Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тарбие сағаты:" Табиғатты қорғау және экология"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тарбие сағаты:" Табиғатты қорғау және экология"

библиотека
материалов
hello_html_5059969b.gifhello_html_m6393f32f.gifhello_html_6b647f10.gifhello_html_7e44521f.gifhello_html_7230f943.gifhello_html_m7fa214de.gifhello_html_m51c62d87.gifhello_html_d7e9c7d.gifhello_html_35bafc3.gifhello_html_mf879583.gifhello_html_m25a53c39.gifhello_html_m581c23c5.gifhello_html_m5b736d64.gifhello_html_m361f8be2.gifhello_html_m23f219cb.gifhello_html_m3de41218.gifhello_html_m51fff957.gifhello_html_7115e965.gifhello_html_m6a3a3165.gifhello_html_77a89ded.gifhello_html_m1940825b.gifhello_html_m1b9bec12.gifhello_html_m1553b518.gifhello_html_6d88ea2e.gifhello_html_m4b636810.gif

Сабақтың тақырыбы: «Шәкәрім өлеңдерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызы»

Сабақтың мақсаты: а) Шәкәрімнің салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбындағы өлеңдерімен танысу, олардың идеясын ашу;

б) оқушылардың ізденушілік және белсенділік қабілетін дамыту;

в) Шәкәрім өлеңдері арқылы оқушыларды жат қылықтан және зиянды әдеттерден аулақ болуға , адамгершілігі жоғары , иман жүректі, рухани таза адам болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Шәкәрімнің портреті, қанатты сөз, буклет.

Пән аралық байланыс:химия, әдебит, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (амандасып ынтасын өзіне аудару, түгендеу)

ІІ. Сабақ Шәкәрім өлеңімен басталады.

Әрбір ісің тірлік , тілек, адамдық.

Әрбір сабақ үйрету, ұғу, ұлағат.

Әрбір адам туысың , дос , жұрағат.

Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық,-деп сабақ басталады.

Ұлы ойшыл суреткер жазушы, атақты ақын өшпес мұра қалдырған , өзіндік шығармашылық жолы сайрап жатқан сирек кездесер таланттың бірі- Шәкәрім өмірімен , шығармашылығымен танысып жатырмыз. Шәкәрім өлеңдерін салауатты өмір салтына байланыстыларын оқып, оларды талдау.

  1. Топтастыру стратегиясы

Тілші Философ Ақын

Шәкәрім

Суреткер жазушы Дәрігер





Сазгер

Ғалым

математик

физик химик Өнер қайраткері

Өздеріңіз оқып танып білген Шәкәрі Құдайбердіұлы жан-жақты , сегіз қырлы, бір сырлы, дана, данышпан, жақсылықтың жарсышы , ақыл-парасаттың кемел иесі.

Әділдік, адамгершілік, мәдениет, өнер,білім, имандылық және салауатты өмір салты, адамгершілік тақырыптары Шәкәрім өлеңдерінің көпшілігін қамтиды.

Шәкәрім өлеңдерін оқып талдайық.

1-оқушы:

Адамдық борышың

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай ,

Ар сақта оны біл.

Талаптан да білім мен өнер үйрен.

Білімсіз,

Өнерсіз

Болады ақыл тұл,

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшін

Нәпсіңе билетпе

Басыңның бағы үшін.

Өміріңді сарып қыл өлгеніңше

Жоба тап,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып

Қауымға келмейсің

Барыңды

Нәріңді тірлікте бергейсің

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң-

Шын бақыт,

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Мұғалімнің сұрағы:

-Осы дүниеге адамдар қонақ, өмірге бір-ақ рет келеді. Сондағы адамның борышы не екен?

Оқушының жауабы:

  1. Халқына адал еңбек ету.

  2. Өнер мен білім үйрену.

  3. Адамгершілік ақ жолдан айнымау.

  4. Нәпсіңе билетпеу.



Сұрақ:-Нәпсі деген не?

Жауабы:- Нәпсі дегеніміз - ол дененің жауы.

Демек, адамның денесінде екі қуат болады. Ол рух және нәпсі. Рух - ол жан құмарлығы.

Нәпсі – ол тән құмарлығы. Рух әрқашан нәпсіден жоғары болуы керек. Оның азығы: оқу оқып, білім алу, өнер үйрену.

Ал нәпсінің азығы: арақ ішу, нашақорлық, темекі сияқты жаман әдеттер.

Жалпы адам баласы жас кезінен рух жолында жан құмарлығында болады, өсе келе нәпсі құмарлығына зиянды әдеттерге жақын бейімделе бастайды.

«Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы»,- дейді Шәкәрім.

Арақ ішуге құмарлық

Ал арақтың зиян екенін бәріміз білеміз. Арақ неден жасалады, қалай өндіріледі екен?

Сол спитр туралы мәліметті айтуға химия пәнінің мұғаліміне сөз берейік.

Химия пәнінің мұғалімі: Адамдар өте ерте кезден-ақ ғасырда алхимиктер арақ жасап, дәріханада дәрі ретінде сақтаған. Алғашқы кезде оны өте сирек пайдаланған. Бірте-бірте (5-70) болатын ішімдік ретінде , кейін сүйікті көңілдендіргіш сусынына айналған. Спирттік ішімдік адамзаттың қас жауы, ол адам организіміндегі барлық мүшелердің қызметін бұзады. Адам не істегенін де байқамайды, қылмысқа итермелейді. С2Н5ОН-этил спирті.

Сұрақ: Өнеркәсіпте спирт өндіру керек пе жоқ па?

Жауап: 1 оқушы. Спирттің адам өміріне көп зиянын тигізетінін айтқым келеді. Себебі ішімдік ішкен көлік жүргізушілердің кесірінен қаншама жол апаты болады, қаншама сәби дүниеге кемтар болып келеді, яғни денсаулыққа зияны қыруар екеніне көз жеткізе аламын.

2 оқушы. Спирттің түрі көп, метил спирті өнеркәсіпте өте кең қолданылады. Метил спирті пластмасса, сірке қышқылын және басқа органикалық заттар өндірісінде формальдегид алуға қолданылады. Алдағы уақытта мотор отыны ретінде келешегі зор болмақ .

Осыны ескеріп табыс көзіне жатқызамын. Медицинада да пайдасы көп болғандықтан өнеркәсіпте спиртті өндіру қажет.

Әдебит пәнінің мұғалімі: Арақ., темекі, анаша, апиын-адамзат үшін ғасыр қайғысы. Шәкәрім сол заманның өзінде зиянды әдеттерді өлеңіне арқау етіп , аулақ болуға шақырғанекен.



Тақтадағы ақын өлеңін талдау.

Бір рюмкадан басталар маскүнемдік,

Наша үстінен нашаға өрлей-өрлей

Ойласаң, соның бәрі бір құмарлық

Қуа бермей қайтеді тепши-терлей

Шәкәрім

Мұғалім: Неге ақын маскүнемдік бір рюмкадан басталады,- дейді.

1 оқушы: Бір ұрттаған екі ұрттайды

Екі ұрттаған әдетке айналдырады,- деген қазақта мақал бар. Сөйтіп адам организімі араққа тәуелді бола бастайды. Маскүнемге, нашақорға айналады.

Келесі оқушы өлең оқиды:

Ақылын сатып есер қу,

Бал екен деп ішкен у

Онысын өзі сезбейді,

Тәні сау болса,жаны ауру

Емдейін десең емдетпес

Күлерсің мас деп сөзіме

Мастығым жақсы өзіме

Тазасын тауып бір жұтсаң,

Көрінер еді-ау көзіңе.

Алдыңғы айтқан емдерім .

Жарамсыз болса біздің жол,

Дәлеліңді айтса , жақпаса ол

Ұқпасаң қылар лажым не,

Мен кеттім сіздер аман бол,

Айуанмен анық теңгердім.

Мұғалім :

  1. «Бал екен деп ішкен у»,- дейді. Неге?

  2. Тәні сау болса, жаны –ауру. Неге жаны ауру?

Денсаулықтың жан саулықта жатыр. Деніміздің саулығы жан саулыңынан бастау алады. Жанның ауруы – өтірік айту, өсек айту, қаскүнемдік, т.б. осының барлығы жан ауруы. Жүйкесі тозса, жан азады, тазалықты жаннан бастау керек.

Арамды судай сіміріп,

Еркіммен уын жымырып

Макүнем мәңгі боп жүріп,

Жауырын жаба тоқынар.

Сауысқанша қылмыңдап

Әр үйден боқ шоқылар.

Осы өлеңді оқушылар талдайды.


Арақтың кесірінен бір отбасының бақытының шайқалғандығы туралы «Қара пима» атты көрініс көрсетіледі.

Мұғалім: Арақтың кесірінен қаншама отбасының шаңырағы шайқалады, тыныштығы кетеді, бақытсыздыққа ұшырайды. Бір отбасының түтіні сөнеді. Ешкім зорлап зомбыламай –ақ, өз адал еңбегімен , маңдай терімен тапқан ақшасына у мен дертті сатып алып, ғұмырын тоздырып, ұрпағын аздырып жүргендер қаншама?

Мылжың

Ұрлықшы

Ішімдікке салынған адам

Жалқау

Әдепсіз


Дөрекі Жиркенішті


Талапсыз Масыл

Қайғы

Қасіретті Жігерсіз Қылмыскер Қоғамнан шектетілген


Ішімдікке салынған адамның бір бойынан қаншама әдепсіз қылықтарды тауып отырасыздар. Сондықтан осындай жат қылықтардан, зиянды әдеттерден аулақ болайық.


Шәкәрім өлеңдерінің тәрбиелік мәні қандай?

  1. Имандылық

  2. Зиянды әдеттерден аулақ болуға.

  3. Халқыңа адал еңбек етуге.

  4. Салауатты, білімді, өнерлі,тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуге шақырады.

Тақтадағы қанатты сөздерге назар аударайық.


«Арақтың түсі – ақ болғанымен, мұрныңды қызартып, абыройыңды ластайды» .

А. Чехов

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Мұғалімнің қорытындысы:

«Адамға зиян тигізбей,

Ғаріптің көңілін күйгізбей,

Шайтанға беттен сүйгізбей,

Жүрегіңді нұрмен жу»,- деп Шәкәрім атамыз айтпақшы, жүрегіміз таза, нұрлы болсын!

Деп тәрбие сағатына қатысқан мұғалімдер мен білімгерлерге рахметімізді айтып, аяқтаймыз.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Химия мектепте журналы.

  2. Қазақ әдебиеті. 6 сынып.

  3. «Химия» салауаттылық негізі анықтамасы 6-11 сынып


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров124
Номер материала ДВ-410734
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Тема урока : "Шакрім өлеңдерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызы"

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх