жібектей жал – құйрығы,

Төлі аталған құлын деп.

Түйе түздің кемесі,

Мінсең болсын – жолыңыз.

Төлі – төлдің төресі

Бота дейміз оны біз.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



Тақырып: Зат есімнің көпше түрі

Мақсаты: 1 Зат есімнің көпше түрін жекеше түрінен ажырата білуге үйрету. Қатесіз, таза жазуға дағдыландыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Үй құстарын сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Зат есімнің жекеше түріне қандай сұрақ қоямыз?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Моншақ жасату.

Кинезиологиялық жаттығу: 4, 6, 7

Жаңа сабақ: Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз. Мысалы: бишілер, ағалар, таулар, өзендер.

Зат есімнің көпше түрі- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер жалғаулары жалғануы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар көптік жалғау деп аталады.

Үйрек, үйректер сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Үйрек – 2 буын, 5 әріп, 5дыбыс

Ү – дауысты, жіңішке

Й – дауыссыз

Р – дауыссыз, үнді

Е – дауысты, жіңішке

К – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Үй құстарын көпше түрде айтыңдар: тауықтар, қаздар, үйректер, үндіктер, түйетауықтар.

Суреттегі заттарды атаңдар, санын анықтаңдар: 5 қарындаш- қарындаштар, 5 ағаш – ағаштар.

Сөйлем құрастырыңдар:

Мен түрлі – түсті қарындаштар сатып алдым. Мектеп ауласына ағаштар отырғыздық.

Мәтін оқып, мәтін ішіндегі көпше түрдегі зат есімдерді табыңдар.

Аққу

Ерте заманда аққулар көлде емес, ну орманда күнелтіпті. Ұшқан құстар, жүгірген аңдар аққудың көркіне қызығыпты.

Бәрі аққудың адалдығы, ақылдылығы үшін сыйлапты. Айбарлы арыстандар да, жүректі жолбарыстар да, қырағы қыран да аққудың алдында басын иіпті.

Жаңылтпашты оқып, жаттап алыңдар.

Қара қарғаларға

Ала қарғалар үйір.

Ала қарғаларға

Қара қарғалар үйір.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сөздерге көптік жалғауларын қосып айтыңдар. Ұшқыш, құс, шырша, сатушы, дәрі, тиін, маса, бала. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.





Тақырып: Сөз

Мақсаты: 1 Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру, сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Үй құстарын сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Зат есімнің көпше түріне қандай сұрақ қоямыз?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Моншақ жасату.

Кинезиологиялық жаттығу: 4, 6, 7

Көз жаттығуын жасату.

Жаңа сабақ: Сөз дыбыстардан құралады және әр сөздің мағынасы болады.

Ақ, сары, мөлдір, көл, шөл, төл, сөл сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Мөлдір – 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

М – дауыссыз,үнді

Ө – дауысты, жуан

Л – дауыссыз, үнді

Д – дауыссыз, ұяң

І – дауысты, жіңішке

Р – дауыссыз, үнді

Сергіту сәті: Құстарға біз ұқсайық

Қане, қанат жазайық

Ұшып – ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Көп нүктенің орнына мағынасына қарай тиісті сөзді тауып жазыңдар.

1 Әкесі .... үнмен сөйледі. Астанада .... үйлер көп.3 Қамыс ..... жерде өседі. 4 Қамыстың ..... түрі бар.

Керекті сөздер: әдемі, екі жүз елу, ылғалды, қатқыл.

Негізгі түстер қандай? Қызыл, сары, көк.

Әлсіз түстер қандай? Ақ, жасыл.

Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастырыңдар, сұрақ қойыңдар.

Аспан қандай? Аспан көк.

Жапырақ қандай? Жасыл.

Су қандай? Суық.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Қызыл, жасыл, көк

Түрлі түстер көп.

Ақ түсім – сүт,

Бозғылт түсім – бұлт.

Жасыл бояу – шөп,

Сары бояу – сөк.

Қара түсім – қас,

Сарғылт түсім – тас.

Көгілдір бояу – су,

Көкшіл бояу – ту.

Қандай? Қай сұрақтарына жауап беретін сөздерді көшіріп жазыңдар.

Берілген сөздерді топтап жазыңдар: Жемістер, жануарлар, түр – түс, сандардың атаулары.

Жылқы, өрік, қызыл,он бес, ит, сексен, қоңыр, ала, алма, жүз он бес, шие, сиыр, сары, алмұрт, қой, ақ, бес, жүз, ешкі.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау. Жар, кірді, ашады сөздерінің мағыналарын қалай түсінесіңдер?

Сабақтың соңы.







































Тақырып: Сөз құрамы

Мақсаты: 1Сөздің мағынас туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөз және оның құрамы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің тек дыбыстардан ғана емес, басқа да бөлшектерден тұратынына көздерін жеткізу. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Салауатты өмір салтын сақтаға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Сөз дегеніміз не?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Моншақ жасату.

Кинезиологиялық жаттығу: 5, 6, 4

Көз жаттығуын жасату.

Жаңа сабақ: Сөз дыбыстардан тұратынын білсеңдер, сондай – ақ ол түбір және қосымша дегенбөлшектерден құралады.

Жақшаның ішіндегі сөздерді өзгертіп, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

(Нан) жерге тастауға, басуға болмайды. Ас атасы – нан. Онсыз өмір жоқ.Сондықтан да (дастарқан) алдымен нан қойылады. (Жер) жатқан нанды алып қой.

Жақша ішіндегі сөздерді не үшін өзгерттіңдер?

Құрылыс, жинақтау, дәрігер, мұғалім сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы: Құрылыс – 3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс.

Қ – дауыссыз, қатаң

Ұ – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан

Л – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан

С – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті:

Менде он саусақ бар,

Оның бәрі менікі

Оны мен жұмамын, ашамын.

Екі қолдың саусағын қосамын.

Мамандықтарды атаңдар: Суретші, жылқышы, құрылысшы, спортшы.

Сурет бойынша с өйлем құрастырыңдар. Менің атам – жылқышы. Мен суретші боламын. Ағам құрылысшы болып жұмыс істейді. Мен спортшы адамдарды қатты сыйлаймын.

Сөздерге қосымша қосып оқыңдар:

1Теңіз – ші Ән - ші

Қобыз - шы балық - шы

Аң - шы зер – гер

2 Сөз жұптарын салыстырып оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, мақалды көшіріп жазыңдар.

Таза (лық) денсаулық кепілі.

Өнер(лі) адамөрге озар,

Өнерсіз адам жер соғар.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Қатесін түзеп жазыңдар.Көзіңді (қолың) сүртпе. ( Кітап) жатып оқыма, көзің ауырады.Ажар (қала) ағасымен ілесіп барды. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.

Тақырып: Түбір мен қосымша

Мақсаты:Түбір мен қосымшаны бір – бірінен ажыратуға дағдыландыру. Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу, қабілеттерін дамыту, сөздерден сөйлем құрау. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын молайту.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Ұстамдылыққа, әдептілікке, тазалыққа, жинақылыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Денелерін тік ұстап отыру керектігін ескерту. Сынып тазалығына көңіл бөлу.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Әтеш, қаз, құлып, доп, мысық, қоян жасату.

Кинезиологиялық жаттығу: 6, 3, 2

Көз жаттығуын жасату.

Жаңа сабақ: Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз. Мысалы: Қала, орман, көлік, жұлдыз.

Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз.Қала – ға, орман – да, көше – мен, балық – шы.

Қошақан сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қошақан – 3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс.

Қ – дауыссыз, қатаң

О – дауысты, жуан

Ш – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Қ – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Н – дауыссыз, үнді.

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Жинақтау: б, қ, о, т, а, а, н.

Мал және малдың төлдерін атаңдар. Құлын – құлыншақ, бота – ботақан.

Ақ, биік, тәтті сөздеріне қарама – қарсы сөздер атаңдар. Қара, аласа, ащы.

Мақалдар

Еңбектің түбі – рақат.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

1 Сөйлем неше сөзден тұрады, әр сөзде неше буын, әр буында неше дыбыс бар

2 Сөздерден түбір сөздерді табу.

3 Қатар берілген түбір сөздерді қосымшалар арқылы бір – бірімен байланыстыру.

Тақта жаз.

Дәптер аш.

Дала ойна.

Мәтін оқып, берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.

Ақыл бар жерде бақыт та, бірлік тебар. Ақылмен барлық істі басқаруға болады. Ақылдың еңбек деген тірегі бар. Ақылмен еңбек еткен адам бақытты өмір сүреді. Істің бәрін ақылға салып жасау керек.

Мақалдар оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Қосымша сөздерді тап, түбір мен қосымшаны белгілеңдер.

Шын ер жеңсе, тасымас,

Жеңілсе, жасымас.

Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер

Ердің атын еңбек шығарар.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Күйші, биші,сөздерінің түбірі мен қосымшасын табыңдар.

Сабақтың соңы.

































Тақырып: Жұрнақ пен жалғау

Мақсаты: 1Сөз құрамын анықтау, жаттығулар орындай отырып, жұрнақ пен жалғауды ажырата білуді үйрету. Сауатты жазу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Отаншылдыққа, топпен жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы:

Мына саусақ – атам,

Мына саусақ – әжем,

Мына тсаусақ – әкешім,

Мына саусақ – анашым,

Мына саусақ мен,

Барлығы менің отбасым!

Кинезиологиялық жаттығу: 7, 3, 4

Көз жаттығуын жасату.

Жаңа сабақ: Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қсымшаларды жұрнақ дейміз. Түбір сөзге жұрна қосу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Мысалы: таудай, тазалық, асхана.

Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз. Мысалы: тоғайда,отанды, Қарағандыда.

Жұмысшылар сөзін жинақтау, дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Ж, р, ұ, с, м, ы, ш, ы, а, л.

Жұмысшылар – 4 буын, 9 әріп, 9 дыбыс.

Ж – дауыссыз, қатаң Ш – дауыссыз, қатаң

Ұ – дауысты, жуан Ы – дауысты, жуан

М – дауыссыз, үнді Л – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан А – дауысты, жуан

С – дауыссыз, қатаң Р – дауыссыз, үнді

Сергіту сәті:

Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ.

Жаттығу оңай – ақ.

Жұмыс- түбір, жұмысшы - жұрнақ, жұмыста – жалғау сөзінің жұрнақ не жалғау екенін анықтап, түбір сөзді табу.

Мен жұмыс істеймін. Дүкенге жұмысшы қажет. Менің анам жұмыста.

Сөйлемдерді талдаңдар. Неше сөзден тұрады? Сұрақтар қойыңдар.

Мәтін оқып, көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып оқыңдар.

Кітап – ең жақын дос. Кітап..... әр беті – тұнып тұрған ақыл. Кітап... оқығандасен бүкіл дүниені ұмытып кетесің. Кітап.... естімегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, жылайсың, қуанасың.

Жұмбақ шешейік

Түсі аппақ қардай,

Тәттілігі балдай. (Қант)

Жаңылтпаштар

Шын еңбекші – өрмекші,

Өрмекші – шын еңбекші.

Шахматшы болсаң келе ғой,

Шоқанды, кәне, жеңе ғой.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.





































Тақырып: Түбір

Мақсаты: 1 Түбір сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділіктерін арттыру. Қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбыстарының өзгеретінін меңгерту. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Сауаттылыққа, ұстамдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Баулармен жұмыс.

Кинезиологиялық жаттығулар:7, 5, 2

Жаңа сабақ: Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігін - түбір дейміз. Мысалы: әдеп, сауат.

Суреттердің бірінші дыбыстарынан сөз құраңдар: Банан, алма, алхоры, лимон.

Сергіту сәті:

Оң қолымды көтерем,

Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды көтерем,

Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын,

Аяқты топ – топ басамын,

Солға қараймын

Біраз сергіп аламын.

Түбір сөзге қосымша қосып,тік сызықтың екінші жағындағы сөздермен байланыстыр.

Аула(ға) шықтым.

(да) жүрдім.

(дан) көрдім.

Кезекші, сызғыш, биле сөздерін оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Мәтіндегі түбір сөздерді ата, белгілеңдер.

Көмір – көріксіз қара тас. Алайда көмірдің пайдасы мол. Көмірмен үй жылытады. Су да көмірмен ысиды.Алғашқыда көмірді адамдар кездейсоқ тауып алды. Оның қажетін кейін түсінді. Біртіндеп көмірдіпайдалануды үйренді.Біздің республикамызда екі жерде үлкен көмір кені бар.

Қимыл білдіретін сөздерді атаңдар. Оның түбірін табыңдар. Келді, отырды, ұшты, жазды.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

СабақтыңОқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



















Тақырып: Қорытынды диктант

Мейірімділік сынығы

Демалыс күнін жарастың отбасы көл жағасында өткізді. Балалар мөлдір суға түсті. Жағалаудағы ыстық құммен ойнады. Кенет алыстан кішкентай әжей көрінді. Оның ақ шаштары желге қобырап кетіпті. Әжей кір және жамау киім киген. Ол қолындағы сөмкесіне құмда жатқан бір заттарды теріп салып жүр. Ата – аналары балаларын жандарына шақырып алды. Әжей Жарастарға күлімсіреп қарады. Бірақ қарт кісіге ешкім амандаспады.

Жарастың анасы бірнеше күннен кейін әжейдің сол жағалауда тұрғандығын білді.Ол балалардың аяқтарын кесіп кетпесін деп, құмдағы шыны сынықтарын жинайды екен.



































Тақырып: Етістік. Заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздер

Мақсаты:1 Етістік заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту. Өз ойларын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату.

Кинезиологиялық жаттығулар:7, 5, 2

Екі қолмен бірдей кірпі салу.

Жаңа сабақ: Заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге Не істеді? Қайтті? Не қылды? Деген сұрақтар қойылады. Мысалы: Сиыр мөңірейді. Құс келді.

Кетті - қатты

Құйды – күйді

Жазды – жеді

Желпіді – жылады.

Қарсы мәндес сөздер тауып жазыңдар.

Жүрді – жүрмеді, күлді – күлмеді, кетті – кетпеді, терді – термеді, пісті – піспеді.

Сергіту сәті: Аяқтары тырырлап,

Күлкілері сыңғырлап,

Шаттанады қол бұлғап

Ұшынан басып аяқтың

Тік тұрайық жығылмай.

Сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

1 Маядан, шықты, тауық - тауық маядан шықты.

2 Тақтайды, кесті, Ержан – Ержан тақтайды кесті.

3 Нұржан, сүргіледі, тақтайды – Нұржан тақтайды сүргіледі.

4 Шеге, қақты, Мақсұт – Мақсұт шеге қақты.

Сөздерді мәнерлеп оқып, етістіктің астын сызыңдар. Шешесі жұмысқа кетті. Оқушылар аулаға шықты.

Жаңылтпаш айтайық

Піскен алма топ – топ түсті,

Топ – топ түсіп, көптеп түсті.

Талғат балға тап,

Тағы да жаңғақ шақ,

Шақсаң, сақ шақ.

Сабақты бекіту: бүгін қандай тақырып өттік? Бір сөзбен атаңдар:

Төбе шашы тік тұрды- қорықты. Тасы өрге домалады – бағы жанды.

Бетінен оты шықты – ұялу

Тақырып: Дара және күрделі етістік

Мақсаты: 1Оқушыларға етістіктьердің дара және күрделі болып бөлінетінін, күрделі етістіктер екі, үш сөзден құралып, құрамындағы сөздердің бөлек жазылатынын меңгерту. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру, сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру

3 Жерін, елін, Отанын сүюгге, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Етістік дегеніміз не?

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Ара, ұя, қайық, доп.

Кинезиологиялық жаттығулар: 7, 6, 2

Зейінді дамыту: Салынған 10 үшбырыштың 3, 5, 7, 9 үшбырышты екі қолмен бірдей штрихтау.

Жаңа сабақ: Етістік дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара етістік бір сөзден тұрады: барды, келді, кетті.

Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден құралады: алып бар, қайтып кел, көріп кет.

Суретке қарап, торкөзге бірінші дыбысын белгілеп жазыңдар: Отыр, тепті, айтты, налыды.

Сергіту сәті: Жаза, жаза қолымыз,

Талып кетті көзіміз.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Мағынасы қарама – қарсы етістіктерді үлгі бойынша өзгертіңдер.

Жапты – ашты, Байлады – шешті, шашты – жинады, терді – шашты.

Әңгіме құрастыру ойыны

Нұсқау: Әр ойыншы кезекпен бір – бір сөзден айтып шығады, нәтижесінде ортақ әңгіме пайда болуы керек. Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу арқылы сөйлем құрау қажет.

1 Бір – бірімен байланысқан сөздерді сызықпен қосып көрсетіңдер. Жиналыс ерте басталды. Сұрақ қойыңдар. Қайтті? – басталды, Не басталды? – жиналыс, Қашан басталды? – Ерте.

Сөйлемдерді өзгертіңдер: Балалар қызғалдақ терді. – Балалар қызғалдақ теріп жүр.

Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар: Бір тілім боп туады,

Күннен күнге толады,

Дөп – дөңгелек болады,

Түнде күлімдейді,

Суда дірілдейді. (Ай)

Сөйлемдерді оқып, салыстырыңдар:

Жаңбыр жауды – дара

Жаңбыр жауып тұр – күрделі

Айнұр ойнады – дара

Айнұр ойнап жүр – күрделі

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Дұрысын айтыңдар:

Ақын өлең шығарды

Дәрігер балаларды оқыды

Оқушы есеп емдеді.

Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.









































Тақырып: Сын есім

Мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы білімдерін арттыру. Сын есімдерді таба білуге үйрету. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру, сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру

3 Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Күрделі етістіктерді атаңдар

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Гармон

Саусақтар ашылған алақандарымен бірде ашылады, бірде жабылады.

Саусақ жаттығуы: Маймақ аю. Төрт саусақ үстелдің үстіне қойылған. Ортаңғы майысқан – ол аюдың басы.

Кинезиологиялық жаттығулар: 7, 4, 2

Жаңа сабақ: Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? Қай? Деген сұрақтар қойылады: Әсем, жұмсақ, қызыл, қою, ащы, үлкен.

Суреттердің бірінші дыбыстарынан сөз құра

М –маймақ

Е – ерке

К – кішкентай

Т – тәтті

Е – енді

П – пысық.

Қарсы мағыналы сөздер жазыңдар: үлкен – кішкентай, ұзын – аласа, қалың – жұқа, тәтті – ащы, тегіс – кедір, ыстық – суық, ұсақ – ірі.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

1 Берілген зат есімге қатысты бірнеше сын есімді үлгі бойынша тіркестіріп оқыңдар: Доп қызыл

үлкен

әдемі

2 Сөйлем сызбасын сызып, талдау: Мен әжеме қызық әңгіме оқып бердім. Қызық – сын есім, оқып бердім – күрделі етістік.

Мәтінді түсініп оқыңдар. Сын есімді тауып, айтыңдар.

Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаштың нәзік бүрлерін үзбейді. Жас шыбықты сындырмайды. Өйткені жас өмірдің бәрі – тіршіліктің қайнар көзі. Көк жұлғанды жаман ырым деп есептеген.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сын, есімді теріп жазыңдар: жылдам, оқушы, мықты, қой, қуанышты, көке ,ат, сабырлы, тез, жүрді, қайтты, ұқыпты.Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.





Тақырып: Сан есім

Мақсаты: Сан есіммен таныстыру. Сұрақ қоя отырып, сан есімді таба білуге үйрету. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру, сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру

3 Тәртіпке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Дәптер деген сөзге сын есім қосып айтыңдар.

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Гармон

Саусақтар ашылған алақандарымен бірде ашылады, бірде жабылады.

Саусақ жаттығуы: Маймақ аю. Төрт саусақ үстелдің үстіне қойылған. Ортаңғы майысқан – ол аюдың басы.

Кинезиологиялық жаттығулар: 7, 4, 1

Жаңа сабақ: Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімге Қанша? Неше?Нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, жетінші, он жетінші.

Сөздердегі жоғалған дыбыстарды табыңдар: .тыз, тоқ.ан, .егіз, ал.ыс.

Апта күндерін атаңдар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Сергіту сәті: Жаза, жаза қолымыз,

Талып кетті көзіміз

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

1 Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазыңдар.

Дүйсенбі – аптаның.... күні.

2 Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар: Жеті ата, он саусақ, жеті қазына, тоғызыншы ғаламшар.

1 Тез айтыңдар: екі жүз елу, қырық екі, жүз алпыс үш, төрт мың қырық бес, жүз мың тоғыз жүз сексен.

2 Мен айтқан сөздерді қайталаңдар: Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты, жетеу деп жүреміз.

Мақалдар оқу

Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме

Он саусағың сау болса, дәулет емей немене.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

Жақсы атқа бір қамшы,

Жаман атқа мың қамшы.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сабақты түсіндіңдер ме? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



Тақырып: Көп мағыналы сөздер

Мақсаты: Көп мағыналы сөздерді, олардың мағыналарынтүсіндіру. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, қолдана білуге дағдыландыру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру, сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру

3 Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырыип, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Сан есімнің сұрақтарын атаңдар.

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Сақина

Кинезиологиялық жаттығу: 4, 8, 9

Жаңа сабақ: Тілімізде дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер де болады. Бұл сөз мағыналарының бір – біріне қатысы жоқ. Мына сөздердің мағынасына назар аударыңдар. Тарақтың тісі, адамның тісі. Көйлектің жағасы, көлдің жағасы.

Белдік, беті деген сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Белдік – 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

Б – дауыссыз, ұяң

Е – дауысты, жіңішке

Л – дауыссыз, үнді

Д – дауыссыз, ұяң

І – дауысты, жіңішке

К – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті: Доптар

Сол қолдарыңды көтеріңдер

Оң қолдарыңды көтеріңдер

Сол аяғыңды көтер

Оң аяғыңды көтер

Отыр, тұр

Отыр, тұр.

Бет деген сөздің көп мағыналығын айту:

1 беті қызарды

2 Бетіне үңілу

3 Жердің беті

4 Судың беті

Сөздерге тіркес сөздермен сөйлем құрастырыңдар:

Қызықты кітап – досың

Ашық жүзді, жеңіл жүк, ауыр зат, жылы үй.

Көп мағыналы сөздер оқыңдар: ұста, нан, той, ата, үй, жаз, жақ, тамыз, қыс, ара.

Мәтін ішінен көп мағыналы сөздерді табыңдар. Кесе

Кесе – ыдыс. Оны шай, ыстық тамақ ішуге қолданады. Кесенің беті ашық, дөңгелек етіп жасалады. Ағаштан жасалған мұндай ыдыстар кесеге жатпайды. Оны тостаған дейді.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы















































Тақырып: Мағынасы бірдей сөздер

Мақсаты: Оқушыларға мағыналары бір – біріне жақын сөздер туралы білім беру. Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөздерді мағыналарына қарай орнымен қолдануға үйрету. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру, сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру

3 Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Бет деген сөздің көп мағыналығын айтыңдар.

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Пианино

Кинезиологиялық жаттығу: 5, 1, 2

Жаңа сабақ: Тілімізде бір – бірімен мәндес, мағыналас сөздер болады. Олар бірінің орнына қолданыла береді. Мысалы: бөпе, сәби, нәресте.

Қысқа, мықты, кәрі сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Қысқа – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Қ – дауыссыз, қатаң

Ы – дауысты, жуан

С – дауыссыз, қатаң

Қ – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Сөздерге өзара мәндес сөздер айтыңдар. Жақында – жуырда, мықты – күшті, сирек – аз, кәрі – қарт.

Мәтін оқып, мәндес сөздерді тауып айтыңдар. Дайын ас

Суда балықтар үйірімен жүр. Шоршып су бетіне де шығады. Алабұғаның шабағы биікке секіреді. Жоғары көтеріледі. Кенет су жағасындағы топыраққа шығып кетеді. Денесін шаң басты. Суға жете алмады. Сол кезде шағала келіп, дайын асты іліп әкетті.

Жұмбақ шешейік

Бес ін, бес іннің аузы – бір ін. (Қолғап)

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (жуа, пияз)

Дәмін татсаң – тәтті – ақ,

Түсін көрсең – әппақ (Қант, шекер)

Әрі төсек, әрі үй

Иесі оның сәби (бесік)

Сабақ бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Ас деген сөзге мәндес сөздер тауып айтыңдар. Ас- тағам, дәм. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



Тақырып: Қарама – қарсы сөздер

Мақсаты: Мағынасы қарама – қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету, түсіндіру. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру, сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру

3 Дұрыс шешім қабылдауға, бірін – бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Ін деген сөзге мәндес сөздер айтыңдар.

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Баулармен жұмыс

Кинезиологиялық жаттығу: 5, 4, 5

Жаңа сабақ: Тілімізде мағынасы бір – біріне қарама – қарсы сөздер болады. Мысалы: Озған – мұрат, қалған ұят.

Жарық, қараңғы сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Жарық – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Ж – дауыссыз, ұяң

А – дауысты, жуан

Р – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан

Қ – дауыссыз, қатаң

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдынан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

Сөздерге қарама – қарсы сөздер айтыңдар: үлкен – кішкентай, биік – аласа, қара – ақ.

Сөздерге тіркес сөздер қосып, сөйлем құрастырыңдар: үлкен үй, биік тау, қара ит, әдемі мектеп.

Мәтін оқып, қарама – қарсы сөздерді табу, айту.

Жылқы – суыққа төзімді мал. Сақылдаған сары аязда, қыс бойы қалың қарды теуіп жайылады. Өйткені жылқының майы суыққа тез қатпайды.

Жаңылтпаштар айту:

Олар Оралдан оралды

Омар Аралдан оралды.

Ұғымпаз бала

Болар дана

Ұғымсыз бала

Қалар шала.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Кірді, қону,жұмсақ сөздеріне қарама – қарсы сөздер айтыңдар. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.







Тақырып: Сөз дыбыстары

Мақсаты: Табиғи және айтылатын, айтылмайтын дыбыстарды бақылау. Дыбыс айту мүшелерімен танысу. Есту, дыбыс айту, есте сақтау қабілетін дамыту Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Жануарларды сүю және қорғауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу.Көңіл – күйлерің қалай? Қалай дем алдыңдар? Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Футбол.

Саусақ жаттығуы: Сақина

Екі қолмен дөңгелек салдыру.

Жаңа сабақ: Сөз дыбыстардан құралады. Дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді көреміз, жазамыз. Дыбыс айту мүшелері: тіл, тіс, ерін, таңдай. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Сөйлеу адамдарға бір – бірімен қарым – қатынас жасау үшін, өз ойлары мен сезімдерін бөлісу үшін қажет. Сөйлеу ауызекі, жазбаша болып бөлінеді.

Бір және екі буынды сөздерді есіңде сақтаңдар: қала, қолғап, талқан, шалғы, адал, төл, лақ, ел, тіл, сөз, сүт. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады.

Сөздік және сөздік емес дыбыстарды айтыңдар. Жануарлар шығаратын дыбыстар сөздік емес дыбыстар. Адам айтатын дыбыстар – сөздік дыбыстар. Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Үй жануарларын атаңдар: жылқы, сиыр, қой, ит, түйе, есек.

Дауыстылар сөздігі:

Кім қандай дыбыс шығарады? Қой – маңырайды, сиыр - мөңірейді, жылқы – кісінейді, ит – үреді, есек – ақырады, түйе – боздайды.

Тіркес сөздерді жекеше және көпше түрде айту:

Қой маңырайды- қойлар маңырайды, сиыр мөңірейді – сиырлар мөңірейді, жылқы кісінейді – жылқылар кісінейді, ит үреді – иттер үреді, түйе боздайды – түйелер боздайды.

Әріпті дыбыстау:

1 А, О, У, Ы, Ұ

2 Ба, бо, бу, бы, бұ

3 В, Г, Д......

Мақалдар айту

Ат – адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.

Мал өсірсең – қой өсір,

Өнімі оның көл – көсір.

Буындарды жылдамдықпен оқу, қай буын қай қатарда тұр?

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.





















3- 4 сыныптардың логопедия сабағының жоспар

конспектісі



















Логопед Шайымбекова Н. А.









2- 3 сыныптардың логопедия

сабағының жоспар

конспектісі



























Логопед Шайымбекова Н. А.









1 сыныптардың логопедия

сабағының жоспар

конспектісі



























Логопед Шайымбекова Н. А.









2 сыныптардың логопедия

сабағының жоспар

конспектісі



























Логопед Шайымбекова Н. А

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар

Мақсаты: Дауысты дыбыстардың пайда болуын анықтау, Естуді түзету Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы:1 Екі қолмен бірдей төртбұрыш сызыңдар.

2 Жұдырық – қабырға – алақан жасау.

3 Көзге арналған жаттығулар жасату. Көзді астыға, үстіге, екі жанға қозғалту.

Жаңа сабақ: Дауысты дыбыстар дегеніміз айтылуы кезінде ауаның кедергісіз, еркін шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай ашық – қысаң, еріндік – езулік , жуан – жіңішке болып бөлінеді. Ескерту: У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан, әрі жіңішке болады.

Дыбыстар қатарынан дауысты дыбыстарды табу:

Ы, Д, Т, С

Ш, О, А, Р

П, Ә, Л, Ұ

Буындар арасынан табу: Со, те, ас, се, му, шө.

Сөздер арасынан табу: ағаш, түйе, жылқы, есек, ит, бота.

Сергіту сәті: Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

Көкөністерді атап, дауысты дыбыстардың астын сызыңдар: сәбіз, қияр, пияз, орамжапырақ, қызанақ, картоп, асқабақ, қызылша.

Сөйлем құраңдар: Көкөністердің пайдасы

Қызылша – қанды көбейтеді. Асқабақ – ағзадағы құртты түсіреді. Сәбіз – жүрек инфарктінде пайдалы.

Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаңдар: қи – яр, са –рым – сақ, шал – ғам

Қияр – 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс

Қ – дауыссыз, қатаң

И – дауысты, жіңішке

Я – дауысты, жіңішке

Р – дауыссыз, үнді.

Қиынды әріптермен сөзді толықтыр. Күр.к, өлк., бөб.к, көлеңк., к.б.л.к, күнд.з, ұз.н, б.рын, құм.рсқа.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Дауысты дыбыстарды атаңдар. Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.



Тақырып: Жуан дауысты дыбыстар

Мақсаты: 1 Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету, оқушыларды жаңылтпашты шапшаң оқуға төселдіру, сауатты жазуға үйрете түсу. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Жемістердің пайдасын түсіндіре отырып, оларды баптауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Қарындашты әр саусақпен ширату

Кинезиологиялық жаттығу: 2, 3, 4

Жаңа сабақ: Жуан дауысты дыбыстар: А, О, Ы, Ұ.

Екі қолменм бірдей шардың суретін салыңдар

Лимон, інжір, ананас, киви сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Лимон – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс.

Л – үнді, дауыссыз

И – жіңішке, дауысты

М – үнді, дауыссыз

О – жуан, дауысты

Н – үнді, дауыссыз

Сергіту сәті: Қақпаға туралап,

Ұр допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Ұр допты сол аяқ

Жаттығу оңай- ақ

Зат есімге сан есім, сан есім қосып айтыңдар. Мысалы: сары лимон, тәтті ананас, екі киви, үш інжір.

Тастап кеткен әріптерді айтыңдар: .н.н.с, алм.рт, қарақ.т.

Қорапқа түрлі жеміс – жидек салу ойыны. Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту. Нұсқау:1 оқушы мен қорапқа алмұрт салдым деп айтып, келесі ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің түрін қосады. Мен қорапқа алмұрт пен жүзім салдым. Келесі оқушылар да осы айтылғандарды қайталап, әрқайсысы жемістің түрін қосып отырады.

Буын тізбегін жылдамдықпен айтыңдар. Дыбыстық буынды әндер айтыңдар. Та – ты, ка – кы, са – сы, то – тұ, ко- құ, со- сұ.

Жуан буындарды атаңдар: ат, от, ыт, ұт.

Жаңылтпаштар айтыңдар:

Піскен алма топ – топ түсті,

Топ – топ түсіп, көптеп түсті.

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Жуан дауысты дыбыстар қандай? Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың соңы.







Тақырып: Жіңішке дауысты дыбыстар

Мақсаты: 1 Жіңішке дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету, оқушыларды жұмбақтар айтып, шешуге төселдіру, сауатты жазуға үйрете түсу. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Жемістердің пайдасын түсіндіре отырып, оларды баптауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік? Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар?

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Саусақтар жуынады

Бір қолдың қайырылған саусақтары екінші қолдың саусақтарымен түйісіп, жыбырлайды.

Кинезиологиялық жаттығу: 2, 5, 6

Жаңа сабақ: Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, е, і, ү, и, э. Мысалы: көктем, өзен, жер.

Шие, жүзім, өрік сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Жүзім – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

Ж – ұяң, дауыссыз

Ү – жіңішке, дауысты

З – ұяң, дауыссыз

І – жіңішке, дауысты

М – үнді, дауыссыз

Сергіту сәті: Аяққа шаңғы ілеміз,

Қолға таяқ аламыз.

Оңға қарап, солға қарап,

1, 2, 3 – деп сырғимыз.

Зат есімге сын есім, сан есім қосып айтыңдар: қызыл жүзім, тәтті грейпфрут, он өрік, жұмсақ өрік.

Тастап кеткен әріптерді айтыңдар: ши., ж.зім, .рік.

Буын тізбегін жылдамдықпен оқыңдар. Дыбыстық буынды әндер:

Тә – ті, кә – кі, сә – сі, тө – тү, кө – кү, сө – сү.

Жіңішке буындарды атаңдар: бә, сө, лі, сә.

Жұмбақтар айту

Аспай піскен,

Қайнамай түскен. (Жеміс)

Доп – домалақ сары,

Ішінде бар дәні,

Қызығасың көріп,

Оның аты - (Өрік)

Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Апельсин, жидек сөздеріндегі жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар. Оқушыларды мадақтау

Сабақтың соңы.





Тақырып: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды айыру

Мақсаты: 1 Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау. Сабақ барысында оқу, жазу дағдыларын, сөздік қорын молайту. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Дәнді дақылдарды қастерлеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік?Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Бүлдірген жинаймыз. Сол қолының ұшы (саусақтары төмен түсірілген) бұтақта тұрған бүлдіргенді келтіреді. Оң қолымыздың саусақтарымен бұтақта тұрған бүлдіргендерді түсіріп аламыз.

Кинезиологиялық жаттығу: 2, 7, 8

Жаңа сабақ: Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады. Мысалы: қозы.

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады. Мысалы: дәптер,.

Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауысты дыбыстар дейміз.

Арпа, сұлы, күріш сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар. Мысалы:

Арпа – 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс

А – жуан, дауысты

Р – үнді, дауыссыз

П – қатаң, дауыссыз

А – жуан, дауысты

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Бидайдан не жасайды? Ұн, ұтақ жармасын (манка)

Жуан дауысты дыбыстарды бір рет, жіңішке дауысты дыбыстарды екі рет сызыңдар: макарон, масақ, кебек, егін.

Буын тізбегін жылдамдықпен оқу. Дыбыстық буынды әндер:

Тә – та, кә – ка, сә – са, сы – сі, тө – то, кө – ко, сө – со.

Буындар айту: же, жо, ра, ре, зә, зы, тү, тұ.

Мақал – мәтелдер оқу

Күріш арқасында – күрмек су ішер

Егінші – мәрт

Жер – жомарт

Сабағы жаман дақылдың

Дәні де жаман.Сабақты бекіту: Бүгін қандай тақырып өттік? Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар. Оқушыларды мадақтау.
Сабақтың соңы.

Тақырып: А –Ә дыбыстарын айыру

Мақсаты: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды оқу. Дауысты дыбыстардың айтылуына байланысты сөздердің жуан және жіңішке жасалуы. Сөздерді дұрыс, нақты айтуға дағдыландыру.

2 Ұсақ моториканы, қимылды үйлестіру

3 Отбасы адамдарын сыйлауға тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, қиынды әріптер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Балаларды түгендеу. Өткен сабақта қандай тақырып өттік?Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар?

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгінің күні

Сәттілікке толсын.

Артикуляциялық жаттығулар: күрекше, кесе, көпір, ине, сағат тілі, ат шауып келеді, саңырауқұлақ, футбол, тәтті тосап жаттығуларын жасату

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынның үстіне мақтаны қойып, дұрыс үрлеп, ұшыру.

Саусақ жаттығуы: Сақина, жұдырық, қабырға, алақан жасату.

Кинезиологиялық жаттығу: 2, 7, 8

Жаңа сабақ:




















Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров256
Номер материала ДВ-383286
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх