Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Талантты және дарынды балаларды оқыту
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Талантты және дарынды балаларды оқыту

библиотека
материалов

Алгебра пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына

«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулінің қолданылуы

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып , оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі(нұсқаулық 13-бет). Қазіргі таңда білім берудің Кембридж тәсілдеріне негізделген сындарлы оқыту теориясы ұсынылып отыр. Талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.Тәжірибеде 9 сынып оқушыларын алдым. Бұл мектепте математика пәні тереңдетіп оқытылады. Пән сынып оқушыларын 2 топқа бөліп оқытылады. Бұл оқытуда жеңілдіктер жасайды. Талантты және дарынды оқушыларды оқыту олардың математикалық ойлау деңгейін арттыра түсу, теориялық білімді тереңдету, практикалық дағдысын дамыту, шығармашылық қабілеттерін тереңдету, ғылым жолына бағыт бағдар беру. Оқушылар көңіл-күй күнделігін толтырып отырды. Топқа бөлудің әртүрлі тәсілдерін ойластырып келуге оқушылардың өздеріне тапсырма. Оқушылармен бірге топ ережесін қабылдап, топ ережесін сақтайтындарын айттым. Оқушыларға топқа бөлініп оқу сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнауына, тиімді әдіс екеніне көздері жетті. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, бағалау парақтарында жазып, сабаққа белсенділіктерін айтып отырды. Топ басшылары үнемі ауысып отырды. Оқушылар өзін-өзі реттеп отырды. Әр сабақтың соңында рефлексия жазылды, сабақтың оқушыларға ұнағанын осыдан да біліп отырдым. Алғашқы сабағым « n-дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттері » тақырыбы бойынша өтті. Күтілетін нәтижем, дәстүрлі сабақтан айырмашылығын сезіну ,көру, оқытудың жаңа тәсілдері бойынша оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеріп, өз ойын еркін жеткізу. Бүгінгі сабақта оқушыларды топқа төрт суретті бөліктерге қиып, сол суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлдім. Жаңа сабақта ЖИГСО әдісін пайдаландым. Парақта n-дәрежелі арифметикалық түбірдің бес қасиеттері дәлелдеулерімен және әр қасиетке келтірілген мысалдар жазылған. Осы тапсырманы төрт топқа бөлдім. Тапсырмаларды өз топтарында талқылап, бір-біріне түсіндірді , түсініп болған соң топбасшының бөлгені бойынша басқа топтарға қонаққа барып , бір-біріне өздеріне бөлінген қасиеттерді түсіндіріп, бастапқы топтарына оралды. Өз топтарында алынған жаңа білімдерімен бөлісіп , пысықтайды. Әр топтан бір оқушы жаңаны қалай игергені бойынша баяндады. Иляйлим бірінші қасиетті тұжырымдап түсіндірді. Мен: бұл қасиет тек екі көбейткіш үшін орындала ма?-деп сұрадым. Иляйлим: жоқ, көбейткіштер саны екеуден көп болған жағдай үшін де дұрыс болады, ол бірінші қасиеттен шығады деп, түсіндіріп дұрыс жауап берді. Екінші қасиет біріншінің салдары болатынын топ мүшелері дұрыс байқаған. Нұржан: бесінші қасиет төртіншіге ұқсас деп, тұжырымдамасын айтты. Мен: демек, бұл жерде не істеледі? Нұржан: түбірдің көрсеткіші мен түбір астындағы өрнектің дәреже көрсеткіші k санына қысқаратындығын айтты. Нұрай үшінші қасиетті тұжырымдап, дәлелін де түсіндіріп берді. Мен: сонда дәлелдеу үшін не істейді екенсің?-дегенге Нұрай: n дәрежелеймін деп кідірместен жауап берді. Жарас төртінші қасиетті тұжырымдады. Бұл жерде Фриман (1991) ұсынған ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдерді: ойлау қабілеттерінің жылдамдығы, мәселені шешу, икемділікті көруге болады. Екінші тапсырма бес қасиетті түсінгендерін практикада қолдануға әр топқа деңгейлік есептер берілді.Тапсырманы орындап болған топ мүшелері екі қолын жоғары көтеріп тапсырманы орындап болғанын білдірді, бұл әрекетте оқушылардың өзін-өзі реттеу болып табылады. Орындалған тапсырмаларымен алмасып топтар бір-бірін тексерді. Әр топтан бір оқушы тапсырмалардың тексеру нәтижелерін баяндап отырды. Диана:екінші топ сендер бірінші есеп бойынша hello_html_7e6cc508.gif 81 тастап кеткенсіңдер, екінші есеп бойынша 4hello_html_7e6cc508.gif5 дегенсіңдер ол жерде 15 болады , үшінші есепте қате жібергенсіңдер деді. Санжар: қайсысы?-деп сұрады. Диана қатесін көрсетіп, қорытындысында 12 есептің 9-ының дұрыстығын айтты. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болды(нұсқаулық 40-бет).Ерікті түрде диалог орнады. Диалогтың зерттеушілік түрі. Нұржан: үшінші топтың барлық есептері дұрыс екенін айтты. болады. Мақпал: бірінші топта екінші және алтыншы есептерің дұрыс емес, бұл жерде қателескен жерлерің дегенше , бірінші топ мүшелері иә-иә білеміз деп айтқызбады. Мен: сонымен неше есеп дұрыс орындалған?-деп сұрадым. Мақпал: жетеуі дұрыс орындалған деп жауап берді. Абылай:төртінші топта шығарған жеті есебі дұрыс деді. Төртінші топ мүшелері біз үлгере алмадық деп жауап берді. Бұл жерде Фриман (1991) ұсынған ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдердің: есте сақтау және білім, өз білімін жетілдіру, күрделілікке деген сүйіспеншілікті байқауға болады. Сабақ барысында барлық оқушылар белсенділік көрсетіп, берілген тапсырмаларды жылдам әрі сапалы жасай алды.Тапсырманың критериін жасап жұмыстарын бағалады. Критерий: барлығы 12 есеп, 11-12 «өте жақсы» 9-10 «жақсы» 7-8 «қанағаттандырарлық». Бұдан мен дәстүрлі білім беру жүйесінде оқушылардың бағаларын ашып айта алатынын түсіндім. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады( нұсқаулық 56-бет). Болашақта бағалау жүйесін өзгертемін. Өзін-өзі реттеу мақсатында әр топтың топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, сабаққа белсенділіктері бойынша бағалау парақтарын толтырып отырды. Сабақтың соңында оқушылар сабаққа рефлексия жасады,бұл оларға өте ұнады. Дарынды, қабілетті балалар-өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтижеге жеткен балалар. Ренцулли мен Райс (1985) «дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім » деген пікір білдіреді. Гарднер субьектілер көп қырлы зияткерлікке (КҚЗ) ие деп есептеген(нұсқаулық 18-бет). Осыларды ескеріп, сабағымда оқушылардың пән бойынша бейімділіктеріне байланысты қиындығы жоғары тапсырмалар бердім. Оқушылардың барлығы берілген тапсырмаларды өз беттерінше жылдам әрі сапалы орындады. PicMonkey Collage01

Тәжірибемнің тізбектелген сабақтар топтамасының екінші сабағы «Рационал көрсеткішті дәреже» тақырыбы бойынша өткіздім. Оқушылар күз, қазан, бейсенбі, қуанышты сөздерін кезекпен айтып отырып қайта төрт топқа бөлінді. Бұл сабағымда диалог әдісін қолдануды жоспарладым. Ең алдымен оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстырдым. Проэктор арқылы экранда сабақтың тақырыбы, мысалдары көрсетіліп тұрды, әрі парақтармен топтарға үлестірілді. Оқушылар талқылап болған соң, әр топтан бір оқушы анықтаманы, мысалдардың орындалуын түсіндіреді. Бірінші топтағы Айжаннан n ненің көрсеткіші?-деп сұрадым. Айжан: түбірдің деп бірден жауап берді. Бақдәулет егжей тегжей түсіндірді. Нұржан: өткен тақырып бойынша анықтаманы байланыстырып айтты. Бұл жерде жадыны жаңғыртуды көрдім.Аткинсон Шифриннің ұзақ мерзімді есте сақтау туралы бастапқы тұжырымдамасы пысықталып, кейінгі зерттеулерде дамытылды. Тулвинг (1985) ұсынған ұзақ мерзімді жады қайта жаңғыртудың түрлі тәсілдеріне байланысты және әртүрлі білімді сақтайды(нұсқаулық 79-бет). Диас:анықтаманы алдыңғы білім бойынша n-дәрежелі түбірмен шебер үйлестірді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-біріне көмектесті. Жаңа тақырыпты бекіту үшін топтарға деңгейлік тапсырмалар берілді. Тапсырмалар орындалып болған соң, топтар өзара алмасып бірін-бірі тексерді. Тексеріп болған соң әр топтан бір оқушы тексеру нәтижесін баяндайды, қателері болса айтып көрсетеді. көрдім және диалогтың зерттеушілік түрі. Табу керектігінің себебін түсіндірді де, барлығы он тоғыз есептерің дұрыс деп сөзін аяқтады. Санжар бірінші топтың барлық 22 есептерінің дұрыстығын айтты. Абылай: салыстыру есептерінің бірінде екі жағын 6 дәрежелейміз, қалған екеуі сол сияқты, сендер жуық мәндерін алғансыңдар, ол қабылданбайды деді де, қалған 19 есептерінің дұрыстығын айтты. Мұнда Мерсердің сыныпта талқылаудағы дәлелдің кумулятивтік әңгіме түрін(нұсқаулық 52-бет) байқадым. Тапсырмаларды тексеру нәтижелері талқыланып болған соң, бағалау критериі жасалып, бағаланады.Бұл сабақта мен бағалау парағын енгіздім. Көшбасшы бағалау парағындағы топ мүшелерінің есімдерінің тұсына бағаларын жазып отырды. Дарынды оқушылармен жұмыс болғандықтан, мұнда бағалау критериі өте жоғары болды. Барлық оқушылар есеп шығарды, ең бастысы оқушыларға ұнады. Бұны жазған рефлексияларынан білуге болады. Рефлексия: бүгінгі сабақ өте ұнады, бізге бәрі ұнады, қызықты, көңілді өтті. Сабақтар барысында дарынды оқушыларға тән қасиеттерді көріп отырдым.Теориялық білімдерінің тереңдігін,оны есептерді тиімді тәсілдермен шешуде ұштастыра білетін, өз ойларын еркін жеткізе білетінін көрдім. Оқушылардың есептерді шығаруда өзін сенімді сезінгенін және үздік бірлескен жұмыс істегендерін анықтадым. «Дарынды балалар бір ғана пәннен емес , бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін» ( нұсқаулық 72-бет). Тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші сабағында « Рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Күтілетін нәтижем, оқытудың жаңа тәсілдері бойынша оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеріп, өз ойын еркін жеткізу. Бұл сабағымда ЖИГСО әдісін қолдануды жоспарладым. Бүгінгі сабақта оқушыларды топқа төрт түрлі кәмпиттер арқылы төрт топқа бөлдім. Кәмпиттер арқылы бөлу оқушыларға өте ұнады. Рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері, бірінші қасиеттің дәлелдеуі проэктор арқылы экранда көрсетіліп тұрды және парақтармен топтарға таратылды. Топтар талқылап болған соң, әр топтан бір оқушы рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерімен, бірінші қасиеттің дәлелдеуін түсіндірді. Айжан: рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін айтып шықты. Мен: қандай дәреженің қасиеттеріне ұқсас? Айжан:бүтін көрсеткішті дәреженің деп дұрыс жауап берді. Айым, Бақдәулет рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін талқылаудан кейін түсіндіріп шықты. Абылай: барлық қасиеттермен қоса бірінші қасиеттің дәлелін айтып өтті. Мен:hello_html_m73bc928a.gif мәндері нешеге тең?-деп сұрадым. Абылай барлығына дұрыс жауап берді.Қалған төрт қасиет төрт топқа өз беттерімен дәлелдеуге берілді. ЖИГСО әдісі бойынша оқушылар жаңаны біліп, түсінген соң, қолдануға экранда көрсетілген рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттеріне байланысты деңгейлік есептер әр топқа берілді. Шығарып болған топтар басқа топтармен өзара алмасып бірін-бірі тексерді. Тексеріп болған соң әр топтағы бір оқушы тексеру нәтижесін баяндады және қателері болса атап көрсетті. Батыр: екінші топта 16 есеп дұрыс, 2 есеп қате, қателерің соңғы есепте дегенше, айтуға мұрша бермей Нұржан, Диана және басқада топ мүшелері қатемізді білеміз айтпай-ақ қой деді. Бұл жерде де диалог орнады және өз қателерін өздері анықтап, түзетіп үлгерді. Бақдәулет өз кезегінде бірінші топтың есептерінің бәрі дұрыс екенін айтты. Диас: үшінші топ сендер бір есепте көбейтудің орнына бөлу алып кеткенсіңдер, бірақ шешулерің дұрыс-деп жауап берді. Мен: дұрысқа қабылдайсың ба, жоқ па?-деп сұрадым. Диас: шығарғандары дұрыс болғандықтан дұрыс деп есептейміз-деді. Абылай:15дұрыс, 3 шығармаған деп тексеру нәтижелерін баяндады. Осы есептерге бағалау критериі жасалып, топ мүшелері бағаланды. Оқушылар бастапқы тапсырмалардың формативті бағалаулары мен соңғы критериалды бағалауы бойынша жиынтық бағалау жасалып, бағаланды. Тізбектелген сабақтар топтамасының төртінші сабағы «Бөлшек көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбына өтті. Бұл сабағымның мақсаты оқушылардың ойлауын дамыту, күтілетін нәтижесі есеп шығаруларымен қатар , ойларын еркін жеткізу болды. Сабағыма жаңа әдістерді, СТО, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып оқытуды, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, басқару және көшбасшылық модульдерді қолдануды жоспарладым. Оқушыларды топқа ұшақтар арқылы бөлуді қолдандым. Төрт топқа түрлі-түсті қағаздан ұшақтар қондырып, ұшақтардың түстеріне байланысты түсті қағазға мадақтаулар жазылған қағаздың түсі қандай болса, сол түстегі ұшаққа барып отырды, осылайша оқушылар топтасты. Сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнады.Жаңа сабақ «Мюнстерберг» әдісі арқылы жазылды. Сабақ тақырыбы экранда тізбектелген әр түрлі әріптердің араларында жұмбақ түрінде жазылды. Жұмбақ жазылған парақтар топтарға да үлестірілді.Жасырылған тақырыпты табу үшін әріптердің ішінен мағынасы бар сөздерді тауып, астарын сызу керек. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты тапсырмалар экранда көрсетіледі және парақтарда топтарға беріледі, сол тапсырма бойынша да қандай тақырып жасырылғанын табуға болады. Жасырылған тақырыпты оқушылар еш қиындықсыз бірден тапты. Төртінші топтағы Санжар бірінші болып тапты, қалғандары да іле-шала айтып жатты. Жұмбақтарды шешу оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Тақырыпты игеруге Блум таксономиясын қолдандым. Блум таксономиясын қолдану себебім талантты және дарынды балаларды оқытуда логикалық ойлау деңгейлерін, шығармашылықтарын дамытады. Білу, түсіну , қолдану тапсырмасын бір топқа, қолдану, талдау тапсырмасын екінші топқа, қолдану, синтездеу тапсырмасын үшінші топқа, қолдану, бағалау тапсырмасын төртінші топқа бөліп бердім. Тапсырмалар әрі экранда, әрі тарату парақтарында болды. Әділет: білу, түсіну бойынша өз ойынан мысалдар келтіре түсіндірді. Мен: дәреже көрсеткіші тек hello_html_6eec8aff.gif , тек алымы 1 болу керек пе? Ол сәл кідіріп қалғанда,өз тобынан Абылай: жоқ, мысалы hello_html_280f3768.gif деді. Әділет: hello_html_m46fb6bf4.gif деп нәтижесін айтты. Диас есептерді шығару жолдарын қолданылған тәсілдерін талдап айтып шықты. Мен: бөлшек көрсеткішті дәреженің нелері қолданылды? деген сұрағыма қасиеттері деп дұрыс жауап қайырды. Батыр бүгінгі тақырыптың ең бастысы бұрынғы білімдерді қолдана отырып бөлшек көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру екенін атап өтті. Бұл жерлерде де зерттеушілік әңгіме және жадыны жаңғырту болды. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар берілді, топ ішіндегі оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындап, топтар орындаған тапсырмаларымен алмасып бірін-бірі тексеріп бағалады. Диана: екі қате болды, есептеудегі қателерін айтты. Мақпал: екінші қате қайсы болды? Диана қателерін айтты. Топ мүшелері: түсінікті, қатемізді таптық деп Дианамен келісті. Жаңа тақырыпты бір-біріне түсіндіріп, тапсырмаларын тексеріп болған соң , өткен сабақты қаншалықты дәрежеде түсінгенін тексеру, өзін-өзі бағалау үшін оқушыларға ”BLOB TREE ” парағы таратылды. Сабақ соңында бүгінгі сабақтың рефлексиясы жасалды. Мен болашақта математика сабағын оқушыларды топқа бөліп оқытамын деп мақсат қойдым. Топқа бөлу математика сабағында өте тиімді әдіс екендігіне көз жеткіздім. Оқушылар еркін болды, өз ойларын еркін жеткізді,оқушыларды сөйлету мақсатында көптеп тапсырмалар берілді, күткен нәтиже толық орындалдыСабақтың соңында оқушылар әдеттегідей рефлексия жазып көңіл-күй күнделіктерін толтырды. «Талантты және дарынды оқушыларды оқыту» модульмен жұмыс жасау барысында сыныбымдағы қабілетті балаларға ерекше назар аударудың қажеттігін түсіндім. Олардың қызығушылықтарын ояту мақсатында тапсырмаларды күрделендіріп отыруды қамтамасыз етіп отыруға тырыстым. Топтағы талқылауды ұйымдастыруда ынтымақтастық атмосферасын құрудың қажеттігін, топтарды жүйелі бөлуді ескердім. Сұрақтардың маңыздылығын арттыру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармау. Оқушылардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады. Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және акселерация модельдерін қолдана алатындығын айтады (нұсқаулық 75-бет). «Талантты және дарынды оқушыларды оқыту» модулін өз сабақтарыма үнемі қолдану арқылы дарынды оқушылардың бейімділік деңгейлеріне байланысты олимпиадаларға , сайыстарға , интеллектуалдық ойындарға, ғылыми-практикалық конференцияларға , ғылыми жоба жарыстарына қатысуға іріктеп аламын. Оқушылардың ішінен өте жоғары қабілеттерімен ерекшеленген оқушыларды олимпиадалық есептермен шұғылдануға бағыттаймын және қосымша олимпиадалық тапсырмалар беріледі. Оқушыларды одан әрі дамыту мақсатында төмендегі жұмыс түрлерін қолданса болады:

  • Дарынды оқушылардың қабілеттіліктерін анықтау;

  • Дарынды оқушыларды қабілеттеріне қарай топтау ;

  • Үйге жеке тапсырмалар беру;

  • Қабілеттілігі әртүрлі талантты және дарынды оқушылар үшін топта бірлескен тапсырмаларды жоспарлау;

  • Дарынды оқушыларды – ғылыми жоба жарыстарына, олимпиадаларға қатыстыру;

Болашақта талантты және дарынды балаларды оқыту модулін сабақтарға үнемі ықпалдастыру, өркендету арқылы бәсекеге бейім құзіретті жастарды қалыптастыру.




Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасында 2012 жылдан сындарлы теориялық оқыту тәсіліне негізделген оқытудағы Кембридж тәсілі енгізілген.Оқытудағы Кембридж тәсілі сабақтарда пайдаланылатын өзара байланыста болатын жеті модульдан тұратыны белгілі. Осы мақалада алгебра пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына бір модульді қолдануда жеті модульдің бірі "Талантты және дарынды балаларды оқыту" модулі көрсетіледі. Тізбектелген сабақтар топтамасында « n-дәрежелі арифметикалық  түбірдің қасиеттері », «Рационалкөрсеткішті дәреже», « Рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері», «Бөлшек көрсеткіштідәрежесі бар өрнектерді түрлендіру»  тақырыптары қамтылған. Бұл мақала мұғалімдер үшін пайдасы бар деп ойлаймын. 

Общая информация

Номер материала: 527093

Похожие материалы