Инфоурок Другое КонспектыТарбие сағаты:" Табиғатты қорғау және экология"

Тарбие сағаты:" Табиғатты қорғау және экология"

Скачать материал

Ашық  тәрбие сағаты.

Табиғатты қорғау және экология туралы

 Мақсаты:  Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары атты презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет , сандық қақпа , гүлдер , тоты құс , балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа.

Әдіс тәсілі: сұрақ жауап , сергіту,ойын, тәжірибе,түсіндіру,өлең.

Барысы: шаттық шеңбер: Балалар бүгінгі күн ерекше күн . бізге қонақтар келіп отыр олаи болса қонақтармен сәлемдесейік. Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Ал, қанікей бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Мұғалім : Жарайсыңдар! Бүгін балалар ұйымдастырылған оқу іс әрекетіндегі тақырыбымыз « Табиғат тамашасы». Табиғат ана жер жүзіне жылуын,мейірімін сыйлап тұр емеспе?

Сондықтан ешқашан жамандық жасама,жақсылық қана ойла.Барлығы саған жақсылық жасауға дос болуға ұмтылады. Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,түрлі-түсті пішіндер арқылы сюжеттік сурет құрастырамыз.Алдарындағы берілген пішіндер арқылы.Егер тапсақ бізге берілген « сиқырлы қақпалар» ашылады.

Жұмбақ:

Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. «Күн» Тауда өсер ,таста өсер, Көктем менен жазда өсер. Қыста өшер. «Шөп» Көктемнің суретін құрастырып, әңгіме құрайды. Мінекей балалар «табиғат ана»ризашылығын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Қола қақпа ішінде бізге «ашық хат»берілген,ашып көрейік.Бізге сұрақ-жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа»ашылады. Балалар табиғат екі түрге бөлінеді. Өлі табиғат және тірі табиғат . -Осы топ ішіндегі өлі табиғат және тірі табиғатты атап шығыңдар? -Тірі табиғатқа жаны бар заттар жатады. -Өлі табиғатқа жаны жоқ заттар жатады. -Біздің топтағы тірі табиғатты атаңдаршы? -тоты құс,балықтар,тышқан. -Ал,өлі табиғат ше? -Ауа,алдымыздағы су,топырақ. Мінекей балалар «күміс қақпа»ашылуда. -Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.Енді өлі табиғатқа тәжірибе жасап көрейік. Бүгін судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз.Алдарыңдағы суды ішіп көріңдер. -Судың дәмі бар ма? -Жоқ. -Иісі бар ма? -Жоқ. -Түсі бар ма? -Мөлдір. Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып араластырыңдар. -Қант қандай күйге енеді? -Қант суда ериді. Келесі стаканға құм салып көрейік. -Құм ериді ме? -Құм стакан түбінде шөгіп қалады,ерімейді. Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана бізге ризашылығын білдіріп, «алтын қақпаны»ашты.Балалар алтын қақпа ішінде «алтын сандық». « Алтын сандық» ашу үшінжақсы игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін бойымызды сергітіп алайық. Оның үстіне тәжірибе жасапта,шаршадық

 Сергіту: Өзен болып гурілдейміз Теңіз болып тол қимызып Бұлақ болып бұрқылдаймыз Ешқашанда сарқылмаймыз

Ғажайып сәт: Бұтағы сынған ағаш келді. -менің бұтағымды бұзақы балдар сындырып кетті. Сендер маған көмектесіңдер.Бұтағымды байлап беріңдер. Құстың салған ұясын жерге құлатып кетті. -балалар біз ағашқа көмектесейік. Оның жарасын байлап берейік. Ұяны орнына орналастырайық.

 Білімгер : ұяны орнына қояды

Ағаш: Рахмет сендерге балалар

Білімгер: Апай жұмыртқа жыбырлап жатыр

Мұғалім: Міне ғажап. Жұмыртқадан балапан жарып шықты.Жаңа өмір басталды деген осы

Білімгер: Апай мен осыған байланысты тақпақ айтқым кеп тұр. Достарыма Өсіруге балапан Құстар ұя салады

Тақия тұзақ салмайақ Қайғысына қалмайақ

 Әдейі көздеп атпайақ Көп күнаға батпайақ

Құс ұясын бұзбайақ Жұмыртқасын алмайақ, Обалына қалмайақ

-міне ғажап алтын саднық ашылды. Алтын сандық ішінде табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары бар.

Мұғалім: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтарын түсіндіреді. Қортынды: балалар не білді? Не үиренді ? Жомар болуды –күннен бір орнында тұрып қалмауды- Сыңғырлап аққан өзеннен. Жарқырай білуді –жұлдыздан . Ізденуді –жерден. Көк аспаннан-самғауды Тазалықты-жаңбырдан . Гүлдерден-сүие білуді. Көк жиектен –арманды . Табандылықты-желкеннен. Ал кешірімді ананың қара көзінен,үиренейік балалар, сөзіме құлақ салыңдар. Қоштасу шеңбер : бәріміз дос бауырмыз Ажырамас іргеміз, Қиындыққа мойымай Сау болыңыз дейміз біз! 

 

 

Тақырыбы

§40. Химия, экология және денсаулық.

уақыты

Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

 

тәрбиелік:

Оқушыларға химия, экология және денсаулық арасындағы байланыс туралы білімді қалыптастыру; ортаны қорғауға тәрбиелеу;

 

қорытындылау біліктіліктерін дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту;

 

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

жаңа сабақ

 

Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс , 11-ЕТЖ-1 жаттығулар орындау, 11-Б-4 көру.

 

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету11-ЕТЖ-1, 11-ДДТ-14, 11-КП-11.

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

 

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

1.Білімді жаңғырту:

 

Химия, экология және денсаулық.

 

Фронталды әңгімелесу:

  • Химия және экология арасындағы байланыс?
  • Адам денсаулығына зиянды заттар?

 

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

Химиялық заттарды дұрыс қолданбаудың салдарынан бұл күнде адамзаттың алдында химиялық – экологиялық мәселелер туындап отыр. Табиғатты ластап, қоршаған ортаның тазалығына зиян тигізіп отырған бірден – бір себепкер кәсіпорындар қатарында целлюлоза қағаз өнеркәсібі, химия, мұнай-химиясы, мұнай өңдеу салаларын, автокөліктерді атауға болады. Сондай- ақ тұрмыстық химиялық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан адам денсаулығына зиянын тигізуде.

Өндіріс тарапынан болатын зардаптарды 3 топқа бөлуге болады: экологиялық, экономикалық, моральдық.

Адам денсаулығына кері әсер ететін тек өндіріс қалдықтары ғана емес, автомобильдерден бөлінетін қалдық газдардың да тигізетін зияны жеткілікті. Қазір дүниежүзінде 500млн- дай автомобил бар деп есептегенде, атмосфераны ластайтын зиянды қоспалардың 60 %-і солардың үлесіне тиеді. Ал автомобильдердің түтін газдарында 200-ге тарта зиянды заттар қоспалары болады. Түтін газдарындағы қорғасын мен сынап қосылыстары тағамдыластап, сол арқылы организмге түсіп, жүйке- жүйелерін зақымдайды. Мұнай өндіретін және өңдейтін, кокс- химиялық кәсіпорындардан ауаға күкіртсутек газы көп бөлінеді. Оның жоғары концентрациясы жүйке- жүйесін зақымдайтын күшті у. Онымен тыныс алғанда, адамның дем алысы бәсеңдеп, жүрегі тоқтауы мүмкін, күкіртсутек тыныс алуға қатысатын ферменттердің жұмысына кедергі жасап, көзбен, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықшаларын тітіркендіреді.

Адам денсаулығына кері әсерін тигізетін, зор зиян келтіретін заттардың тағы бір тобы: никотин, есірткі заттар және алкогольдік ішімдіктер.

 

Бүгінгі таңда химия, экология және денсаулық мәселелері біртұтас кешенді дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Сондықтан, химиялық өнеркәсіпте өндірістің пайдалы жағын жоспарлағанда, мүмкіндігінше кереғар көріністің болмау жағын мұқият қарастырады.

 

 

14,15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. — оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

Дәптермен жұмыс

5-7

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

1. Жаттығуды тексеру.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

 

 

 

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру:

Параграф 40 -оқу, №5жатт. жазбаша. (185-бет);

1-2

Сабақ қоры-тындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.

1-2

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты


Тақырыбы:Табиғатты   аялайық.
Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы түсінігін анықтау, табиғат – адам өмірінің тірегі екенін оқушы санасына жеткізу, оқушыларды табиғатты сүюге, оны қорғауға үйрету.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларға ақ қағаз таратып, жұмыс барысында қажет болған кезде пайдаланатындарын ескертемін.
- Балалар, тақтадағы ілулі суреттен жылдың қай мезгілін көріп отырсыңдар?
- Жаз мезгілі.
- Оны қайдан байқадыңдар?
- Ашық аспан және жердегі шөптердің жасыл екендігінен.
- Табиғат дейміз.
- Дұрыс. Ендеше, балалар, менің бастаған жұмысыма сендер көмектеседі деген үміттемін.

2. Мұғалім: - Жазда барып өзеннің, жағасына бөгелдім. Кім айтады, кәнеки, мен ол жерде не көрдім?
Жауаптар: - Тау, өзен, ағаш, құс,гүл т.б.
Мұғалім: - Жазда тауға өрмелеп,
Шаршап талай бөгелдім.
Жан-жағыма мен кенет,
Қарап едім, не көрдім?
Жауаптар: - Күн, бұлт, жануарлар, жасыл желек, тас т.б.
Мұғалім: - Табиғаттың қай түрін көріп отырсыңдар?
Жауап: - Тірі табиғат, өлі табиғат.

3. Доппен жұмыс. Допты әр балаға лақтырып тірі табиғат және өлі табиғат атауларын сұраймыз.
Мұғалім: - Табиғатқа арнап ән шумағын жазған ұлы адам кім еді?
- Абай Құнанбаев.
- Ән сабағында жаттаған ән қалай аталады?
- «Желсіз түнде жарық ай».

4. Мұғалім: - Балалар, алдарыңдағы қағазға табиғат, оның түрлерін схема түрінде көрсетіңдерші.
Адам. Жануар. Өсімдік
су
ауа
өсімдік
білім
баспана
тамақ
жылы
су
киім
ауа
үй
еңбек су
ауа
жылу

Тапсырманы орындалу тәртібі.
1.Қажет сөздерді сызықпен белгілеу керек екенін ескерту.
2.Жауап берерде топ ішінен бір бала ғана айтуға болатынын ескерту.
3.Қосымша жұмбақ, мақал айтуға болатынын ескерту.
Топтың жұмысына баға беріп сәтті орындалғанын айтып немесе қателескен жері болса, басқа топтармен ақылдасып, дұрыс шешімін айтқызуға тырысамын.

5.Пікірталас жұмысы.
Киіз үйдің суретін плакатқа жасырып тұрып:
- Мына өлі табиғатты ұмытып кетіппіз – деймін.
Оқушылар: - Жоқ ол табиғат емес.
Мұғалім: - Неге?
Оқушылар: - Ол адамның қолынан жасалған зат.
Мұғалім: -. Адам дегеніміз кім?
Оқушылар: - Ол тірі табиғат. Қозғалады, жүреді, сөйлейді, еңбек етеді.
Мұғалім: - Жануар да, құстар да осындай іс-әрекет жасайды, олардан қандай айырмашылығы бар?
Оқушылар: - Адам оқып, білім алады. Адам миымен ойланады. Адам екі аяқты, жануарлар төрт аяқты. Құс ұшады, адам өздігінен ұша алмайды,т.с.с.
Мұғалім: - Жаңа адам білім алады дедіңдер. Дұрыс – ақ, балалар. Білімді қайдан алуға болады?
Оқушылар: - Компьютерден.
Кітапханадан
Кітаптан
Мектептен
Журналдан
Театрдан
Теледидардан
Білімді адамдар қандай мамандықтарға ие бола алады?

6.Ой толғау.
Оқушыларға ақ парақ таратылып беріледі.
Әр топ берілген сұрақтарға жауап жазады.
1 – топ: Табиғаттың адамға деген пайдасын жаз.
2 – топ: Табиғатты қалай қорғайсыңдар?
3 – топ: Табиғатты көріктендіру үшін не істейсіңдер?
7.Табиғат жайлы мақал-мәтелден жарыс ұйымдастырылады.
1.Екпей егін шықпас, оқымай білім жұқпас.
2.Жер адамды асырайды, ана баласын асырайды.
3.Алтын жерден алынады.
Ал, білім кітаптан алынады.
4.Гүл – жердің көркі, қыз – елдің көркі.
5.Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Мұғалім: - Табиғат қандай?
Оқушылар: - Әдемі, көркем, сұлу, қызықты.
Табиғатты ақындар жырға қосса, суретшілер қылқаламмен бейнелеген.

Қорытындылау кезеңі.
Мұғалім: Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер, біз оны қорғауымыз керек. Демек, табиғатты қорғау – өз Отанымызды сақтау деген сөз.
«Табиғатты қорғайық» деген белгі тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар

Сабақтың мақсаты:

        а) Айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлін қарастыру, қазіргі  кездегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарына, экологиялық мәліметтерге оқушылардың назарын  аудару.
        ә) Оқушылардың экологиялық көзқарастарын, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
        б) Рухани сезімінің, танымдық табиғат алдындағы жауапкершілік сезімін дамыту.  Экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,суреттер, үлестірмелер

Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Өткенді қайталау

ІІ. Өткенді қайталау

  • 1.Ластағыш заттар дегеніміз не?
  • 2.Табиғи және антропогендік ластану көздеріне нелер жатады?
  • 3.Биологиялық ластанудың ерекшелігі неде?
  • 4.Гидросфера қандай жолмен ластанады?
  • 5.Атмосфераның ластағыш көздерін атаңдар?

ІІІ.Жаңа сабақ

Экология — жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет.

Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр.

Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор — қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын — политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері — Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр.

Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай…

Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, тозудың аз-ақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлылықтың төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, Қазақстан далаларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал, табиғатта қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық.

Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден — қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері. 

“Қоқыс неше жыл өмір сүреді ?” кестесімен танысыңыз

Қағаз

2 – 10 жыл

Консервалы банкі

90 жыл

Шылымның фильтрі

100 жыл

Полиэтилен пакеті

200 жыл

Пластмасса

500 жыл

Әйнек

1000 жыл

Менің пікірім.

Каспийге қалай көмектесер едім?

 1.Қазіргі кезде.

 2.Мектеп бітіргесін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ экологиялық ПРоБЛЕМАЛАР

Қазіргі таңда Қазақстандағы экологиялық проблемалар қатарына Арал, Балқаш, Каспий, Семей аймағын айтсақ болады. Ендеше осы аталған жерлерге тоқтала кетсек:

Арал теңізі — Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі — 1066 км2, тереңдігі — 30-60 м, тұздылығы — 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері — антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды. Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға мыналарды жатызуымызға болады:

- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атауын экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін құтқару жөнінде ғалымдар бірнеше ұсыныстар мен жобалар жасап отыр. Олар:

1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5. Жер асты суларын пайдалану.

6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық [1, 1 б.].

Қазақстан Республикасының табиғи байлық қоры өте мол. Осы байлықты заңды, әрі тиімді түрде, аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз керек. Су қорларын, қоймаларды сақтау-экологиялық проблеманың ең күрделі саласы екені барамызға мәлім. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты [2, 2 б.].

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

- экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

- мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

- осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

- аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы) [3, 1 б.].

Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда [4, 25 б.].

Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.

Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады [5, 15 б.].

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар [6, 6 б.].

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі — Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда болды. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру) ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. Ядролық техниканы сынаудың салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, глаукома, жүрек, тері және нерв-жүйке, психикалық аурулар, екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келді. Мұндай аурулар әрбір отбасын дерлік қамтыды.

Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.

Дәл осыдан 20 жыл бұын – 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы қабылданып, ядролық қарудан бастарту туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда, бұл бастаманы әлемнің көптеген мемлекеттері қолдап, халықаралық конгрестер, конференциялар мен саммиттер ұйымдастырылуда. Солардың бірі, 2011 жылдың қыркүйек айының 21 жұлдызы күні АҚШ-та өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы [7, 1 б.].

Осы жоғарыда көрсетілген қазіргі Қазақстан Республикасындағы өзекті мәселелердің шешімін табу үшін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасында, Ќазаќстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ќұќыќтыќ саясат тұжырымдамасында, конференциялар мен саммиттерде күрделі тақырыптардың бірі ретінде айтылып жүргені бәрімізге белгілі. Солардың бір дәлелі 2011 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызы күні Астана қаласында «Еуропа үшін қоршаған орта атты 7-ші министрлер конференциясы өткен болатын. Бұл конференцияда қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі декларация, сондай-ақ Астананың «Жасыл көпір» атты бастамасы қабылданған болатын. Бұл бастаманың негізгі мақсаты, экономикада «Жасыл даму» саясатын алға жылжытуда Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдеріне қолдау көрсету болып табылады.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарбие сағаты:" Табиғатты қорғау және экология""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 234 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 4656
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 32 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакенова Манзура Қартқожаққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19317
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой