Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Танымдық ойын «Сөз мерген»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Танымдық ойын «Сөз мерген»

библиотека
материалов

БҚО. Бөрлі ауданы. Ақсай қаласы. №5 ЖОББМ

Кенжегарина Тыныштық Ермековна.


«Сөз мерген» танымдық ойыны.

Мақсаты: Оқушыларға көп мағына беретін ауыз әдебиетінің жанры мақал-мәтелдерді біліп,орынды жерінде қолдана білуге үйрету. Оқушының ақыл-ойын, интелектісін дамыту. Өз ана тілінің қадыр қасиетін біліп, құрметтеуге, қастерлеуге, еркін сөйлей білуге үйрету. Өз ана тілін жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу. Тіл байлығын дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд т.б.

Сабақтың әдісі: Сөз жарысы, мақал- мәтел т.б.


Барысы:

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, ең алдымен ана тіліміздің туын биік ұстап, оны дамытуға күш салуымыз керек. Қазақ тілім-өз тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл- кызың мәңгі сені Болашағым, бақытымғ дара тілімдей келе танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз. Енді топ атын тақырыпқа сай, ұранды өздері ойлайды.

Ойын бес кезеңнен тұрады балалар.

Ойын кезеңімен таныстырып кетейін.

1 кезең. Ойлы болсаң озып көр.

2 кезең. Тапқыр болсаң, тауып көр.

3 кезең. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.

4 кезең. Зерек болсан шешіп көр.

5 кезең. Алғыр болсаң айтып көр.


I кезең: «Ойлы болсаң озып көр»

Бұл кезеңде мықтылыұтарынды көрсетесіңдер. Бұл жерде тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашасыңдар.

1. Құлын, ат, тай, жылқы (таңба басқандай) алыс (тайға таңба басқандай).

2. Жылқы, қой, түйе, сиыр (аузынан шөп алмас) момын (қой аузына шөп алмас).

3. Сүйек. Қаңқа, ит, қасқыр (терісін басына қаптау) ұрысу (ит терісін басына қаптау).

4. Ит төбет, күшік, қасқыр (өлген жер) алыс (ит өлген жер).

5. Қалқа, көмекей, өңеш, тамақ (созды) өңешін созды ұрысу.

6. Жақ, құлақ, тіл, айыз (алғыш) қарама-қарсы сөз тіл азор (тіл-алғыш).

7. Аймақ, жер, таяқ, күн (тепсінді) қатты ұрысты (жер тепсінді).

8. Тас, су, жер, ет (бауыр) мейірімсіз (тас бауыр).

9. Ұлдың, қыздың, ананың, әкенің (жиған жүгіндей) әсем көрікті (Қыздың жиған жүгіндей).

10. Көз, сөз, қол, аяқ (ілмеді) ұйықтамады (көз ілмеді).


II кезең: Тапқыр болсаң тауып көр.

Бұл кезеңде ойыншылар берілген сөздерден мақал табуы қажет.

1. Халық -

Жұрт - Ел іші – алтын бесік

Туған жер- Бесік

Ел-

2. Атамекен-

Отан- бұлбұл Отансыз орман,

Жер- ормансыз бұлбұл

Су-

3. Алып-

Қорқақ- Алып анадан туар.

Палауоп- ана

Батыр-

4. Ағаш-

Орман- Кесеу ұзын болса, қолың күймес.

Кесеу-

Қалақ-


5. Ауыз-

Таңдай- Ауыз біреу, құлақ екеу.

Ерін- құлақ

Мұрын-


6. Ана-

Әке- Анасын көріп, қызын ал

Бала- Аяғын кқріп, асын іш

Немере- ал


7.Жаңбыр- Жаңбырмен жер көгерер

Өзен- Батамен ел көгерер.

Көл- ел

Орман-


8. Ұл- Қыз-жат жұрттық.

Ана-

Қыз- жұрт

Бала-


III кезең: Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.

Берілген сұраққа мақал-мәтелмен жауап беру 1.Жылан інінен қалай шығады?-жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады.

2. Қар жана ма? – Қалауын тапса қар жанады.

3. Инемен қудық қазуға бола ма? – Оқу инемен қудық қазғандай.

4. Ең тәтті не? – Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті.

5. Не қорқақ, не батыр? - Көз қорқақ, қол батыр.

6. Кімнен кім жаман? – Олақтан салақ жаман.

7. Тауық түс көре ме? – Тауықтың түсіне торы кіреді.

8. Оттан да ыстық не? – Отан оттан да ыстық.

9. Шошқа үре ме? – Ит жоқта шошқа үреді.

10. Ер қаруы нешеу? – Ер қаруы бес қару.


4 кезең. Зерек болсаң, шешіп көр.

Сендерге жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтың шешуін тауып, жауабына байланысты мақал-мәтел құрау қажет.

1.Оқтан жүйрік

Қылыштан өткір. ( сөз)


2.Тіріден өлі туады

Өліден тірі туады. (жұмыртқа)


3.Екі бала қатар турса да, 1. Көз қорқақ, қол батыр

Бірін-бірі көрмейді. ( көз)


4.Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем. ( Жер, аспан)


5.Басқан жері бармақтай,

Аттаған жері атандай. (Таяқ )


6.Үш қасық, екі желі, тоғыз ноқта, Домбырасыз үн қайда

Теңселіп тербеледі, адам соқса,

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанменен,

Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)


7.Кішкентай ғана бойы бар Қой аузынан шөп алмас.

Айналдырып киген тоны бар. (қой)


8.Сары атым аунаған жерге шөп шықпас. (от) От тілсіз жау

5 кезең: Алғыр болсаң, айтып көр.

«Тіл-көңілдің тілмашы» дегендей алғырлығымызды байқап көрейік. Дана халқымыз дау болса бір ауыз сөзбен тоқтатабілген, бір ауыз сөзбен адам көңілін жұбатып, серпілте білген. Тіл құдіретінің керемет екендігін мына мақалдар жалғастыра отырып, көруге болады.

1.Өнер алды – (қызыл тіл)

2.Тіл тас жармаса – (бас жарады)

3.Басқа пәле – (тілден)

4.Тіліңмен жүгірме – (біліміңмен жүгір)

5.Бас кеспек болса да – (тіл кеспек жоқ)

6.Өтірік сөз – (өрге баспас)

7.Өтіріктің құйрығы – (бір тұтам)

8.Атаңа не қылсан – (алдыңа сол келеді)

9.Өле жегенше – (бөле же)

10.Ақыл дос- (ашу дұшпан)


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров73
Номер материала ДБ-319577
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх