1119888
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеКонспектыТақырыбы:Калашников автоматын қол пулеметін бұзу және жинау, оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы

Тақырыбы:Калашников автоматын қол пулеметін бұзу және жинау, оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.



hello_html_m21a7811d.png


jpg


Алғашқы әскери даярлық пәнінен

10 сыныпқа арналған

САБАҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы: Калашников автоматын қол пулеметін бұзу және жинау оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы. Оқтау және ату кезіндегі автоматтың механанизмдерінің жұмысы


АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: А.Молдабеков






















2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін»

Мектеп-гимназиясы директоры

__________Ө.Р.Табынчаев

«_____»____________2015жыл


Алғашқы әскери дайындық пәні

САБАҚ ЖОСПАРЫ №18


Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматын қол пулеметін бұзу және жинау, оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерінің орналасу қалпы. Оқтау және ату кезіндегі автоматтың менанизмдерінің жұмысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен

механизмдерінің оқтау және ату кезіндегі орналасу қалпы туралы жалпы мағлұмат беру.jpg

Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі

Өтілетін күні: 10 «А» сыныбы ______________ 2015жыл.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

Автоматтың (пулеметтің) механизмдері мен бөліктерінің құрылысын атаңдар.

Ұңғы не үшін арналған?

Ұрыстық оқсауыттарды қарау қалай жүзеге асады?

Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері?

Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.

Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы.

Газ поршені және бекітпесі бар бекітпе жақтауы қайтармалы механизм әсерінен алдыңғы жағдайда болады, газ поршені - газ камерасының келте түтігінде орналасады, ұңғы арнасы бекітпемен жабылады. Бекітпе бойлық ось бойымен оңға қарай бұрылып, оның ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабы ойықтарында болады – бекітпе жабылады. Қайтармалы серіппеде ең төменгі қысым болады.

Автоағытқыш тұтқасы бекітпе жақтауы шығыңқысының әсерінен алға және төменге бұралады.

Шүріппе босатылып, бекітпеге тіреледі. Соққыш шүріппе күшімен алға бекітіледі. Ұрыстық серіппе ең төмен қысымда болып, өз ілмегімен шүріппені бекітпеге қысады, ал берілген ұштарымен ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларын ұңғы қорабының түбіне қысады. Бұл кезде ағытқыш ілмек құйрықшасы алдыңғы жағдайда болады.

Шүріппе баяулатқышы өз серіппесінің алдыңғы шығыңқысы әсерінен ұңғы қорабының түбіне қысылады.

Ауыстырғыш ең биік жағдайда болып, ұңғы қорабының қақпағындағы сатылы ойықты жабады. Ауыстырғыш тежегішке қойылады; ауыстырғыш секторы жекелей ату дөңесінің ойығына кіріп, ағытқыш ілмектің оң жақтағы тік бұрышты шығыңқысының үстінде болады (ағытқыш ілмекті жабады).

Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.

Автоматты (пулеметті) оқтау үшін оған жарақталған оқжатарды қосып, ауыстырғышты АВ немсе ОВ-ға келтіріп, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жіберу керек, сонда автомат (пулемет) оқталады. Егер дереу оқ ату міндеті туса, ауыстырғышты сақтандырғышқа қою керек.jpg

Оқжатарды қосқан кезде жоғарғы оқсауыт астынан бекітпе жақтауына тіреледі. Ауыстырғышты автоматты атысқа қойған кезде ұңғы қорабының қақпағындағы бекітпе жақтауының тұтқасына арналған басқышты ойық босайды, ауыстырғыш секторы жекелей атыс дөңесінің ойықында қалады, бірақ ағытқыш ілмектің бұралуына кедергі жасамайды.

Бекітпе жақтауын еркін жүрістің ұзындығына кейін тартқан кезде ол фигуралық ойығының алдыңғы қиығымен бекітпенің жетекші шығыңқысына әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабының ойықтарынан шығады да, бекітпенің ашылуы жүзеге асады; бекітпе жақтауының шығыңқысы автоатқыш иінтіпегін босатады да, автоағытқыштың дөңесі серіппенің әсерінен шүріппенің алдыңғы жазықтығына қысылады.

Бекітпе жақтауын одан ары шегерген кезде бекітпе онымен бірге кейін кетіп, ұңғы арнасын ашады, қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауы әсерінен өз осьінде бұрылады, ұрыстық серіппе бұралады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы ағытқыш ілмектің фигуралық шығыңқысының сыртына шығып, шүріппе баяулатқышының астына келеді де, шүріппе автоағытқыштың дөңесіне тұрады; автоағытқыш иінтірегі бұл реттен жоғары көтеріліп, бекітпе жақтауының шығыңқысы жүретін жолға тұрады.

Бекітпе жақтауының төменгі жазығы оқжатарға арналған терезеден өте салысымен, оқсауыттар оқжатар серіппесі әсерінен жоғарғы оқсауытпен бірге оқжатар қабырғасының йілмесіне тірелгенше жоғары көтеріледі.

Бекітпе жақтауын босатқан кезде ол бекітпемен бірге қайтармалы механизм әсерінен ілгері жылжиды; бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты алып шығып оқтыққа кіргізеді де, ұңғы арнасын жабады. Бекітпе ұңғының оқталатын ойығына келгенде, лақтырғыш ілмегі оқсауыттың шығыршық кертпесіне кіреді; бекітпе жақтауының фигуралы ойығының әсерінен бойлық осін айнала оңға бұрады; бекітпенің ұрыстық шығыңқысы ұңғы қорабының ұрыстық тірегіне кіріп, бекітпені жабады.

Бекітпе жақтауы алға қарай қозғалысын жалғастырып, өз шығыңқысымен автоағытқыш иінтірегін алға және төмен бұрады, автоағытқыштың дөңесі шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады; шүріппе ұрыстық серіппе әсерімен бұралады да, баяулатқыш ілмегінен шығып, ұрыстық қайырмаға тұрады.

Оқсауыттар оқжатарда серіппенің әсерінен жоғарғы оқсауыт бекітпе жақтауына тірелгенше жоғары көтеріледі.

Ауыстырғышты сақтандырғышқа қойғанда, ол ұңғы қорабы қақпағының сатылы ойығын жабады да, бекітпе жақтауының тұтқасын артқа жылжыту жолында болады; ауыстырғыш секторы алға бұрылып, ағытқыш ілмектің оң жағындағы тік бұрыш шығыңқысының үстіне барып тұрады (ағытқыш ілмекті жауып тастайды).

jpg

Автоматты атыс жүргізу үшін ауыстырғышты АВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басу керек, егер ол оқталмаған болса, ағытқыш ілмекті де басу керек.

Ауыстырғышты АВ-ға қойғанда – ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрыш шығыңқысын босатады да, жекелей ату дөңесінің ойығында қалады. ағытқыш ілмек өз осьінің айналасында бұрылуға мүмкіндік алады, жекелей ату дөңесі ағытқыш ілмекпен бірге ауыстырғыш сектормен бұрылудан ұстап тұрады.

Ағытқыш ілмектің құйрықшасын басқан кезде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппе әсерінен өз осінде айналып, соққышқа қатты соғылады. Соққыш бұзғыш пен оқсауыттың капсюлін қиратады. Оқсауыттың капсюлі тұтанады, дәрілі зарядын жандырады да, атыс жүзеге асады.

Оқ дәрілі газдардың әсерінен ұңғы арнасының бойымен қозғалады, ол газ бөлетін тесіктен өтісімен, газдың бір бөлігі осы тесік арқылы газ камерасынан өтеді, газ поршеніне қысым түсіріп, бекітпе жақтауын кері итереді.

Бекітпе жақтауы кері кете отырып, оны тұтқасынан ұстап, кері шегергендегідей фигуралы ойықтың алдыңғы қимасы арқылы ось бойымен айналдырады да, ұңғы қорабының ұрыстық тіреуінен оны ұрыстық шығыңқыға шығарады – бекітпе ашылады, ұңғы арнасы ашылып, ол серіппенің әсерінен баяу жоғары көтеріледі, ал автоағытқыш дөңесі шүріппенің алдыңғы қуысына тақайды. Осы кезде ұңғы арнасынан оқ ұшып шығады.

Автоматтың ұңғы арнасынан шыққан дәрілі газдар ұңғылық тежеуіш компенсатордың артқы камерасына түсіп, кеңейеді де, компенсациялық саңылау арқылы өтіп, реактивті күш жасайды, ол автоматтың ұңғы бөлігін саңылау орналасуына қарсы жаққабұрады. Дәрілік газдардың бір бөлігі алдыңғы және артқы камераның алдыңғы қабырғасына соғыла отырып, кері соғуды азайтады. Артқы камера саңылауынан шыққан газдардың алдыңғы камераның алдыңғы қабырғасына шағылысқан газдармен түйісуі атыс дыбысын бәсеңдетеді.

Бекітпесі бар бекітпе жақтауы екпінмен бірге артқа қарай жылжуды жалғастырады; лақтырғыш ілмегімен ұсталып тұрған оқсауыт ұңғы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысына түйісіп, оқсауыт сыртқа лақтырылады.

Бұдан әрі шүріппе автоағытқыш дөңесінің жоғарғы бөлігіне қойылады да, онда бекітпесі бар бекітпелі жақтауы бұрынғы орынға қайтып келгенше ұсталады. Бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты оқсауыт салғышқа жібергеннен кейін ұңғы арнасы жабылады және бекітіледі, ал бекітпе жақтауы алға қарай жылжи отырып, автоағытқыш дөңесін шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады. Шүріппе ұрыстық шүріппе әсерінен айналады да, шүріппені баяулатқыш саңылауына соғады; баяулатқыш алдыңғы шығыңқыны шүріппе соққысына қалдыра отырып, артқа айнналады; бұл соққылардан соң шүріппенің алға жылжуы сәл бәсеңдейді, бұл ұңғыға бекітпесі бар бекітпе жақтауы соғылуынан соң оның бастапқыға жақын жағдайға келуіне мүмкіндік береді және осы арқылы ұрыс шоғырын арттырады. Баяулатқыш шығыңқысының алдына соғылған соң, шүріппе соққышқа соққы береді. Ату басталады. Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы қайталанады. Ағытқыш ілмек басылып, оқжатарда оқ таусылғанша атыс жүреді. jpg

Атысты тоқтату үшін ағытқыш ілмекті босату керек. Бұл ретте ағытқыш ілмек ұрыстық серіппенің әсерінен бұзылады да, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасының жолына тұрады. Шүріппе ұрыстық қайырмада тоқтайды. Атыс тоқтатылады, бірақ автомат (пулемет) одан әрі атыс жүргізуге дайын болып оқталып тұрады.

Бөліктер мен механизмдердің жекелеп ату кезіндегі жұмысы.

Жекелеп атыс жүргізу үшін ауыстырғышты жекелей атысқа (ОВ) қойып ағытқыш ілмекті басу керек.

Ауыстырғышты «ОВ» жағдайына қойған кезде – ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрышты шығыңқысын босатады (ағытқыш ілмек ашылады), ол жекелей атыс септегішінің ойығынан толық шығады да, атыс кезінде соққыш-ағытқыш механизмнің жұмысына қатыспайды.

Ағытқыш ілмектің құйрығын басқан кезде, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерінен өзінің осінде айналып соққышқа қатты соғылады. Атыс болады. Бірінші атыстан кейін бөліктер мен механизмдер сол автоматтық атыс кезіндегідей жұмыс істейді, бірақ келесі атыс болмайды, өйткені ағытқыш ілмекпен бірге жекелей атыстың септегіші алға бұрылып, оның бүртігі шүріппенің ұрыстық қайырмасының қозғалыс жолына тұрады. Қосымша шүріппенің ұрыстық қайырмасы жекелеп ату дөңесінен асып түседі, ал шүріппе артқы жағдайда қалады.

Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті түсіріп, оны қайта басу керек. Ағытқыш ілмек түскен кезде ұрыстық серіппенің әсерінен жеке ату дөңесі бірге айналады, жекелеп ату дөңесі шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, шүріппені босатады. Ұрыстық шүріппенің әсерінен шүріппе айналады, алдымен баяулатқыш ілгешегіне, содан соң оның ортаңғы шығыңқысына соғылады да, ұрыстық қайырмаға тұрады. Ағытқыш ілмекті басу кезінде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, бөліктер мен механизмдер жұмысы қайталанады. Кезекті атыс болады.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі жағдайы туралы айтып беріңдер.

автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтау кезіндегі жұмысы жайлы айтыңдар.




Алғашқы әскери дайындық пәнінің jpg

ұйымдастырушы оқытушысы: А.Молдабеков

















































Общая информация

Номер материала: ДВ-441825

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс «Менеджер по продажам»
Курс повышения квалификации «Интеллектуальная собственность: авторское право, патенты, товарные знаки, бренды»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Основы организации рекреационной деятельности и лечебного туризма»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинговой деятельности»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.