Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТарбие сағаты жолда жүру ережесі

Тарбие сағаты жолда жүру ережесі

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережелері»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта.

 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылар топтарға бөлінеді.

Кіріспе : «Жолда жүру ережелері» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

 Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған,                                                   2. Көше бойлап аяңдайды. .

Жол тәртібін нұсқаған                                             Адам  тасып аялайды.(Автобус)                                                                                                

Ысқырықпен түзеткен,

Өміріңді күзеткен.      (Милиционер)    

              

3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,                4.  Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)           Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та. (Бағдаршам)

 

5. Арқаным бар тым ұзын,                                        6. Өзі сөйлей білмейді,

 Ала-алмайсың бір үзім.                                             Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

 

    Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де, яғни  барлық  жүргізушілер, көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

 Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Даяна :  Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Карина :      Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Нурталап:   Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Оқушылар топтасып жол белгілерінің жолда жүру ережелерінің суреттерін салады.

 

   Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.

              Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

             Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.       Басымдылық белгілері. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

 

 

 

2.       Тыйым салу белгілері. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.       Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.       Міндеттеу белгілері. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.       Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.       Қызмет көрсету белгілері. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.    Қосымша тақтайшалар. Қосымша ақпараттық белгілер бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау :

 

Мұғалім : Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарбие сағаты жолда жүру ережесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 11297
    • DOCX 3.7 мбайт
    • 85 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Коныс Мадина Мейрманкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Коныс Мадина Мейрманкызы
    Коныс Мадина Мейрманкызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28351
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 781 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 982 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 834 человека

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека