Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Талдар сыры неде"мектепалды даярлық сабақ жоспары

"Талдар сыры неде"мектепалды даярлық сабақ жоспары



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

А.Б.Ахмет.

«Гүлдер» шағын орталығының тәрбиешісі

Ә.Ермеков атындағы ЖОББ мектеп

Талдар сыры неде?

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Талдар сыры неде?



Сабақтың мақсаты: Ауыл маңында өсіп тұрған ағаштармен таныстыру

өсімдіктер дүниесі туралы түсінік беру;табиғатты сүйе білуге,ағаштарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;есте сақтау қаблеттерін арттыру.

Көрнекіліктер: ағаштарды күтіп (су құйып,қопсытып) жүрген адамдардың суреті

Қостілдік компонент:ағаштар-деревья,шырша-ель,терек-тополь,қайың-береза




Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық




Тәрбиеші балаларға келген хатты көрсетеді.Кімнен келгенін білу үшін жұмбақ шешуді ұсынады.

Жұмбақ

Қарғып жүрер жан-жаққа,

Құмар өзі жаңғаққа.

(Тиін)

Тиіннің хатын оқиды: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Маған сендердің көмек-терің керек.Мені қоян досым қонаққа шақырды.Үйін адаспай табуым үшін мына жол картасын қоса жіберді.Бірақ мен жол картасының әр жеріне салын-ған кірпіштер мен пирамидалардан түк ұқпай тұрмын,көмектесіңдерші».

Хатқа қызығушылық танытады.



Жұмбақты шешеді









Хатты тыңдайды.






Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларға жол картасын көрсетеді, анықтап қарайды.

Сұрақтар қояды:

-Мына кірпіштер мен пирамидалар неге ұқсайды?

-Ағаштар мен бұталарды қалай ажыратуға болады?

Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады:

-Бұл белгілер-ағаштар мен бұталардың белгілері.ағаштар биік,бұталар аласа. ағаштарда үлкен,жуан бір дің болады

(көрсетеді),діңнің сыртында қабығы болады. Ал бұтақтың діңі бірнеше және жіңішке болады.

Суретпен жұмыс

Тақтадағы ағаш суретіне назарларын аударып,таныстырады

Жолдың картасын қарап,анықтайды.



Сұрақтарға жауап береді.









Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды



Суреттерді тамашалайды, сұрақтарға жауап береді..


-Мынау шырша,мынау терек,мынау қайың.

-Шыршаның инелері болады,ал ағашта не болады?

-Бұталардың жапырақтары қандай?

Ағаштарды күту тәртібі мен ереже-лерімен таныстырады.

Мақал

Бір тал кессең-он тал ек.

Мағынасын түсіндіреді.

«Біздің жер телімімізде қандай ағаштар өседі?» дидактикалық жаттығуы.

Ауыл маңындағы жер телімінде өсіп тұрған ағаштарды суреттерден тауып, көрсетуді ұсынады.

Сергіту сәті

«Дұрыс-бұрыс» дидактикалық жаттығуы

Сұрақтарға «дұрыс,дұрыс емес»жауап керектігін түсіндіреді.

Сұрақтар:

-Ағаштарды суару керек

-Сендер ағаштардың жапырақтарын жұласыңдар ма?

-Ағаштар көп болғаны дұрыс па?

Жұмбақтар

Қозғалмай бір орында қарап тұрар,

Адамның қажетіне жарап тұрар.

Қаншалық жәбір көрсе,сабыр етіп,

Және де көбеймекке талап қылар.

(Ағаш)

Жазда жайнайды,

Күзде жайрайды

(Ағаш жапырағы)

«Қай ағаштың жапырағы?» дидактикалық жаттығуы

Тақтада қайың,терек ағаштары ілініп тұрады.

Балаларға жапырақтар таратылады. Тәрбиеші белгі берген кезде балалар тиісті ағашқа жүгіріп баруы керек.

-Балалар тиінге бәрін дұрыс айтып бердіңдер,

Енді тиін қоянның үйіне жол табатын болды.

Тәрбиеші балаларға көрсетіп қорапшаға жол картасын салады.

Ережелерімен танысады.











Тыңдайды,есіне сақтайды.







Таныс ағаштарды тауып көрсетеді.





Допты алған сайын «дұрыс,дұрыс емес» деп жауап береді.







Сұрақтарға жауап береді.









Жұмбақтарды шешеді







Белгіні естіп,әр қай-сысы өз ағашына барады

Рефлексивті-түзетушілік

Қорыту

-Балалар,сендер бүгін қандай жануарға көмектесіңдер?

-Қандай көмек көрсеттіңдер?

-Қандай ағаштарды білесіңдер?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға жауап береді.







Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:салыстыруды,анықтауды,айырмашылықтарын табуды

Нені игереді: ағаштардың тіршілігін бақылауды

Нені біледі: ағаштарды күтіп-баптауды.

Қарағанды облысы

Ақтоғай ауданы

Шабанбай би ауылы








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров128
Номер материала ДВ-281471
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх