Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тақырыбы.Жастар –діни экстремизм мен терроризмге қарсы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тақырыбы.Жастар –діни экстремизм мен терроризмге қарсы.

библиотека
материалов


Тақырыбы.Жастар –діни экстремизм мен терроризмге қарсы.



Мақсаты: Оқушыларға қазіргі кездегі салт-дәстүрлердің ара қатынасы, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.

Дамытушылық: Дін мәселесі жөнінде өз пікірін қалыптастыра отырып, діни наным-сенім мен олардың пайдасы, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Жастарды жеке сенімнің жүйесін қалыптастыруға тура қадам жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: тәрбие сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, суреттер, тірек-сызба, слайдтар, бейнесюжеттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу.

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Жоспары.

1.Дүниетаным жүйесі мен өмір салты ретіндегі діннің рөлі.

2. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының маңыздылығы.

3.Діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы ғаламтор ресурстарына өткізілген сараптамалар туралы.

4. Мемлекеттер мен қоғамға, діни экстремизм және терроризмнің қауіп төндіруі.

Мұғалім: 1.Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым-қатынас жасауы үшін үлгі болып табылады.Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіреді

2. 2011 жылы « Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылдауы мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық бағытын айқындаудың кезеңі бүгінгі заман талабының маңызды қажеттілігі болды.2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша елде 4551 діни бірлестіктер болған. Ал қазіргі уақытта олардың саны 3434 құрайды. Отандық сарапшылардың зерттеулерінің негізінде діни бірлестіктердің жаңа жіктемесі ұсынылып, конфессиялар мен деноминациялардың саны 46-дан 18-ге қысқарды. Діни бірлестіктердің санының үштен бірінің қысқаруы өзінің заңдылығын негіздей алмаған бірлестіктердің есебінен жүзеге асты. Жарғыларында жалған ақпарат ұсынған теріс пиғылды діни құрылымдар мен бірқатар діни бірлестіктерді қайта тіркеуге жіберілмеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 3244 ғибадат үйлері, оның ішінде 2320 мешіт жұмыс істейді.( 1-2-3 слайд. .) .

3.Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын діни әдебиеттер ең алдымен ҚР дін істері агенттігінің діни сарапшыларынан өтуі керек. Рұқсат етілген әдебиеттер тізімі дін істері агенттігінің сайтында көрсетілген. Діни әдебиеттерді діни ғимараттардан және олардың аумағынан,сонымен қатар арнайы орындардан алу ұсынылады.Республика бойынша 212 кітап дүкені ресми түрде қызмет атқарады. Рұқсат етілмеген жерлерде діни әдебиеттерді таратқан тұлғаларға әкімшілік шара қолданылады.Діни мазмұндағы ғаламтор ресурстарына 2014 1 тоқсанында 500-ге жуық сайтқа талдау жасалып, оның 20-сына қатысты ақпарат прокуратураға жолданды. (4-5-6 слайдтар, қысқа бейнесюжет.)

4. Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады. «Діни экстремизм» дегенімізде –діни өшпенділікті немесе алауыздықты,ал «терроризм» латын тілінен «қорқыныш үрей» дегенді білдіреді. Сондай-ақ деструктивтік діни ұйымына тартушы жетекшілері өз қатарына тарту ұшін олардың өмірлік маңызды мұқтаждықтарына назар аударады. Сол себепті көбіне жастарды өз қатарына тарту көп кездеседі. Оқушыларды осындай ұйымдардан аулақ болуға шақырамыз.

(5-минуттық бейнесюжет)

Ендеше ислам діні бойынша білетін мәліметтерімізді ортаға салайық.

( Оқушылар мен мұғалім арасында сұрақ – жауаптар.)



5. Келген қонақтардың пікірлерін тыңдау.

Қорытындылау: Бүгінгі сабағымызда жастар-діни экстремизм мен терроризмге қарсы тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. Өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хәл кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыру керек. Ол жазушы болсын, жұмысшы болсын рухтың кемелденуі ең негізгі қасиеттердің бірі.Рух кемелденуі үшін ибалы қоғам иманды болу керек.Бүгінгі сабақта түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын. Ұлт зиялысы, ел жанашыры М.Дулатұлының «Оян қазақ» өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.

Оян, қазақ! Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа

Дініңді сен ардақтағын құнтта!

Көз алдыңда, тура жолың тұрғанда

Қателесіп жаман жолға былықпа!

8 орта мектеп Қашаған Құржыманұлы атындағы.











Ашық тәрбие сабағы

8- сыныптар.





Тақырыбы: Жастар- діни экстремизм мен терроризмге қарсы !













Дайындаған: Оксикбаева Гүлнара Дүйсеновна.













Жаңаөзен қаласы: 27.11.2015 ж.




Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров575
Номер материала ДБ-010070
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх