Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Тақырып: Көрікті көктем аруы

Тақырып: Көрікті көктем аруы

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Арбиген жалпы орта білім беру мектебі





hello_html_4d95fecf.gif

Бастауыш сынып қыздарына арналған сайыс сценарийі











Құрастырған: Рахметова Гүлназира Каркауқызы







2015 жыл

«КӨРІКТІ КӨКТЕМ АРУЫ!»САЙЫСЫ

1.Жүргізуші: Ақмарал

Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі ана деп соғады.


2 - жүргізуші:

Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қыздар!
1 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, осынау атаулы мереке қарсаңында өткелі отырған « Көрікті көктем аруы» сайысына қош келдіңіздер!
2-Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.
Ер балалар қыздарды ортаға алып шығарады. Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.
Құттықтау сөз кезегі Мадина Қорғанқызына беріледі.
1-Жүргізуші:

4-сынып оқушыларының орындауында Ана әні

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.

2-жүргізуші:

1. Каменова Марзия Нұрманқызы

2.Бужеева Сәуле Есімбайқызы

3.Мусанова Қайырпану Қабешқызы



1-жүргізуші:
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)
3. «Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.
4. «Қыздарға әсемдік жарасады»бөлімінде ұлттық киіммен сән үлгісін көрсету.
5. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.

Әділқазы мүшелері әр сайыс бөлімі соңында сайыскерлерді 5 балдық жүйемен бағалап, көрсетіп отырады.

2-Жүргізуші:

Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.Бұл кезеңде қатыскшының сахнада өзін ұстай білуі, мәнері, дыбыстарды анық айтуы бағаланады.
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

Әр қатысушы өздерін таныстырады

Шағын орталық бүлдіршіндерінің аналарына деген ыстық ықыласына кезек берейік.

Әділқазы алқасынан 1-бөлім бойынша ұпайларын көрсетулерін сұраймыз.

1.Жүргізуші: Ендігі кезекте « Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша 1-сынып оқушыларының орындауында Анашым әніне кезек берейік.
2-Жүргізуші:

Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
2 – бөлім: Өнер көрсету. Бірінші номерлі сайыскерді ортаға шақырамыз./ әрқайсысы кезекпен шығып отырады/
Әділқазы мүшелерінен Өнер көрсету бойынша ұпайларын сұраймыз.

1-Жүргізуші:

Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.

Келесі бөлім Қол өнері деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз 2 минут ішінде қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, ақ қағаз бетіне жабыстырады. Оюдың әдемілігі,дұрыс қиылуы, жапсырылуы бағаланады. Ендеше, бастайық, іске сәт.



2-Жүргізуші:
Өзіңсің өмірдегі бар ардағым
Жыр жаздым, тұңғыш саған, ән арнадым.
Анашым айтарым көп, тіл жетпейді.
Бір сендей асыл жанды таба алмадым.

2,4-сынып оқушыларының орындауында Абзал ана әнін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазылар алқасы қолөнер бөлімі бойынша ұпайларын шығарғанша назарларыңызға дайындық тобының Аналарға арнау өлеңдеріне назар салайық.

Қолөнер бойынша сайыскерлердің бағасын тыңдайық.

Құттықтау сөз кезегі кәсіподақ ұйымының бастығы Қайырпану Қабешқызына беріледі.

1-Жүргізуші:
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан
Бар жақсылық аналардан таралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам
4-«Қыздарға әсемдік жарасады»бөліміне кезек берейік.Қатысуш ы қыздар ұлттық киіммен сән үлгісін көрсетуі қажет. / жүріс-тұрысы, қазақ қыздарына тән киім үлгісі, сахнада өзін ұстай білуі бағаланады/

Әділқазылар қорытынды ұпайын шығарғанша 6-сынып оқушыларының орындауында Алтын ана әні.Қабыл алыңыздар
Сән үлгісі бойынша ұпай санын көрейік

2-Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.


1-Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер.


2-Жүргізуші: 
Осымен біздің мерекеміз аяқталды.
Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 06.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров74
Номер материала ДВ-507025
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх