Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Тапқыр достар" интеллектуалды ойыны

"Тапқыр достар" интеллектуалды ойыны



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың физика, математика пәндеріне қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Қатысушылар: 8-11 сынып оқушылары.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов


4. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула»

С.В.Ковалевская


5. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

патшасы»

К.Гаусс


  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек».

М.Искаков


Барысы:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.


1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Әділқазылар алқасы:

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.


Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1 – бөлім. Таныстыру: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар жеребьевкамен өз топтарына атау таңдап, ұранын бірге қосылып, нақты айтулары керек.

1 топ: Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

2-топ Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

3 топ Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.


Әділ – қазылар таныстыруды 3-5 баллмен бағалайды.


2 – бөлім. Викториналық сұрақтар: Бір топқа алгебралық, геометриялық, физикалық және логикалық сұрақтар қойылады (әр топқа жеке). Дұрыс жауабын тез және нақты айту керек. Жауап 10 баллмен бағаланады. Егер орнынан айтатын болса, -5 балл шегеріледі.

1 – сұрақтар тобы (Физикалық сұрақтар):

1. Бөлінбейді деген мағынаны білдіретін дененің ең кіші бөлігі? Атом

2. Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? Дене кез – келген бірдей уақыт аралығында бірдей қашықтық өтетін болса, ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атайды.

3. ХБЖ жылдамдық бірлігі? [м/с]

4. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? v

5. Конвекция дегеніміз не? Жылудың төменнен жоғарыға берілуі

6. Тұман қандай буға жатады? Қаныққан бу.


2 – сұрақтар тобы: (Информатикалық)

  1. Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)

  2. Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).

  3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).

  4. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)

  5. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)

  6. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)


3 – сұрақтар тобы: (Математикалық)

1. у=ах2функциясының графигі? Парабола

2. Дәреже дегеніміз не? Бірдей өрнектердің көбейтіндісі

3. Екі өрнектің квадраттарының айырымы? Олардың қосындысының және айырымының көбейтіндісіне тең.

4. 3 санына кері сан? 1/3

5. -15 санының квадратының түбірі? 15

6. ах2+bx+c=0 қандай теңдеу? Квадрат теңдеу.

7. hello_html_33f35799.gifфункциясына А(441; 21) нүктесі жатады ма? ия

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)


3 – бөлім. Ізгі дәстүр

1-топ: «Үш»

2 топ: «Жеті»

3 топ: «Сегіз»

Осы санға байланысты мақал айту

4 – бөлім. Ойымды жалғастыр..:

Бұл оқушылардың жылдамдығына арналған тапсырма. Алғаш қолын көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады.

Сұрақтары:

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады).


  1. бөлім. «Ой сергіту» жұмбақтар сайысы.

1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

Барлық топқа бірдей тапсырма, оқылады. Топтар жарыса жауап береді.

  1. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

  1. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

  1. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. (Сызғыш)

  1. Өмірің сенің қазақ,

Жолында жоқ түзу сызық.

Басы да жоқ, аяғы,

Бір айналым баяғы. (Дөңгелек немесе шеңбер)


  1. бөлім. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды).

1 топ:

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

  1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)

  2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)

  3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор

2 топ:

1. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)

2. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

3 Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

4. Терезенің орысша атауы? (Окно)

  1. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)

  2. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)


3 топ:

1. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

2. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

3. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

  2. Бір байта неше бит бар? (8)

  3. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)


Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Әділ бағаларыңды береді

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров72
Номер материала ДВ-329303
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх