Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Конспекты / Талантты және дарынды балаларды оқыту.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

библиотека
материалов

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Аңқаты ЖОББ мектебі

Ержанова Нургул Туремуратовна

Жалпы білім беретін мектепте ұстаздық еткен 20 жылымда мені толғандыратын мәселелердің бірі - дарынды және талантты балаларды оқыту.Көбіне біз мектепте дарынды балалар деп оқу озаттарын қабылдаймыз. Бірақ сабақты жоспарлағанда оларға арнайы тапсырмалар бере бермейміз, жалпы сабақты орташадан сәл жоғары оқитын оқушыларға бағыттап құрамыз. Осы курсқа келіп бірінші бетпе - бет кезінде оқып жүргенде мен өзіме көп ой түйдім деп айта аламын.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақ-сатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты. Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. 
Болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймын. 
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады . Өз тәжірибемде төмендегідей ережелерді басшылыққа алдым.
· оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
· Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
· Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
· Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
· Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
· Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
· Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Ол үшін мұғалім өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу керектігіне көз жеткіздім.
· оқушы дарындылығының моделін білу;
· қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
· дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
· дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі қажет деп ойлаймын.
Мұғалім бaлaлaрғa білім беруде бaрыншa жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы ортa жaсауға тырысaды.

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс кезеңдері:

  • Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;

  • Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;

  • Игерілген нәтижелерді бақылау;

Дарынды және талантты оқушыларды оқыту барысында олардың жас ерекшеліктеріне байланысты мынандай жекелеген теорияларға көңіл аудару керек:

  • Оқудың бихевиористикалық тәсілі;

  • Когнитивтік тәсіл;

  • Оқытудағы гуманистік тәсіл;

  • Оқудағы әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл.

Әp мұғалiм бaлa бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырмаларын күрделендіре беріп , бағыт- бағдар көрсетіп отырса , оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалдарымен шектеліп қана қоймай , өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып , ойланып , ізденіп жауап береді. Кеңейтілген деңгейлік тапсырмалар беру арқылы – оқушының қабілетінің ең биік шегін , мәртебесі жоғары сұрақтар беру арқылы – оқушының жан – жақты ойлау қабілетін , сыни тұрғыдан ойлау әдістері арқылы – салыстыру , саралау қабілетін, эссе жазу арқылы – оқушының іздену қабілетін, тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Олар өз бетімен жұмыс істеу, еңбексүйгіштік, төзімділік,жұмыс орындаудағы ұқыптылықпен ерекшеленіп,мұғалім мен ата-ана тарапынан бақылауды қажетсінбейді де,олардың бойында бірітіндеп өзін-өзі бақылау мен бағалау дағдысы қалыптасады. Тәжірибе өтуге мен 7 сыныптың геометрия сабағын таңдадым. Себебі , геометрияны оқу барысында оқушылардың логикалық және бейнелік ойлауы , графикалық сауаттылығы , эстетикалық талғамы дамиды.Менің міндетім оқушылардың көзге түсе бермейтін қабілетін көре білу және оны дамытуда жүзеге асыру деп алдым. Дарынды және талантты оқушылардың да жұмыстарын формативті және жиынтықты түрде бағалаймыз.

Мен іс жүзіндегі зерттеуімнің барысында

  • дарынды оқушылардың білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтеруге, қиял және шығармашылық, міндетті шешу, дедуктивті және логикалық ойлау, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін олардың мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып, кеңейтілген тапсырмаларды құрастыруға;

  • әртүрлі деңгейдегі балалардың көңілдеріне қаяу түсірмейтіндей етіп, тапсырмаларды бағалаудың критериилерін құрастыруды үйрендім.

Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда сабақта ең бастысы сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларды көбірек беру арқылы, сұрақ-жауап әдіс –тәсілін кеңінен қолдану барысында сабақ өткіздім. Тапсырмаларды жас ерекшелігіне байланысты дайындауға ұмтылдым. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланды, жеке қабілеті айқындалды, іштей бір-бірінен қалмауға тырысты, ойлау қабілеті артты. Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаңа тақырыпты меңгертуде Блум өлшемдерінің де маңыздылығы жоғары. Мұғалім төменірек ойлау деңгейінен жоғарырақ ойлау деңгейіндегі сұрақтарды оқушыларға көбірек бере отырып, балалардың білімін, түсінігін жүйелейді, жаңа тақырып негізінде тұжырымға келуге көмек көрсетеді деген ойдамын. Өткізген төрт сабағымда да кеңейтілген деңгейлік тапсырмалар беріп отырдым, тапсырманы оқушылардың бәріне бірдей бердім. Әрине төрт сабақта дарынды балалармен жұмысты бір жүйеге келтіруге тырыстым, алғашқы нәтижелер де көріне бастады. Дегенмен бұл жұмыс уақытты қажет ететіндігі белгілі.

Метатанудың маңызды аспектісі болып табылатын өз бетінше жұмыс істеу әдісін пайдаландым. Осыны ескере отырып, мен сабақтарымда оқушыларға қабілеттеріне қарай тапсырмалар бердім және топтық жұмыс жасауды ескеріп отырдым. Әр топқа жас ерекшеліктеріне сай сыни ойлау қабілеттерін арттыру бағытында логикалық есеп беріп отырдым. Сыни тұрғыдан ойлануды дамытатын тапсырмалар олардың жас ерекшеліктеріне сай берілгенде ғана жақсы нәтиже беретінін және бұл оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудыратынына көзім жетті.Тақырыпты жұпта бір – біріне түсіндіріп топ ішінде талдады. Оқушыларға қажеттілігіне қарай тапсырма бердім және түсіндіруін тапсырдым.Осыдан байқағаным қабілеті төмен оқушылар дарынды оқушылармен жұмыстанғанды ұнататынын білдім. Логикалық тапсырмаларды тез, қызығушылықпен орындайды. Сол сияқты дарынды оқушылардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпараттарды біліп қана қоймай, оны пайдалана алды. Олар сабақта өздерін сенімді сезіне алды. Топтасып жүргізілген сабақтарда олар үнемі сыныпта көшбасшылық танытты.

Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығуын арттыра білуім керек.Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін топтық жұмысқа пайдалана отырып, өзара сыйластық, бір -біріне өз пікірін дәлелдеп, түсіндіре білу дағдыларын дамытуға болатынын байқадым. Жас ерекшеліктеріне сай, қабілеттеріне қарай күрделірек тапсырмалар беруді ойластыруым керек. Бұрынғы сабақтарымда сыни ойлауға көп мән бермейтін едім, енді оқушыларға сыни ойлауға тапсырмаларды сабақтарымда тақырыпқа байланысты көбірек қолдануым керек екенін білдім. Ең бастысы, оқушының табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуім қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында бәсекелестікке, көшбасшылыққа,түрлі байқауларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбеюі керек.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Аңқаты ЖОББ мектебі

Ержанова Нургул Туремуратовна

Жалпы білім беретін мектепте ұстаздық  еткен 20 жылымда мені толғандыратын мәселелердің бірі -  дарынды және талантты балаларды оқыту.Көбіне біз мектепте дарынды балалар деп оқу озаттарын қабылдаймыз. Бірақ сабақты жоспарлағанда оларға арнайы тапсырмалар бере бермейміз,  жалпы сабақты орташадан сәл жоғары оқитын оқушыларға бағыттап құрамыз. Осы курсқа келіп бірінші бетпе -  бет кезінде оқып жүргенде мен өзіме көп ой түйдім деп айта аламын.

  Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақ-сатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты. Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. 
Болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймын. 
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады .  Өз тәжірибемде төмендегідей ережелерді басшылыққа алдым.
· оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
· Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
· Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
· Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
· Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
· Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
· Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Ол үшін мұғалім өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу керектігіне көз жеткіздім.
· оқушы дарындылығының моделін білу;
· қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
· дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
· дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі қажет деп ойлаймын.
Мұғалім бaлaлaрғa білім беруде бaрыншa жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы ортa жaсауға тырысaды.

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс кезеңдері:

         Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;

         Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;

         Игерілген нәтижелерді бақылау;

Дарынды және талантты оқушыларды оқыту барысында олардың жас ерекшеліктеріне байланысты мынандай жекелеген теорияларға көңіл аудару керек:

-         Оқудың бихевиористикалық тәсілі;

-         Когнитивтік тәсіл;

-         Оқытудағы гуманистік тәсіл;

-         Оқудағы әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл.

 Әp мұғалiм бaлa  бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырмаларын күрделендіре беріп , бағыт- бағдар көрсетіп отырса , оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалдарымен шектеліп қана қоймай , өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып , ойланып , ізденіп жауап береді. Кеңейтілген деңгейлік тапсырмалар беру арқылы – оқушының қабілетінің ең биік шегін , мәртебесі жоғары сұрақтар беру арқылы – оқушының жан – жақты ойлау қабілетін , сыни тұрғыдан ойлау әдістері  арқылы – салыстыру , саралау қабілетін, эссе жазу арқылы – оқушының іздену қабілетін, тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады.  Олар өз бетімен жұмыс істеу, еңбексүйгіштік, төзімділік,жұмыс орындаудағы ұқыптылықпен ерекшеленіп,мұғалім мен ата-ана тарапынан бақылауды қажетсінбейді де,олардың бойында бірітіндеп өзін-өзі бақылау мен бағалау дағдысы қалыптасады. Тәжірибе өтуге мен 7 сыныптың геометрия сабағын таңдадым. Себебі , геометрияны оқу барысында оқушылардың  логикалық және бейнелік ойлауы , графикалық сауаттылығы , эстетикалық талғамы дамиды.Менің міндетім оқушылардың көзге түсе бермейтін қабілетін көре білу және оны дамытуда жүзеге асыру деп алдым. Дарынды және талантты оқушылардың да жұмыстарын формативті және жиынтықты түрде бағалаймыз.

Мен іс жүзіндегі зерттеуімнің барысында

-         дарынды оқушылардың білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтеруге, қиял және шығармашылық, міндетті шешу, дедуктивті және логикалық ойлау, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін олардың мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып, кеңейтілген тапсырмаларды құрастыруға;

-         әртүрлі деңгейдегі балалардың көңілдеріне қаяу түсірмейтіндей етіп, тапсырмаларды бағалаудың критериилерін құрастыруды үйрендім.

Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда сабақта ең бастысы  сыни ойлауға бағытталған тапсырмаларды көбірек  беру арқылы, сұрақ-жауап    әдіс –тәсілін кеңінен қолдану   барысында сабақ  өткіздім. Тапсырмаларды жас ерекшелігіне байланысты дайындауға ұмтылдым. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланды, жеке қабілеті айқындалды, іштей бір-бірінен қалмауға тырысты, ойлау қабілеті артты. Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады. Жаңа тақырыпты меңгертуде Блум өлшемдерінің де маңыздылығы жоғары. Мұғалім төменірек ойлау деңгейінен жоғарырақ ойлау деңгейіндегі сұрақтарды оқушыларға көбірек бере отырып, балалардың білімін, түсінігін жүйелейді, жаңа тақырып негізінде тұжырымға келуге көмек көрсетеді деген ойдамын. Өткізген төрт сабағымда да кеңейтілген деңгейлік тапсырмалар беріп отырдым,  тапсырманы оқушылардың бәріне бірдей бердім.  Әрине төрт сабақта дарынды балалармен жұмысты бір жүйеге келтіруге тырыстым, алғашқы нәтижелер де көріне бастады. Дегенмен бұл жұмыс уақытты қажет ететіндігі белгілі.  

Метатанудың маңызды аспектісі болып табылатын өз бетінше жұмыс істеу  әдісін пайдаландым. Осыны ескере отырып, мен сабақтарымда  оқушыларға қабілеттеріне қарай тапсырмалар бердім және топтық жұмыс жасауды ескеріп отырдым. Әр топқа жас ерекшеліктеріне сай  сыни ойлау қабілеттерін арттыру бағытында логикалық есеп беріп отырдым. Сыни тұрғыдан ойлануды дамытатын тапсырмалар олардың жас ерекшеліктеріне сай берілгенде ғана жақсы нәтиже беретінін және бұл оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудыратынына көзім жетті.Тақырыпты  жұпта бір – біріне түсіндіріп  топ ішінде талдады.  Оқушыларға қажеттілігіне қарай тапсырма бердім және түсіндіруін тапсырдым.Осыдан байқағаным қабілеті төмен оқушылар дарынды оқушылармен жұмыстанғанды ұнататынын білдім.   Логикалық тапсырмаларды тез, қызығушылықпен орындайды. Сол сияқты дарынды  оқушылардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпараттарды біліп қана қоймай, оны пайдалана алды. Олар сабақта өздерін сенімді сезіне алды. Топтасып жүргізілген сабақтарда олар үнемі сыныпта көшбасшылық танытты.

Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығуын арттыра білуім керек.Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін топтық жұмысқа пайдалана отырып, өзара сыйластық, бір -біріне өз пікірін дәлелдеп, түсіндіре білу дағдыларын дамытуға болатынын  байқадым. Жас ерекшеліктеріне сай,  қабілеттеріне қарай  күрделірек тапсырмалар беруді ойластыруым керек. Бұрынғы сабақтарымда сыни ойлауға көп мән бермейтін едім, енді оқушыларға сыни ойлауға  тапсырмаларды сабақтарымда тақырыпқа байланысты  көбірек қолдануым керек екенін білдім.  Ең бастысы, оқушының табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарындыға айналдыра білуім қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында бәсекелестікке, көшбасшылыққа,түрлі байқауларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбеюі керек.

                       

 

                       

 

 

Автор
Дата добавления 10.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров3936
Номер материала 377596
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх