Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Тапқыр болсаң, талас жоқ" топтық сайыс

"Тапқыр болсаң, талас жоқ" топтық сайыс

Скачать материал

                «Тапқыр болсаң, талас жоқ»  топтық сайыс

          Құрметті ұстаздар! Бүгінгі 1,2,3,4 сынып жетекшілері арасында өткелі отырған «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

Мектеп директоры: Беркимбаева Р.А.
Оқу ісінің меңгерушісі: Жиенбаева С.З.
Қосымша білім педагогы: Жұмабаева Б.Н.

Бейінді оқыту орынбасары: Асанова К.С.
Сайысқа қатысушылар:

І топ 1-сынып жетекшілері

ІІ топ 2-сынып жетекшілері

ІІІ топ 3-сынып жетекшілері

ІҮ топ 4-сынып жетекшілері

Ал енді сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1 - айналым. «Білімді болсаң, байқап көр» (сұрақтарға жылдам жауап беру)
2 - айналым. «Ойлы болсаң, ойлап көр» (оқу бағдарламасы бойынша сұрақ)
3 - айналым. «Жүйрік болсаң, озып көр» (шебер қолдар сайысы)
4 - айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (логикалық сұрақтар)
5 - айналым. «Салт-дәстүрден біліміңді сынап көр»

- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші айналымына кезек береміз.
1 - айналым. «Білімді болсаң, байқап көр» Әр топқа зымыран сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.
І топ
1. «Өнер білім бар жұрттар» кімнің өлеңі?
( Ы. Алтынсарин)

2. «Қырдан келген жас қазақ» мәтінінде кім туралы айтылған? (Ш. Уәлиханов)
3. Қазақ тілінде дауысты дыбыс қанша? (9)
4. Шегірткенің құлағы қай жерінде? (құлағында)
5. Ана тілі оқулығының авторы
ІІ топ
1. «Төрт ана» кімнің өлеңі? (М. Шаханов)
2. «Дала жұлдызы» мәтінінде кім туралы айтылған? (Ы. Алтынсарин)
3. Тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)
4. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз қандай дыбыстар? (өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығынан жасалады)
5. Математика оқулығының авторы
ІІІ топ
1. «Үш бақытым» кімнің өлеңі? (М. Мақатаев)
2. «Әке арманы» мәтінінде кім туралы айтылған? (А. Құнанбаев)
3. Қандай жануар түрегеліп тұрып ұйықтайды? (түйе)
4. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғашқы құрған ғалым кім? (А.Байтұрсынұлы)
5. Дүниетану оқулығының авторы
ІҮ топ
1. «Туған ел» кімнің өлеңі?
(С. Сейфуллин)
2. «Әліппенің атасы» мәтінінде кім туралы айтылған? (А. Байтұрсынов)
3.
Тәуелсіздік туралы заң қашан қабылданды? 1991
4.
Дауысты дыбыс дегеніміз қандай дыбыстар? (ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамай шығатын дыбыстар)
5. Қазақ тілі оқулығының авторы

2 - айналым. «Ойлы болсаң, ойлап көр» Мақалды жалғастыру керек, әр топқа 3 мақал - мәтел беріледі.
Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.
І топ
1.  Тас
  -  бас
2. Жел
 -  сөз
3.
Тілі - бізі
ІІ топ
1. Білімді
- білімсіз
2.  Тілін
 біл -  білім біл.
3.
Ат - аруана
ІІІ топ
1. Мектеп - Білім
2.
Әдет - жөн
3.
Тентек - ақыл
ІҮ топ
1. Қына –
білім
2.
Алыс жол – ауыр күн
3. Жау
-   дау

Білім, ой мен арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғайық бәріміз,- деп сайысқа қатысушыларды қолпаштап отырыңыздар.


3 - айналым. «Жүйрік болсаң, озып көр» - шебер қолдар сайысы. Әр бір мұғалімнің қолдары байланған. Бірінің оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына бетіне өрнек түсірілген қағаз берілген. Осы қағаздан өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңмен көмек берілмейді. Ең жоғары ұпай – 5, уақыттарына қарай ұпай саны кеміп отырады.

4 - айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр».

1 - топ:

1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)
2- топ:

1. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
2. Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)
3 топ:

1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
2. Күн ыстықта 6 шалғышы бір бөшке қымызды 8 сағат ішті. Дәл осындай бір бөшке қымызды 3 сағатта қанша шалғышы ішеді? (15 шалғышы)

4  топ:

1.     Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)

2.     Оқушы 32 санын қосудың орнына, керісінше азайтып қойды. Нәтиже дұрыс жауаптан қаншаға кем? (64)

5 - айналым.  «Салт-дәстүрден біліміңді сынап көр»

І топ

1.Аунату.

2.Біз шаншар.

3. Қымыз түрлерін атаңыз?

ІІ топ

1.Бәсіре.

2.Байғазы.

3. Еттен табақ тарту ретін атаңыз?

ІІІ топ

1.Бастаңғы.

2. Асар

3. Қиықша қандай тағам?

ІҮ топ

1.     Көңіл шай

2.     Қол ұстатар

3.     Төп тағамы неден жасалады?

 

«Салт-дәстүрден біліміңді сынап көр»

 

Жауаптары:

Аунату – қазақ ғұрпы. Қазақ арасында балаларын үйіне келген атақты, аты мәшһүр, ұлы адамдардың отырған орнына аунатып алу салты бар. Мысалы, қырғыз жазушысы Ш.Айтматов үйіне қонаққа келген М.Әуезов отырған серіппелі орындыққа өзінің ұлын аунатып алыпты. Кіндік қаны тамған жерге ер азаматты аунатып алатын да әдет бар. Бұл көне дәуірдің бүгінге жеткен сабақтастығы іспеттес.

Біз шаншар (салт). Кең байтақ Қазақстан даласында салт – дәстүрлердің қызықты түрлері көп. Бірақ олар бір-бірінен онша алшақ емес. Соның бірі «біз шаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «жаушы» орнына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.

Бәсіре – халқымыздың ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі. Ата-ана   баласына арнап, көбінесе жас төлге ен салады да, бәсіре деп айтады. Әдет бойынша, бәсіре тек аталған баланың қажетіне жаратылады.

Байғазы – қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығының бір түрі. Байғазыны көбінесе жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер байғазы (ақша, малдың төлі т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, жақсы тілек білдіреді.

Бастаңғы (салт). Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын - сауықта бас қосуы.Дәстүр бойынша бұған тыйым салуға болмайды.

Асар-үме – көпшілітің жәрдемін пайдалану дәстүрі. Қазақ арасында ертеден бар. Қауырт күш жұмсауды және тез бітіруді талап ететін жұмыс кезінде ауылдастар мен руластар, дос-жарандар жабыла жұмылып, істі тындырады. Мұндай іске қой тоғыту, қой қырқу, тай таңбалау, жылқы күзеу, үй көтеру, киіз басу, бие байлау, соғым сою, егін ору, шөп шабу, пішен жинау, той жасау, ас беру, т.б. жатады. Үй иесі көмекке келіп, қолқабыс жасағандарды тамақпен сыйлайды, бірақ көмек берушілер істеген жұмысына ақы алмайды. Бұл – қарапайым халықтың арасындағы өзара көмектің бір түрі. Асар кей жерлерде «серне» деп те аталады.

Көңіл шай

Адам өмірінде қуанышты да, ренішті де жайлар болады. Басына іс түскенде. Ренішті кездерде адамдарбір-біріне көңіл білдіріп,қиыншылыққа ортақтасып ақыл-кеңес береді. Міне осындай кезде жайылған дастархан «Көңіл шай» деп аталады.

 

Қол ұстатар

Әдетте қыз айттырылып, қалың мал төленген соң, жігіт қалыңдық аулына ұрын келеді. міне, осы жолы жігіт пен қыз бірін-бірі алғаш рет табыстыру үшін жеңге екеуінің қолын ұстатады да, өзі шығып кетеді. Бұл екі жасты жақындатудың бір амалы.

Қымыз түрлері

Уыз, бал, тай, құнан, дөнен, бесті.

Еттен табақ тарту реті.

Бас табақ, сый табақ,құда-құдағи табақ, орта табақ, аяқ табақ, , қыздар табағы, келін табақ.

Қиықша

Мұны да бауырсақ сияқты майға пісіреді. Сәл өзгешелігі қамырын жұқа жайып, жалпақтау әрі қиықшалап кесіп , пісіреді.

Төп тағамы тарының шикі немесе піскен сөгінен, күріштен әзірленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Аунату.

2.Біз шаншар.

3. Қымыз түрлерін атаңыз?

 

 

1.Бәсіре.

2.Байғазы.

3. Еттен табақ тарту ретін атаңыз?

 

 

1.Бастаңғы.

2. Асар

3. Қиықша қандай тағам?

 

 

1.     Көңіл шай

2.     Қол ұстатар

3.     Төп тағамы неден жасалады?

 

 

І топ
1.  Тас
  -  бас
2. Жел
 -  сөз
3.
Тілі – бізі

 


ІІ топ
1. Білімді - білімсіз
2.  Тілін  біл -  білім біл.
3. Ат – аруана

 


ІІІ топ
1. Мектеп - Білім
2. Әдет - жөн
3. Тентек – ақыл

 


ІҮ топ
1. Қына – білім
2. Алыс жол – ауыр күн
3. Жау -   дау

 

І топ
1. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
2. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар.
3. Шешеннің  тілі – шебердің бізі
ІІ топ
1. Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.
2. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.
3. Ат биеден, аруана биеден
ІІІ топ
1. Мектеп - кеме, Білім теңіз.
2. Әдет әдет емес, жөн әдет
3. Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
ІҮ топ
1. Қына – тасқа бітеді,Білім – басқа бітеді.
2. Алыс  жолды жатты, ауыр күн ерді сынайды.

3. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тапқыр болсаң, талас жоқ" топтық сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2015 1544
    • DOCX 29.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагым Гаухар Жумабайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагым Гаухар Жумабайкызы
    Сагым Гаухар Жумабайкызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11383
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек