Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Конспекты / "Тапқырлар сайысы" тақырыбына сабақтан тыс іс-шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

"Тапқырлар сайысы" тақырыбына сабақтан тыс іс-шара

библиотека
материалов

Тақырып: Тапқырлар сайысы 

Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;математикалық ойлауын тереңдету. 
Жоспар:1. Командалардың өздерін таныстыру. 
2. «Бәйге» 
3. «Мен – саған, сен – маған» 
4. «Көкпар» 
5. «Шырпылар шытырманы» 
6. «Санап көр» 
7. Үй жұмысын тексеру 
8. Капитандар сайысы 
9. Қорытынды. 
Сайыстың барысы: 
Әр команда 7-9 оқушыдан құрастырылған. 1-ші команда Әл-Фараби, 2-ші команда Әл-Хорезми, 3 бастаушы, қазылар алқасы. 
1-бастаушы: Көңілді тапқыштар,білгіштер
 
Бар өнерін алдарына салады.
 
Кім білімді,көп оқыған болса егер
 
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
 
2-бастаушы: Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
 
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
 
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
 
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
 
3-бастаушы: Есептен сайысады қос команда
 
Алға озар ең мықтысы осы жолда
 
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
 
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
 

1. Командалардың танысуы.
 
А) Танысу
 
Әл-Хорезми.
 
Өнер қуған математик жастармыз
 
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
 
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
 
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.
 

Келешектің үмітіміз талапты
 
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,
 
Сегіз қырлы,өнер асып туғандар
 
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.
 

Әл-Фараби.
 
Егеменді қазақтың біз ұланы
 
Өз туы бар,елтаңба,әнұраны,
 
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
 
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
 

Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда
 
Жеңіс тек біздер болар осы жолда
 
Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар
 
Отырған дәл алдыда,он мен солда.
 

Б)Амандасу
 

Әл-Фараби: Бастары компьютердей
 
Бойлары бәрі бірдей
 
Жастықты бірге өткізген
 
Құрбыларға өрімдей – сәлем!
 

Әл-Хорезми: Құны бір құрдас
 
Жаны бір жандос
 
Тілегі бір, жүрегі бір
 
Бірге өскен жолдас
 
Сендерге де бір сәлем!
 

В) Ұраны
 

Әл-Фараби: Бір аллаға сыйынып
 
Кел, балалар,оқылық.
 

Әл-Хорезми: Тартысайық сайыста күш жігермен
 
Айырлысайық қимас бір дос көңілмен.
 

Г) Қазылар алқасы тілек
 
Әл-Фараби: Төр ағасы төбе билер-жюрилер
 
Әділетпен кеңес құра біліңдер.
 

Әл-Хорезми: Әділеттен аспаңыздар
 
Қиянатқа баспаңыздар.
 
2. «Бәйге»
 
Екі командаға сұрақ қойылады.Әрқайсысының жауабы тыңдалады.Дұрыс жауап бағаланады.
 
1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
 
Мықты болсаң,қанша екен тез есепте
 
Алдында екеу,екеу келеді артында
 
Екі-екіден келеді қос бүйірде.
 
(4)
 
2.Табақтағы жемісті
 
Былай ғана бөлісті
 
Екі анасы,қос баласы
 
Әжесі мен немере
 
Бір-бірден тиді алмасы
 
Айтшы қанша жан басы?
 
(Әжесі,шешесі,немересі)
 
3.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді.Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» санын жазу керек? (19 рет)
 
4.Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы,ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат санын сол уақытта көрсету санына тең қоңырау соғады.Сонда тәулігіне неше рет соғады? (204 рет)
 
5.Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді?
 
(грек астрономы Птоломей)
 
6.Юлиан календары бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай?
 
(365 күн 6 сағат)
 
7.12 жылдың мүшел аттарын ата? (тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз)
 
8.Математикаға алгебра атауын кім енгізді және алгебра қандай сөзден шыққан? (Омар hайям; Әл Жебр)
 
9.Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата.(шынтақ,елі,бір елі,сынық сүйем,құлаш,табан,қадам,көз көрім жер,таяқ тастам жер,түстік жер,күндік жер)
 
10.Аудан өлшеуіштері? (түймедей,теңгедей,ат төбеліндей,алақандай,туырлықтай,ауыл аумағындай)
 
11.Көлем өлшеуіштері? (жұдырықтай,ат басындай,тай тұяқ,үйдей,таудай)
 
12.Салмақ өлшеуіштері? (зілдей,қаңбақтай)
 
13. «3» цифрын 3 рет пайдаланып ең үлкен санды жаз. (333)
 
14. «1» цифрын 4 рет пайдаланып ше? (1111)
 
15. «1» цифрын 5 рет амалдар таңбасын пайдаланып 100-ді қалай жазуға болады? (111-11=100)
 
16. «2» цифрын 3 рет қолданып 1-ді ше? (2-2:2=1)
 
17. Қайсысы үлкен 1020 немесе 2010 ? (1020=1010-1010; 2010=(2*10)10=210*1010; 1020>2010)
 

3. «Мен –саған, сен – маған»
 
Әр команда математикаға қатысты үш ребустан дайындап әкелуі тиіс.Осы ребустарды бір-біріне шешкізеді.
 
4. «Көкпар»
 
Тапқырлар математикалық сөздерді құрастыруы керек.Бірінші әріптері белгілі.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров111
Номер материала ДБ-009255
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх