Инфоурок Обществознание КонспектыТақырып: "Арнайы мамандандырылған қаржылық несиелік институттар"

Тақырып: "Арнайы мамандандырылған қаржылық несиелік институттар"

Скачать материал

Дәріс 11

Тақырып: Арнайы мамандандырылған қаржылық несиелік институттар

1.  Несиелік серіктестіктің қызметі мен түрлері.

2.  Ломбардттардың қызметі.

 

1. Мамандандырылған қаржы несие мекемелері (оларды басқаша

парабанктер деп атайды) нарықтық экономикадағы несиелік жүйенің маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халыққа көрсететін несие жүйесінің қызметтері ьолық болмай қалады.

          Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген типтеріне қызмет көрсетуге, не банктік қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағытталады. Олардың қызметі көп жағдайда нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге, арнайы клиенттерге қызметтерді және де арнайы қызметтерді ұсынуға негізделеді.

          Бұл мекемелер үшін екі жақты тәуелділік тән болады: біржағынан, несиелік-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырумен байланыса отырып, олар Орталық банктің сәйкес талаптарын негізге алуы тиіс; екінші жағынан, белгілі бір қаржылық, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа операцияларға мамандана отырып, олар сәйкес ведомстволардың реттеугі ықпалына түседі.

Нарықтық экономика тиімділікке ресурсты сұраныс пен ұсынысты бөліп тарату арқылы қол жеткізеді. Қаржылық жүйесі дамыған елдер бұндай жүйесі әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда тез өсіп, экономикалық  жағдайдың күрт өзгеруіне тез икемделетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Сондықтан экономикасы дамып келе жатырған елдер үшін банктік емес қаржы институттарын дамыту аса маңыз алады.

Несие серіктестігі – өзінің қатысушыларына қызмет көрсететін несиелендіру мақсатымен құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлға. Бұл Қазақстан Республикасының «Несие серістестігі туралы» заңымен белгіленгендей Ұлттық банктің лицензиясының негізінде өз қызметін қарыз және басқа банктік операция түрлерін жүзеге асыру үшін жүргізіледі.

Несие серіктестігі коммерциялық ұйым болып саналады, құрылады және де жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде ұйымдастыру-құқықты формасында қызметін жүзеге асырады.

Банктік емес несиелік мекемелер құрамына шағын несиелік мекемелер де жатады. Олар қатысушы-мүшелердің жарналары және өзінің капиталы есебінен несиелендіруді жүзеге асырады.

Осындай ұйымдарға несиелік кооперативтерді жатқызуға болады және де олардың қызметі ҚР «Несиелік кооперация туралы» заңымен іске асырылады.

Берілетін шағын несиенің тәртібі мен жағдайын берілетін шағын несиенің ережесімен белгіленеді. Ол берілген шағын несие келісімшартымен және шағын несиелік ұйымының жоғарғы органының бекітілуімен белгіленеді.

Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, соның жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.

Несие серіктестігі мынадай нысанда құрылады: жабық акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Қатысушылары болып заңды және жеке тұлғалар табылады. Жүргізетін операциялар:

Кассалық операциялар;

Қатысушыларға қарыз беру операциялары;

Аударма операциялары;

Трастылық операциялар;

Сейфтік операциялар;

Қатысушыларға депозиттік операциялар;

Қатысушылардың банктегі шотынан есеп айырысу жүргізу.

Егер арнайы мемлекеттік органнан лицензиясы болса факторингтік және форфейтингтік операцияларды, мүлікті арендаға беру операцияларын жүргізе алады.

Ұлттық банктен немесе коммерциялық банктен корреспонденттік шоттарын аша  алады.

 

2.Банктік емес мамандандырылған несие институттарының қатарына ломбардтар жатады. Ломбардтар  жылжымалы мүліктердің кепіліне қарыз ақша беретін несиелік мекеме болып саналады. Тарихи тұрғыдағыломбардтар өсімқорлардың несие беретін және кәсіпорындары ретінде пайда болды. Соңғы уақыттарда мемлекет пен жекеменшік капиталдың ломбардтар қызметіне қатысу дәрежесіне байланысты мемлекеттік, коммуналдық жеке жекеменшік ломбардтар мен араласүлгідегі ломбардтар бөлініп шыға бастады.

Ломбард – банк болып саналмайтын заңдытұлға (коммерциялық ұйым), Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясының негізінде басқадай және банкілік операциялардың келесі түрін атқаруға құқылы:

- ломбардтық операциялар: жылжымалы мүлктер мен құнды қағаздардың оңай депозитке салынуын іске асуының кепіліне қысқа мерзімді несиелер беру;

- сейфтік операциялар: бағалы қағаздарды сақтау бойынша, құжаттар мен клиенттердің бағалы заттарына қызмет көрсету, сейф жәшіктерін, шкафтарын және бөлмелерін жалға беру;

- лизинг қызметін жүзеге асыру;

- зергелік бұйымдар, бағалы металдар және тастарды сату мен сақтау, сатып алу, кепілге алу мен есептеу;

Ломбардтар шаруашылық серіктестік формасында құрылып, өз қызметін жүзеге асыра алады.

Ломбардтар бағалы металлдар мен тастарды қосқанда (құнды қағаздардан басқасын) тұтыну несиесінің жылжымалы мүлік түріндегі кепілінің қамтамасыз етілуіне маманданады. Қарыздар, негізінде салынатын мүліктің құнына қарай, қысқа мерзімге (3 айға дейін) оның 50-80 %-ға дейін мөлшерінде беріледі. Қарыз берумен қатар кепілге клиенттердің бағалы заттарын сақтау бойынша операциялар да қолданылады.Кепілге салынған мүліктерді арнайы дүкендерде сату тәжірибесі де бар.

Ломбардық несие операцияларын ұйымдастырудың ерекшелігі оның кепілдік міндеттемесінің жоқтығы болып саналады.

Олардың атқаратын негізгі қызметі несие беру және банктік несиеден айырмашылығы несие алу үшін кепілдік заты болып жеке тұлғалардың қымбат бағалы заттары табылады.

Бұндай несиелердің жалға алушылары болып жеке тұлғалар табылады. Бұл қысқа мерзімді жеке тұлғаның ағымдағы қажеттілігін несиелендіру үшін қолданылады.

Ломбардтық несиенің кепіл затын бағалау кезінде тәуелсіз мекеменің қызметіне сүйенеді. Кепіл заты несие мерзімі аяқталғанға дейін ломбард мекемесінде сақталады және несие мерзімі аяқталғаннан кейін зат иесі несие сомасын және несие үшін пайыз сомасын төлеу арқылы кепіл затын кері сатып алады. Несие уақытында қайтарылмаса кепіл затын ломбард мекемесі аукционға салу арқылы сатады және өзінің қаражатын қалпына келтіреді.

          Қазақстанның географиялық  және демографиялық ерекшеліктері, елді мекендердің бір-бірінен алшақ қоныстауы, сонымен қатар ауыл тұрғындарының төлем қабілеттілігінің төмендігі, банк құрылымдарының ауыл адамдарына қызмет көрсетуіне кері әсерін тигізеді. Банкілердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері негізінен шоғырланған аудан орталықтарында ауыл тұрғындарының кішкене ғана бөлігін құрайды. Осының нәтижесінде еліміз бойынша елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының 40%-дан астамы қаржылық қызметі белгілі бір дәрежеде пайдалана алмай отыр.

Байланыс мекемелері мен өндірістік-қаржылық кешенінің белгілерін өзіне үйлестіре алған пошта-жинақтау жүйесінің дамуы, өзінің қызметін пошта байланыс бөлімшелері арқылы Қазақстанның барлық аумағына қызмет көрсете алады. Ол заңды және жеке тұлғаларға қаржылық қызмет және агенттік, пошталық кешенге бағытталған, атқарымдығы көп қаржылық және әлеуметтік институттары арасындағы ең үлкен аймақтың бөлімдерінің жүйелері мүмкіндік туғызып отыр.

Казпошта дәстүрлі пошталық қызмет көрсетумен ғана шұғылданбай, сонымен қатар халықаралық және ұлттық жедел пошта, директ-маркетинг, аралас пошта, депозиттер қабылдау, кассалық-есеп айырысу қызметін атқарады. Сондай-ақ, инкассациялық және ақшамен бағалы заттарды тасымалдаумен, электронды ақша аударымымен, сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін оларды тартумен және шарт жасауға агенттік қызмет көрсетумен айналысады.

Еліміздің барлық аймақтарындағы компаниялар белсенділігінің өсуі, қаржылық инфрақұрылымы жоқ елді мекендер аумағына кешенді түрде бағытталған «Казпошта» АҚ әлеуметтік миссиясын жүзеге асыруға атсалысады.

Қаржылық институт ретінде пошта ісі белсенді түрде дамитын болады. Сонымен қатар, пошта бөлімшесінің базасында шағын кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесе отырып, шағын несиелер бойынша жоба іске асырылып отыр. Пошта байланысының бөлімшелері банкоматтар жүйесін және бірыңғай ұлттық «KazCard» төлем карточкаларын пайдалану постерминалын ашуға мүмкіндік жасайды.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырып: "Арнайы мамандандырылған қаржылық несиелік институттар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 4024
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Самарханов Алибек Курмашевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Самарханов Алибек Курмашевич
    Самарханов Алибек Курмашевич
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18872
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 911 человек

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе