Инфоурок Другое Рабочие программыТақырып: Бейбіт күн жасасын әлемде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған сценарий

Тақырып: Бейбіт күн жасасын әлемде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған сценарий

Скачать материал

Бейбіт күн жасасын әлемде (жеңіс күніне)

1 жүрг: Гүлсана

Қамықпаған қиындықтың түгінен,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.


2
жүрг: Ақмарал

Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!


3. Армысыздар, Қадірлі де, қымбатты қонақтар және тыл ардагерлері! Сіздерді Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


4.Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Мерекелік кештің ашылу салтанатына арналған құттықтау сөз кезегі мектеп төрайымы-
Мадина Қорғанқызына беріледі.

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де басқа отандастарымыз бар.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

І жүрг: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

(1 мин үнсіздік жариялаймын)



5. 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. Взвод жауынгерлері барлығы 28  адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

6. Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

7

Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.



8

70 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Шағын орталық бүлдіршіндерін қошеметпен сахна төріне шақырайық.

9. Бүгінгі Жеңіс күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау  рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

«Жас Қыран» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына» қабылдау рәсімі 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдық тойымен тұспа-тұс келіп отыр. Құрметті қауым «Жас Қыран» тобына қабылданатын 1 сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алыңыздар!

Жиын, сап түзе!

Бұл салтанатты рәсімді жасау мектеп директоры- Мадина Қорғанқызы және тыл еңбеккерлері : Рашат ата,Қорған ата, Кәлен апа және Зәуре апаға тапсырылады. /галстукты ата-апалар тағады./

1-сынып оқушылары салтанатты ант беруге дайын бол!

- «Жас Қыран » балалар ұйымының лайықты мүшесі болуға ...

- Біз сабақты жақсы оқып,мұғалімнің берген тапсырмасын мүлтіксіз орындауға...

- Біз Отанымыз Қ.Р-ның рәміздеріне,Ата заңын құрметтеп,еліміздің лайықты азаматы болуға....

- Біз әрдайым ата-анамызға,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге...

«Жас Қыран » Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. /3 рет оқушылар хормен айту керек/

Құрметті оқушылар,бүгін біздің мектепте үлкен мереке.Біздің қатарымызға жас қырандар қосылып жатыр.Біз сендерден жоғарғы сапалы білім,жақсы тәртіп күтеміз,біз сендерге сенеміз.Енді бізді үлкен-үлкен жақсы істер күтеді.Мектеп қабырғасында жүріп,үйренеріміз де,үйрететініміз де мол.Болашақ ұйымымыз өркендеп,елімізге жақсы ісімен таныла берсін.Отансыз бақыт жоқ,кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы –туған жері.

Сөз кезегі қатарымызға қосылған бүлдіршіндерге беріледі. /1кл тақпақ,ән/

10.  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқып еңбек етті.

11. Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

12. 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

13.  Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге — 70 жыл.

Ән «Ақ көгершін» Орындайтын 3-сынып оқушылары

14
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.


15

Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзін адасқанға.

Астана әнімен 2-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.



16

Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

Дайындық тобы бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалайық.Қарсы алыңыздар.

17.

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған

18.

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін, дамыл таппай!
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай
Қандай жүрек қалады қанат қақпай
Алуа мен Аружанның орындауында Домбыра туралы толғау әні. Қабыл алыңыздар!

19.
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Келесі кезекте 4-сынып оқушыларының орындауында Сарбаздар әні






20.

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

21
Батырлықтың қашанда тұрағы – елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.
Катюша әнімен 4-сынып оқушыларын қарсы алайық.

22. Осымен сіздерге арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты шағын концертіміз аяқталды. Қонаққа келген ардагерлерімізге алғысымызды білдіреміз,, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін! Қонақтарымызды меркелік дастарханға шақырамыз

23.Сау болыңыздар!





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырып: Бейбіт күн жасасын әлемде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.03.2016 1887
    • DOCX 31 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахметова Гульназира Каркауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 63464
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой