Инфоурок / Русский язык / Конспекты / "Талғаулы салалас құрмалас сөйлем" сабақ жоспары 8-сынып

"Талғаулы салалас құрмалас сөйлем" сабақ жоспары 8-сынып


библиотека
материалов

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 8 «А»

Күні: 31 қаңтар

Сабақтың тақырыбы: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға талғаулы салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, қалай жасалатыны жөнінен хабардар ету;

2. Дамытушылық: жылдам әрі қатесіз жазу, жазбаша жұмыстарды орындату, еске сақтау қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік: ауызекі сөйлеу кезінде мәдениеттілікті сақтауға, сабақ барысында бірінің сөзін бірі бөлмей сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті

Көрнекіліктер:

Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең. (3 мин)

1) Оқушыларды түгендеу

2) Үй тапсырмасы. 111-жаттығу. Екі оқушыдан сұрау, қалған оқушылар сол оқушылар айтып жатқан кезде тексеріп отырады.

Тақтаға 2 оқушыны шығарып талдау жұмысы. Тыныс белгісін қойып, талдау. Қалың жұрт екіге бөлінеді: ұқпаған өлік, түсінген тірі. Екеуінің шұғылданғандығы сондай-ішке кірген кісіні аңғармайды. (10 мин)

ІІІ. Жаңа тақырып өту. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

1.Талғау деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.Талғау сөзінің синонимі қандай?

Мен не бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, не болмаса барша жанға тынышсыз болатын зұлымдықты қоюым керек екен ғой. Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік. Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады. Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді (ережені оқушылар өздері қорытып шығарады).

Сөйлемге талғаулық мағына беретін және жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыратын жалғаулықтар: не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, әлде. (Слайдқа топтастыру)

Екі жай сөйлемнің арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлемдер арасына үтір қойылмайды. (10 мин)

Жаттығу жұмысын орындату.

113-жаттығу.

Төмендегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы талғаулы салалас құрмалас? Ойларыңды ережелерге сай дәлелдеңдер.

1.Я алқымда булығып ашу тұрды, я көзінде жаңа бір үрей тұрды.

2.Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады.

3.Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар. (10 мин)

Сабақты қорыту:

1) Сабақты қорытындылап ереже сұрау

2) Үйге тапсырма беру. 114-жаттығу.

3) Оқушыларды бағалау

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-436675

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG