Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Талаптыға нұр жауар" 8 сынып

"Талаптыға нұр жауар" 8 сынып

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Сынып 8 «А»

Мерзiмі: 21.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Адалдық, адамгершілік,

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды алдына қойған мақсатын, табиғи дарынын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету, дұрыс әрекет ету.

Міндеттері:

Өмірде адамның алдына қойған мақсаттары мен ойлаған ойларын жүзеге асыруда талаптың алатын орны туралы түсінік беру.

Оқушылардың талаптану барысында адамгершілік, ізгілік құндылықтарын тірек етіп алуға ықпал ету.

Оқушыларды еңбекқорлыққа, төзімділікке, патриот болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, А4 беттер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталату

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.

Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:



  1. мин

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 32-33 беттеріндегі «Өшпес із» әңгімесін оқу.
Сұрақтар: 
1. Әңгіме не туралы?

  1. Жас жігіттің өзіне қойған талаптары туралы не айтасыңдар?

  2. Әкесі неліктен баласының талабына қанағаттанбай отыр?

  3. «Артына өшпейтін із қалдырған» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. «Артына өшпейтін із қалдырған» деп кімдерді айта аласың?


5 мин

3.Дәйексөз

"Талап қылса ер егер, ұлт тағдыры көгерер." 
Халық нақылы 
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. 



5 мин

4. Әңгімелеу Аңыз әңгіме 

Көптеген адамдар бір данаға жақсы сөз, кеңес алу үшін келеді екен.

Бір күні оған көрші әйел ұлымен келеді да былай дейді:

  • Мен өз қолымнан келетін барлық әдісті істедім, бірақ балам

тәттіні тым көп жейді. Өтінемін тәттіні көп мөлшерде жеу денсаулыққа зиян екенін айтыңызшы. Ол сізді тыңдайды.

Данагөй балаға қарап былай деді:

  • Үш аптадан соң келіңіздер.

Көршісі ренжулі қайтып кетті. Бұл осындай қарапайым нәрсе! Адамдар алыс елдерден келіп кеңес сұрайды, сонда дана бірден жағдайын шешіп береді.

Үш аптадан кейін көршісі ұлымен қайта келеді.

Дана қайтадан қайтарып жібереді.

Әйел үшінші рет келеген кезде, ғұлама былай дейді:

  • Ұлым, менің кеңесімді тыңда. Көп тәттіні жеуге болмайды, ол зиян.

Мен сіздің кеңесіңізді тыңдайын деп жауап береді бала.

Осыдан кейін анасы баласын көшеде тосуын сұрайды.

Сіз неге бұл кеңесті бірінші келгенде бермедіңіз деп сұрайды әйел.

Дана айтады: мен өзім тәттіні жақсы көруші едім, және бұрын осындай кеңес беріп көрмеп едім.

Біреуге кеңес айту үшін алдымен өзім бұндай әдеттен арылуым керек деп шештім. Оған үш апта жетерлік деп ойладым, бірақ мен қателесіппін...

  • Шебердің қасиеттерінің бірі – ол ешқашан өзі білмейтін нәрсеге үйретпейді. Шебер алдымен өзіне адал.

  • Бұл өсиет әңгіме басқа нәрсе жайлы, өзге адамға талап қояр алдында, біріншіден өзіңе талап қой.





10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.«Талпынушылық» сөзіне сөзжұмбақ құрау

2. 5 жолдан тұратын өлең.



  1. мин

  1. Топпен ән айту.

Жаса Қазақстан – Қайрат Нұртас

1)Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген

Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген

Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген

Қазақстаным, Қазақстаным

Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы

Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы

Арманға бастаған бұрылған көп қаласы

Қазақстаным, Қазақстаным

Алға Қазақстан, Қазақстан!

Самға Қазақстан, Қазақстан!

Жаса Қазақстан, Қазақстан!

Байлығым менің, тәуелсіз елім. 2 рет

2) Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар

Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар

Ашық көк аспаным, асқарлы тау көлім бар

Қазақстаным, Қазақстаным

Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым

Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған

Елбасы, тарихы болсын мәңгі дастаным

Қазақстаным, Қазақстаным

Алға Қазақстан, Қазақстан!

Самға Қазақстан, Қазақстан!

Жаса Қазақстан, Қазақстан!

Байлығым менің, тәуелсіз елім. 2 рет

5 мин

7.Үй тапсырмасы.

«Талап пен ақыл» атты Шәкәрім Құдайбердиевтың шығармасын оқып келу.


2 мин

7. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. 
Мұғалім жәй дауыспен: 
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.


3 мин



Общая информация

Номер материала: ДБ-315221

Похожие материалы