Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тақырыптық сабақ "Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі"

Тақырыптық сабақ "Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі



Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы



ортаңғы топқа арналған



Білімдік салалар: таным



Тараулар: Экология



Тақырыбы : Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі



Мақсаты: : Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдарды айыра білуге, атай білуге үйрету.



Аңдардың балаларын тани білуге, атай білуге үйрету.



Балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі жайында түсінік беру. Олар қыстың суығынан қалай қорғанатынын, сыртқы бейнелері неліктен өзгеретінін, немен қоректенетін, қыста жануарларға қамқорлық қажет екенін айтып түсіндіру. Қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.



Керекті құралдар: магнитті тақталар, аңдардың суретімен плакат, қыстың суреті, пазлы, аңдардың суреттері жеке магнипен тақтада, балаларының суреттері үстел үстінде, тақтада магнитпен үйлерінің суреттері, аңдардың суреттері басқа үстелде. Аңдардың маскалары.



Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті



Мақсатты -түрткі болғыш







Шеңбер құрып тұрып,



Кел, балалар, күлейік,



Күлкіменен түлейік,



Қабақ түйген не керек,



Көңілді боп жүрейік.

Бір – біріне қарап күлімсірейді.



Іздестіру- ұйымдастыру

Қазір жылдың қай мезгілі?



Сендерге қыс ұнай ма?



Қандай ойындар біз далада ойнаймыз?



Ал қыста орманды нелер мекендейді?



Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, жауабын табыңдаршы:



1.өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу.



Бұл не? үлкі)



2.Қорбаң, қорбаң етеді,



Орман оның мекені.



Тәтті балға тойып ап,



Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? (аю)



3.Секең, секең етеді,



Орман оның мекені.



Отырғанда шоқиып,



Құманға ұқсап кетеді. Бұл не? (тиін)



4. Көп, көп ине,



Бір сабағы жоқ ине,



Іс тікпейді әрине. Бұл не? (кірпі)



5.Төбесімен тоғай тасыған (бұғы)



Ал, енді суретке қарап отырып атаңдаршы?



Бір сөзбен қалай айтамыз?



Енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын, пазлы жинауды ұнатасыңдар ма? Сендер екі жаққа бөлініңдер, үстелдерде шашылып жатқан пазлыды жинаңдар.Қандай сурет болып шықты?



Қыста орманда олар тоңады ма? Неге тоңбайды?



Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?



Неліктен?



Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек?



Қыс бойы ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып бере ме?



Тиін- қыста өзі жинаған саңырауқұлақтар, жаңғақтармен қоректенеді.



Түлкі- қар астындағы тышқандармен қоректенеді.



Қоян- ағаштардың қабығын кеміреді.



Қасқыр-әлі жететін аңдармен қоректенеді.



Аю- қыс бойы ұйықтайды.



Кірпі қыс бойы ұйықтайды.



Сергіту сәті



Ойын ойнайық: «Үйшігін тап» деген.



Мына жерде аңдардың үйшіктері, бірақ қай үйшік қайсынікі екен, өздері де шатасып қалыпты, кане көмектесіп тауып беріңдерші?



Ал, енді атап кетейік:



Аю – апанда,



Түлкі- інінде,



Қасқыр – апанда,



Тиін – ағаш қуысында,



Кірпі – інінде.



- Осы жабайы аңдардың балалары бар ма?



Қай аңның қандай баласы бар екен, оны тауып атау үшін мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.



«Анасын тап» деген. Міне аналары, ал балалары адасып қалыпты, кане аналарын тауып беріңдерші?



Балаларын атап кетейік:



Аюдың баласы- қонжық



Түлкінің баласы- мыршай



Қасқырдың- бөлтірік



Қоянның – көжек



Тиіннің – тиін баласы



Кірпінің – кірпі баласы



Бұғының – бұғы бұзауы



Қабанның – торай



Олар жабайы аңдар болса да өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді.



Ал, енді қойылымды көріп тамашалайық.



Аңдардың айтысы



Ойын жүргізуші ортаға шығып хабарлайды:



Кәрі еменнің түбінде,



Кәрі аюдың інінде,



Бас қосыпты көп аңдар,



Айтысыпты, қараңдар.



Бұдан кейін «аңдар» кезек – кезек шығып айтысады:



Жібек -қоян:



- Мен, қоянмын, қоянмын,



Жорыққа түнде жортамын.



Қалдырмаймын ізімді,



Өйткені күндіз қорқамын.



Аружан -түлкі:



- Мен түлкімін, түлкімін,



Біреулерге күлкімін.



Кейбіреуді алдаймын,



Екіншіңді арбаймын.



Абильмансур - қасқыр:



- Мен қасқырмын, қасқырмын,



Аң ішінде асқармын.



Талай қойды бауыздап,



Үйге әкеліп асқанмын.



Никита- аю:



- Менің атым – аю,



Оңай маған баю.



Мал ішінде жүремін,



Балды исінен білемін.



Линара -кірпі:



- Мен кірпімін, кірпімін,



Көрінгенге түрпімін.



Үстім толы ине,



Есің болса, тиме!



Алена -ақтиін:



- Мен ақтиінмін,



Кисең киіммін.



Аңды көрсем, бекінем,



Талдан – талға секірем!



Жүргізуші:



Ал қыс түсті, қыс түсті,



Қиын болар қар үсті.



Жортуылға барады,,



Тамақ табуға асығады!



Балалар, қалай ойлайсыңдар жабайы аңдарды қорғау керек пе?



Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қай аң болмасын



біз адамдар қамқоршы болуымыз керек.

Аққала жасаймыз, сырғанаймыз, коньки, шаңғы тебеміз.



жұмбақтың шешімін табады



-аю, қоян, түлкі, қасқыр...



- жабайы аңдар



Ойын ойнайды.



Қыста олар тоңбайды,себебі жылы тондары бар.



-Қоян



-жыртқыш аңдардан қардың арасында тығылып қалу үшін.



- инелері оны қорғайды



-жоқ, аңдар өз тамақтарын өздері тауып жейді.





















Балалар жауап беріп отырады











Тиінмін, мен тиінмін

Тиінмін, мен тиінмін,

Қыста жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.























Қонжықтарым тұрыңдаршы, беттеріңді жуыңдаршы,



Айнаға қарашы,



Шашыңды тарашы,



Киіміңді киші,



Түймелерді салшы,



Шалбарыңды киші,



Сөмкеңді ілші,



Бала- бақшаға баршы,



Орныңа отыршы,



Сабақ оқышы.



Балалар үстел үстінде жатқан аңдарды өз үйшіктеріне орналастырады.





ә, балалары бар.



Балаларын тауып аналарының қасына орналастырады.



Аңдардың балаларын атайды





















Ортаға бастарына маска киген балалар шығады.



Тақпақтарын қимылмен көрсетіп тұрып айтады.

































Бұдан кейін «аңдар» бірінің артынан бірі жүреді, әрқайсысы өзі болған аңдардың жүрісін – тұрысын салып, даусына еліктеп, дөңгелек сызықтың бойымен жүреді.



Балалар орындарына келіп отырады.







Күтілетін нәтиже:



Нені біледі: жабайы аңдардың және балаларының аттарын атап үйренеді



Қандай түсініктерді игерді: аңдар қайда мекендейтінін, үйшіктерінің аттарын ажырата, атай білуге үйренді



Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: оларға қамқорлықпен қарау керек екенін


































Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров185
Номер материала ДВ-389114
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх