Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Тақырып: Етістіктің шақтары "Келер шақ"

Тақырып: Етістіктің шақтары "Келер шақ"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 6-с., қазақ тілі

Пән мұғалімі: №33 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байзакова А.Б.

Күні: 4 ақпан

Сабақтың тақырыбы

Көсемшенің жасалуы мен түрлері

Мақсаты

Көсемшенің жұрнақтарын білу.

Жұрнақтардың жалғану тәртібін ажырата алу.

Сөйлем құрауда қолдану.

Күтілетін нәтижелер



Көсемшенің жұрнақтарын біледі.

Сөйлемде ажырата алады, тұлғалық талдау жасай біледі.

Сөйлеу кезінде қолдана алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта, смайликтер, «бағдаршам» бағалау қағаздары, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы, «дұрыс, дұрыс емес» парақшалары, тапсырмалар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе




























Үзіліс кезінде оқушыларды тренинг арқылы 4 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағазадар таратылады. Әр қағазда «-ыл, іл, -л», «-ын, -ін, -н», «-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз», «-ыс, -іс, -с» деген жазулар бар. Бұл етістің жұрнақтары. Оқушылар етістің жұрнақтарын еске түсіру арқылы 4 топқа бөлінулері қажет.


1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын, бір шумақтық өлеңімізді оқып шығайық.

2. Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достым,

қайырлы күн болсын,

сәрсенбінің әр кезі,

сәттілікке толсын,

біздің алар бағамаыз,

кілең бестік болсын.

3. Бірге ойлаймыз. Әр топ өлеңмен бүгінгі сабаққа тілек айтады.

heads_together[1]

4.Үй тапсырмасын тексеру:

- Балалар, үйге берілген тапсырма қандай еді? (253, 256-жаттығулар. Ережені жаттау).

5. Пысықтау сұрақтары. Интербелсенді тақтадан 2 кесте көрсетіледі. Ауызша сұрақтар да көп қойылады.

Оқушылар осы қима қағаздарда салынған сурет бойынша 4 топқа бөлінеді. Бөліну критерийі айтылмағандықтан, оқушылар ақылдасып, бір шешімге келулері керек.




Мұғаліммен амандасады.





Оқушылар бірге қосылып айтады.




Оқушылар, яғни 4 топ бір –біріне арнап тілек-өлеңдерін жазу керек. Ол үшін 2 минут уақыт беремін. Кейін уақыт өткен соң, топ болып бірге оқиды. Бұл оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Әрі сабақта еркін, сенімді отыруына септігін тигізеді.


Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Жауап беруші оқушыға сынып өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарын қояды.

Оқушылар сол кестелерді сөйлету керек.

Тұсаукесер





Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып болған соң, сабақтың мақсатын шығару қажеттігі айтылады. Көсемшенің есімшеге өте ұқсас екендігі және етістіктің ерекше түрі екендігі айтылады. Осыдан-ақ, білім алушылар көсемшенің мақсатын дұрыс қоюлары керек.

Сынып сабақтың мақсатын былай белгілейді:

1. Көсемшенің жұрнақтарын білу.

2. Оның етістіктің ерекше түрі болу себебін анықтау.

3. Көсемшенің есімшеге ұқсас болуына қарамастан, айырмашылықтарын айқындау.

Негізгі бөлім
























Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай кестелер беріледі.

1-слайд

Жаза

Айта

Бара

Тұра

Күле

Жүзе

Бере

Келе

Сөйлей

Қарай

Тарай

Сұрай


2-слайд

Жазып

Айтып

Барып

Тұрып

Күліп

Жүзіп

Беріп

Келіп

Сөйлеп

Қарап

Тарап

Сұрап


3-слайд

Жазғалы

Барғалы

Келгелі

Сөйлегелі

Айтқалы

Кеткелі

Төккелі

Жатқалы


Оқушылардың берген жауабынан кейін айтылғандарды жинақтап, жаңа тақырып бойынша қорытынды слайд көрсетемін. Онда көсемшенің жасалу жолдары бойынша түсініктеме беріледі.


Көсемшенің түрлену жолы да айтылатын болады.


Бағалау. «Бағдаршам» стратегиясы арқылы өздерін бағалайды.


Оқулықпен жұмыс.

257-жаттығу.

Жаттығу шарты бойынша орындалады. Оқушылар мәтіннен көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасайды.


Сергіту сәті.


259- жаттығу мен деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

Мәтіннен көсемшелерді теріп жазу.

Сен қалмақ болсаң, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз-көмір, балқытқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.


ІІ деңгей

Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау.

Түседі, барады, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып, салынғалы


ІІІ деңгей

Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.

Тізе қосып,көре алмайды,ауырып отырған,таба білген,барып келейін,шашқалы отыр,тілек тілеп.


259-жаттығу.

Тақтаға мақал-мәтелдер көшіріліп жазылады. Оқушылар құрамындағы етістіктерге талдау жасайды.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға сюжеттік сурет беріледі. Топ болып 2-3 сөйлем жазу керек. Құрамында көсемшелер мен есімшелердің болуы шарт.

hello_html_m449bc5fb.gif

Бағалау. Смайликтермен.


«Дұрыс», «Дұрыс емес» стратегиясы.

- Етістер үшке бөлінеді.

- Зат есім деректі және дерексіз болады.

- -ған, -ген есімшенің жұрнақтары.

- Салт етістік табыс септігіндегі сөзді қажет етеді.

- “Тыңдады” сабақты етістік.


«Киви» бейнеролигі көрсетіледі. Пікірталас тудыру.


Оқушылар бұл мысалдардағы етістіктерге тұлғасына қарай талдау жасайды.


Бұл мысалдарды да оқушылар талдай отырып, көсемшенің жұрнақтарын анықтайды және оның жасалу, яғни жалғану жолын білетін болдады. Менің мақсатым- кестедегі мысалдар арқылы оқушылардың өздеріне көсемшенің жасалу жолын анықтату, ойландыру, іздендіру.


Кестенің көмегімен олыр көсемшенің жасалу жолын толық меңгеріп шығады деп ойлаймын.



Оқушылар сол арқылы білімдерін бір жерге жинақтап, жаңа тақырыпты ұғып алады.


Оқушылар көсемшенің –а, -е, -й және –ып, -іп, -п түрлері ғана жіктелетінін айтады. Қалған жағдайда не жіктелмейді, не септелмейді, не көптелмейді, не тәуелденбейді дегенді айтатын болады.


Жаттығу тақтада орындалады. Оқушылар көсемше тұлғасында тұрған етістіктерді теріп жазып, олырға тұлғалық талдау жасайды.


Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар қозғалып, билейді.



Кезекші оқушы сыныпқа деңгейлік тапсырмаларды таратып береді.

І деңгей: Әсел, махаббат, Сұңғат, Өмірбек, Саят, Аружан, Әрсен, Ильяс.







ІІ деңгей: Әсем, Әдігер, Шадияр, Әлиби, Абылай, Дильназ, Аман, Нұрдаулет.





ІІІ деңгей: Гүлжиһан, Асимгуль, Динара, Бекзат, Айбек.


Оқушылар тақтаға кезекпен шығып, мақалдарды көшіреді. Етістіктерге тұлғалық талдау жасайды. Мүмкін болса, мақал-мәтелдердің мағынасы түсіндіріледі.





Интербелсенді тақтадан көрсетілген сюжетті суреттермен жұмыс жасайды. Ақылдасып, бір шешімге келіп, сөйлем құрайды. Оқып, етістіктерге тұлғалық талдау жасайды.












Оқушылар қолдарындағы «дұрыс», «дұрыс емес» деген жазуы бар қима қағаздарды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді. Қажет жағдайда түсіндіреді.



Оқушылар бейнеролик бойынша өз ойларын айтады.

Қорытынды




1)Бекіту сұрақтары:

- Көсемшенің жұрнақтары қандай?

- Қалай түрленеді?

- Қай түрі жіктелмейді?


2)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

3)Үйге тапсырма: 258- жаттығу.

Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

«Армансыз адам алысқа бармас» ойтолғау.


4)Рефлексия:

1. Бүгінгі сабақта маған____________________AG00317_

_______________ қызықты болды.

2.Маған________________________________________________қиындық туғызды.

3. Менің көңіл-күйім___________________



(рефлексия парақтарына түсіреді)

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!

Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды. Әсіресе, соңғы сұрақ бойынша тұшымды әрі толық жауап алыну керек.



Оқушылар бағаланады.




Үй тапсырмасын түсіріп алады. «Армансыз адам алысқа бармас» ойтолғауын сабақ барысында тамашалаған «Киви» бейнеролигімен байланыстырады.





Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.

Сабақтың өзіндік талдауы

«Көсемшенің жасалуы мен түрлері» тақырыбындағы сабағым өз мақсатына жетіп, күтілетін нәтижелер жүзеге асырылды деп ойлаймын. Сабақ басталмас бұрын оқушыларды тренинг арқылы 4 топқа бөліп алдым. Кіріспе бөлімінде сыныпта қолайлы атмосфера қалыптастыру үшін өлең шумақтарын оқып, өзара тілек өлеңдерін шығару жұмыстары жүргізілді. Өткен материалдар қайталанып, пысықтау сұрақтары қойылды.

Тұсаукесер бөлімі бойынша оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын шығарып алды.

Негізгі бөлімде интербелсенді тақта арқылы көрсетілген кестелермен жұмыс жасау негізінде жаңа материалды өздеріне меңгеруге бағыт сілтедім. Формативті бағалаудың түрлі стратегияларын қолдану арқылы білім алушылар өздерін және өзара бағалауды жүзеге асырып отырды. Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету арқылы сергіту сәті ұйымдастырылды. Талантты және оқуында кедергісі бар оқушылармен жұмыстану мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындалды. Оқулықпен жұмыс жүргізіліп, жаттығу жұмыстары жасалды. Топтық жұмысты диалогтық оқыту арқылы жүзеге асыру үшін интербелсенді тақта арқылы 4 топқа сюжеттік суреттер топтамасы берілді. Оқушылар топ болып құрамында көсемше мен есімшелері бар 2-3 сөйлем жазулары шарт еді. Кейін тапсырма смайликтер арқылы бағаланды. Топтар мен жеке оқушылар арасында пікірталас тудыру үшін «Киви» бейнеролигі көрсетілді.

Қорытынды бөлімде оқушылардың білімін жинақтау әрі бекіту мақсатында «Дұрыс-Дұрыс емес» стратегиясы пайдаланылды. Оқушылар бағаланып, үй тапсырмасы берілді. Сабақтан алған әсерлерін баяндауға мүмкіндік беретін рефлекция парақтары толтырылды.

Сабақ бойынша өзгертулер

Сабақта 7 модульді ықпалдастыру үшін 45 минут уақыт аздық етеді. Сондықтан да сабақ барысында сюжеттік суреттер топтамасы бойынша шығармашылық тапсырманы ауызша орындату керек екен. Сондай-ақ, рефлекция парақтарын толтыру үшін оқушыларға уақыт жетпей қалды.



Автор
Дата добавления 04.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров180
Номер материала ДВ-121569
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх