1087107
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалы" Танымды ұрпақ Отырардан таралған" тақырыбындағы тәрбие сағаты

" Танымды ұрпақ Отырардан таралған" тақырыбындағы тәрбие сағаты

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Отырардан

танымды ұрпақ

тараған.

hello_html_508c7376.jpg

7 «г» сыныбы

Сынып жетекшісі: Ибрагимова Құралай

163 мектеп

Мақсаты: Тарих толқынында орын алған ата бабаларымыздың ерлік батырлығын паш етуде, ұлттық, қайсарлық мінезімен отанды қорғай білуге, қандайда болсын өктемдік пен зорлыққа қарсы тұруды, тұган жерге деген сүйіспеншілігімен елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуді ақын ағамыз Мұхтар Шахановтан үйренуге тәрбиелеу.


1-оқушы: Ассалаумағалейкум, ағайын !

Қош келдіңіздер!

2-оқушы:

Дұғай сәлем үсті-үстіне айта берсем ағылар,

Көкіректе күй боп жатқан, сұрай қалсаң тағы бар.

Әсем көктем гүлдеріндей, көз тұндырып жайнаған,

Армысыздар аталарым тарихты айтып жырлаған.

1-оқушы:

Тарих толқынында орын алған ата бабаларымыздың ерлік батырлығын паш етуді, ұлттық, қайсарлық мінезімен отанды қорғай білуді, қандайда болсын өктемдік пен зорлыққа қарсы тұруды, тұган жерге деген сүйіспеншілігімен елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуді ақын ағамыз Мұхтар Шахановтан үйренейік !..

2-оқушы.

Ендеше Мұхтар Шахановтың «Отырар» дастанынан үзінді ұсынамыз.

Көпшілік жұрт Отырардың күйреуін монғол шапқыншылығымен байланыстырады. Рас, жарты жылға созылған ерлік қорғаныстың кезінде жауға өз қақпасын өзі ашқан. Ұлы қаланың күлі көкке ұшқан. Кезінде талайды тамсандырған әсем қаладан жалпиған үйінді ғана қалғаны осымен байланысты. Қаншама ата-баба мұрасынан айрылдық. Отырардың кітап қоры жоғалды. Олай болса осы оқиғаға кім кінәлі? Шыңғыс хан ба? Қайыр хан ба? Әлде сатқын Хараджа ма?


Шыңғыс хан:

Даңқың қайда төске өрлеген?

Екі жүз мың әскерменен

Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала-алмау,

Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау.

Ойы дауыл , сезімі аспан,

Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,

Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда.(деп шыңғыс хан шағатайға оқты көзін қадады.)





Шағатай: (Басы төмен иілген, тұнжырап тұрған шағатай)

  • Осы өкініш мені де өртеп барады.

  • Отырардың бақытына арналған

  • Болар бәлкім

  • Алдырмай тұр зор қамал.

  • Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,

  • Қанша үмітім желге ұшты

  • Қанша әскерім жер құшты,

  • Дала жатыр қызыл қанға боялып.

  • Егер бүкпей баяндасам шындықты,

  • Рухы өр, Тәні бекем

  • Бұл бір қазақ қайсар халық екен,

  • Тірліктен де артық қойған бірлікті.

Шыңғыс хан: (күліп) Әй балам-ай, әлі шалалаусың. Сен тоғыз жасқа келгенде, Ұлу жылы болатын. Үкітайдың тойында оқ өтпейтін батыр туралы өзіңе оңаша ертек айытқам. Сенің зердеңде сақталмауы мүмкін емес. Сол ертекті неге алмайсың пайымға?


Шағатай: (қолын иығына қойып)

Әке бір өжет батыр туралы екені ғана есімде. Ұмытып қалыппын.


Шыңғыс хан: «Есің кетсе, естіге кіріптарсың» деген осы. Ол ертегідегі батырдың кеудесінде бір-ак жері болған оқ өтетін. Батырдың сатқын досы оның дұшпанына айтып оқ тигізіп өлтірген жоқпа? Шағатай, жауың мықты күмәнім жоқ. Әр мықтының осал жері болады, ұқтың ба? Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында.


Шағатай: (Куанып) Ұқтым, әке.


Аппақ киінген қыз:

(Елес болып шығады, қобыздан зарлы үн) Музыка үні.

  • Алты ай бойы ерлік сапқа төрін берген Отырар,

Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар.

Алты ақ күнде жермен жексен қирады

Ақыл-ойын жалындатқан

Өнерлікпен шамын жаққан

Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.

Безбүйрек жау сәбилерді,

Шал-шауқанды, кемпірді

Тіпті жүкті әйелдің де ішін жарып өлтірді.

  • Құзғын қарға ғана тынбай

Шарлап мұңды аспанды,

Отырардың аянышты, зарлы өмірі басталды

Айдай әлем мойындаған даңқы бар

Жүз елу мың халқы бар.

Нән қаланың асқақ әні осыменен шектелді.


Шыңғыс хан: Қолға түскен батырларды алып келіңдер. (Қайыр хан мен сатқынды алып келеді.)

  • Иә Қайыр хан !

Рух-ердің өзегі ғой қайдада.

Менің жігіттерім сенің тәніңді қорлап жеңсе де, амал не, жеңе алмапты жаныңды.

Шіркін сендей мықты қолбасшым болса ғой. Бүкіл әлемді билер едім.

Ха-ха-ха ал мына бір сатқынды құдай саған қайдан ғана тап қылды.

Қайран аңқау дара тұлға

Аңғармапсың қанатыңа

Жасырынған түлкіні.

Ерлігіңе осы болсын сыйлығым.

Саған қидым бұл сатқынның билігін!


Сатқын Қарашоқы: (Шыңғысхынның аяғына жығылып жылап,)

  • Ұлы ханым

Әділдік пе мұныңыз?

Өле-өлгенше боп өтейін құлыңыз,

Отырарды

Мен қол ұшын бермесем,

Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз?


Шыңғыс хан: (түнеріп)

Оған дау жоқ.

Сенен асқан бар ма бірақ тірі өлік?

Менің жауынгерлерім жауына хайуандық пен зұлымдық жасай алады.

Бірақ туған жерін сатпасына сенемін.

Ал сен опасыздық жасадың ба еліңе?

Ертең саған мені сату түк емес.

Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату

Ұқсамайма табиғаттың заңына.

(Шыңғыс хан нөкерлеріне қарап)

Қане, қылыш ұстатыңдар

Қайсар батыр Қайыр ханның қолына.


Қайыр хан: - Тоқта, Шыңғыс.

Бұл баланың әкесі бар нар текті

Өзі адал, елге сыйлы, зиялы

Әкесі үшін перзентіне сеніп ем

Сатқын болып шықты мына тұяғы.

Мақұл көрсең Шыңғыс хан

Әкесін бұл сатқынның

Осы араға алдырғаның жөн болар.


Шыңғыс хан: -* Әкеліңдер қарт шалды.

(Шал екеуіне қарап үнсіз тұр)


Қайыр хан:

-Жылан тұса жыланнан,

Құлан туса құланнан

Таңданатын түкте жоқ,

Бірақ жылан, қалай туды қыраннан.?


Қария: - сыйлы басым қуарды.

Менен сорлы, жан бар десең сенбеймін.

Барлық кінә өзімде.

Бұл баланы жаңа туған кезінде нағашысы бауырына басып еді.Қателігім сол болды.

Бабалардан қалған өсиет бар мынадай:

  • Әр нәресте қашан есі кіргенше, жер қадірін,

Ер қадірін білгенше

Алғашқы әнтек қылығына

Өзі ұялып күлгенше

Өзі туған қасиетті өлкенің

Ауасымен дем алуға тиісті ол!

Мен осынау борышыма әкелік

Немқұрайды қарадым да

Кінәлі болдым ар алдында

Мына сатқын перзентіме қосақтап

Өлтіруге міндеттісің мені де!


Қайыр хан: - Ия қоштасар келді күн.

Азбан Шыңғыс ел тарихын қорлады ау,

Ойлап тұрсам, енді бәрі арман ау.

Отырардың жан қиярлық ерлігін

Жыр ететін әттең, ақын қалмады-ау!


Шыңғыс хан: - Өкінгенмен орның қайтіп толмайды.

Бұйрық еттім түгел қырып тастауға

Отырарда еркек кіндік қалмайды!


Қария : - Ей Шыңғыс хан

Қателестің, қалады!

Жұма бұрын шеткі елші қақпадан

Жүзін жалын қақтаған

Мен құтқарып жібердім бір баланы.



Қайыр хан: - Бәрекелді, бұл еңбегің жарады.

Бірақ одан ұрпақ тарап

Одан ақын туғанша

Талай өзен тасып өтер

Бәлкім талай ғасыр өтер

(деп Қайырхан Отырарға қимай ұзақ қарады)


Шыңғыс хан: (ашуланып) Жерді теуіп) Ауызына құйыңдар қорғасынды, қорлап өлтіріңдер!


Жас бала: (Жүгіріп шығып)

Оян Қайыр бабатайым, қасиеттім, қымбаттым.

Сан алапат ғасырдан соң,

Тасыр дауыл басылған соң,

Өзіңді іздеп тіл қаттым,

Аман қапты батыр арман,

Отқа оранған Отырардан,

Қашып шығып сол баяғы баладан

Бұл күндері санатты ұрпақ тараған

Дәуірінің қанатында самғаған

Сол ұрпақтан шыққан акын мен болам.

Кешіктің деп кінәлама, айбарлым,

Сені ояту үшін қанша ойландым

Еңіреген ер ең аузы дуалы

Бізге жетті жүрегіңнің шуағы,

Түп тамырын сенен алып жатқан ел

Саған ұқсас батырлары туады

Күллі Азия көз тігетін таңдана

Құм астынан көрінбейтін паң қала.

Сол қалаға арнаған бұл жырымды

Оң қабақпен қабылдай гөр жан баба!

Естимісің ер бабам

Батырлығың ерлігің

Мәңгі менің жүрегімде қалады.


2-оқушы:

Ия, осы Отырар өлкесінен шыққан санатты ұрпақ, қазақ акыны Мұхтар Шаханов, 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген.

1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Оңтүстік Қазақстан, Лениншіл жас газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында жұмыс істеді.





1-оқушы:

. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты.

2-оқушы: Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс.

Ән: Туған күн кешінде. Орындайтын Кенже Асылзат.

Аружан : Мұхтар Шаханов Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.

Анель :Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры. Ақынның:

  • "Тарихың тұр санаңа өткел тастап,

  • Өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,

  • Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер.

  • Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер.

  • Қатеңді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік.

  • Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық,

  • Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық.

  • Өз тіліңді жерсінбеудің,

  • Өз анаңды менсінбеудің,

  • Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?

Асылзат :Ол — рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық", — деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М.Шахановтың сөзімен айтсақ: "Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының жүрегіне тебумен бірдей". 2006 жылы ақынның "Тілсіздендіру анатомиясын" атты кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа тіл, ұлттық рух, космополиттік ағым төңірегіндегі жазылған бірнеше эссе-поэмалары енген.

Інжу : 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси Бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында (1988), КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде (Кремль, 1989) батыл мінез көрсетті.

Өлең: Гауһар Желтоқсан

Аруна: :Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ КОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты... М.Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған «Наурыз» мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды .

Өлең: Камила Төрт ана.

Айнара: 1989 жылы 22-қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс және қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берген заңды қабылдап, тіпті оған дүркірете қол соғып қойғанда, екінші рет қайта шығып сөйлеп, депутаттарды қазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға үндеді және қабылданған заңның үлкен зардабы болатынын ескертті. М.Шаханов ұсынысы Президенттің қолдауымен дауысқа қайта салынып қазақ тілі жекедара мемлекеттік мәртебе иеленді.

Өлең: Нұрай Үнсіздік

Алтыншаш: Ақын соңғы жылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей қазақ халқын және республикадағы аз ұлттарды тікелей жоюға алып баратын, бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтқа» да батыл қарсылық танытып келеді.М.Шаханов 1989-91 жылдар аралығында КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 1990-93 жылдары - республика Жоғарғы Кеңесінің, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды

Өлең: Гулбану Космополит



Абдулрахим: 1992 жылы М.Шаханов Олжас Сүлейменовпен бірлесіп «Халық конгресі» партиясын құрды.. 1993-2003 жылдар аралығында М.Шаханов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2001 жылдан «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті, 2004 жылдан «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, 2010 жылдан «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық «Жалын» журналының Бас редакторы.

Өлең: Ақниет Сәлем Ұлы Жайығым

Нұрсәуле: М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды. Автордың Ш.Айтматовпен бірлесіп жазылған «Құз басындағы аңшының зары» атты кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы да бірнеше елдің кітап дүкендерінен, сахналарынан орын тепті.

Ән: Әке туралы ой орындайтын Алмасбекқызы Гүлім

1-оқушы: Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры.

2-оқушы: 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді.

1-оқушы : Менің көксегенім елімнің, тілімнің және ұлттық рухымыздың амандығы деп жырлаған қазақ ақыны биыл 70 жаста

2-оқушы: 70 жасқа толған торқалы тойыңыз құтты болсын, еліміздің, тіліміздің және ұлттық рухымыздың амандығы үшін жасай беріңіз деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

1-оқушы: Хош сау болңыздар!





























































2























































3























































4























































5























































6























































7























































8

































Общая информация

Номер материала: ДВ-097236

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.