Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тақырыбы:"Қош келдің, Жаңа жыл"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тақырыбы:"Қош келдің, Жаңа жыл"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.

Осы отырған көпшілік бәрімізге.

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр, әні

Мынау әсем шыршаға

Қош, келдіңіздер балалар!

Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мекелеріңізбен құттықтаймыз, өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ-бірлік тілейміз.

Жаңа жылдық шыршаға келіп отырған оқушыларды ортаға шақырайық.

Ән: Жаңа жыл (хор)

Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер

Шырша сәнін көрдіңдер

Әсем әнмен би билеп

Күй-жырларын төгіңдер

Жүргізуші: балалар, қараңдаршы, шыршамыз қандай әдемі! Осы шыршамызға арнап тақпақ айтайықшы.

Нұрбек Д а сыныбы

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

Ақпан Д а сыныбы

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Менде бүгін ән салдым.

Араластым бигеде.

Мерей Д а сыныбы

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын,

Төрле ,төрле жаңа жыл.

Бізге құтты жыл болсын.

Мұхаммед Д а сыныбы

Жаңа жыл жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Ойнап барлық бала жүр.



Сағыныш Д а сыныбы

Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Азамат Д а сыныбы

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Міне сұлу шыршамыз

Жолын қойдық жарық ғып

Шыршаларға шам іліп.

Абдурасул Д а сыныбы

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайын

Көтере алмай көп қарды.


Жүргізуші: Ал, халайық, халайық

Ескі жылдай аға бар

Оны ортаға алайық

Қош айтысып қалайық

(музыка ойнап ескі жыл келеді)

Ескі жыл: Ескі жылың есіркеп

Жаңа жылың жарылқап

Еліңде болсын тыныштық

Бейбіт күнің жарқырап

Ән: Құлжарас Аянның орындауында «Жаңа жыл » әнін тыңдайық.

Жүргізуші: Ал, балалар, біздер енді ескі жылмен қоштасайық

Ескі жыл:

Қоштасамын бүгін мен

Сіздерді қимас көңілмен

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тіле әмәнда

(қол бұлғап, қоштасып ескі жыл кетеді)

Жүргізуші: Көрініс «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі

Жүргізуші: Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Келді міне жаңа жыл аппақ болып,

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып,

Ауылымыздың тұсына қонып жатыр

Аяз боп, мұз болып, қатқақ болып.

(көңілді әуенмен жаңа жыл ішке кіреді)

Жаңа жыл:

Жақсылыққа бағыттаған

Қой мын мен жаңа жыл

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл

Қой жылының мерекесін

Берекеге жалғаймын

Елде, жерде, табиғатта

Бейбіт жолды қолдаймын.

Ән: «Жаңа жыл» Қалекеш Жанельдің орындауында

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әр қанаттан кең алқапқа тарайды.

-Балалар, жаңа жылымыз қызықты болуы үшін, ортамызға кімдер жетіспейді.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші: Әрине, олай болса Аяз ата мен Ақшақар келе жатқан сияқты.

(осы жерде мыстан кемпір кіріп келеді)

Мыстан кемпір: Әй , балалар менсіз қалай Жаңа жылды қарсы алайын деп жатсыңдар? Мен сендердің тойларыңды болғызбаймын. Қане, маған да тақпақ айтып беріңдер!

Жүргізуші: Балалар мына мыстан кемпірге тапқапақ айтып берейікші, қане, кім айтады?

Нұрислам Д б сыныбы

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Нұржан Д б сыныбы

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты көп алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Ахмедияр Д б сыныбы

Тілеймін мен мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата әже,ата әже

Құтты болсын жаңа жыл.

Серік Д б сыныбы

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Назым Д б сыныбы

Жапалақтап ақшақар

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.

Мыстан кемпір: Тақпақтарың жақсы екен, енді мен би билегім келіп тұр.

Би: «Буги-буги»

Жүргізуші: Ал, Мыстан әжемізбен ата- аналармен қосылып «Орныңды тап» ойынын ойнап жіберейік. (әртүрлі өлеңдер жіберу арқылы ойналады)

Жүргізуші: Ал, әжей біздің балаларымыз көңіліңізден шықты ма?

Мыстан кемпір: Иа.

Жүргізуші: Олай болса біздің Аяз ата мен Ақшақарды шақырсақ бола ма?

Мыстан кемпір: Ойланып әрі жүреді, бері жүреді де «Иа» дейді.

Жүргізуші: Олай болса, балалар, кане бәріміз Аяз атамыз бен Ақшақарымызды шақырайық

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата!

Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым?

Амансыңдар ма, қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем билерің

Асулармен алыстым

Асау желмен жарыстым

Шыршамызға асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Ақшақар: Армысыздар, оқушылар, ата-аналар

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын

Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын

Ән: Аяз ата (хор)

Даярлық сыныбының қыздарының орындауындагы «Ақшақар» биін тамашалаңыздар

Жүргізугші: Ал, келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

Азамат Д в сыныбы

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Ерболсын Д в сыныбы

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Сымбат Д в сыныбы

Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Батыр Д в сыныбы

Жаңа жылда ,балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмандар ешқашан

Мықты болу өзіңнен.


Жүргізуші: Ал қанеки балалар «кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік.


Әльазиз Д в сыныбы

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына

Ақерке Д в сыныбы

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Кәусар Д в сыныбы

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық құып,

Шыршаларға шам іліп.

Айсель Д в сыныбы

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келіп алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Қарақат Д в сыныбы

Тауда туып

Тауда өсіп

Шырша келді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Жүргізуші: Ринатқызы Аружанның орындауында «Қош келдің, Жаңа жыл» әнімен қарсы алайық.

Саруар Аиданың орындауында «Қасиетті Домбыра» әнімен ортаға шақырайық.


Аяз ата: Рахмет! Бәрекелді! Қандай тамаша балалар! Балапандарым, рұқсат болса біз жүрейік. Біздің әлі де болса баратын жерлеріміз бар, жолымыз ұзақ, алыс дегендей. Келесі кездескенше сау болыңыздар, балаларым.

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші: Қандай жақсы біздің аяз атамыз

Ол кеткенде терең ойға батамыз

Ақшақар боп қалықтаймыз аспанға

Құс жолымен ән сап бара жатамыз

Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт береке елімізге

Жақсылық пен қуаныш жылы болып

Қиындық жолықпасын бәрімізге- дей отырып, Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.





Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі





Қош келдің, Жаңа жыл!


Жаңа жыл кешіне арналған сценарий





Өткізгендер: Бупежанова Толғанай

Тулеуова Жадыра

Мұқашева Шолпан






2015-2016 оқу жылы


C:\Users\home\Documents\РАБ СТОЛ\жана жыл\20141225_093929.jpgC:\Users\home\Documents\РАБ СТОЛ\жана жыл\20141225_092806.jpgC:\Users\home\Documents\РАБ СТОЛ\жана жыл\20141225_093950.jpgC:\Users\home\Desktop\IMG-20141229-WA0021.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров161
Номер материала ДВ-569158
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх