"Тапқырлар сайысы" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
1560482
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тапқырлар сайысы" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

"Тапқырлар сайысы" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі Жолдасбекова Д.


Тақырыбы: Тапқырлар сайысы.


Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімдерін ойын арқылы тереңдете түсу. Барлық пәндер бойынша оқушылардың білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Түзетушілік: Дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау.

Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Суреттер, қима-қағаздар, плакатқа жазылған мақал-мәтелдер.


Меңгерілетін сөздер: Гүлденсін – көркейсін

Сана – ой,

Ғажайып – керемет

Бәйге – жарыс.

Сотқақ – ауру түрі

Қалауын – қалағаны,

Құр қалған – қалып қою.


Кіріспе: Білім деген – биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген – ақылшың,

Қиындықтан өткізер.


Тәрбиеші: - Құрметті, ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар! 7 «Б» сынып оқушылар арасында өтетін «Тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер!


Тәрбиеші: - Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін беретін әділқазылар алқасымен таныстырайын:

  1. Князбаева Л.

  2. Қамбарова Г.

  3. Шеримова Б.


Әр сыныпта бағы жанған дарын бар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Білімдерін сайыста бір сынайық,

Құрметпенен оларды қарсы алайық.


1-топ: «Жұлдыз».

Жетекшісі: Ақтолқын.

Ұранымыз: Жұлдыздай боп жанамыз,

Гүлденсін бал-бұл санамыз.

2-топ: «Құндыз».

Жетекшісі: Айгерім

Ұранымыз: Тәуелсіз еліміздің төрінде,

Құндыздай жарқыраймыз.


Тәрбиеші: - Балалар, біліміміздің артып, санамыздың өскенін көрсетейік. Енді топтарды ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.


І-кезең: «Сергіту сәті».

ІІ-кезең: «Жорға».

ІІІ-кезең: «Ғажайып төрттік».

IV-кезең: «Сөз ойла, тез ойла» (сөздің ішінен бірнеше сөзді тауып жазу керек).

V-кезең: «Мақал – сөз атасы» (әзіл сұраққа мақалмен жауап беру).

VІ-кезең: «Бәйге» (Топ жетекшілер сайысы).


Оқушы: - Апай, сайысымызды неден бастаймыз?


Тәрбиеші: - Балалар, сайысымызды меңгерілетін сөздерден бастаймыз.


Тәрбиеші: - Ойынның ережесімен таныс болайық.

  • Сұрақты соңына дейін тыңдағаннан соң жауап беру керек. Топпен келісіп бір-ақ адам жауап береді. Әр кезеңдегі дұрыс жауапқа ұпайдан беріледі.


І-кезең: «Сергіту сәті».

  • Бұл кезеңдегі әрбір топқа бөлек сұрақтан беріледі, берілген сұраққа дұрыс, әрі жылдам жауап беру керек.

  • Сайыскерлерге сәттілік тілейміз.


«Жұлдыз» тобының сұрақтары:

  1. Жылдан құр қалған жануар. (түйе)

  2. Қазақстан туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

  3. Жақсы сөзінің антонимі. (жаман)

  4. Кірпіге ұқсайтын өсімдік. (кактус)


«Құндыз» тобының сұрақтары:

  1. Бір жылда неше ай бар? (12)

  2. Үш арсызды ата. (күлкі, ұйқы, тамақ)

  3. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)

  4. Иіс сезу мүшесі (мұрын)


ІІ-кезең: «Жорға».

  • Бұл кезеңде екі топқа 8 сұрақ қойылады. Екі топтың жетекшілері барабанды айналдырып, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар қойылған сұраққа толық және дұрыс жауап беруі керек. Егер алғашқы топ жауап бере алмаса, келесі топ оқушылары жауап бере алады.


  1. Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу)

  2. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын ата. (домбыра, қобыз, сырнай)

  3. Тігінші құралы. (ине)

  4. Қазақ қыздарының баскиімі. (тақия, бөрік, сәукеле)

  5. Қазақстанда неше қорық бар? (9)

  6. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті. (уыз)

  7. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

  8. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары. (жаңбыр)


ІІІ-кезең: «Ғажайып төрттік».

  • Бұл кезеңде негізгі пәндер бойынша білімдерің тексеріледі.


Қазақстан тарихы:

  1. Үйсін тайпаларының мекендеген жері. (Жетісу)

  2. Тәуке хан тұсындағы заң жинағы. (Жеті жарғы)

  3. «Ұлы билер» деп кімдерді айтамыз? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

  4. Алтын адам қай жерде табылды? (Есік қаласында)

  5. ҚР-ның Тәуелсіздік күні. (199 жылы, 16 желтоқсанда)

  6. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл өзені)


Қазақ тілі:

  1. Сөйлем түрлерін ата. (хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем)

  2. Қазақ тілінде неше септік бар? (жеті септік бар)

  3. Етістіктің неше шақтары бар? (осы шақ, келер шақ, өткен шақ)

  4. Көптік жалғауларды ата. (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)

  5. Заттың атын білдіретін сөз табы. (зат есім)

  6. ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе ненің жұрнақтары? (болымсыз етістік)


Әдебиет:

  1. Тұңғыш қазақ балаларына мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  2. Абай Құнанбайұлы кім? (ақын)

  3. Ақын Мұқағали Мақатаевтің үш бақытын ата. (халық, тіл, Отан)

  4. Абайдың әжесі кім? (Зере)

  5. Жамбыл Жабаев қай жылы туылды? (1846 жылы)

  6. Абай қай жерде туылды? (Семей өңірінде)


Биология:

  1. Қыналар қайда өседі? (құнарсыз жерде өседі)

  2. Қыналар пішіндеріне қарай неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді: қабық, жапырақ, бұта тәрізді).

  3. Қынаны қандай ауруды емдеуге пайдаланады? (сотқақ)

  4. Суреттегі саңырауқұлақтың қайсысы улы? (шыбынжұт, көңілкеш)

  5. Қазақстанда саңырауқұлақтың неше түрі өседі? (188 түрі)

  6. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы. (тазалық сақтау)


IV-кезең: «Сөз ойла, тез ойла».

  • Берілген бір сөздің ішінен бірнеше сөзді тауып жазу керек.


«Әткеншек» сөзі беріледі.


Көрермендермен ойын: «Ұйқасын тап».


Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесін бірден жүзін,

Оның аты - ... .


Доп-домалақ сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасын көріп,

Оның аты ... .


Сырты тастай қатты,

Дәні майдай тәтті.

Шағып қара таңдап,

Оның аты ... .


Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты ... .


Тәрбиеші: - Сайыскерлерімізге әнін тарту етіп келген құрбыларының орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар.


V-кезең: «Мақал – сөз атасы».

  • Әзіл сұраққа мақалмен жауап беру.


Сұрақтар:

  1. Қар жана ма?

  2. Аппақ қарға бола ма?

  3. Оттан да ыстық не?

  4. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

  5. Инемен құдық қазуға бола ма?

  6. Тауық түс көре ме?


Жауаптар:

  1. Білім – инемен құдық қазғандай.

  2. Көз қорқақ, қол батыр.

  3. Отан – оттан да ыстық.

  4. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

  5. Қалауын тапса, қар жанар.

  6. Қарға баласын аппағым дейді.

  7. Тауықтың түсіне тары кірер.

  8. Білім – таусылмайтын қазына.

  9. Ағайын алтау, ана біреу.


VІ-кезең: «Бәйге» (Топ жетекшілер сайысы).

«Айшықты сөздер».


  1. Төбе шашы тік тұрды.

  2. Жүрек жалғап алды.

  3. Көзді ашып-жұмғанша.

  4. Тісіңнен шығарма.

  5. Араларынан қыл өтпейді.

  6. Беті бүлк етпейді.


Керекті сөздер: айтпау, достар, ұялмады, қорықты, лезде, қорықпады, тез, тамақтанды, ұялды.


Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар! Білімдеріңді ортаға салып көрсеттіңдер. Сайысымыздың қорытындысы шыққанша, қонақтарға әнімізді арнайық.


Ән: «Армансыз күнім болмайды».


Қорытынды:

Тәрбиеші: - Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.


(Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.)


Тәрбиеші: -Балалар, сайыс тәрбие сағатымыз аяқталды. Қонақтармен қоштасамыз.


  • Сау болыңыздар.



Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.