Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Талантты және дарынды оқушыларды оқыту модуліне рефлективті есеп
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Талантты және дарынды оқушыларды оқыту модуліне рефлективті есеп

библиотека
материалов

Талантты және дарынды оқушыларды оқыту модуліне рефлективті есеп

Eyre and Lowe 2002 жылы: «Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерінің «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс» - деп атап көрсеткен. Сондықтан дарындылықты, талантты ашатын бірден-бір көзі мектеп емес пе? Балабақшадан келген бөбекте сурет салуға, әнге, биге деген талантты бастауыш мұғалімі ашатын болса, орта буын мұғалімі қандай да пәнге қызығушылықты тауып, жетістікке жетелеуі керек деп ойлаймын. Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден олардан күткеннен жоғарғы деңгей көрсетуі мүмкін.

Алдынан дарынды және талантты және жан-жақты оқушы шығарам десе көп еңбектенуі тиіс. Осы 3 айлық курсында мен «Талантты және дарынды балаларға білім беру» модулін өткен кезде жас маман ретінде көп нәрсені өзіме түртіп алдым.

Әсіресе, мұнда еңбек өтілі менен көбірек әріптестермен дарындықты анықтау, олармен жүргізілетін жұмыстар туралы ой пікірлерін тыңдап, пікірлерімен алмасу маған өте маңызды болды.

Талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жоспар құруды үйрендік. Курсқа келген 38 әріптесімнің барлығы ой бөліскен кезде ауқымды, нақты жоспар құрып алдық. Оның бастамасын мен мектепке қашықтықтан оқыту кезеңінде енгізе бастадым. Бірінші сабақта оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнаманың қорытындысы бойынша Шаткенова Зариат ең көп ұпайға ие болды. Осы сауалнама арқылы мен осы сыныпта тағы бірнеше оқушыны өзіме анықтап алдым. Осындай тағы бірнеше жұмыстар жүргіздім. Жоспар бойынша осы жұмысты алдағы оқу жылында жалғастырып жетістіктерге жетем деп ойлаймын.

Сабақ жүргізген сыныптың ішінде 1 үздік оқушы бар,бірақ төртеуі де қазақ тілі пәнінен дарынды деп айта алмаймын. Сондай ерекше, қабілетті оқушының бірі – Салтанат. Салтанатқа оқулықтағы тапсырмалар жеңіл көрінеді, берілген тапсырманы оңайлықпен орындап отырды. Сондықтан сабақ барысында оған өзіндік жұмыс ретінде күрделі тапсырмалар беріп отырдым. Сабақтарда ережелерге мысал болатын сөйлемдер құрап, ауызекі диалог жазып, өз пікірі мен көзқарасын қағаз бетіне түсіреді, достарына тапсырманы орындау кезінде ақыл-кеңес береді. 6 сыныптың оқушысы болғандықтан, олимпиадаға қатысқан жоқ, алдағы уақытта қатынасып үлкен жетістерге жететініне сенемін.

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысу керек.Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды қажет етеді деп ойлаймын. Сондықтан қысқа да болса тәжірибемде осы курс аясында алған білімімді қолданып әрі қарай жетілдіре отырып талантты және дарынды оқушыларды оқытуда жетістікке жетемін деп үміттенемін.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров324
Номер материала ДВ-149805
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх