«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы:
«Салт-дәстүрді қадірлейік»
(өнер,киіз
үй)
Өткізген: Какимова
Ж.О.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы:
«Салт-дәстүрді қадірлейік»
Мақсаты:
а) балаларға білім бере отырып,ұлттық тәрбие дәстүрінде
тәрбиелеу,қазақ халқының қонақжай,жаны жайсан,адамдық рухының биіктігін
көрсету;
б) ата-бабаларымыздың аяулы салт-дәстүрлерін,тәрбиелік дәрісін жас
бүлдіршіндер бойында қалыптастыру,инабаттылыққа,еңбекке,ана тілін ардақтауға
үйрету;
в) киіз үй құрылысымен,оның жабдықтарымен неден қалай жасалғаны туралы
мағлумат
беру.
Көрнекі құралдар: ұлттық бұрышындағы бұйымдар,киіз үй және
жабдықтары,суреттер,қуыршақтар ата мен әже ұлттық киімде,тұрмыстық түтынатын
заттар,домбыра.
Шаттық
шеңбер: Үлкенге де
сіз,
Кішіге де
сіз.
Баршаңызды
құрметтеп,
Бас иеміз біз. Балалар
шеңбер болып тұрады,қолдарын кеуделеріне қойып бастарын
иеді.
Тәрбиеші:
- Бүгін мен балалар сендерге қонақ күтү дәстүрі туралы айтып
беремын.Өзімізде көп қонақтарды құрметтеп қарсы алуға жақсы көреміз.Қазақ
халқының қонақжайлығы,оның берекелі дастарқаны туралы аныздар,пікірлер әлемге
әйгілі десекте артық емес.
Тәрбиеші:
- Біздің қазақ халқымыздың салт-дәстүрін білдіретін,ерекше қандай
заттар бар,кім біледі?
Балалар:
- Киіз үй,бесік,сандық,ұлттық киімдер,қамшы,қазан,дөңгелек стөл.
Тәрбиеші:
- Дұрыс айтасыңдар,балалар.Киіз үй жазда салқын дем алуға
қолайлы,қыста жылы.Ертеде ата-бабаларымыз мал бағып,көшіп қонып жүрген.Көшіп
қонуға ыңғайлы болған.Ата-бабаларымыздан қалған мұра.Оған әрқашан құрметтеп
қарайық.Әжелеріміз бесікке кішкентай сәбилерді бөлеген,тыныштықпен ұйықтасын
деп,асты таза болсын деп. (балаларға кийз үйді,бесікті,қамшыны,ұлттық
киімдерді,қазанды,стөлді көрсетіп сиппаттап
беру).
Сергітү
сәті: Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары
шаншылар.
Керегелер
керіліп,
Өрімдей боп
өрілер.
Бәріміз жүрсек
айналып,
Киіз үй болып көрінер. Балалар
қимыл-қозғалысымен көрсетеді.
Тәрбиеші:
- Балалар,орнымыздан тұрып ұлттық бұрышымыздағы қолөнер бұйымдарымен танысайық
(тәрбиеші ұлттық бұрышындағы заттарды сиппаттап,әңгімелеп айтып береді).
Тәрбиеші:
- Ал,балалар,мына затқа көңіл бөлейік,бұл не?
Балалар:
- Домбыра.
Тәрбиеші:
- Дұрыс,бұл домбыра,бұл біздің ұлттық аспабымыз.
Тәрбиеші:
- Жарайсындар,балалар,біз бүгін қазақ халқымыздын салт-дәстүрімен таныстық,болашақта
әліде біз бірге бұл тақырыпты
жалғастырамыз.
Қорытындылай
отырып балалармен не әңгімелегенімізді қайтала айтып шығу,танысқан заттарды
көрсетіп сұрап жауап алу.
Күтілетін
нәтиже: білуі:
қазақ халқының салт-дәстүрін,
меңгеруі: ұлттық заттарды қалай пайдаланатының.
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы:
«Елордамыз - Астана»
Өткізген: Какимова Ж.О.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы:
«Елордамыз - Астана»
Мақсаты: а) балалардың еліміздің бас
қаласы Астана туралы,туған ел,Отан туралы түсініктерін
кеңейту;
б) туған елге деген сүйіспеншілігін,ұлтжандылық сезіміне тәрбиелеу;
в) ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорын
дамыту. Көрнекіліктер: Астана
суреттері,Қазақстан туралы суреттер.
Шаттық
шеңбер: Біздің топта
ұл-қыздар,
Тату-тәтті
ойнаймыз.
Әлемдегі бар
адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Тәрбиеші:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар:
- Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші:
- Еліміздің астанасы қалай аталады?
Балалар:
- Астана.
Тәрбиеші:
- Ендеше,балалар мен сендерге Астана туралы әңгімелеп беремін. (суреттер
көрсету арқылы әңгіме).
Тәрбиеші:
- Біздің елордамыз - Астана қаласы.Ол бұрын Ақмола деп аталған.Ол тыңмен бірге
туылып,тыңмен бірге көркейіп өсті.Оның даңқы да тыңмен бірге артты.1998 жылдың
10-маусымында Астана қаласы ҚР-ның астанасы болды.Президент Н.Ә.Назарбаев
Астана қаласында тұрады. Үкімет үй,Парламент
үй,океонариум,пирамида,Бәйтерек манументті бар. Пирамиданы «Бейбітшілік және
келісім сарайы» дейді.Астанада Абай,Кенесары,Бөгенбай,Ауғанстанда ерлік
көрсеткен жауынгерлерге,қазақтың билері - Қазбек,Төле,Әйтеке билерге орнатылған
ескерткіштер бар.
Сергіту
сәті: Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер
көрдім.
Оңға,солға
бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Тәрбиеші:
- Балалар,сендер Астанаға бардыңдар ма?
Балалар:
- Иә, бардық.
Тәрбиеші:
- Астана қаласына «Әсем қала» деген атақ берілген.Бұл әсем қалада
жақында ғана бой көтерген сұлү ғимараттар,кең көшелер бар.Ақордада Қазақстан
Республикасының Президенті,министр ағалар жұмыс
істейді.
Дидактикалық
ойын: «Күнің шуағы»
1.Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
2.ҚР Президенті кім?
3.Қазақстанның астанасы қай қала?
4.Біз қай қалада тұрамыз?
5.Балабақшамыз қалай аталады?
Балалар сұраққа жауап беріп, күннің шуақтарын жинайды.
Қортындылау.
Тәрбиеші:
Отанымның
төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған
Астанам,
Әсем қаламм – бас қалам!
Күтілетін
нәтиже: білуі:
Қазақстан,Отан,Астана сөздері не білдіреді;
игеруі: суретті әңгімелеп
беру,есте сақтау;
меңгеруі:
Отан,туған жер,Астана туралы мағлұматтарды меңгереді.
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
Тақырыбы:
«Тәуелсіздік төрінде»
Өткізген: Какимова
Ж.О.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы:
«Тәуелсіздік -
төрінде»
Мақсаты: а) балаларға Тәуелсіздік мерекесі
туралы жалпы түсінік беру; б)
туған елге деген сүйіспеншілігін,тұған жері мен елін сүюге,оларды
қорғай білуге
тәрбиелеу;
в) ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорларын
молайтып,тілдерінің дамуына ықпал
ету.
Көрнекіліктер: ту,елтаңба,жалау суреттері,Қазақстан туралы суреттер.
Шаттық
шеңбер: Біз
қандаймыз,
Шұғылалы
таңдаймыз.
Күлімдеген
күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Тәрбиеші:
- Біздің туған еліміздің,туған жеріміздің егеменді ел болып,тәуелсіздік
алғанына 25 жыл толыпты.Балалар Тәуелсіздік мерекесі құтты
болсын.
Қазақстан гимн ән-әуені
орындалады.
Тәрбиеші:
- Қазақстанның рәміздері қандай?
Балалар:
- Ту,елтаңба,гимн.
Тәрбиеші:
- Қазақстан жалауы көк түсті.Көк түс бейбітшілік,ашық аспан,аманшылықты
білдіреді.
(суреттер көрсету арқылы әңгіме).
Тәрбиеші:
- Өрнек – қазақтың ою-өрнегі,зұлымдықтан қорғаған.Күн – береке, тыныштықтын
нышаны.Бүркіт – қазақтың ой-ниетінің биіктігін білдіреді.
Сергіту
сәті: Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер
көрдім.
Оңға,солға
бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Тәрбиеші:
- Балалар,сендер тұған жерлерің қай жер?
Балалар:
- Тұған жеріміз,Отанымыз - Қазақстан.
Тәрбиеші:
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар:
- Нұрсултан Назарбаев.
Тәрбиеші:
- Қазақстанда қандай қалаларды білесіндер?
Балалар:
- Астана,Қарағанды,Кызылорда,Алматы,Павлодар...
Тәрбиеші:
- Жарайсындар,балалар,көп нәрсе білесіндер.
Қорытынды:
- «Тәуелсіздік – төрінде» тақырыбында өзіміздің еліміз Қазақстан
туралы көп нәрсе білдік.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен
таныстық.Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл болғаның білдік.
Тәрбиеші:
- Еліміз тыныш болсын!
- Әрқашан күн
сөнбесін!
- Табиғатымыз сұлу болсын!
- Бәріміз бақытты
болайық!
- Астанамыз көркейе берсін!
- Бәріміз дос
болайық!
- Жаса Қазақстан!
Күтілетін
нәтиже: білуі:
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні,Қазақстан Республикасының
рәміздерін;
игеруі: суреттерге қарап 2-3
сөзден тұратын сөйлем құрай білу дағдыларын; меңгеруі: Отан,туған
жер мен тәуелсіздік туралы мағлұматтарды меңгереді.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.